ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 95
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: саңырауқұлақты бөліктерін біріктіру әдісі арқылы мүсіндеу;
түсінеді: шығармашылық құралы ретінде сазбалшықтың құрамын, саңырауқұлақтар туралы және олар өсетін орындар туралы, орман туралы;
қолданады: сазбалшықты алақанға салып домалақтау қозғалыстарын және бөліктерін бір-бірімен біріктіруді біледі.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, сазбалшық, тақтайша, орман бейнесі (декорациясы): шыршалар және саңырауқұлақтар.
Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ.
ҰОҚ-нің барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар жартылай шеңбер жасап орындықтарында отырады, ал олардың алдында орман және шырша астында бірнеше саңырауқұлақтар бейнеленген үлестірмелі материал ілінген.
Топқа қуыршақ Сәуле кіріп, әңгімесін айтады:
-
Мен орманда серуендеп, себетіме саңырауқұлақтар теріп салдым, бірақ олар өте аз болып шықты. Менің көп саңырауқұлақтар тергім келеді. Мен енді не істеймін? -
Педагог: Кәне, балалар, Сәулеге көмектесейік. Саңырауқұлақтарды мүсіндейік.
-
Негізгі кезең.
-
Бірақ қандай саңырауқұлақтарды біз мүсіндейміз?
Педагог балаларды сазбалшықпен таныстырады, сазбалшықтан да әртүрлі заттарды мүсіндеуге болатындығын айтып түсіндіреді, илеу әдісін көрсетеді.
Балаларға сазбалшықты ұстап, оны жұмсартып көруді ұсынады. Мүсіндеу әдісін көрсетеді:
-
Алдымен сазбалшықтан домалақтар жасаймыз, көрсетіңдерші,біз қалай домалақтаймыз....
Балалар ауада алақандарын айландыра қозғалыстар жасап, көрсетеді.
-
Ал енді домалақ пішін жасадық, оны біз алақанымызбен басып, тегістеуіміз керек. Міне, осылай (түсіндіреді). Саңырауқұлақтың қалпағын жасадық.
–Келесі сазбалшықтың түйіртпегін алып, тікелей қозғалыстармен саңырауқұлақтың аяғын жасаймыз. Көрсетіңдерші, біз қалай илейміз.
Балалар ауада тігінен қозғалыстар жасап, көрсетеді.
-
Қазір бізге саңырауқұлақтың қалпағымен аяғын аздап қысып, біріктіру керек. Сәулеге дайын саңырауқұлақтарды себетке саламыз.
Сөздік жұмыс:саңырауқұлақ.
Сергіту сәті:
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда. Гүлдерімді тере кет.
Жаңбыр жаушы себелеп. Тақияның астына Тығыла ғой, көбелек.
Балалар мүсіндеуді орындайды. Педагог мүсіндеу барысында балалармен жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Жұмыс соңында балаларға жұмыс орындарын жинастырып, қолдарын сүрту керектігін ескертеді.
- 1 ... 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Рефлексия.
Сәуле балаларға көмектері үшін алғысын білдіреді.
–Міне, қандай көп саңырауқұлақтар болды.
Педагог қорытынды жасайды. Сендерге саңырауқұлақтарды мүсіндеу ұнады ма?
Ата-аналарға арналған көрме ұйымдастырылады.
№ 7 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: шығармашылық, таным.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Қуыршаққа арналған білезік.
Мақсаты: әшекей бұйымдарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:ермексазды алақан арасына және жазықтықта домалақтау арқылы домалақ және сопақ пішіндерді жасау, білезікті мүсіндеуді үйрету; бір-біріне мықтап басу арқылы ұштарын біріктіру. Заттың түсін, пішінін сезіну, көзмөлшерін, сөйлеу тілін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ермексазбен жұмыс жасағанда ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: білезікті мүсіндейді;
түсінеді: білезік әшекей екенін;
қолданады:ермексазды алақан арасына және жазықтықта домалақтау арқылы домалақ және сопақ пішіндерді жасап, ұштарын біріктіруді.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материал «Білезік», білезіктер бейнеленген көрнекіліктер, сары және қызыл ермексаз, тақтайша, қағаз және мата сүрткіштер, қуыршақ Сәуле.
Сөздік жұмыс: білезік.
ҰОҚ-нің барысы
-
Ұйымдастырукезеңі.
Ойын жағдайы.
Топқа қуыршақ Сәуле кіріп келіп, оның анасының жақында
«Туған күні» екенін айтады. Анасы әшекейлер кигенді ұнатады.
Сәуле анасына білезік сыйлағысы келетінін, балалардан оған көмектесулерін сұрайды.
Қуыршақ Сәуле өзімен бірге әртүрлі білезіктер бейнеленген көрнекіліктерді алып келді. Көрнекіліктерді көрсетеді.
-
Міне, қандай түрлі түсті әдемі білезіктер. Білезіктің домалақ пішініне назар аударады. -
Сәуле балалардан білезік жасауға көмектесулерін өтінеді. -
Педагог ермексаздан осындай білезіктерді мүсіндеуге көмектесуді сұрайды.
-
Негізгі кезең.
Педагог жұмыс әдістерін түсіндіреді. Біз білетіндей ермексаз түйіртпегін үзіп алып, созып еседі. Көрсетіңдерші, қалай жасағандарыңды? Содан соң олардың ұштарын сақина тәрізді біріктіреміз. Педагог біріктіру әдісін көрсетеді.
Сөздік жұмыс: білезік.
Сергіту сәті:
Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым, Алға қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық.
Балалар өздігінен жұмыстарын бастайды. Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Балаларға дайын білезіктерді тағып көруге көмектеседі. Жұмыстың соңынан балаларға жұмыс орнын жинастырып, қолдарын сүрту керектігін ескертеді.
-
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды ынталандырады.
-
Қандай әдемі білезіктер.
Балалар білезіктерін көрмеге қойып, жасаған жұмыстарына деген қуаныштарын білдіреді.
Қуыршақ Сәуле балаларға алғысын айтады, менің анама сыйлықтарың ұнайтын болады.
Педагог ата-аналарға арналған көрмеге балалардың қолөнерлерін орналастырады.
№8 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: шығармашылық, таным. Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Иттің итаяғы.
Мақсаты: балаларды ермексаздың кесектерін дұрыс пайдалана отырып, домалақтар жасауға үйрету.
Міндеттері: «Ит – жеті қазынаның бірі» деген мақалдың мәнін түсіндіру. Шығармашылық, таным ой-қабілеттерін дамыту. Сөйлеу тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балалардың жануарларға деген қарым-қатынасын жақсарту және жануарларға көмектесуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: ермексазды бас бармақпен басып шымшу әдісімен итаяқтың шетін иіп келтіреді;
түсінеді: иттің адамның серігі екенін,