Файл: Таным бадарламаларды сатау,растыру,жинау,сараптау жне айтандеу бойынша сезім мен ойлау ісрекеті. Методология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Антиинтеракционизм -философия мен ғылым өзара қатынасы туралыконцепция бойынша, философия мен ғылым мақсаттары, пəндері, əдістері тұрғысында сонша өзгеше жəне бір-біріне ұқсамайды, сөйтіп олардың арасында ешқандай ішкі байланыс мүмкін емес (экзистенциализм, мəдениет философиясы, құндылық философиясы, өмір философиясының өкілдері т.б). Осы білім түрлерінің əрқайсысы өзінің ішкі логикасы бойынша дамиды, философияның ғылымға əсері керісінше ғылымның философияға тек сырттай,
иррелевантты түрмен болады. Антиинтеракционизмнің кредосы - «Философия ғылымды емес те, ғылым философиялы емес те».
Метафизика -екі мағыналы философиялық категория: 1.жалпы,синтетикалық априорлы білім (философия рационалды немесе метафизикалық деген синонимдарға тең); 2. философия жалпы мен қажетті жəне бүкіл құбылыс пен процестердің (материалды жəне рухани) дамуы деген идеядан дүниеге көзқарастың теориялық модельдерінен абстракциялау. Екінші мағынада Гегель өзінің философиялық ойларында қолданған жəне келесі де маркс-лениндік жəне басқа бағыттар (неогегельяндар). Метафизика ұғымының, оның бірінші мағынасында бинарлық оппозициясы «априорлы білім» немесе «нақты-ғылыми білім» болады. Метафизика ұғымының екінші мағынасында бинарлық оппозициясы - жалпы даму теория, Гегель мен марксистер оны жалғыз ақиқатты философия жəне ойлаудың жалпы əдісі деп түсінген «диалектика» термині болып табылады.
Ғылыми көзқарас -өзінің құрылымында нақты ғылымдарға негізделетін,əсіресе олардың мазмұны философиялық онтология шеңберінде жалпылау мен интерпретация жасауға кең қолданылады. Ғылым өзі қазіргі түсінігі бойынша, яғни əртүрлі объекттер мен нақты құбылыстарды тəжірибелік (эксперимент) жəне теориялық (математикалық) тұрғыдан зерттеу; оның бүгінгі жағдайда көзқарасқа қатысы жоқ: 1. ғылым адамның дүниеге қатынасын емес объективтік нақтылықты зерттейді; 2. əр дүниеге көзқарастың түрі сананың құндылық түрі болып табылады, ал ғылымға келсек, ол - оның когнитивтік аумағын іске асырады, яғни өзгеше объектілер туралы нақты білім шығару. Ғылыми көзқарас үшін тарихи, əлеуметтік жəне мінез-құлық зерттейтін ғылымдардың білімдердің нəтижесін қолдану маңыздылау, себебі бүкіл аумақтағы адамның дүниеге қатынасының нақты түрлері мен механизмдері соларда аккумуляцияландырылады (жиналады).
Ғылымның философиялық негіздері -ғылымда когнитивтік нақты,адамзат қызметі, өзгеше əлеуметтік институт ретінде ғылыми теорияларды, ғылыми бағдарламалар мен ғылыми бағыттарды дəлелдеу үшін ғалымдармен қолданылатын философияның көптүрлі онтологиялық, гносеологиялық, методологиялық, логикалық, аксиологиялық ұғымдары мен ережелері.
Ғылымның философиялық мəселелері -философиялық жəне тұтас,нақты ғылымдар мен ғылыми теориялардың негіздеріне қатысты мəселе; логикалық, математикалық, табиғаттану, инженерлік-техникалық, əлеуметтік пен гуманитарлық ғылыми пəндердің фундаменталды теорияларының мағынасына философиялық талдау беру мəселелері. Ғылымның философиялық мəселелерінің мысалдары:
-
Математикалық білімнің табиғаты қандай? -
Ықтималды жəне кванттық механиканың теорияларының философиялық негіздері мен мəні неде?
-
Ықтималды, детерменизм жəне индетерминизм дегеніміз не?
6
-
Жалпы жүйелердің эволюциясында, сонымен қатар биологиялық жүйелердің дамуында кездейсоқтықтың рөлі қанша?
-
Гуманитарлық танымның өзгешелігі неде?
Ғылым мəселелерінің философиялық өзгешелігі олардың комплекстілігінде (кешені), яғни өзінің құрамында əртүрлі когнитивтік элементтерді - философиялық жəне нақты-ғылыми категорияларды органикалық тұтастықта қамтиды. Ғылымның философиялық мəселелерін шешу үшін ғалым философия мен тарихтың білімін меңгеру қажет, кəсіби түрде философиялық тіл мен философиялық ойлауды дамыту қажет. Ғылымның философиялық мəселелері жалпы философияны жəне нақты ғылымдардың дамуына ықпал етеді. Ғылымның философиялық мəселелері əйгілі ғалымдар-теоретиктер, жаңа ғылыми концепциялар мен бағыттардың қалаушыларын (Г. Галилей, И. Ньютон, В.И. Вернадский, Д. Гильберт, А. Эйнштейн, В. Гейзенберг, Н. Бор, Н. Винер, П. Капица т.б.) қамтиды.
Ғылым көп қырлы, көп астарлы əлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде енеді. «Ғылым» түсінігінің мағынасын ашу үшін, оның даму барысын қадағалау үшін ғылым мен қоғам, ғылым мен мəдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері негізінде, сол ғылымның өзін нақты тарихи саралау арқылы жүзеге асыруға болады.
Ғылым мəдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым қатынаста дамиды жəне де философия ілімін зерттеу дін ілімімен тікелей байланысты. Жалпы философиялық мектептер негізінде адам баласының рухани байлығының, сенімдерінің қатысы мол байқалады.
Дін -көзқарастың тарихи түрі,адамзат мəдениетінде басқа көзқарастүрлерімен бірге дамиды (философия, қарапайым білім, аңыз, өнер жəне жартылай ғылым). Діни көзқарастың негізіндегі адамның құдайға деген сенімі. Онтологиялық мəселе дін шеңберінде абсолюттың жаратушылық (шығармашылық) қабілетімен байланысты. Құдай дүниені өзінің бейнесіне ұқсас қылып жəне өзінің ерік күшімен жаратқан. Философия тарихында дін философиясы жəне діни көзқарасы орта ғасырда үстемді түрде дамыған. Адамзат тарихында монотеистік дін бағыттарына христиан, ислам жəне буддизм жатады. Дүние туралы білім жəне заңдылықтар, өмір сүру ережелері қасиетті кітаптарда концентрацияланған, оның ішінде Інжіл, Тора, Құран, Авеста, Трипитака т.б.
Білім жəне сенім, дін қоғамдық сананың ерекше бір түрі болады. Гносеологиялық тұрғысында сенім жəне білім мəселесі өзгеше орын алады. Орта ғасыр батыс жəне араб-мұсылман философиясында таным процесінде сенім мен ақыл бір-біріне көмескі деп түсінген (Тертуллиан «Сенемін, абсурд болса да!»; Августин «Түсіну үшін сенемін!»; Фома Аквинский ақылды - танымның табиғи ңұры деп, ал діни сенімді - Құдайдың нұры деген); түбінде үстемділік діни сенімге берілген. Білім, сенім жəне күмəн жалпы адам санасының өзгешелігінің көрсеткіші, сол себепті күрделі мəселелердің бірі болады. Мысалы, таным процесінде сенім ролі жоққа шығарылмайды, бірақ та
7
сенімнің гносеологиялық, логикалық-методологиялық мəртебесі, əлеуметтік-мəдени жəне коммуникативтік негіздері мен бастамалары қазіргі гуманитарлық білім үшін өте маңызды.
Абстрактілі (дерексіз) объект - теорияда когнитивті түрде көрсетіліп қоршаған ортаның мəндік жақтары мен қасиеттерін, заттар мен құбылыстардың ара қатынасын шағылыстыратын ғылыми танымның объектісі. Қазіргі ғылыми танымда абстрактілі объект тек эмпириялық тəжірибенің сонша көп объектілерін емес, тағы да абстракцияның алғашқы деңгейіндегі абстрактілі объектілерін де ұсынады.
Жалпылау негізі - жалпылаудың шарттар жиынтығы. Жалпылау процедурасының шартына - эмпириялық фактілерді бекітетін хаттамалық пікірлер мен сөйлемдер; класстардың абстрактілі өкілдері туралы пікірлер («Локктың ережесі» үшін); жалпылау жүргізуге арналған еркін өзгергіші бар формула; анықтамалар, анықтамалар конфигурациясы жəне теориялар жатады.
Абстракция аралығы - бұл ұғым анау немесе басқа абстракцияның рационалдылығының дəлелдеу шегін жəне оның «пəндік ақиқаттылығын» жəне эмпириялық, логикалық тəсілдермен алынған, бағдарлама арқылы анықталатын қолдану шегін көрсетеді. Методологияға «абстракция аралығы» деген ұғымды енгізуінің қажетті себептеріне ғылыми абстракцияны дəлелдеу идеясы, соған қоса, абстракциялау процестері мен нəтижелері қатысты. Зерттеуші таным процесінде абстракциялауға қажетті ережелерімен, нақты қойылған мақсатымен жетеді. Ғылымда əр алаңдаушылық акт ақиқатқа жету мақсатпен негізделген соң, танымдық іс-əрекетте де адамның абстракцияға деген қабілетінің ерекшелігін ескеруді қажет етеді. Бірінші, объектті тану процесінде абстракцияның нəтижесі үшін сол алаңдау заттан жат болып, ал абстракталған объекттің мазмұнын толтырушы релевантты болу керек. Екінші, зерттеуші қандай шекке дейін алаңдаудың заңды күші белсенді екенін білу керек. Үшінші, күрделі объектілерді зерттеу барысында оның шектерінің көп өлшемді кеңістіктегі проекция жиынының концептуалды жайылуын шығару қажет. Төртінші, нақты бір кезеңде абстракциялау аралығына қатысты концептуалдық жиынды ортақ конфигурацияға біріктіріп, осы объектінің келешек көріністерінен алаңдау қажет. Модель (үлгі) - тəжірибелік үлгі немесе түпнұсқа ретінде ұсынылған зерттелетін объекттің бағдарлама-таңбалық ұқсас түрі. Бір объект (макет, құрылыс, таңбалық жүйе т.б.) тек оның жəне басқа заттың (түпнұсқа, үлгі) арасында осы бекітілген абстракция аралығында теңдік қатысы болса ғана модель (үлгі) рөлін атқара алады. Осы мағынада модель (үлгі) зерттелетін объекттің (түпнұсқаның) изоморфолық немесе гомоморфолық бейнесі.
Бақылау -танымның қойылған мақсаты бойынша адамның сезім түйсікоргандары арқылы фактуалды бағдарламаны алу. Ғылыми бақылау нақты қойылған мақсатымен, жүйелілігімен, əртүрлі аспаптар мен операционалды құралдарды қолданумен ерекшелінеді. Сол тұрғыда нақтылық пен дəлелділікке сəйкес, объективтілікке жəне нəтижелерді жаңғырта алатын осы бақылау əдісі үстемді рөл алады.
Ғылыми заң -ғылыми білімнің ұйымдастыру түрі,яғни,зерттелетінпəндік аймақтың қасиеті мен ара қатынасы туралы жалпы тұжырым тудыру. Ғылыми заңның логикалық түрі келесі: "А ((x) E B(x)), оның ішінде, " - жалпылау кванторы («барлығы»), х - нақты өзгергіш, оның мағынасы анықсыз-шекті əлде шексіз класс болып табылады, - импликация белгісі, А, В - кейбір қасиеттері мен қатынасын анықтайтын атаулар. Нақты өзгергішке қарай
ғылыми заңдар екіге бөлінеді: эмпириялық заңдар. «Барлық заттарды қыздырғанда олар кеңейтіледі» жəне теориялық (Ғ=mа). А жəне В класстарының арасындағы қатынас бойынша статикалық (А классы В классына толық кіреді) жəне динамикалық (жартылай кіреді) заңдар мүмкін. А жəне В мағынасы бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, əлеуметтік т.б. заңдар мүмкін.
Жалпылау -нақтыдан жалпыға ойлау арқылы білім өсіру(көбейту)əдісі.Жалпылау дегеніміз бір анықтаманың шеңберінде көптүрлі заттар мен құбылыстарды бір-біріне теңдеу арқылы жалпы принциптерді шығаруға негізделген ғылыми танымның маңызды бір тəсілі.
Құрал -жасамды немесе табиғи материалды құрылу түрінде зерттелетінобъект туралы бағдарламаны алуға арналған танымдық құрал. Бағдарламаны алу ерекшелігіне қарай олар сандық пен сапалыққа бөлінеді; қызмет сипатына қарай - күшейту-құралдары, анализаторлар, өзгертушілер жəне тіркеушілерге бөлінеді.
Теориялық білім -эмпириялық пен метатеориялық аралығындағығылыми білімнің бір деңгейі. Сапалық тұрғыдан эмпириялық білімнен өзінің мазмұнымен, пəнімен ерекше. Теориялық білімнің пəніне ойлау арқылы эмпириялық объектілерді идеялизациялау (оймен қамту) арқылы (материалдық нүкте, идеалды газ т.б.) жəне анықтама арқылы еңгізілген (математикалық құралдар) идеалды объектілер жатады. Теориялық білімнің өзгешелігі: логикалық ұйымдастырудан жоғары деңгейге ие, пікірлері əрқашанда дəлелденген, олар дедуктивті-аксиоматикалық əдіс арқылы шешіледі.
Ғылыми білімнің деңгейлері -пəндік,əдістік,қызмет тұрғысынан ерекшеболатын ғылыми білімнің түрлері; өзгеше ғылыми пəндік шеңберінде ортақ жүйе құрастырады. Əр жетілген нақты-ғылыми пəнде келесі үш деңгейді көрсетуге болады: эмпириялық, теориялық жəне метатеориялық. Олардың арасындағы бірлік əр ғылыми пəннің өзгеше дербестігіне, тұрақтылығына жəне өзіндік негіз арқылы дамуына ықпал етеді.
Факт -эмпириялық жəне теориялық білімді құрастыруда қатысатынтəжірибе буыны; бағдарлама құралдарымен бейімделген эмпириялық нақтылық
(мəтіндер, формулалар, фотосуреттер, бейнетаспалар т.б.). Факт
гносеологиялық тұрғыда көп қырлы құрылыстың иесі: 1) объективті бар (нақты үрдістер, жағдайлар, қатынастар, қасиеттер т.б.); 2) бағдарламаны құрастыратын (бағдарлама бетістірушілері); 3) фактілердің практикалық детерминациясы (бақылаудың, өлшеудің, эксперименттің сандық жəне сапалық мүмкіндіктері); 4) фактілердің когнитивтік детерминациясы (теорияның алғашқы абстракциясынан, теориялық, психологиялық жəне əлеуметтік-мəдени ұстанымдарынан тəуелділігі).
Эмпириялық білім -рационалды танымның төменгі деңгейі;нақты тіл
құралдары (бақылаудың нақты сөйлемдері, графиктер, табиғи классификациялар т.б.) түрінде бекітілген, ой қорытудан өткен эмпириялық (абстрактілі) объектілер туралы бақылау мен эксперимент нəтижелерінің пікір жиынтығы. Эмпириялық білімді бір жағынан сезімдік білімнен, екінші - теориялық білімнен ажырату қажет.
Дəйексөз көрсеткіші -Филадельфия институтымен қабылданған ғылымбағдарламасының жүйесі, оның негізінде тікелей, керісінше жəне көлденең дəйексөз бойынша жасалған құжаттар жатыр. Еуропалық ғылымда алғашқы зерттеу шығармаларға сілтеме жасау дəстүрі ХІХ ғ. ортасында қалыптасқан, ол ғылыми білімнің құрылымдық интеграциясының жəне ғылыми қызметтің кəсіптік дəрежесінің көрсеткіші.
SCI қазіргі ғылымның бүкіл аймақтары бойынша үзілмей жинақталатын бағдарлама база жүйесі 1960 ж. Ю. Гарфилдтің жетекшілігімен қалыптасқан, қатарлас электронды жəне «қағаз» түрінде жасалады. Дəйексөз көрсеткішінің бағдарлама негізін əртүрлі пəндік топтардың құрылымын жəне олардың құрастыру өзгешелігін көрсететін үш негіз құрайды: табиғаттану ғылымдарының дəйексөз көрсеткіші (Science Citation Index – SCI), əлеуметтану ғылымдардың дəйексөз көрсеткіші (Social Science Citation Index – SSCI), гуманитарлық ғылымдар, əдебиет жəне өнердің дəйексөз көрсеткіші (Arts and Humanities Citation Index - A&HCI). Оған қосымша өзгеше мамандықтар бойынша конференция, симпозиумдар мен жалпы шығармалар кіреді. Дəйексөз көрсеткішінің құрылымы бірнеше қызметтерді атқарады:
-
индивидуалды мен ғылыми ұжымдардың зерттеулері бойынша күтуші бағдарлама іздеу;
-
білім аймақтарының құрылымын шығару, бақылау, болжау жəне даму үшін шығармалар арасында байланыстарды іздеу;