Файл: 1 азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 88

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қаңлылардың шығу тегі жəне этностық тарихы.

Жауабы:

Жауабы:

Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.

Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.

Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер

Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы?

Моғолстан(14 ғ.ортасы-16 ғ басы) Мемлекетің құрылуы.

Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Əбілхайыр хандығы.Аумағы,этникалық құрамы?

«Қазақ» терминінің əлеуметтік, этникалық мəні мен мазмұны Жауабы:

XV-XVI ғғ.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы жəне негізгі оқиғалары.

Жауабы :

65. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы жəне 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.

66) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы жəне негізгі кезеңдері.

Қырғыз(Қазақ)Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.

Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мəні мен салдары.

Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау


Қазақстан бренді
Осы жылдардың ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстанның бірегей брендіне айналды. Мұны Елбасымыз да өткен жылы елордада өткен «Болашақ» халықаралық стипендиясының 25 жылдығына арналған «Адами капитал - жаңғыру негізі» атты форум қатысушыларына жолдаған құттықтауында атап өткен еді.
«Ширек ғасырдан бері еліміздің талантты жастарына қолдау көрсетіп келе жатқан «Болашақ» стипендиясы дүниежүзіне танылған қазақстандық брендке айналды. Біз сонау 1993 жылдан бері 13 мың жастың шетелде білім алуына жағдай жасап, олардың заман талабына сай білікті маман болуына жол аштық. Бүгінде «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірмелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр», - делінген еді Тұңғыш Президенттің құттықтау хатында.
Иә, «Болашақ» халықаралық стипендиясы ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған. Бағдарлама академиялық оқудан (магистратура, докторантура), сондай-ақ әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды. Осы уақыттың ішінде «Болашақ» бағдарламасы еліміздің стратегиялық басымдықтарына негізделе отырып, дамудың бірнеше кезеңдерінен өтті.
Айта кетерлігі, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтармен түрлі кездесулерде, халықаралық оқиғалар барысында не болмаса форумдарда бағдарламаның қалай құрылғандығын және қанша жас өреніміз шетелде білім алып жатқандығын үнемі айтып отырады.
«Қазіргі таңда өнерлі жастарды қолдау үшін белсенді түрде жұмыс жүргізіліп жатқанын білесіздер. Қоғамда түрлі бағыттар креативті азаматтардың тұтас шоғыры қалыптасты. Сонымен бірге, жас ғалымдарға көмек көрсетудің маңызы зор. Біз «Болашақ» бағдарламасын бекіткеніміздің дұрыс болғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Біздің еліміз үшін ең күрделі болған 1993 жылы қарттарға зейнетақысы бере алмай жатқан кезде, мұғалімдер мен дәрігерлерге, әскерилерге айлығын төлей алмай жатқан тұста жастарымызды әлемнің ең үздік ЖОО-ларына жолдап жаттық. Мемлекет әрбір жас үшін жыл сайын 30 мыңнан 50 мың АҚШ долларына дейін төлеп отырды. Міне, осы жолмен қазіргі таңда 14 мың жас өрен оқып, тағы да 20 мыңын ата-аналардың өзі жіберіп отыр. Олардың 12 мыңы қайтып келіп, біздің экономикаға жұмыс істеуде», - деген еді Елбасы «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанатында.

«Болашақтықтар» елімізді болашаққа бастайды

104. «Мэдени мура», «Тарих толкынында»

мемлекеттік багдарламалары: максаты мен негізгі кезендері. «Мэдени мура», «Тарих ТОЛКЫНЫНДа›

мемлекеттік багдарламалары: максаты мен негізгі кезендері.
Жауабы:

«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.»
Н. Ә. Назарбаев
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
Бағдарламаның кезеңдері
2004-2006 жж.

2007-2009 жж.

2009-2011 жж.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мәдени мұраның» мақсаты – тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар айтарлықтай тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау, қалпына келтіру және қайта жасау; мәдени мұраның, оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау; әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері базасында гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

1999 жылы Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегі жарыққа шықты, Кітапта, тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылады.
НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Қазақ болмысының ерекшелігі тарихқа арналған. Қазақ даласы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар, тарихтың терең шеңберлері бұл кітапта кеңінен суреттеліп, жазылған кітап. Тарих біріңғай ақ немесе қара деп бөлікке салатын бұлаңдықты көтермейді. Тарихтың толқынында қазақтың сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы ұлттық қасиетін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма. Кітапта автор өткеннің қейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады.


ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР/ЕРЕКШЕЛІГІ
Кітаптың оқшау есте қалар ерекшелігі — əркімді ұлт есебінде өзін-өзі тануға, ұлтының тегін, тарихын, мінезі мен қасиетін саралауға үндейді. Қазақ, біз қандай ұлтпыз, «Мен» дегізерлік, мақтан етерлік қасиеттеріміз қандай, ел-жұртымыздың арғы-бергі тарихында ұрпақтар айта жүрер тарихи тұлғалар, руханият көсемдеріміз кімдер? Болашағымыз қандай, қайда барамыз, ел есебінде аңсаған- көксеген мұраттарымыз нендей? Кітап авторын əрбір естияр азаматтың намысын түрткілер осы алуанда жүрекжарды сұрақтардың

барлығы толғандырады. Туған елінің бар ауыртпалығы жан- жүрегін шамырқандырған Елбасы ештеңені бүкпей, ашық сырласады. Бірде арғы, бірде бергі тарих қойнауларына сүңгіп, бірде əлем кеңістігіндегі əрқилы елдер беталысына зер сала отырып, туған елі — Қазақстанның алыс-жақын болашағына көз тігеді. «Тарихтағы өз орныңды білу, бабаларыңды ру төмпешігінің деңгейінде емес, жалпы ұлттық өреде мақтан тұту, ұланбайтақ Еуразия тарихында ұлы істерге ұйытқы болған қазақтар мен олардың бабаларының өзіндік орнын танып-түсіну, ұлттық қадір- қасиетіңді қорлайтын жаттанды жаралардан арылу — міне, ұлттық тұтастыққа кепіл болатын бігінгі күннің ең қуатты тетіктері осылар» — деп тебірене сыр ашады автор.

ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі күн – Тәуелсіз Қазақстан! Бүгінгі таң – білімді ұрпақ! Олай болса, қаны мен терін болашағы үшін төккен бабалар арманы орындалды. Қазіргі таңда өзі сұлтан болып, халқын сұлтандыққа сүйреген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың күллі алашқа еліне жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында іргесі берік, мақсаты нық, арманы бір бақытты халыққа айналып отырмыз. Ендігі жерде ерлеріміз қолдарына қару ұстамайтын, сәбилеріміз жыламайтын бейбіт заманымыздың шамшырағы сөнбесін!