Файл: Ф. К. Омарбекова, Т. В. Шумаева Мсіндеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 117

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ф.К. Омарбекова, Т.В. Шумаева

МҮСІНДЕУ

Әдістемелік нұсқау




Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша бірінші кіші топ

(2–3 жас) педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылымминистрлігі ұсынған


Алматыкiтап баспасы – 2018


1


Омарбекова Ф.К., Шумаева Т.В.

Мүсіндеу. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша бірінші кіші топ (2–3 жас) педагогтеріне арналған / Ф.К. Омарбекова, Т.В. Шумаева. Алматы: Алматыкітап баспасы, 2018. 26 бет.


© Омарбекова Ф.К., Шумаева Т.В., 2018


2
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018




ТҮСІНІКТЕМЕ


«Мүсіндеу» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған.

1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің2016ж.15мамырдағы

292қаулысыменбекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды.

2.1 жастан 6 (7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан РеспубликасыныңБілімжәнеғылымминистрлігінің2016ж.22маусымдағы391бұйрығыменбекітілген).

3.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (ҚазақстанРеспубликасының Білім жәнеғылымминистрлігінің2016ж.12тамыздағы
499бұйрығыменбекітілген). Мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған оқу бағдарламасындағы контекстің 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.

ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты педагогтерге «Мүсіндеу» ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ) жаңа педагогтік тәсілдерін жан-жақты қолдану жөнінде бағыт-бағдар беру.

«Мүсіндеу»ОӘК-ніңқұрамына:

  • Әдістемелік нұсқау;

  • Балаларға арналған Үлестірмелі материалдар кіреді.

Әдістемелік нұсқауда бір жылға арналған перспективтік үлгі жоспары және 9 ҰОҚ-не арналған үлгі жоспарлар берілген.

ҰОҚ-ніңқұрылымытөмендегікезеңдердентұрады:

  • Біріншікезең ұйымдастыру кезеңі (жағымды эмоционалдық көңіл күй қалыптастырып, оқу қызметіне ықыласын ояту, балаларға ұсынылып отырған оқу қызметінің тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет);

  • Екіншікезең негізгі кезең, бұл кезеңде зерттеліп отырған мәселе түсіндіріліп, балалардың бәрі сабаққа белсенді араласады;

  • Үшінші кезең – рефлексия, бұл кезеңде жаңадан алған білім игеріліп, реттеледі, баланың жеке білімдеріне айналады.

Педагогке көмек ретінде балалармен жұмыс істеуге арналған үлестірмелі материалдар әзірленген. Бұл материалдар баланың білімін жүйелендіруге, оқу қызметінің тақырыбы бойынша түсінігін нығайтуға мүмкіндік береді. 2-3 жастағы балаларға арналған тапсырмалар оқу бағдарламасына сәйкес жүйелендірілген және балаларды келесі кезеңдердегі білім беру жүйесіне дайындауға көмектеседі.

Мүсіндеу көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің сызба мен


кескіндемеден айырмашылығы заттың барлық көлемін, пішінін анық көрсетеді.

Бала үшін бейнелеу өнері – өзі жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзі сияқты дербестігімен, ашықтығымен ерекшеленеді. 2-3 жастағы балалар бұрынғы іскерліктерін жетілдіре отырып, әртүрлі пішіндегі заттарды жасайды.

2 жас пен 3 жас аралығында баланың сенсорлық үдерісінің – сезіну мен қабылдау түрлері қалыптасады. Фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі. Бірнеше бөліктен тұратын заттарды мүсіндеу, дұрыс орналастыру, арақатынастарын сақтау, бір-бірімен біріктіру тәсілдерін меңгереді.

Мүсіндеу жұмыстары бойынша 2-3 жастағы балалар 2–3 бөліктен тұратын заттарды ғана мүсіндейді. Жасаған бейнелерді нүктелермен безендіреді. Алдыңғы алған іскерліктері мен дағдыларын жетілдіре түседі.

Жыл басында ермексазды алақанына алып, алақан арасында домалатып кішкентай шарлар жасау тәсілдерін меңгереді. Екінші кезеңде дөңгелек пішінді жалпақ тәрелкелер, үлкен және жуан шұжықтар мүсіндеуді үйренеді.

Ал жылдың соңында бағдарламаға лайықты мүсіндеуде балалар төмендегі нәтижелерді игеруі қажет:

  • ермексазбен (сазбалшық) тәжірибе жасауды;

  • ермексазды (сазбалшық) алақанына салуды, алақан арасында домалатып кішкентай шарлар жасауды;

  • жалпақ дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуі тиіс.

Мүсіндеу оқу қызметі ойын түрінде өткізіледі. Негізгі жұмысқа кіріспес бұрын затты қарау, тұтас және дербес бөліктерін бейнелеп көрсету жұмыстары атқарылады. Егер доп, алма, тағы басқа домалақ пішіндер жасайтын болса, алдын ала осыған ұқсас ойыншықтарды қарайды, бөліктерін
талдайды, жасалу жолдарымен танысады. Жаңа тәсілдерді міндетті түрде нақты көрсету қажет. Мысалы: таяқшамен безендіру тәсілі. Жұмыс барысында педагог балалардың жұмысына бақылау жасаумен бірге сұрақтар қояды, қалай жасау керектігін көрсетеді, іс-әрекетке қызықтыруға тырысады. Балалармен алдын ала жүргізілетін жұмыстар: көркем шығармаларды оқып беру, шағын мүсіндерді, иллюстрацияларды қарау өте маңызды. Оқу қызметінің соңын ойынға айналдыру өз іс-әрекетінің нәтижесін көруде тиімді тәсіл. Жасаған жұмыстарын үлгі суреттердің артындағы мазмұнды суреттерге қойып ойнайды. Мысалы: бауырсаққа түлкінің суретін көрсетіп, түлкіге сыйлауды ұсынған кезде баланың көңіл күйін көтеріліп, қуанады, эстетикалық әсер алады. Тапсырманы тиянақты дұрыс орындағандар мадақталады, жұмыстың мазмұнына көңіл бөлінеді. Достарының сәтті

шыққан жұмыстарына назарларын аудару қажет. Олардың еркін тақырыпта мүсіндеуіне мән берген жөн. Мұнда баланың қиялының дамуы, өздері меңгерген дағдыларды өз еркінше пайдалануы үшін үнемі жеке көркем өнер бұрыштарында арнайы ойластырылған жұмыстар ұйымдастырылуы керек. Бұл негізгі дағдыларды меңгерген соң өткізіледі, егер жұмыс жасауда балаға қиындық кездесетін болса, көмектесу міндеті қойылады. Мүсіндеу кезінде қажетті құрал-жабдықтармен ұқыпты жұмыс істеу арқылы оны дұрыс пайдалана білуге үйренеді.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда оқу қызметі 9 сағатқа жоспарланып жазылған. Оқу-әдістемелік кешеннің құрамында қосымша балаларға арналған үлестірмелі материалдар бар.

Оқу құралы педагог мамандар мен ата-аналарға мүсіндеу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруда үлкен көмек бола алады.

«Мүсіндеу» бойынша білім беру саласы балалардың алғашқы білім алу
кезеңінде олардың жан-жақты дамуы мен оқу қызметін ұйымдастыруда туындаған көптеген сұрақтардың шешуін табуға көмек болады деп сенеміз.
Сіздерменынтымақтастықтажұмысістейміздегенсенімдеміз.

Авторлар.