Файл: Этнопедагогика жне этнопсихология пні бойынша syllabus 6В01301 Бастауышта оыту педагогикасы жне дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 145

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қорыта келгенде, халықтық педагогика- халық бұқарасының жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатымен тәрбие мен оқыту саласындағы белгілеген тәрбие мен оқыту мақсаты, міндеттері, оған жету жолдары, құралдары, тәрбие туралы эмпирикалық(адам баласының тәжрибесіне ғана негізделген) мәлімет, практикада тексерілген білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, ата-бабалар тәжрибесінің ең жақсы үлгілері. Солардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа апуызша халық шығармашылығы арқылы (поэтикалық туындылар-ертегі, жыр, мақал-мәтелдер, музыкалық, сәнді қолданбалы өнер) беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан.

Педагогика ғылымы тәрбиелік мәнін ашатын халықтық педагогиканың мақсаты- ата-бабалар тәжрибесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу.

Этно-грек сөзі, тайпа.

Этнография-тайпалар мен халықтарды зерттейтін қоғам туралы ғылымның бір саласы.

Ұлт-ел, мемлекет, тілі, территориясы, эканомикасы бар қауымдастық.

Ру- алғашқы қоғамдық құрлыстағы негізгі қоғамдық ұйым, оған қандас туыстар, яғни бір атадан өретін ұрпақ кіреді.

Тайпа- тапсыз қоғамға дейінгі адамдар бірлестігі, бір тілде сөйлеп, бір жерде тұрады.

Халық-тайпалар ыдырағаннан кейін қалыптасқан адамдар қауымдастығы, мемлекет, ел тұрғындары, еңбекшілер, ұлт.

Этнос-тайпа, халық.

Ұлттық тәрбие- бала санасына ұлттық рухты енгізу, ұлттық болмыс, ана тілінде оқыту, ұлттық рухты жоғалтпау.

Негізгі әдебиеттер:[ 5,6]

Қосымша әдебиеттер: [8,11,12]
Дәріс №2.

Тақырыбы:Этнопедагогика және этнопсихология пәнінің негізгі категориялары

Жоспар:

1. Этнопсихологияның негізгі ұғымдары
Этнопсихология және этнопедагогиканың негізгі ұғымдарына:

Автотаптаурын- белгілі этностық қауымдастық өкілдеріне қатысты ортақ ой-пікір. Ол әркез жағымды бағалаудың көрсеткіші.

Босқындар- мемлекеттердің күйреуі салдарынан туындайтын мәжбүрлі қоныс аударушылар, мұның астарында ұлтаралық келіспеушілік, кикілжіңдер жатады.

Гетеростеростиптер- бір этностың басқа халықтар туралы пікірлер жиынтығы. Этностардың өзара қарым-қатынасына орай бұлар жағымды да, жағымсыз болуы мүмкін.

Инициация- этнос ішіндегі салт-дәстүрлер топтамасы, адамдардың әртүрлі, әлеуметтік статусқа бөлу рәсімі.


Магия-этностың наным-сенімдерінің жүйелік ритуалы.

Маргинал тұлға- екі ұлттың мәдениеті мен әдет-ғұрпынан шала-пұла хабары бар дүбара адам.

Менталитет- әрбір этностың өмір сүру стилі, көзқарастары мен стеротиптерінің, мінез-құлық ерекшеліктерінің жиынтығы.

Этнопсихология– әр түрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін,этностардыңөзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық ғылым.

Этнопсихология — ғылыми психологияның бір саласы, ол әр ұлттың этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінезі, этностық сана-сезімнің қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

Этностық таптаурындар- әр этностың мінез-құлықтың тұрақты белгісін білдіретін ұғым.

Этноцентризм-басқа ұлттың тыныс-тіршілігіне мән бермей, тек өз этносының жәй-күйіне ерекше мән беру.

Этносаралық қарым-қатынастар - этностардың бір-бірімен түрлі деңгейде байланысқа түсуі.

Этностық тұлға- әр этноспен ұлттың тілін, дінін, әдет-ғұрпын бойына әбден сіңірген кісі.

Этностық идентификация - этностардың бір-бірімен тіл табысып, бірігудегі жағымды көзқарасы.

Этностық ассимиляция- басқа халықтың тілін, әдеп-ғұрпын, мәдениетін меңгеру нәтижесінде бір этностың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтуы.

Этностық дискриминация - нәсілі мен ұлтына қарай адамның азаматтық құқы мен мүддесіне қасақана қысым жасау.

Этностық контакт - әр түрлі ақпараттар мен мәдени құндылықтар алмасу барысында әр халықтың бір-біріне ықпал жасайтын этносаралық әрекеттестік.

Этностық топ- тіл мен мәдениеттің, діннің маңызды ерекшеліктерін сақтай алатын халықтың оқшау бөлігі.

Этностық толеранттық - басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне, мінез-құлқына, салт-дәстүріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіру.

Этностық кикілжің - көзқарастары мен мүдделерінің бір-бірімен үйлеспеуінің нәтижесінде этностардың өзара наразылығы.

Этнопедагогика - (гр.ethnos- халық, pedagogikе - бала тәрбиесі туралы) - педагогика ғылымының саласы. Оның қарастыратындары: 1.нақты халық (ұлттық педагогика) үшіндәстүрлітәрбие және оқыту түрлері,әдісі

, міндеті, тапсырма жәнемақсаттарын зерттеу; 2. Әр түрлі халықтарға тән тәрбиемен оқудың салыстырмалы спецификасының зерттеуі; 3. Сол немесе басқа этникалық қоғамның өкілдерін оқытумен тәрбиелеудегі ұлттық психологияның әсерінің анализі; 4. Оқыту әсерімен педагогикалықтың жүзеге асырылуы және ұйымдастырылудағы бұл процестің заңдылықтарының есебі


Этнография, этнология (гр.etnos–тайпа,халық, grapho–жазу) –қоғамдық ғылымныңтайпалармен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.

Этнолингвистика – этностың болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы.

Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр.Psychе— жан және logos— сөз, түсінік, ілім) —әлеуметтік топтарғақосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.

Ұлт - біртұтас территориясы, экономикасы мен мемлекеттік тілі, ұлттық болмысы (психика) қалыптасқан халықтар жиынтығы.

Ұлттық құндылық - ата мекен,тіл, тарих, өнеге, әдебиет.

Ұлттық мінез - белгілі ұлтқа ортақ психикалық ерекшеліктің жиынтығы.

Ұлттық мінездің маңызды бөлігі ұлттық темперамент. Ол этностық мінездің өзгергіш көріністерінде, қарым – қатынастарда, сөйлеу жылдамдығында, қимыл – қозғалыстарында, сезімдердің көрінуінде байқалады.

Ұлттық намыс - ұлт өкілдерінің ата-мекенін, тілін, тегін, салт-дәстүрін ерекше қадірлеп, оның абыройына кір жуытпай, оны қызғыштай қоруы.

Ұлттық психология - басқа ұлттарда қайталанбайтын ұлттық рух, оның өзіне ғана тән мінез-құлық, салт-дәстүр.

Ұлттық тіл-әр этностың, ұлттың өзіндік дүние танымының басты белгісі.

Ұлттың ерекше жаңы өз тобын басқа топқа қарсы қоятын ұлттық сана болып табылады.

Ұлттық сана - ұлтты бір-бірімен ажырататын саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік қасиеттер жиынтығы.

Ұлттық сезім - бұл адамның өз этностық қауымдастығына, оның мүдделеріне, сонымен қатар басқа да этностық қауымдастыққа деген эмоционалдық қатынастардың формасының бірі.


Ұлттық талғам - бұл ұзақ уақыт бойына этноста болып жатқан қоғамдық мінез-құлық нормалары мен моралін, сұлулығын т.б. бағалау.

Ұлттық салт – дәстүр тарихи қалыптасқан және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, сонымен қатар белгілі бір этностық қауымдастық үшін ұзақ тарихи кезеңдер бойына өзінің мәнін дәлелдеп келген дәстүрлермен, ережелермен, құндылықтармен қатар жүретін іс – әрекет пен мінез – құлық формалары.

Этнопсихологиялық зерттеудің стандартты түрі этникалық қоғам өкілдерінің ұлттық психологиялық ерекшеліктерін болжап көрсетеді.

Кросмәдениетті зерттеу – бірнеше этникалық қоғамның ұлттық психологиясының ерекшеліктерін зерттейді.

Автостереотип бір ұлттің өзіне берген бағасы.

Интеростереотип бір ұлтқа басқа ұлттың берген бағасы.

Мәдени объективті детерминация ішінде заттық орта, ұлттық мәдениеттің объективті элементтері және табиғи ландшафттық жағдай жатады.

Мәдени психологиялық детерминация ұлттық сана-сезім элементтері, әлеуметтік тарихи білімге, ұлттық сана-сезімнің нормативтік элементтеріне көп назар аудару керек.

Қоныс аударушы өзелінен басқаелге мәңгі қоныс аударушы.

Визитерлер дипломат, мисионер, студент, тыңшы, іскер адамдар жатады.

Туристер бір елден басқа елге қысқа мерзімге келген адамдар.

Геноцид - [грек,genos- тек, тайпа және лат.caedo- өлтіру] –халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық,этникалық, нәсілдік немеседінитоптың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді.

Ассимиляция (лат.Assimilatio — ұқсасу, сіңісу, сіңу, т.б.) саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нәтижесінде сол халық құрамына біртіндеп сіңіп, жұтылып кету құбылысы.

Сеграция топтардың ерекше дамуына бағытталуы.

Сепаратизм – бөлектену, оңашалануға тырысушылық. Халықтың мемлекеттен бөліну әрекеті сепаратизм деп түсіндіріледі. Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері алдына бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылады. Ұлт-азаттық қозғалыстан ерекшелігі - оның жалпы халықтық, бұқаралық сипаты болмайды, ол ұлттың бір бөлігінің мүддесін қамтиды. Сепаратизм территориялық қақтығыстың тудыратын бірден бір фактор болып табылады.