Файл: 1 азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 70
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Қаңлылардың шығу тегі жəне этностық тарихы.
Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.
Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.
Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер
Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы?
Моғолстан(14 ғ.ортасы-16 ғ басы) Мемлекетің құрылуы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Əбілхайыр хандығы.Аумағы,этникалық құрамы?
«Қазақ» терминінің əлеуметтік, этникалық мəні мен мазмұны Жауабы:
XV-XVI ғғ.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы жəне негізгі оқиғалары.
66) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.
Қырғыз(Қазақ)Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.
Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мəні мен салдары.
Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау
1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.
Жауабы:
1.ЕРТЕ ПАЛЕОЛИТ
⊙Бөріқазған мен Шабақты. Орналасуы: Оңт. Қаз. , Жамбыл обл.
Ерекшелігі: 5000-ға жуық тас құралдар табылды, бәрі де қашау мен үшкіртас-р.
⊙Шақпақата мен Арыстанды.
Орналасуы: Маңғыстау түбегі мен Қаратауда.
Ерекшелігі: ерте тас ғ. тұрақтарының ең көнелері, табылған құралдар Шығыс Африканың Олдувэй сайынан табылған ең көне құралдармен бір заманға жатады.
⊙Қазанғап, Тәңірқазған.
Орналасуы: Оңт. Қаз.
2. ОРТА ПАЛЕОЛИТ.
⊙Обалысай.
Орналасуы: Жезқазған.
Ерекшелігі: мустьерлік кезеңнің ең ежелгі тұрағы.
⊙Мұзбел.
Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Қанай.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Ш. Уәлиханов атындағы көпқабатты тұрақ.
Орналасуы: Арыстанды өз. бойында.
Ерекшелігі: неғұрлым жақсы зерттелген тұрақ.
3.КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ.
⊙Батпақ.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: 300-ге жуық тас құрал табылған.
⊙Шульбинка.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
Ерекшелігі: 5000 еңбек құралдар табылды.
⊙Семізбұғы.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: түзу, кейде қайқы ас пышақ сияқты қырғыштар табылды.
⊙Қарабас, Ангренсор.
Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Бұқтырма, Шүлбі.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Ащысай.
Орналасуы: Оңт. Қаз.
Ерекшелігі: бизон, арқар, жабайы жылқы сияқты жануарлардың сүйектері және пышақ тәрізді тілгіштер табылды.
⊙Майбұлақ.
Орналасуы: Жетісу.
4. МЕЗОЛИТ (ОРТА ТАС ДӘУІРІ).
Тұрақтар саны (жалпы Қаз. б/ша): 20-дан астам.
⊙Мичурин, Явленко.
Орналасуы: Қызылжар қ., Есіл өзені бойы.
⊙Дүзбай.
Орналасуы: Торғай ойпаны ауд.
⊙Тельман.
Орналасуы: Атбасар маңы.
⊙Ерейментау.
Орналасуы: Ақмола.
⊙Әкімбек, Қарағанды.
Орналасуы: Қарағанды маңы.
⊙Қызылсу.
Орналасуы: Маңғыстау.
5. НЕОЛИТ.
150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары.
⊙Жезқазған өңірі.
Ерекшелігі: жерлеу орындарының үстіне тас үйген, қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған, адамның басын батысқа қаратып, шалқасынан жатқызды.
⊙Усть-Нарым.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
Ерекшелігі: құрал-саймандарға өте бай, өткір, ұсақ сынатастар көп табылды.
⊙Зеленая Балка, Қарағанды.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: үй малының сүйектері табылды.
⊙Пеньки.
Орналасуы: Солт. Қаз
Ерекшелігі: тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көптеп кездеседі.
⊙Сексеуіл.
Орналасуы: Қызылорда обл.
Ерекшелігі: табылған сүйектердің 80% қойлар мен сиырдікі.
⊙Железинка.
Орналасуы: Солт. Қаз.
Ерекшелігі: селосының маңында өліктің кремациясы (өрттелу) рәсімі орындалып, күлінің жанына үш құмыра, жебелер және сүйектердің жасалынған әшекейлер қойылған.
⊙Қараүңгір.
Орналасуы: Қаратау.
Ерекшелігі: мекенінен табылған қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған.
6. Энеолит.
⊙Ботай.
Орналасуы: Солт. Қаз.
Ерекшелігі: б.з.б. 3-2 мыңжылдықтарға жатады. Тұрақта табылған тұрғын үйлердің саны: 158. Ботайлықтардың жетістігі: жылқы малын қолға үйрету.
⊙Шебір.
Орналасуы: Маңғыстау.
Ерекшелігі: тас пен мыстан жасалынған еңбек құралдар табылды. Ыдыстар саз жасалынып, түбі жұмыртқа тәрізді домалақ болып келді. Теңіз моллюскаларының қабықтарын бұрғылап, моншақ жасаған.
2).Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек)
Жауабы:
Баянжүрек суреттері– Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қапал ауылынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Жетісу, Алатау сілеміндегі Баянжүрек тауында сақталған жартастағы суреттер. Олар құрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі. Суреттердің арасында қола дәуіріне жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сәуле көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ және ғұн-сармат кезеңіне жататын көріністер де кездеседі. Жартастағы суреттердің көпшілігі, негізінен, салт атты. сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түрік дәуірін сипаттайды.
Ақбауыр үңгірі – қола дәуірінен сақталған ескерткіш. Суретті үңгір Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде, Ақбауыр тауының етегінен табылған. Ақбауыр үңгірі таудың етегінен 5-6 метр биіктікте орналасқан. Оның алдындағы алаңда діни жиындар, құрбандық шалу т.б. рәсімдері өткізілген. Үңгір қабырғасында қызыл күрең түсті охрамен б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың басында салынған суреттер бар. Негізінен, қос аяқты арба, өгіз, таутеке т.б. суреттері бедерленген. Олардың айналасында әртүрлі ирек сызықтар, нүктелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар және адамдар бейнеленген. Бұл суреттер жердің құнарлы болуын, мал-жанның өсіп-өнуін білдіреді.
Екібастұз қаласы аумағына қарасты Тай ауылының маңайында Өлеңті өзенінің жағалауындағы таңбалы балбал тастар. Мұнда бұқалар, аттар, бұғылар, түйелер, жыртқыш мысықтар, сонымен қатар антропоморфты бейнелер мен аң аулау көріністері бейнеленген.Хронология жағынан оларды 3 негізгі кезеңге бөлуге болады: энеолит, қола және ерте темір дәуірлері. Бейнелер қынамен жазылған. Өлеңті өзенінің жағалауында алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының ежелгі аңыздарындағы бейнелеріне ұқсас бейнелер кездеседі. Ал, мысық тәрізді жыртқыштар бейнесі ежелгі темір дәуіріне жатады. Бұл кезеңнен скиф-сақ өнерінің дәстүрлі бейнелері: бұғы, ақ бөкендер көрінеді.
Ақбидайық гравюраларында көркем бейнелер, қалай болғанда да, Сарыарқаның солтүстік-батыс шетіндегі алғашқы мәдениеттің үш-төрт кезеңінде: неолит, энеолит, қола дәуірі және ерте темір ғасырында жататыны анық.Кейбір суреттердің тым кейінгі дәуірлердің мұрасы болуы да ғажап емес. Бұл ескерткіштер Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігінің ежелгі көркем жылнамалары секілді. Ақбидайық ежелгі петроглифтерінің бұл екі тобынан басқа мұнда мүйізі алға қарай салбыраған бұқа-турлар бейнеленген және олардың бейнелерінтауешкілер, киіктер, бұғылар және басқа жануарлардың бейнелері жасырып тұр. Олардың уақытын өте кеңаралықта – энеолит дәуірінен – мыс-тас ғасыры мен ерте қола дәуірінен (б. з. д. III мыңжылдық − II мыңжылдықтың басы) ерте темір ғасырына дейін (б. з. д. VII−IV ғғ.)қарастыруға болады
3.Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
Жауабы:
Энеолит(лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. Энеолит кезінде егіншілікпен қатар, аңшылық және мал шаруашылығы қатар дамыды. Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы — Маңғыстау өңірі. Энеолит мәдениеті Бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі — Еділ-Жайық бойында
өмір сүрген хвалын тайпалары. Екінішісі — б. з. д. 3—2-мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т. б.
Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі қола құралдары Оңтүстік Иран, Түркия мен Месопотамиядан табылды. Кейінірек олар Мысырға (б.з.б. 4-мыңжылдық аяғы), Үндістанға (б.з.б. 3-мыңжылдық соңы), Қытайға (б.з.б. 2-мыңжылдық ортасы) және Еуропаға, Қазақстанға (б.з.б. 2-мыңжылдық) тарады. Қола дәуірінің Америкада өз тарихы бар. Мұнда металлургия орталығы Перу мен Боливия жерінде болды. Африкадағы қола дәуірі туралы мәселе археологиялық зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты әлі толық шешілмей келеді. Батыс және Орталык Қазақстанның ұзақ уақытқа арналған коныстарында сумен жабдықтаудың жаңа әдісі — құдық қазу шығады. Қола дәуірінде Азияда бұрын қалыптасқан қала мәдениеті қалыптасты. Қазақ жерін сол тұста мекендеген тайпалардың осы кезеңдегі мәдениеттері қола дәуірі ескерткіштері алғаш ашылған жерлердің атымен – Андрон мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын Ә.Марғұлан негізгі үш кезеңге бөледі. Алғашқы кезеңі – ортаңғы; өркендеп дамыған кезеңі – Нұра және Атасу сатылары; соңғы кезеңі – өтпелі сәт пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінен тұрады. Қола дәуірндегі экономиканың басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, белгілі бір еңбек саласына маманданудың күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Қола дәуірінде әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық-тайпалық бөлімшелер пайда болды. Туыстық әке жағынан есептеле бастады. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде ру ыдырап, одан жеке отбасы шаруашылықтары бөлініп шықты, айырбас кең өріс алды. Құрбандық күнге, отқа, айға, жұлдыздарға арнап шалынды.
4)Солтүстік ҚазақстандағыБотай мәдениеті.
Жауабы:
Ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы - жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы