Файл: Этнопедагогика жне этнопсихология пні бойынша syllabus 6В01301 Бастауышта оыту педагогикасы жне дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 150

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Негізгі әдебиеттер:[4,9,10]

Қосымша әдебиеттер: [45,47,49]
Дәріс №3.

Тақырыбы: Педагогика әдіснамасы этнопедагогиканың негізгі бағыттаушысы ретінде Жоспар:

1. Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі түсінігіне талдау жасау.

2. Этнопедагогика мен педагогиканың арақатынасы

3. Этнопедагика педагогика ғылымының сабақтас саласы ретінде
1.1. Этнопедагогиканың ғылым ретіндегі түсінігіне талдау жасау.

Орта ғасыр данышпаны Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деп айтып өткен болатын. Ғұламаның бұл сөзінен туындайтын тағылым – тәрбиесіз, өнегесіз берілген білім – жетім, жастарды тәрбиелей отырып оқыту, білім беру ғана нәтижелі болмақ. Яғни осыдан екеуін ұштастыра отырып жүргізгенде ғана адам қалыптасады деген қорытындыға келеміз.

Педагогика ғылымының негізгі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екені белгілі. Осы кезге дейінгі дамуы барысында ол өзінің теориялық ауқымын кеңейтіп, жаңа мазмұнмен толықтырылуда және зерттеу бағыттарының күрделенуіне байланысты іштей ғылыми жіктелу үрдісі жүруде. Мұның нәтижесінде өзге жеке ғылыми салалаларымен қатар оның этникалық педагогика деп аталатын білім саласы қарастырылады.

Халық педагогикасы қоғам дамуының белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың алғашқы құралы және тәрбие жүйесі қызметін атқарып келді. Яғни, осыдан ғылыми педагогикамен халық педагогикасының тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік – идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми педагогика халық педагогикасынан бастау алып, оны ғылыми қажетіне жаратты. Осы қажеттіліктен халықтың эмпирикалық тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары – халықтық педагогиканы ой-елегінен өткізіп, зерттеп тәрбие оқу-ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерін, өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика осылай пайда болды.

Этнопедагогика дегеніміз – этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы, белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы. Ол халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озат тәжірибесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылыми педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.


Халықтық педагогика – белгілі бір халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелігі бар ғасырлар бойы қалыптасқан іс-тәжірибесі. Осы іс-тәжірибені ғылыми тұрғыдан саралап, зерттейтін ғылым – этнопедагогика. Олай болатын болса этнопедагогиканы халық тәрбиесін зерттейтін ғылым ретінде қарастырамыз.

1. Этнопедагогика мен педагогиканың арақатынасы

Этнопедагогика – педагогика ғылымының құрамдас бөлігі бола отырып, сол ғылымның бөліктерін қамтитын дербес ғылым ретінде қарастырылады. Осыған орай этнопедагогика компоненттерінің логикалық құрылымын айқындау үшін оның мақсаты мен міндетін, обьектісі мен заңдарын, заңдылықтары мен теориясын педагогикамен салыстыруда құрылымдық- талдау әдісін қолданамыз. Мұндағы этнопедагогика компоненттерін Г.Н. Волков еңбегі бойынша құрылған.

Этнопедагогика мен педагогика арақатынасын кесте түрінде ұсынамыз.

Кесте 1 (педагогика бойынша: мақсаты, міндеттері, обьектісі, пәні, функциясы, әдістері, принциптері, категориялары, заңдары, заңдылықтары, теориялары қарастырылады.)

Кесте 2 (этнопедагогика бойынша: мақсаты, міндеттері, обьектісі, пәні, функциясы, әдістері, принциптері, категориялары, заңдары, заңдылықтары, теориялары қарастырылады.)

Кесте1 (ПЕДАГОГИКА)

Ғылымның компоненттері

Педагогикалық ғылым – балалар мен үлкендерді оқыту мен тәрбиелеудің заңы туралы ғылым.

Мақсаты мен міндеттері

  • Білім беру және тәрбиелеу жүйесін басқару, оқыту, білім беру және тәрбие салаларындағы заңдылықтарды ашу;

  • Практикалық тәжірибелерді зерттеу мен жалпылау;

  • Білім беруді болжалдау;

  • Зерттеу нәтижелерін практикаға еңгізу;

  • Практика мен теорияның рационалды байланысын, инавациялық процесстердің теоретикалық, әдіснамалық негіздерін өңдеу.

Обьектісі

Педагогиканың обьектісі – адамның пайда болуының, қалыптасуының, өзгеруінің және өзін-өзі өзгертуінің барлық салалары (В. Е. Гмурман)

Пәні

Пән – мақсатқа бағытталған оқу-тәрбиелік процесс (В. Е. Гмурман)

Педагогиканың пәні – оның оқыту, тәрбие, білім беру жағдайындағы адамзат тұлғасының бағытталған дамуы мен қалыптасуының үрдісі;(А. Ф. Протопопов)

Функциясы

Адамдарды оқыту, тәрбиелеу, білім беру заңдарын тану және осы негізде педагогикалық апрактикада қойылған мақсатқа жетудің жолдарын және тәсілдерін көрсету.

Әдістері

Бақылау, тәжірибені зерттеу, мектеп құжаттарына талдау жасау, педагогикалық шығармашылықты зерттеу, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент, педагогикалық сұрақнама, анкета жүргізу, сандық тәсілдер.

Принциптері

Тәрбиенің принципі: 1. Құндылық қарым-қатынасқа бағдарлау. 2. Субъективтілік принципі. 3. Баланың бар екенін қабылдау принципі.

Оқыту принципі- басшылық ететін ойлар, дидактикалық процессті ұйымдастыру және өткізуге нормативті талап қою. Оқытудың дамушылық және тәрбиелеушілік белгісі принципі; оқу процессінің әдістері мен мазмұнының ғылымилық принципі, саналылық принципі, көрнекілік принципі, оқытудың қолжетерлік принципі, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту және оқыту нәтижесінің беріктік принципі, оқытудың өмірмен байланыстылық принципі, өмір сүру тәсілдері мен ұжымдық және жеке дара нысандардың рационалды қиюласу принципі.

Категориялары

Тәрбие, оқыту, білім беру, қалыптастыру, дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, педагогикалық үрдіс, әлеуметтік қалыптастыру.

Заңдары

  • Оқытудың әдістері, мазмұны мен мақсатына байланысты заңдар.

  • Тәрбиелеуші және дамытушы оқытудың заңдары.

  • Оқыту мен тәрбиеге байланысты заңдар.

  • Педагогикалық процесстің тұтастығы және бірлігі туралы заңдар.

  • Оқытудағы теория мен практиканың өзара байланысы және бірлігі заңдары.

  • Оқу іс-әрекетін ұжымдық және даралық ұйымдастыру байланысты заңдары.

Заңдылықтары

Педагогикалық заңдылықтар: 1. Тұлға құрылымындағы жаңа әлеуметтік-психологиялық білім беруді қалыптастыру баланың өзінің белсенділігімен ғана іске асады. 2. Тәрбие процессіндегі бала іс-әрекетінің мазмұны баланың қажеттіліктерінің өзгеруіне байланысты. 3. Тұлғаның дамуы іс-әрекет арқылы және сол тұлғаның өзінің іс-әрекеті арқылы. 4. Тек сүйіспеншілік пен қорғаныш аясында ғана болған бала өзінің қарым-қатынасын бос және еркін білдіре алады. 5. Субъектінің белсенді іс-әрекет жасау барысында объектіге деген жеке тұлғалық қарым-қатынас орнайды. 6. Жеке тұлға тұтас феномен ретінде өзін басқаларға көрсетеді және өмір сүреді.

Теориялары

Тәрбиелілік процесстің маңыздылығы(И. С. Марьенко, Г. И. Щукина, В. М. Коротов және т. б.);

Тәрбиелілік процесстің заңдылықтары ( Н. И. Болдырев, Н. К. Гончаров, Б. П. Есипов және т. б.);

Тұлғаны қалыптастырудың тұтастылық теориясы (В. С. Ильин);

Оқушыларды тәрбиелеудің жүйелілік талдауы (Ю. П. Сокольников);

Педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасының қалыптасуы (А. Ю. Гордин); және т.б. теориялар.



Кесте 2 (ЭТНОПЕДАГОГИКА)


Ғылымның компоненттері

Этнопедагогика–жас жеткіншекті тәрбиелеудегі халық бұқарасының тәжірибесін, олардың педагогикалық көзқарастарын, ұлттар мен ұлыстардың тәлім-тәрбиелік тәжірибе жүйесін зерттейтін ғылым

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: бойында «ақыл», «қайырымдылық», «еңбекқорлық» қасиеттері бар жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу;

Негізгі міндеттері:

  • Халық педагогикасының ерекшелігін, оның пайда болуын, дамуын және қазіргі замандағы жағдайын, халық өміріндегі орнын, адамзаттың педагогикалық мәдениетін дамытудағы алатын ролін анықтау және зерттеу;

  • Халық тәрбиесінің негізгі категориялары мен заңдылықтарын айқындау;

  • Ұлттық мінез-құлықты қалыптастыру процессін зерттеу;

  • Халық педагогикасының педагогикалық ғылыммен байланысын айқындау;

Обьектісі

Халықтық педагогика

Пәні

1.Жалпы халықтық педагогикалық мәдениет аймағы.

2. Халықтық педагогика:

  • негізгі педагогикалық түсініктер;

  • бала тәрбиенің обьектісі және субьектісі ретінде;

  • тәрбие функциялары;

  • тәрбиенің факторлары;

  • тәбие әдістері;

  • тәрбие құралдары;

  • адам тұлғасын жетілдіру идеясы;

  • тәрбиені ұйымдастыру;

  • адамның өмір сүруіндегі педагогикалық маңызы;

халық тәрбиешілері;

Функциясы

  • Этникалық педагогика тарихи жағдайлардың әсерімен, тәрбиенің ұлттық жүйесінің арқасында сақталған ұлттық мінез- құлықтың ерекшеліктерін зерттейді.

  • Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған құнды педагогикалық байлығымызды насихаттау.

  • Халықтық педагогикалық салт-дәтүрлердің сақталу себебін анықтау және қазіргі қоғамның рухани өміріне ену механизмін анықтау;

  • Үлкен және кіші мөлшердегі халықтардың тәрбиелік ерекшелігін түбегейлі зерттеу;

Әдістері

Этнографиялық, бірақ педагогикалық обьектіні зерттеуге бағытталған әрі педагогикалық мазмұнға толы және басқа да ерекше педагогикалық әдістермен өзара бірлестікте.

Педагогика пәнінің қарастыратын мәселелерін ысырып, халық түсінігіне сәйкес бір адамзаттық ғасырды толық педагогикалық цикл ретінде қарастыратын этнопедагогикалық тәсіл.(«Адам немере болып туады, ата болып өледі»)

Принциптері

Табиғилық (Волков бойынша) табиғатпен үйлесімділік, бейбітшілік, келісімділік жағдайында болу;

Ұлттық және жалпы адамзаттық, жалпы және жеке меншік бірлігі принципі жасерекшілік кезеңденуінде табиғатпен ұқсастығы басым болады: бір жағынан этникалық ерекшеліктер зерттесе, екінші жағынан халықтық педагогикалық мәдениеттін бірлігі анықталады.

Халықтық принципі.

Категориялары

  • Халықтық педагогика

  • Халықтық педагогикалық шығармашылық

  • Халықтық педагогиканың негіздері

  • Балалар ортасы халықтық тәрбиенің факторы ретінде

  • Тәрбиенің халықтық құбылысы

  • Халықтың педагогикалық мәдениеті

  • Халықтық тәрбиенің ерекшеліктері: мирасқорлық, табиғилық, синкритизм, бұқарашылдық.

  • Этнопедагогика

  • Этнопедагогикалық тәсіл

  • Этнопедагогиканың объектісі

  • Этнопедагогиканың пәні

Заңдылықтары

Халық мәдениеттің деңгейі қай салада болмаса да, халықтың педагогикалық мәдениетінің деңгейін анықтайды.

Халық педагогикасындағы нашар тәрбие болашақ ұрпақтың жүріс-тұрысының төмендеуімен байланысты болады.

Халық педагогикасында тұжырымдардың тұтас иерархиясы орын алады, жалпылаудың әр сатысында адам жоғарылай береді.

Жалпы заңдылық – игі ұлттық әрқашанда интернационалды.



Қ ұрылымдық-аналитикалық тәсілдің мақсаты кез-келген білімнің ғылыми жүйесінің статусын зерттеуді көздегендіктен, бұл салыстырмалы талдау этнопедагогиканы педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде, оның ғылыми статусын айқындайтын негізгі компоненттерін ашып көрсетеді.

Сондықтан да Г.Н. Волковтың зерттеулері қанша уақыт өтсе де қазіргі күнде әсіресе әдіснамалық жағынан маңыздылығы жойылмайды. Этнопедагогика педагогика ғылымының құрамдас бөлігі болғандықтан, жалпы педагогиканың заңдары, принциптері, заңдылықтары оған да қатысты болады.


1.3 Этнопедагика педагогика ғылымының сабақтас саласы ретінде

Г.Н.Волков этнопедагогиканы педагогика, этнография, фольклористиканың қиылысуында пайда болған интегративті ғылым деп есептейді. Ол этнопедагогиканың құрамына кіретін ғылымдар арасындағы байланыс түрлерін келесідегдей түрде сипаттайды:

- ғылымаралық байланыстар

- зерттеу обьектілері жақындығы бойынша ғылымдар интеграциясы:

- кординационды типтегі байланыс

Этнопедагогиканың бөлінбейтін құрамдас бөлігі бола отырып, зерттеу нүктелерін этнопедагогикалық тұрғыда жүргізеді. Этнопедагогика педагогикалық білімдердің интегративті саласы болғандықтан, ол этнографиямен, этнопсихологиямен, этнофилософиямен, педагогикамен, этномәдениетпен және т.б. ғылыми педагогика түрлерімен тығыз байланысты. Этнологиялық сөздікте этнопедагогика халықтың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде көрсетілген, этнопсихология этникалық стереотиптердің ұлттық сана-сезімнің қалыптастырудың заңдылықтарын, ұлттық мінез-құлық адам мінезінің этникалық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық білім саласы. Ал, этнология - тар мағынасында теоретикалық халыққа кіріспе оның объектісі- этнос және оның өмірлік іс-әрекеті. Этномәдениет- этникалық ерекшелікті меңгеретін және этнодифференциалды қызметті атқаратын мәдени элементтер мен құрылымдардың жиынтығы. Этномәдениет- бұл этнос мәдениетінің маңызды компоненті. Этнософия - әр халықтың ұлттық мәдениеті мен өнерінің қайнар көзі және негізі.

Демек, осы ғылымдар өзара бір-бірімен қиылысып, түп негізі педагогика болып табылатын жаңа білім саласы этнопедагогиканы қалыптастырады.

Негізгі әдебиеттер:

  • Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. Алматы: Ғылым, 1998. – 316 с.

  • Волков Г.Н. Этнопедагогика. - Чебоксары, 1974. – 376 с.

  • Казахская этнопедагогика / Сост. С. Калиев. - Алматы, 1996. – 22 с.

  • Кожахметова К.Ж. Мектептiн ұлттық тәрбие жүйесi: теория және практика. - Алматы, 1997. – 142 б.

  • Әбiлова З. Этнопедагогика: оқу құралы. Алматы: Қазақ Әлем Тiдлер Университетi, 1997. – 230 б.

Негізгі әдебиеттер:[