Файл: Ф. К. Омарбекова, Т. В. Шумаева Мсіндеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 76

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
оған қамқорлық жасау қажеттігін;

қолданады: ермексазбен жұмыс істеу дағдыларын.

Көрнекіліктер: тостақтың жасалу жолы көрсетілген сурет, қара, қоңыр түсті ермексаз, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: итаяқ.

ҰОҚ-нің барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларға иттің күшігін көрсетеді.

    • Бұл Сақұлақ, ол бізге қонаққа келді. Кәне, ол туралы Қадыр Мырза

Әли аталарың жазған өлеңді тыңдап көрейік:

Күшігім менің, күшігім,

Үй күзетер пысығым.

Үргені де шамалы,

Тамақ берсең болғаны.

Тақпақ оқылған соң педагог балаларға сұрақ қояды:

    • Ит қалай үреді?

    • Балалар, күшікті тамақтандырайық.

    • Итті біз немен тамақтандырамыз?

    • Біз итке тезірек итаяқ жасап беруіміз керек.
    1. 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Негізгі кезең.


Педагог үлестірмелі материалға назар ауларады, мүсіндеу тәсілдерін көрсетеді:

    • Ең алдымен біз дөңгелек жасап аламыз, ал содан кейін саусағымызбен ортасын шұңқырлаймыз және ыдыстың шетін иіп келтіреміз.

Сөздік жұмыс: итаяқ.

Сергіту сәті:


Күнге қолды созамыз,

Күндей жарық боламыз. Айға ұшып барамыз, Айдан сәлем жолдаймыз!

Балалар жұмыстарын жалғастырады. Орындалған тапсырманы балалар үлестірмелі материалда берілген иттің суретінің қасына орналастырады. Итке ат қояды. Педагог кейбір жасай алмай отырған балаларға дөңгелектің ішін шұңқырлауға көмектеседі.
    1. Рефлексия.


Педагог қорытындылайды:

    • Жарайсыңдар, балалар, ит сендерге үлкен рақметін айтып жатыр. Педагог балалардың жасаған жұмыстарынан ата-аналарға арнап көрме ұйымдастырады.


9 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: шығармашылық, таным.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырып:Ойыншық құламақ.

Мақсаты: жеке бөліктерді бір-біріне бекітуді үйрету.

Міндеттері:баланың домалақ пішін жайлы танымын арттыру. Құламақтың денесінің ерекшелігімен таныстыру, кеудесі, басы және аяқ-қолдары домалақ пішіннен тұратынын түсіндіру. Сөйлеу тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


жасайды: ермексаздан әртүрлі дөңгелек пішіндерді, ұсақ бөлшектерді; түсінеді: ермексаздан әртүрлі пішінде дөңгелектер жасауға болатынын; қолданады: алақан арасына салып, әртүрлі пішіндегі шарларды

домалақтауды.

Көрнекіліктер:
әртүрлі құламақтар суреті, ермексаз, қағаз және мата майлықтар; тақтайша, үлестірмелі материалдар, құламақ ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: қуыршақ құламақ.

ҰОҚ-нің барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог өлеңді оқиды. Біз қандаймыз?

Қуыршақпыз-құламақпыз. Бізді ақырын тербетсең, Ұзақ уақыт тоқтамаймыз.

Солға-оңға, оңға-солға, Біз тік тұра алмаймыз.

    • Балалар, қуыршақпен қалай ойнау керектігін білесіңдер ме? Маған көрсетіңдерші?
  1. Негізгі кезең.


    • Балалар, қуыршақты неге «құламақ» деп атайды, білесіңдер ме?

    • Дұрыс, бұл қуыршақты жатқыза алмайсың, ол бәрібір бойын тік ұстайды. Ол туралы мынадай жұмбақ та бар.

Міне, қыңыр адам! Жатқызуға көнбейді!

Сендерге осындай кездесе ме? Мүлде ұйықтағысы келмейді, Жатқызсам – қайтып тұрады, Тұрады да, тербеледі,

Ол қалай аталады?

    • Келіңдер, оны жақсылап қарайық.

    • Қалай ойлайсыңдар, оның бөліктері неге ұқсайды (басы, денесі, қолы)?

Пішіні қандай?

    • Қуыршақ-құламақ әртүрлі көлемдегі шарлардан жасалған. Ең үлкен бөлігін көрсетіңдерші? Ал ең кішісі ше?

    • Қараңдаршы, киімі неткен әдемі! Ол қандай түс?

    • Құламақты басқа түстен жасауға бола ма?

    • Міне, алдарыңда ермексаз тұр. Қалай ойлайсыңдар, онымен ойнау қызықты болу үшін, қандай түсті ермексаз алуға болады?

    • Дұрыс айтасыңдар, ашық түстерді алған дұрыс: ашық қызыл, сары т.б.

    • Құламақты жасау үшін алдымен ермексазды бірнеше бөлікке бөлу керек: бір үлкен, бір кішірек және екі кішкентай.

    • Содан кейін дөңгелек жасау керек. Оны қалай жасаймыз?

    • Үлкен дөңгелектен не жасаймыз?

    • Әрине, кеудесін.


Ал кішірек дөңгелекшеден ше?

    • Дұрыс, басын. Ал ең кіші дөңгелекшеден қолдарын жасаймыз. Педагог құламақ-қуыршақтың жасалу жолдарын көрсетеді.

    • Қуыршақ дайын, бірақ мен бір нәрсе істеген жоқпын? Қалай ойлайсыңдар, ол не?

    • Дұрыс, құламаққа көз бен ауыз жасау керек, оны да жасап көрейік.

    • Қараңдар, менің қуыршағым дайын. Сендер де осындай құламақты жасап көріңдер.

Сөздік жұмыс: қуыршақ құламақ.

Сергіту сәті:


Қуыршақпыз-құламақпыз, Бізді ақырын тербетесің.

Ұзақ уақыт тоқтамаймыз, Оңға-солға, оңға-солға.

Бұрыламыз, бұрыламыз.

Балалар қуыршақты жасайды.

Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
  1. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды.

    • Қараңдаршы, балалар, қанша құламақ жасадыңдар!

    • Сендерге ұнады ма?

Педагог ата-аналарға арнап көрме ұйымдастырады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



    1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудын үлгілік оқу бағдарламасы. Астана, 2016.

    2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Астана, 2001.

    3. НүсіпбековаМ.И.Бейнелеу өнері. Әдістемелік нұсқау. –Алматы: Аруна, 2009.

    4. ГубановаЛ.П.,БахареваЛ.Н.Бейнелеу өнері. Әдістемелік құрал.

–Алматы: Алматыкітап, 2011.

    1. ЕденбаеваЗ.Д.Қазақ тілі. –Алматы: Алматыкітап, 2008.

    2. АубакироваР.,АбремскаяИ.Б.Изобразительная деятельность. Методическое пособие. –Алматы: Алматыкітап, 2008.

    3. ИльшеваК.С.,ШалахановаА.Е.Изучаем казахский язык. Алматы: Алматыкітап, 2005.

    4. ЖұмабековаФ.Н.Өнер көзі халықта. Шығармашылық.Таным саласы. –Астана, ББЖ КБА КДИ. 2011.

    5. АқылбекұлыӨ. Керек кітап. –Алматы: Алматыкітап, 2007.

    6. Жыл он екі ай. –Алматы: «Толғанай» ЖШС, 2003.

МАЗМҰНЫ


Түсініктеме 3

Ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары 6

Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі

жоспарлары 8

Пайдаланылған әдебиеттер 24

Оқулықбасылым

Учебноеиздание

Ф.Қ. Омарбекова, Т.В. Шумаева


МҮСІНДЕУ

Әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша

бірінші кіші топ (2-3 жас) педагогтеріне арналған
Әдіскер ТажиноваБ.С.

Редакторы АхметоваЛ.С.
«Алматыкiтап баспасы» ЖШС, 050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй, тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10.

e-mail: alkitap@intelsoft.kz


ЛЕПКА

Методическое руководство

для педагогов первой младшей группы (2–3 года) по Типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения
Методист ТажиноваБ.С.

Редактор АхметоваЛ.С.
ТОО «Алматыкiтап баспасы»

050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111,

тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10.

е-mail: alkitap@intelsoft.kz