ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 101
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№4 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру саласы: шығармашылық, таным.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Құймақ.
Мақсаты: ермексаздың кесегін алақан арасына салып илеуге үйрету.
Міндеттері:тағамдар туралы білімдерін кеңейту. Ермексаздан әртүрлі пішіндер жасату арқылы баланың саусақ қимылын жетілдіру,
қызығушылығын, шығармашылық қабілетін , есте сақтауларын, сөйлеу тілін дамыту. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: ермексаздан түрлі пішіндерді;
түсінеді: құймақтың дөңгелек пішінге ұқсайтынын;
қолданады: ермексазды алақанға салып ырғақты домалатуды, алақанда жалпақтауды.
Көрнекіліктер: сары және қоңыр түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғыр, үлестірмелі материалдар, ермексаздың орташа көлемдегі кішкене бөлігі, ермексазға арналған тақтайша.
Сөздік жұмыс: құймақ, қамыр илеу.
ҰОҚ-нің барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Ойынжағдаят.
Әже (педагог) киініп келеді:
-
Амансыңдар ма, балаларым! Мен сендерге қазір пешке тәтті құймақ пісіріп беремін. -
Балалар, бұл не? -
Табада не пісіп жатыр? -
Дұрыс айтасыңдар! Табада құймақ пісіп жатыр. Бұл үшін, алдымен, сұйық қамыр дайындаймыз. Дайындаған сұйық қамырды табаға құямыз. Табаны пештің үстіне қойып қыздырамыз. Міне, құймақ дайын. Өте дәмді, әдемі.
-
Негізгі кезең.
Әжетақпақайтыпбереді:
Алақай да, алақай! Әжем құймақ пісірді! Май құйды,
Балаларға берді.
Айшаға берді, Азатқа берді. Данаға, Нұрланға берді.
Дәмді, тәтті құймақ,
Біздің сүйікті әжеміз пісірді.
Әже балаларға келесі сұрақтарды қояды:
-
Әже не пісірді? -
Қандай ыдысқа пісірді? -
Құймаққа не қосты? -
Құймақты кімге берді?
-
Құймақ дәмді болды ма?-
Қазір сендерге құймақты қалай пісіруді үйретем. Үйренгілерің келе
-
ме?
Педагог балаларға ермексаздан шеңбер жасап көрсетеді. Сол шеңберді
құймақ пішініне келтіру үшін оны алақанына салып жалпақтайды.
-
Міне құймақ жасадым, ұқсай ма? Сөздік жұмыс: құймақ, қамыр илеу. Сергіту сәті:
Секірейік, секірейік, Ұзын құлақ қоянша.
Шаршағанды кетірейік, Болар сонда тамаша.
Балалар педагогтің көрсеткен үлгісі бойынша құймақ жасайды. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
-
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
-
Балалар қонаққа кім келді?-
Біз не жасадық?
-
Педагог ата-аналарға көрме ұйымдастырады.
№5 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: шығармашылық, таным.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Әтешке арналған қоршау.
Мақсаты: ермексазды домалақтап алып, алақанның ортасына салып сопақшалап есу арқылы қоршауға баған жасауға болатыны туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:ойын арқылы мүсіндеу қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеу тілін жаттықтыру. Есте сақтауларын жаңғырту. Ойлауы мен зейінін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Үй құстарына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: ермексаздан бағандарды биіктігі мен жуандығын бірдей етіп жасайды;
түсінеді: әтешке қонақтап отыру үшін қоршаудың қажет екенін;
қолданады: ермексазды алақанға салып есу тәсілін.
Көрнекіліктер: демонстрациялық көрнекіліктер, сары және қоңыр түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, қоршауды бір-біріне жалғау үшін қатырғықағаз, тұғырық, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: қоршау, қораз, әтеш.
ҰОҚ-нің барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог үлестірмелі материалдағы суретке балалардың көңілін аударады.
Өлең жолдарын оқиды:
Таңертеңмен оянып, Балаларды оятып.
Қоршауға қонып отырар,
«Тұрыңдар!» деп шақырар.
-
Балалар, суретте әтеш ненің үстінде отыр? -
Дұрыс айтасыңдар, ол қоршаудың үстінде өзінің әнін шырқап отыр.
-
Негізгі кезең.
Педагог дайын көрнекілікті балаларға көрсетеді.
-
Мына қоршауға не жетіспейді деп ойлайсыңдар? -
Әтешке мына қоршауға қонақтау ыңғайлы деп ойлайсыңдар ма? -
Сендерге мен осы қоршауға қажетті бағандар жасауды үйретейін. Балалардың келісімімен педагог ермексазды алып, түсіндіре бастайды. -
Бірінші ермексаздың кішкене бөлігін шымшып алып, алақанға салып әрі-бері есе бастаймыз.
Жасаған бағанын педагог дайын қоршаудың сұлбасына басып жабыстырып, қоршаудың бағандарын жалғастырып жасайды.
-
Балалар, қолдарыңнан келіп жатыр ма? Біз осылай әтештің қонақтайтын қоршауының бағандарын жөндеп қалпына келтіреміз.
Сөздік жұмыс: қоршау, қораз, әтеш.
Сергіту сәті:
Қораз, қораз, қоқылдақ, Жемді жейсің шоқып ап. Қанатты кең жаясың, Иығыңды көтеріп,
Мойынды тез-тез созасың. Жан-жағыңа қарай сап,
Шақырасың қоқ-қоқтап!
-
Ку-ка-ре-ку!
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
-
Жарайсыңдар, балалар, жұмысымызды жалғастырайық. -
Қолдарыңмен ермексазды есу арқылы бағанға қалай айналдыруға болатынын көрсетіңдер. -
Дұрыс, алақанға салып әрі-бері есеміз.
Педагог балалардың қолдарының сыртынан ұстап «есу» әдісін пысықтайды.
-
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балалар, сендер жасаған қоршау айдарлы әтешке қатты ұнады. Педагог ата-аналарға көрме ұйымдастырады.
№ 6 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: шығармашылық, таным.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: Сәуле саңырауқұлақ жинауда.
Мақсаты: сазбалшықтың құрамымен таныстыру.
Міндеттері: әртүрлі пішіндерді біріктіру арқылы саңырауқұлақтарды мүсіндеу, домалақ және сопақшалау қозғалыстармен сазбалшықты илеуді үйрету, алақан арасына дөңгелекті салып тегістеу, балалардың сюжетті-ойын ойлау қабілетін дамыту; сөйлеу тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойын кейіпкерлеріне деген мейірімді қарым-қатынасқа тәрбиелеу.