Файл: Ф. К. Омарбекова, Т. В. Шумаева Мсіндеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 75

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сергіту сәті:


Екі қолды көтереміз, Оны төмен түсіреміз, Қолымызды кереміз, Содан кейін,

Тез, тез,тез,

Алақанды соғамыз!

Педагог ермексаз қасиеттерімен таныстыруды жалғастырады.

–Қараңдаршы, ермексазды қалай бөлуге болтынын – ермексаз түйіртпегін қолмен үзіп аламыз. Қазір мен бір түйіртпек содан соң тағы түйіртпек жасаймын, енді сендер жасап көріңдерші.

Балалар педагогтің көрсеткенін қайталайды. Балаларға уақытында шектеусіз ермексаз түйіртпегімен ойнауға мүмкіншілік беріледі. Бұл саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіруге өте пайдалы. Балалардың жұмыстарын бақылау арқылы, педагог олардың бейнелеу дағдыларының

деңгейін белгілейді, нақты заттар мен өздерінің мүсіндеген пішіндерінің ұқсастығын таба білген балаларды ынталандырады.

Педагог ережелерді сақтауға балалардың назарларын аударады: жұмыстың соңынан қолдарын сүрту және өзінің жұмыс орынын тазалау.
  1. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды ынталандырады.

  • Балалар, бәріміз бірге біздің қолөнерлерімізді көрмеге қойып көрейікші. Міне, үлкен көрме болды! Жарайсыңдар, балалар, жақсы жұмыс жасадыңдар.

Педагог ата-аналарға арналған көрмеге балалардың қолөнерлерін орналастырады.
2 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: шығармашылық, таным.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы: Доптар.

Мақсаты: ермексаз, мүсін, мүсіндеу әдістері туралы мағлұмат беру.

Міндеттері:ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгерту. Сөздік қорларын қалыптастыру.
Сөйлеу тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


жасайды: ермексаздан жұмырлап, домалақтап доп жасайды. түсінеді: ермексазды әртүрлі пішінге келтіруге болатынын. қолданады: ермексазды алақанға салып ырғақты домалатуды.

Көрнекіліктер: түрлі түсті доптардың суреттері, демонстрациялық материалдар, қызыл, жасыл және көк ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: домалақ.

ҰОҚ-нің барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттықшеңбері:«Доп».

Жұмсақ матадан жасалған домалақ пішінді, әдемі, түрлі түсті допты ұстап тұрып:

Добым, добым, домалақ, Қайда кеттің домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың, – деп, сұқ саусағымен допқа ренжіген сыңай байқатады.
  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Негізгі кезең.


Педагог:

–Бүгінгі оқу қызметінде біз күнде ойнап жүрген сүйікті ойыншығымыз допты мүсіндейміз.

Үлестірмелі материалдарға назар аударады.

  • Осы көк, қызыл, жасыл түстерді пайдаланып, ермексазбен көлемі үлкен допты жасаймыз.

Педагог жұмысты бастамас бұрын ұқыптылық ережелерін қайталатады: мүсіндеу алдында жеңдерін түру, бөгет жасамай, ермексазды жақпай, арнайы тақтайшаның үстінде таза жұмыс жасауды қадағалау т.б.

  • Балалар, оң қолдарыңа ермексазды шымшып алып, сол қолдарыңмен ермексазды жауып, алақанмен алақанды біріктіріп, ырғақпен домалатыңдар.

  • Пішіні допқа ұқсады ма?

  • Балалар, сендердің мүсіндеген доптарың мына «допқа» ұқсай ма?

  • Әдемі болды ма?

-Кім қандай түстерді пайдаланды?

Сөздік жұмыс: домалақ.

Сергіту сәті:


Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа, Батамыз да қаламыз.

Балармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар мүсіндеуге арналған көрнекіліктерге қарап, ермексаздың өздеріне ұсынған түстерінен таңдап шымшу әдісімен бөліп алып алдымен жұмырлау, одан кейін ырғақты домалату әдісімен допты әдемілеп, педагогтің жасағанына ұқсатуға тырысып мүсіндейді.
  1. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды.

    • Доп қандай?

–Доп қатты ма, жұмсақ па?

Ата-аналарға арналған көрме ұйымдастырылады.

№3 ұйымдастырылған оқу қызметі



Білім беру салалары: шығармашылық, таным.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы:Қуыршаққа арналған кәмпиттер.

Мақсаты: ермексазды шымшып алуға және домалақ, жұмыр
мүсін жасауға жаттықтыру.

Міндеттері: домалақтау, илеу жолдарымен мүсіндеу тәсілдерін үйрету. Қызығушылықтарын арттыру, қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


жасайды: мүсіндеудің домалақтау, илеу тәсілдерін, бастаған істі соңына дейін жеткізу дағдысын және еңбекті ойынмен ұштастыруды;

түсінеді: өз ойыншықтарына көңіл бөлудің қажеттілігін, кәмпиттің тәттілігімен бірге зияны да бар екендігін;

қолданады: ермексазды алақанға салып, ырғақты домалатуды.

Көрнекіліктер: дастарқанға қойылған кәмпиттердің суреті бар демонстрациялық материал, қызыл, сары және ақ түсті ермексаз бөліктері, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: сыйлық.

ҰОҚ-нің барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады.

    • Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?

    • Ол неге ұқсайды?

    • Ендеше, біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. – Кәне, бәріміз бірдей үрлейік.

    • Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп бір-бірімізге жақсы тілек тілейік.

    • Қайырлы таң, көздерім, сендер ояныңдар!

    • Қайырлы таң, құлақтарым, сендер ояныңдар!

    • Қайырлы таң, саусақтарым, сендер ояныңдар!

    • Қайырлы күн, сен де ояндың ба? Тағы бір күн артта қалып, тағы арайланып таң атты.
  1. Негізгі кезең.


Ғажайыпсәт.Қуыршақ Әсел қонаққа келіп тұр. Бүгін оның туған күні.

Туған күнде сыйлық сыйлау дәстүрге айналған.

  • Ал біз қуыршаққа сыйлық ретінде өз қолымызбен кәмпит жасай аламыз ба?

Педагог балаларға тақпақ оқиды. Кәмпиттер бар көп бізде,

Шоколадтан жасалған.

Сорғыш кәмпит, мұз кәмпит, Чупа-чупс аталған.

Бор кәмпит пен мармелад, Желе, ирис тағы бар.

Бәрі біздің Алматыда

«Рахатта» жасалған.

Ф.К.Омарбекова

Үлестірмелі материалға назар аударады.

Педагог балаларға қуыршаққа кәмпит жасау техникасын көрсетеді. Ермексазды алақан арасына салып домалақтайды, кәмпиттің 3 түрін жасайды.

Сөздік жұмыс: сыйлық.

Сергіту сәті:


Қуыршағым, келе ғой, Менен кәмпит ала ғой. Өкпелемей келе бер, Өлең маған айта ғой.

Г. Бектұрова

Педагог жұмысты жалғастыруды ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Дайын кәмпиттерді кәмпит салатын ыдысқа салуды ескертеді.
  1. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды.

  • Бүгін кімнің туған күні?

  • Қуыршаққа сыйлыққа не жасап бердіңдер?

  • Балалар, енді жасаған тәтті кәмпиттерімізді сүйікті қуыршағымызға берейік.