Файл: Этнопедагогика жне этнопсихология пні бойынша syllabus 6В01301 Бастауышта оыту педагогикасы жне дістемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 151

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
15,18,19,]

Қосымша әдебиеттер: [41,45,49]
Дәріс №4.

Тақырыбы: Этнопедагогика мазмұның анықтауда этномәдениет пен этнопсихология теориясының маңызы.

Жоспар:

1. Мәдениет ұғымы. Мәдениеттің ішкі құрылымы, оның анықтамасының белгілері

2. Мәдениеттің ұлттық (этникалық) қызметі

3. Этнопсихология түсінігі
1. Мәдениет ұғымы. Мәдениеттің ішкі құрылымы, оның анықтамасының белгілері

Мәдениет - бұл өзгеше құбылыс. Ол өте күрделі, көп жақты және қоғамдық өмірдің барлық сфераларына қатысады. Мәдениет «әлеуметтік организмнің бүкіл денесіне таралған сияқты». Мәдениет феноменінің көп аспектілігіне қарай оны зерттеуде көп концептуалдық әдістер бар. Бірақ, зерттеп отырған мәселенің ерекшелігіне қарай біз Ю. В. Бромлейдің концепцияға жасаған талдауына жүгінеміз.

Бүгінгі күнде мәдениет іс-әрекеттік түсіндірмесі мәдениет жайлы әдебиеттерде көшшілікке мәлім. Бұл концепцияның авторы Э. С. Маркорян. Ол мәдениет феноменіне сипаттама бере отырып, «Іс-әрекет әдісі» негізгі категория болып табылады дейді. «Іс-әрекет әдісі» деген ұғым адамзаттың іс-әрекетті қандай да бір процесс «қалай», «қандай жолмен», «қандай әдістер жүйесінің» арқасында жүзеге асады деген сұрақтарға жауап іздейді. Осыған байланысты тікелей сана сферасына жататын мәдениет элементтері өте маңызды, олар қандай да бір функцияларды атқаратын адамзат іс-әрекетінің спецификалық әдістерді білдіреді. Мәдениет сферасының басқа функцияларына – техника, физикалық өмірді қамтамасыз ететін әдістер т. б. жатады. Осыладың арқасында адамдар қоршаған ортаға әсер етеді, қоғамда өмір-сүруге қажетті өніммен қамтамасыз ету үшін оларды өзгертеді.

Э. С. Маркарьян мәдениеттің жүйеге байланысты үш түрін ашып көрсетеді. Біріншісі – қоғамның биофизикалық ортаға бейімделу әдісін көрсететін табиғи-экологиялық мәдениет. Оның фундаменті болып материалдық өндірістің мәдениеті табылады. Мәдениеттің тағы бір экологиялық сипаттағы екінші түрі қоғамдық-экологиялық деп аталады. Бұл түрі қарастырып отырған қоғамның бейбіт және әскери жолмен байланысқа түсу әдісімен сипатталады. Мәдениеттің үшінші түрі әлеуметтік жүйенің өзін қолдауға бағытталған әлеуметтік реттеуші мәдениет деп аталады. Бұл түрінде мәдениет өзінің көп түрлі функцияларын жүзеге асырады. Мәдениеттің осы түрінің арқасында адамзат әрекеті әр деңгейде ынталандырылады және дәлелденеді.


Осылайша жоғарыда айтылып кеткендей, жүйеге байланысты мәдениеттің табиғи-экологиялық, қоғамдық-экологиялық және әлеуметтік реттеуші түрлері - бұл автономды пайда болғандар емес, бұл «бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын адамның іс-әрекетінің комплексті әдістері.

Сонымен, мәдениет – адамды адам ететін біртұтас орта, жай халықтан – халықты, ұлттан ұлт тудыратын орта.

2. Мәдениеттің ұлттық (этникалық) қызметі

Кез-келген адамның іс-әрекеті соған сәйкес мәдениет пен ұйымдастырылып іске асырылады. Бұл адамдардың біріккен тобына да қатысты. Егер ол топты реттейтін нормативтік құндылықтары болмаса, олар іс-әрекетін іске асыра алмайды.

Автордың барлық этносқа тән бір ортақ мәдениет идеясы этностың өзіндік территориялық қайталанбайтындығымен (мәдениеттің) ерекшеленеді. Осыған байланысты «этникалық мәдениет» деген ұғым туады. Яғни кез-келген этностың басқа этностардан айырмашылығы оның орналасқан территориясына қалыптасқан мәдениет ерекшелігімен байланысты. Сонымен мәдениет ұғымын мынадай кесте арқылы ұсынуға болады.
МӘДЕНИЕТ


Материалдық

Руханилық


  • Заттар, әр уақытқа сай материалдың пайда болуы

  • Еңбек құралдары, тұрғын үй, киім,, тамақ

  • Мәдени өсімдіктер, косметика, парпюмерия

  • Білім, дәстүр, құқық нормалары

  • өнер түрлері

  • халық шығармашылығы

  • діни сенімдер және т.б.


Ұлттық мәдениет

Ұлттық мәдениет қоғам мүшелерінің тарихи-әлеуметтік қалыптасуының артықшылығы мен ерекшелігін өзіне жинаған. Ұлттық мәдениетте адамдар өз қоғамының территориясын, халқын, жалпы ұлттық әдеби тілін, ұлттық дәстүрлер мен символдарды таниды. Ұлттық мәдениет автономиялық бөліну мен не этномәдени сипатпен ерекшеленеді. Мысалы: тіл - әр тіл тек бір ұлтқа ғана тән, яғни ол әр ұлтқа ғана тән ерекшелігі.

Этникалық мәдениет

Этникалық мәдениет – халық мәдениетінің өзіндік ерекше элементтерінің құрылымы, ол олардың өмір сүру іс-әрекетімен тығыз байланыста болады.

Бабаковтың айтуынша этникалық мәдениеттің ядросы болып: кәсіби мәдениет, дәстүрлі тұрмыстық мәдениет табылады. Этникалық мәдениет мазмұны оның халықтық педагогикадағы тәрбиелік потенциалдық деңгейі.



3 Этнопсихология түсінігі

Этнопсихология – этностың психикалық ерекшеліктерін, адамның мінезі мен этностық таптаурындарын, өзіндік санасының қалыптасуы мен қызметтерін зерттейтін ғылым саласы.

Этнопсихологияның негізгі мәселелерінің бір жағы мәдениет сипаты мен іс-әрекет түрлеріде, екінші жағы зерттелетін этникалық бірліктің мүшелерінің психикасы және мінез-құлқы, ұлттық өзіндік сана. Бұл мәселелер пән аралық, оларды зерттеу психологиялық, әлеуметтік, этнографиялық ортақтастықты талап етеді. Осы тұрғыда этнопсихология мен этнопедагогиканың тығыз байланыста екенін көруге болады. Екеуінің де бірігіп зерттейтін обьектілері: ұлттық өзіндік сана, ұлттық мінез, ұлттық сезім және т.б. Осыған орай этнопедагогикамен қатар этнпсихологиялық мәселелерді мұқият оқып білу қажет.

Ұлттық психология құрылымы

Ұлттық психологияда басты, әрі күрделі компоненттің бірі - ұлттық мінез. Ұлттық мінездің белгілері: еңбек сүйгіштік, еркіндік, қайырымдылық, қонақжайлық, ерлік, қаталдық. Бұл мінез бітістері барлық ұлттарға тән, бірақ әр ұлттың ерекшелігіне қарай әртүрлі формада байқалады.

Ұлттық сезім. Бұл адамдардың өз ұлтына деген ұлттың қажеттілік, сол арқылы басқа ұлттарға деген ықылас. Ұлттық өзіндік сана - өз ұлтының әлеуметтік-этникалық мәнін, оның ұлт аралық қарым-қатынасын, адамзаттың дамуына қосқан үлесін және т.б түсіну

Ұлттық сана-сезім

Ұлттық сана-сезім индивидтің өз ұлтына қарым-қатынасын анықтайтын форма. Ол келесі элементтерден тұрады:

- индивидтің белгілі біл ұлтқа жататындығын жете түсінуі;

- ұлтының жетістіктерін және өзі сол ұлтқа жататындығын мақтан тұту.

Негізгі әдебиеттер:[ 20,24,36,]

Қосымша әдебиеттер: [48,49]
Дәріс №5.

Тақырыбы: Әлем ойшылдарының этнопедагогика және этнопсихологиялық идеялары

Жоспар:

1. Антикалық тарихшылардың этнопедагогика және этнопсихологиялық идеялары

2. Француз ағартушысы К.Гельвецидің этнопсихологиялық идеясы

3. В.Вундтың халықтық психологияның 3 құрамдас бөлігі
Этнопсихологиялық ғылымның материалдық негізі, халықтар туралы ақпараттардан, тұрмыс пен мәдениетінен тұрады. Әр түрлі халықтар туралы деректер, олардың психологиялық ерекшеліктері, этнографиялық және мәдени жазба ескерткіштерінде бейнеленген.


Этнопсихологиялық идеяларды антикалық тарихшылардың Геродот, Тацит, Плиний, Ксенофонд еңбектерінен табуға болады. Бұл зерттеушілер географиялық ортадағы халықтардың климаттық, табиғи жағдайындағы этникалық айырмашылдықтарының себептерін табуға әрекет жасаған.

Геродот (б.з.д.490-480-425ж.) тарихтың ғана емес этнографияның да әкесі. Ол көп жер аралаған және саяхат кезінде танысқан халықтардың таңқаларлық ерекшеліктері туралы әңгімелеген. Геродоттың «Тарих» атты еңбегінде біз алғаш рет etic көзқарасымен бетпе – бет келеміз, өйткені, ғалым әр түрлі халықтардың өмірі мен мінез ерекшеліктерін оларды қоршаған ортамен байланыстырады.

Гиппократ өзінің «Ауа, су және жер», - туралы еңбегінде әр түрлі халықтардың физикалық психологиялық ерекшеліктерін, климаттық және басқа табиғи жағдайда орналасуларынан іздеген. Осыған байланысты ол адамдардың формасы, ақыл – ой елінің табиғатын бейнелейді деп жазды.

Сонымен бірге, қызықты әр түрлі халықтар туралы деректер ұлы географиялық жаңалықтарды ашу кезінде пайда болды (XI ғасыр).

Ал ағарту кезеңіндегі (XVIIIғ.) этнопсихологиялық зерттеулерде халақтардың мәдени бірлігімен рухани психологиялық қауымдастығы басты орын алады. Сол кездің ғалымдары Ш.Монтескье, И.Гердер халықтардың бір – бірінен нақты рухани, салт – дәстүрмен ерекшеленетінін айта келе, географиялық, дене бітімі дұрыс дамыған, түстері ақшыл, айтқандарынан қайтпайтын, рухтары күшті, өздерін жақсы көретін бола ды.

Оңтүстік және солтүстік ауа райының адамдардың сыртқы пішініне, психикасына әсері туралы Платон, Демокрит т.б. жазды.

Ш.Монтескье географиялық детерминизм принциптерін ұстана отырып, халықтардың арасындағы айырмашылықтарды әр түрлі климат әсерімен, жергілікті жердің рельефімен, топырағымен байланысты деп түсіндірді.

Халық рухы идеясы XVIIIғ. Неміс тарихи философиясында енген. Оның танымал өкілдерінің бірі И.Г.Гердер (1744 - 1803) «халықтың рухы», «халық жаны», «халықтық мінез» ұғымдарын тұтастай қарастырып, психикалық компоненттердің климат пен жер бедеріне байланыстылығын атап көрсетті.

Француз ағартушысы К.Гельвецидің (1715 - 1771) «Адам» туралы кітабы жарық көрді.

XIXғ.екінші жартысында, қоғамдық ойлаудың дамуында, оның ішінде этнопсихологияда жаңа бағыттар пайда болды. Осы кезеңнен бастап этнопсихологиялық ойлар жеке ғылыми пәндердің статусын алып, өзінің зерттеу пәнін, мақсаты мен әдіснамасын анықтады.

Берлин университетінің жалпы тілдер кафедрасының доценті Г.Штейнталь мен неміс философы М.Лацаруспен бірігіп арнайы «Этникалық психология және тіл білімі» деген журналды жарыққа шығарды. Осы журналда ұлттық психология туралы ой, ғылымның жаңа бөлімі туралы сөз қозғалды. Олардың пікірінше этнопсихология тек қана адамдар табиғатының рухани ғана емес адамдардың рухани заңдылықтарының ашылуын зерттейді.Ағылшын философы Д.Юма қоғамдық өмірдің шарттарын (ауа, климат) тұрмыс және еңбек дәстүрін темпераментті, мінез – құлықты анықтайтын факторлар деп есептеді


Этникалық психологияның қалаптасуына В.Вундтың есімі ерекше аталады. В.Вундт ұлт жаны мен психологиялық құбылыстар арасындағы байланысты жан күйзелістері мазмұнының бірлігін, сезім мен тылпынысты ашып көрсетті.

В.Вундтың халықтық психологияның 3 құрамдас бөлігін атап көрсетті:

1. Тіл

2. Аңыз

3. Дәстүр

Негізгі әдебиеттер:[ 9,10,12,14]

Қосымша әдебиеттер: [46,50,52]
Дәріс №6.

Тақырыбы: Этнопедагогикалық ой-пікірлердің дамуы (генезис).

Жоспар:

1. Я. А. Коменский «Ана» мектебі. К.Д. Ушинскийдің халықтық принциптерінің ғылыми түрде негізделуі

2. Н.К. Крупская , А.С. Макаренконың педагогикалық ой-пікірлері

3. В.А. Сухомлинский, Г.С. Виноградовтың педагогикалық көзқарасына талдау

4. Ы.Алтынсариннің, М. Жұмабевтың және т.б. этнопедагогикалық ой-пікірлері
1. Я. А. Коменский «Ана» мектебі. К.Д. Ушинскийдің халықтық принциптерінің ғылыми түрде негізделуі

Чехтың ұлы педагогы Я.А Коменский отбасы тәрбиесінің тәжірибесіне сүйене отырып өзінің «Ана мектебі» идеясының негізін қалады. Чехтың ұлы педагогы Я.А Коменский отбасы тәрбиесінің тәжірибесіне сүйене отырып өзінің «Ана мектебі» идеясының негізін қалады.

Ұлы швейцария педагогы Г Песталоции швейцария халық педагогикасының тәжірибесін топшылай отырып өзінің «Аналарға арналған кітап» деген еңбегін жазды. Ол отбасында басталған табиғилық тәрбие өзінің жалғасын мектепте табуы тиіс деді.

Ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский халықтық педагогиканың тәрбиелік потенциалын жоғары бағалады. «Халықтық бастауға және сол халықтың өзі жасаған тәрбиенің күші зор» деп жазады

Ол халықтық деп халықтың «менін» сақтауға және оны қоғамдық экономикалық өмірдің барлық салаларында дамытуға жәрдемдесуге ұмтылысын түсінді. Халықсыз халық – заңды іріп-шіруі ғана қалған жансыз дене – К.Д. Ушинский. Осы принципті ұстана отырып, ол халықтық идеясының негізін қалады. Ол халықтық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды жақсы біле отырып, мынадай қорытындыға келді: «ата-баба даналығы – ұрпақтар айнасы». Халықтық педагогика егер тәрбие туралы халық түсінігін ескермесе, өзінің бүкіл сан ғасырлық тарихында жинақтаған педагогикалық тәжірибесін зерттемесе бұл міндетті шеше алмаған болар еді. Тәрбиенің халықтық принципі ерте балалық шақта, ана тілін меңгеру үрдісінде жүзеге асады.

2. Н.К. Крупская , А.С. Макаренконың педагогикалық ой-пікірлері