Файл: 1 азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.10.2024

Просмотров: 72

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Қаңлылардың шығу тегі жəне этностық тарихы.

Жауабы:

Жауабы:

Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.

Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.

Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер

Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы?

Моғолстан(14 ғ.ортасы-16 ғ басы) Мемлекетің құрылуы.

Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Əбілхайыр хандығы.Аумағы,этникалық құрамы?

«Қазақ» терминінің əлеуметтік, этникалық мəні мен мазмұны Жауабы:

XV-XVI ғғ.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы жəне негізгі оқиғалары.

Жауабы :

65. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы жəне 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.

66) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы жəне негізгі кезеңдері.

Қырғыз(Қазақ)Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.

Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мəні мен салдары.

Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау



тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нəсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы жəне егіншілік.Тайпалар мен

халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың

дамуы т,б.Қазақ халқының қалыптасу процесі 14-15 ғ аяқталды.Саяси жағынан шшыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы əсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы

XVI ғасырда негізгі этникалықбірігуі,халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тəн материалдық жəне рухани мəдениеті бекіп жетілді


  1. 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

«Қазақ» терминінің əлеуметтік, этникалық мəні мен мазмұны Жауабы:


«Қазақ» атауының мағынасын ғалымдар б.з.д. VII-ІV ғасырлардағы сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынады: «сақ», «каспи», «кас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ». Академик Н.Я. Марра жəне Б. Грозный «қазақ» атауының төркіні «қасақ», «көсек» деп пайымдайды. Академик А.Н. Бернштам «қазақ» сөзін «каспи» мен «сақ» тайпасының бірігуінен пайда болған дейді. Көптеген ғалымдардың ойлары мен пікірлерін қорытындылай келгенде қазақ сөзінің шығу тегін екіге бөліп қарауға болады: «Қазақ» сөзі ең алғаш «қас»-пен «сақ» тайпаларының бірігуінен пайда болған. «Қазақ» сөзінің орта ғасырларда «еркін адамдар» деген мағынасы болған. Тарихшы Б.Е. Көмековтың айтуы бойынша «қазақ» сөзі XIV ғасырдағы хорасан түркімендері арасында да кездеседі. «Қазақ» сөзі бұлардың арасында этникалық сипатта қолданылған тəрізді.

Рузбиханның Өзбек ұлысында үш халықтың болғаны, оның ішінде ең көбі жəне ержүректері қазақтар екені жайлы хабарынан бұл сөз XIV ғасырдан бастап этникалық мағынаға ие бола бастағанын байқауға болады. XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.XIII ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы басталып, қазақтардың халық болып қалыптасу процесі үзіліп, XV ғасырға дейін, яғни 200 жылдай уақытқа кешеуілдеді. XV ғасырдың II жартысы мен XVI ғасырда қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.

  1. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси жəне шаруашылық факторлардың əсері.


Жауабы:

«Жүз» ұғымының мəні толық ашылған жоқ. Біраз зерттеуші қазақтың «жүз» деген сөзін арабтың «джуз», яғни «бір нəрсенің басты бөлігі», «тармақ» деген сөзімен сəйкестендіреді.

XVIII ғ. дейін жүздердің қалыптасуы аяқталды.

Жүздерде адамдарды ру-тайпалық қауымдастыққа бөлу сақталды.



Ұлы жүз Қазақстанның қазіргі үш облысының – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарын мекендеді.

Негізін қалаған рулар: үйсін, қаңғлы, дулат, жалайыр, албан, суан, шапырашты т.б. Ұлы жүз Орталық жəне Солтүстік-шығыс Қазақстан жерін мекендеген.

Орта жүз – негізінен Орталық жəне Солтүстік-шығыс Қазақстан жерін қамтыған. Осы кең далада Орта жүздің негізгі тайпалары – қыпшақтар, арғындар, наймандар,

керейлер, қоныраттар өмір сүрді.Жүздердің құрылуы осы рулық аристократияның саяси жəне экономикалық мақсаттарына сай келді.

Хандықтың əскери қуатының əлсіреуі, əскери-саяси одақтың (тайпалар тарапынан) о баста-ақ нашар болуы, қазақ хандығының бірнеше бөлікке бөлінуіне, яғни жүздердің құрылуына жағдай туғызды.

Бұл туралы елбасымыз: «Қазақ ұлысының құрылу үрдісі этникалық аумақтың қалыптасуымен жəне этносаяси, шаруашылық, табиғи, табиғи-географиялық жағдайларға орай үш этноаумақтық бірлестік – Ұлы, Орта, Кіші жүздердің құрылуымен қатар жүзеге асты» деп атап кеткен болатын. Н.А. Аристов: «Жүздердің бірігуі жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан».

В.В. Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық факторлар əсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу жəне аумақтық оқшаулану жүздердің мəдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды».

  1. 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

XV-XVI ғғ.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы жəне негізгі оқиғалары.

Жауабы :



Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады дейді .Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды.

1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру

2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату.

3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.
39) Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы.
Жауабы:

Қазақ жерінде ежелгі дәуірден бастап сақ, ғұн, үйсін, қаңлы сияқты мемлекеттер, орта ғасырларда Түркі, Батыс Түркі, Түргеш, Қарлұқ, Қимақ, Қыпшақ т.б., моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңдерде Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттер болды. Ал Қазақ хандығының құрылуы «жаңа мемлекеттік жүйенің» басталуы болды. Қазақ халқы қалыптасуға бет бұрған кезеңде халықтың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, дамуға деген талпынысын қамтамасыз ете алатын жалғыз фактор – мемлекет тұтастығының болуы еді. Мұндай қоғамдық сұранысты дер кезінде түсінген Керей мен Жәнібек болды.


Керей хан Кирай, Гирей (туған, өлген жылы белгісіз – 1473) – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ Орданың ханы Ұрыстың ұрпағы. Ұрыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, одан Керей хан тараған.Керей хан – Болаттың жалғыз баласы. 15 ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан туралы мәліметтер кездеспейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде Керей хан туысы Жәнібек ханмен бірге 15 ғасырдың 50-жылдарының аяғында Қазақ хандығының құрылуына қатысты оқиғаларда алғаш рет атала бастайды. Онда Керей хан мен Жәнібек ханның Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Моғолстанның батысындағы Шу бойы мен Қозыбасы өңірі аралығына келіп қоныстанғаны туралы баяндалады. Бұл аймақ – сол жылдардағы Моғолстан билеушісі Есенбұға хан мен оның туған ағасы Жүніс хан иеліктерінің арасы болды.Әз-Жәнібек хан, Жәнібек Әбусаид (туған жылы белгісіз – 1480) — Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Ұрыс ханның шөбересі. 15 ғасырда өмір сүрген. 1450 жылға дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.15 ғасыр орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды

40) Мұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.
Жауабы:
Керей өлген соң, 1474 жылы оның ұлы Мұрындық хан болды (1474-1511). Оның билігі тұсында мемлекеттік билікті орталықтандыру, хандықтың Қазақстанның батыс және оңтүстік аудандарында позициясын нығайту жолында едәуір шаралар жүргізілді.

80 жылдардың басынан Мұхаммед Шайбанимен Сырдария жағалауы қалалары үшін күрестің жаңа кезеңі басталды. Ферғана мен Сырдарияның орта ағысын иемденуге ұмтылған моғол хандарының араласуымен бұл күрес тіпті шиеленісіп кетті. 1482-1485 жылдары Жүніс хан Сайрам мен Ташкентке ие болып, Мұрындық Мұхаммед Шайбани иеліктеріне таяу келді. Соңғыға аз уақытқа Сығанақты иеленудің сәті келді. Қазақтар Отырарды, Түркістанды, Арқұқты қоршап, Шайбаниді бұл жолы Хорезмге қашуға мәжбүр етті. Сайрам мен Ташкентте билік еткен Моғол ханы Сұлтан Махмұд Түркістанда өзінің ықпалын кеңейтуге тырысты және осы мақсатпен 90 жылдардың басында Мұхаммед Шайбаниді одақтасы ретінде қолдап, Отырарды бағындырды. Бұл стратегиялық қатынаста маңызды қаланы иеленген Шайбани Сауран мен Түркістанды басып алды. Сауранда Мұхаммедтің бауыры Махмұд сұлтан отырғызылды.Моғолдардың өзбектермен одақтасуына алаңдаған қазақ сұлтандары әскерлерін Сырдария алқабына тағы қозғады. Екі рет болған шайқаста моғолдар талқандалды, ал Сауран тұрғындары өзбек гарнизонына қарсы көтеріліс жасап, Махмұд сұлтанды серіктерімен қазақтарға ұстап берді. Мұрындық хан Отырарды бағындырғысы келгенімен, оның сәті түспеді, Отырар Түркістан сияқты Шайбанидың қолында қалды. Сонымен XV ғасырдың соңына таман Сырдария алқабы үш мемлекеттің – Өзбек, Қазақ және Моғол арасында бөлінді. Қазақ хандары мен Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан арасындағы Сыр бойы қалалары үшін күрес XV ғ. 80-90-шы жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас нәтижесіне әмір Темір мұрагерлері мен Мағұлстан хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен, қазақ ханы Мұрындықтың (1474-1511ж. билік құрған) бұл соғысты XV ғ. соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ.