Файл: Кне тркі ескерткіштеріні жанрлы жне кркемдік ерекшеліктерін, дамуын, зерттелу тарихына сараптама жасаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 52

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оғыз-түрікмен эпосына негізделген (Оғыз бен оның ұрпақтарының жорықтары туралы аңыздар);
Тарихи негізі бар, бірақ бізге аңыз күйінде жеткен (оғыз тайпаларының көшіп-қонуы, қоғамдық-әлеум. өмірі туралы деректер);
Оғыз елінің көрші тайпалармен, тайпа бірлестіктерімен қарым-қатынасы жайлы аңыздар деген топтарға бөлуге болады.
«Оғызнама» – тарихи әрі әдеби ескерткіш. Онда түркі халықтарының көптеген аңыз әңгімелері көрініс тапқан. Оғыз төңірегіндегі Қыпшақбек, Қалаш, Қанғалық, Қаңлы, Қарлық, Сақтаб тәрізді есімдердің қазақ ру-тайпа атауларымен сәйкестігі дастанның қазақ ертегілерімен, эпостық жырларымен этностық жағынан жақындығын айқындай түседі.*

Оғызнама» қырықтан астам хикаядан тұралды. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады. Олар: Айқаған атты анадан Оғыздың ерекше  көркем болып тууы; сол баланың күн сайын алып болып өсуі; Оғыз батырдың аң аулаудағы ерліктері; Оғыздың ерекше жағдайларда үйленуі;екі әйелінен алты бала сүйгені Күн,Ай,Жұлдыз,Көк,Тау,Теңіз; Оғыз қағанның дүниенің төрт бұрышына жеңімпаз жорықтары; Еділді,Тибетті,Сирияны және т.б. жерлерді жаулап алғаны; қартайған шағында қасына ілесіп жүретін Ұлы Түрік деген данагөйдің ақылымен ел – жұртын жинап той жасап, жерін алты ұлына бөліп бергені эіне т.б. Бұлар жырдың негізгі мазмұнын құрайды.

        «Оғызнаманың» басты идеясы – бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күрес болып табылады. Елін, Отанын сүю, оны нығайту үшін жан аямау, халық бостандығы, бақыты үшін болған жорықтарды дәріптеу. Ол Оғыз қағанның өз жерін алты ұлына бөліп бергенде айтқанынан да көрінеді:

Оғызнама» дастаны – түркі халықтарына ортақ туынды. IX ғасырда Жетісу, Сыр бойында кеңінен таралған. XI ғ. қағаз бетіне түскен. Каир, Ыстамбұл, Лондон кітап қоймаларында оның араб, ұйғыр тіліндегі нұсқалары сақтаулы. 1959 ж. Мәскеуде М.Щербак ұйғыр тіліндегі нұсқасын бастырды. 


«Оғызнама» қырықтан астам хикаядан тұрады. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы оқиға баяндалады.  



Жырда оғыздардың 
Көк Тәңіріге табынып, өздерін Көк бөріден тарататынын аңғаруға болады. 


Оғыздар «көк» түсті қасиетті санаған. 



Ұлық Түрк – Оғыздың ақылшы-кеңесшісі. 



Айқаған – Оғыздың анасы. 


Қысқаша мазмұны: Айқаған атты анадан Оғыздың туылуы; күн санап алып болып өсуі; 40 күннен 
кейін аңға шығуы, аң аулаудағы ерлігі, Қият сияқты тажал аңды жеңуі; үйленуі; екі әйелінен 6 бала (1-әйелінен 3 ұл: Күн, Ай, Жұлдыз; 2-әйелінен үш ұл: Көк, Тау, Теңіз) сүюі; дүниенің төрт бұрышына жасаған жорықтары; достарын құрметтеп, бағынбағандарға соғыс ашуы; Үрім қағанын талқандауы; Қыпшақбектің оғыз әскерін ағаштан жасалған сал арқылы Еділден өткізуі; жолда Оғыздың айғырының қарлы тауға қашып кетуі; Қағарлықтың (бұл атты оған Оғыз қояды) оны тауып әкелуі; Темір Қазы шеберді іргесі алтын, төбесі күміс, есігі берік үйге тастап кетуі; Оғыздың Жүржіт ханымен соғысуы, оны жеңуі; қартайған шағында ақылшысы Ұлы Түрік данагөйдің ақылымен ел-жұртын жинап, той жасап, жерін алты ұлына бөліп беруі. 

 

 

52. Көне түркі жазба жәдігерліктері. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырының көркемдік ерекшелігі, идеясын саралаңыз.

Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген) – ежелгі түркі мемелекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғамдық қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол Құтлұғ (Елтеріс) қағанның кенже ұлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң Күлтегін оның ұрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могилянді (кейінірек Білгі қаған деп атанған) Күллі түрік елінің қағаны етіп тағайындалады. Күлтегін талай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өз қабілетті қолбасшысы ретінде танылады.

Міне, осы Күлтегін батыр, оны ағасы Білге қаған және қағанның кеңесшісі, ақыл гөй қария Тоныкөк құрметіне VIII ғасырда тасқа қашап жазылған ескерткіш – жырларды әдебиет тану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеген кісі совет ғалымы И.В. Стеблева болды.Бұл аталған руналық жазбалық ескерткіштер әдебиет тану ғылымында ежелгі түркі халықтарының көне әдеби үлгілері, поэзиялық туынды ретінде танылады Тоныкөк (Тонйұқық) (646- 741ж.ж.) - Екінші Шығыс Түркі Қағандығының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер. 

 

 

Көркемдік ерекшеліктері. Орхон ескерткіштерінің жанрлық ескерткіштері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын алып келеді. Бірі – Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі – руна жазуындағы бұл ескерткіштерде поеэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп танылды.


Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілдер, тілшілер, тарихшылар т.б. арасында алуан түрлі пікір таластарын тудырып келді. Ал, қазір Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді. Орхон ескерткіштерін поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі – академик жазушы М. Әуезов болды. Ол руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп былай деп жазды: «олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас Күлтегін, тоныкөк немесе суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңші?! Оларда әр алуан рулармен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтарда шежіресі бар.

Тіпті сол жазушылардың бірталайында Күлтегіннің ежелгі жырларындағыдай жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіпте бар. Күлтегіннің 16 жастан 47 жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі өміріндегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда батырлардың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктер жырлайтын батырлық  дастандардың сюжеттік құрылысында ұқсастық бар.»

Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұнымен пішіні жағынан емес, ырғаққа, яки ритмге – үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделу тұрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін тұңғыш рет совет ғалымы И.В. Стеблева дәлелдеп шықты. Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі — әрі буын, әрі екпін екені, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – сол буынмен екпінге негізделеді деген пікір айтты. Мұндай пікірдің теориялық және практикалық мәні зор ед

53. М.Әуезовтың «Тоныкөк» жырына берген бағасын дәйектеңіз.

Орхон ескерткіштерін, поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі академик жазушы М.Әуезов болды. Ол руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айтып келіп, былай пікір білдірген болатын: Олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас. Күлтегін, Тоныкөк жазуларында қанша адам, қаншама ерлік бейнеленген десеңізші?! Олардың әр алуан рулар мен тайпалардың кескелескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлық ерліктерінің және жорықтарының шежірелері бар. Яғни, жырдастан өте жоғары деңгейдң жазған деген баға берген болатын. Енді, Тоныкөктің 
мазмұны мен көркемдік ерекшелігіне толық тоқталсақ. Орхон жазба ескерткіштерінің ішінде «Тоныкөк жыры» ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжамдар да кездеседі. Әрине, Тоныкөк жыры көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытаста 62 руналық жазу жолына сыйып тұр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілер он төрт циклға, яғни он төрт хикаяға бөліп қарастырған. Әрбір цикл үш элементтен: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрбуі жіне қорытынды бөлімдерінен тұрады. Бірінші циклда түркі халқының табғаштарға бағынышты болып қалу тарихы, екіншіде - аман қалған түркілердің бас қосып бірігуі, үшіншіде - сол біріккен хылықты басқаратын қаған сайлаудың киын болғандығы, Тоныкөктің қаған сайлауда зор рөл атқарғандығы, төтріншіде – Елтерісті қаған етіп жариялағаны, ел ішіндегі тыныштыққа сырттан қатер төне бастағаны, бесіншіден - оғыздардан тыншы келіп, олар түркі елін шаппақ болып жатқандығы, алтыншыда - түркі халқының жауларымен күрестің қиындығы және осы қиындықта жеңуіндегі Тоныкөктің рөлі, ал жетінші және он үшінші циклға дейін оғыздармен болған соғыс туралы жыр етіп баяндағын. «Тоныкөк» жырының ең соңғы - он төртінші циклы бүкіл жырдың қорытындысы сияқты. Өйткені, түріктердің өз елі, жұрты үшін жүргізген соғыстары жайлы айтады. Және де барлығында түріктердің жеңіске жеткендігін, оған Тоныкөк өзінің ақыл кеңесімен, ерлік істерімен қыруар үлес қосқаны жайлы зор шеберлікпен суреттелген. Яғни, Тоныкөк ескерткіші ежелгі түркі поэзиясына тән әдеби дәстүрде, көріктеу құралдары, композициясы және т.б жағынан зор шеберлікпен жазылған жырдастан болып табылады. 

54. Көне түркі ескерткіштері туралы зерттеушілердің ғылыми-зерттеу еңбектеріне хронологиялық тізім ұсыныңыз.

 

54.​Көне түркі ескерткіштері туралы зерттеушілердің ғылыми-зерттеу еңбектеріне хронологиялық тізім ұсыныңыз.

Қазақстанның ортағасырлық археология тарихы өте теренде жатыр. Ғалымның ортағасырлық ескерткіштерді зерттеуіне негіз болған ойлардың бірі қазақ халқының пайда болуын, тарихын, мәдениетін жан-жақты зерттеу мен зерделеу болды. Осы бағытта ортағасырлық ескерткіштерге археологиялық зерттеулер жүргізу арқылы сол уакыттағы халықтардың тыныс-тіршілігінен, сол уақыттың мәдени және саяси өмірінен мол мағұлматтар аламыз. Отандық ғылымда Ә. Марғұланның ортағасырлық ескерткіштерді зерттеулерде алар орны ерекше. Қыпшақ мәселесін зерттеушілерге Қазақстан қыпшақтануының негізін қалаған Ә.Х. Марғұланның ғылыми ойларын айналып өту мүмкін емес. Ол кыпшақ тайпаларының (қыпшақ, кұман, қимақ) тарихын зерттеушілерге әл-Идрисидің (XII ғ.) географиялық шығармасындағы зерттеулерге көп көңіл бөлу қажеттігін айтып отырды.«Қыпшақ тарихы» - Ә.Х. Марғұланның басты арманы болды деді көрнекті ғалым Л. Кызласов езінің академик жайлы жазған «К портрету ученого и человека» [1, 125]- деген мақаласында.


Ә.Х. Марғұлан XIV ғ. Бірінші жартысы деп танылған – Нұрадағы қыпшақ қабірін ашты. Бұл қыпшақ қабірі жөнінде 1959 жылы жан-жақты зерттей келелі мақала жариялады.Ал академиктің басты мақсаты болған ежелгі түркі тақырыбын оның үш оқушысы жалғастырды. Олар С.М. Ақынжанов – қыпшақтар жөнінде бағалы еңбек қалдырды, Б. Е. Көмеков – араб және парсы деректері бойынша қимақтар мәселесі және А.Ш. Қадырбаев – ХІІІ-ХІУ ғғ. Түріктер мен ирандықтар жайында ортағасырлық қытай деректерін сөйлетті.

55.​Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегіндегі қазақ хандығының қалыптасуы туралы мәліметін саралаңыз.

Хайдар мырза жазбаларының ішіндегі ең қызықтысы – әрине, халқымыздың тарихына қатысты мағлұматтары. Ғалым нағашы атасы Жүніс хан мен Уәйіс ханның кенже ұлы Есейбураның (1418—1462) билікке таласар тұстарын сөз еткен. Дешті Қыпшақ әміршісі Әбілхайырдан көп қысым көрген Жәнібек хан мен Керей ханның одан бөлініп, Моғолстандағы Шу мен Қозыбасыға келуі, Есенбұғаның оларды жылы қарсы алуы, соңынан Әбілхайыр қайтыс болған соң оның ұлысынан үдере көшкен елдің, Жәнібек хан мен Керей ханға келіп қосылуы жайлы айтуды да автор ұмытпаған. «Олардын, ұзын саны екі жүз мыңға жетті. Олар өзбек-қазақ деген атқа ие болды. Қазақ сұлтандарының билік құра бастауы 870 (1465) жылдан басталады. (Бірақ оны) Алла (бізден) артық біледі» — деп жазады Хайдар мырза.Сөйтіп, қазақ халқының тарих сахнасына  көтерілген кезі 1465 жыл екенін Хайдар мырза шегелей көрсеткен. Одан әрі  ол: «содан қазақтар 940 (1533—34) жылға  дейін Өзбекстанның (көшпелі өзбектер жөнінде айтып отыр — Ә. Д.) көпшілік бөлігін тұтастай биледі. Керей ханнан кейін Мұрыңдық хан болды. Сонан соң Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Ол өз билігін Дешті Қыпшаққа да жүргізді. Оның әскері миллионнан да көп еді. Жошы ханнан кейін бұл үйден одан қүшті хан шыққан емес. Қасымнан соң оның баласы Мамаш хан болды. Одан кейін Тақыр хан болды. Осы Тақыр хан тұсында қазақтар көп қиыншылықтарға ұшырады. Одан кейін оның бауыры Бұйдаш хан болды. Қысқаша айтқанда, Есенбұға ханнан бастап Рашид ханға дейінгі аралықта моғолдар мен қазақтар тату-тәтті, тыныштықта өмір сүрді, бірақ оны Рашид сұлтан бұзды» деп жазады ол. Ол рас та еді. Өйткені Рашид сұлтан қазақтардан гөрі шайбандарға көп мойын бұрған, солардан одақ іздеген.Сөйтіп, қазақ хандығының пайда  болуы мен тыныс-тіршілігі, өмір сүрген ортасы һәм көршілерімен болған қарым-қатынасы жайлы Хайдар мырза секілді дәл ссылай жүйелі де нақтылы жазған қаламгерлер кемде-кем-ақ.Ғалым бабамыз сондай-ақ өз жазбаларында көп ретте әдеби тәсіл — шегініс жасауды да шебер пайдадана білген. Мысалы, ол Жүніс ханның тақ үшін таласта жеңіліске ұшырағаннан кейін Иран (жаққа кетуі, соңынан Моғолстанға оралған соң Мір Қажы кеншінің қызы Исан Дәулат бегімге үйленуі, Сырбойында Әбілхайырдың,ұлы Бұрыж оғланмен шайқасып, кейін Ташкентке келуі, шейх Жамалдың тұтқынына түсіп қалуы, бірақ арада бір жыл өткен соң дулаттардын шейх Жамалды өлтіріп, Жүніс ханды құтқаруы, оның Моғолстанға қайтып оралуы кино жолағындай рет-ретімен көз алдыңнан өте береді. Оның ара-арасында Хайдар мырза Жүніс ханнық үш қызының тұрмысқа шығуы, Әмір Темір ұрпақтарының өзара қақтырыстары жайлы да айтып өтеді. Одан кейінгі тарауларда Жүніс ханның ұлы Ахмет ханның өмірі, қалмақтардың шабуы, өзбек-қазақ мәселесі, мырза Әбу Бәкір Дулатимен болған соғысты сипаттауда да шеберлік таныта алған.Моғолстанның хандары, дулаттан шыққан әмірлері мен бектері, онда өмір сүрген түркі тайпаларының, тыныс-тіршілігі, Әбілхайыр хан негізін салған Дешті Қыпшақ мемлекеті, ханның өзі және ұрпактарының Мәуераннаһрде, сондай-ақ казак хандары һәм сұлтандарымен жүргізген соғыстары жайлы тәптіштей баяндаған. Хайдар мырзаның бір ерекшелігі ол тек шындықты ғана жазады. Тарихшы ғалымдардың барлығы да Хайдар мырзаның осы бір қасиетіне ерекше мән береді.