Файл: 1 азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 80
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Қаңлылардың шығу тегі жəне этностық тарихы.
Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.
Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.
Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер
Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы?
Моғолстан(14 ғ.ортасы-16 ғ басы) Мемлекетің құрылуы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Əбілхайыр хандығы.Аумағы,этникалық құрамы?
«Қазақ» терминінің əлеуметтік, этникалық мəні мен мазмұны Жауабы:
XV-XVI ғғ.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы жəне негізгі оқиғалары.
66) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.
Қырғыз(Қазақ)Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.
Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мəні мен салдары.
Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау
Мақсаты Патша өкіметі 1868 жылы қабылдаған “Уақытша ережені” (“Далалық облыстарды басқару жөніндегі Ереже”) өзгерту.
Сипаттамасы Теңіз бағдарларын өртеу, саудагерлердің үйлерін, дүние-мүлкін, гарнизон қорларын талқандау, қақтығыс.
Нəтижесі Көтерілісшілер күшті қаруланған тұрақты əскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтерілісшілер қатал жазаланып, қудаланды. Көтеріліс басшылары патша жендеттерінің қудалауынан қауіптеніп, 1870 жыллың желтоқсанында өз жақтастарымен бірге Хиуа хандығына өтіп кетті.
66) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.
Жауабы :
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылы 19 шілдеде ( 1тамызда ) басталды . Ресей соғысқа дайындықсыз , əскери өнеркəсіптік əлуеті төмен , көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті , армия əскери техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді . Соғыс басталған соң жалпы империяда , ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте - бірте кеми берді .
Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға əкеп соқты . Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады . Ол құнарлы жер көп болған , егіншілікпен оны жақсы меңгерген жəне орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тəжірибе алған халық айналысқан аудандарда бəрінен де жақсы дамыды . Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер енгізді . Ең алдымен , ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды . Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына əкеп соқты . Ұсақ мал көбірек , ал ірі мал азырақ өсіріле бастады .Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы бірінші кезекте жайылымдық алаптарды одан əрі тартып алу салдарынан зардап шекті
. Бұл мал санының азаюына əсер етті . Қазақтардан тартып алынған жерлерде капиталистік үлгідегі ірі мал өсіретін шаруашылықтар құрыла бастады . Соғыс жылдарында мал санының қысқаруына ауық - ауық өткізіліп тұратын реквизиция да əсер етті . Патша өкіметі соғыс қажеттері үшін жергілікті халықтан түйе , жылқы , сиыр , жинады . Мал санының қысқаруы ең алдымен қазақ халқының армия қажеттері үшін мəжбүрлеу тəртібімен ет беруге болғандығынан орын алды . Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді . Осының салдарынан соғыс тапсырыстары көбінесе орындалмай қалатын . 1916 жылғы көтеріліс кезеңінде патшалық өкімет орындары қазақ халқына арнайы контрибуция салды , оның бүкіл ауыртпалығы еңбекші бұқараның мойнына түсті . Көтеріліске қатысқан - қатыспағанына қарамастан Солардың мүлкі артып алынды.
- 1 ... 7 8 9 10 11 12 13 14 ... 17
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы жəне негізгі кезеңдері.
Жауабы:
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды.
Дата : шілде 1916 — ақпан 1917
Орын Ресей империясының Орта Азиялық иеліктері
Себеп Жер реформасы жəне жергілікті тұрғындарды жерінен айырған қоныс аудару саясаты, майдан қажеттіліктеріне жергілікті халықтан мал басын мəжбүрлеп жаппай реквизициялау (арзанға), салықтарды көбейту, байырғы мұсылман халқының тыл жұмыстарына қатысудан бас тартуы, жергілікті дегдарлардың Ресейге қарсы саясаты, қоныс аударушылардың жергілікті тұрғындарды ығыстыруы.
Нəтиже Көтеріліс басылды
Көтерілістің шығу себебі əлеуметтік-экономикалық жəне саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты жəне т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің жəне ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа жəне етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың əйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды.
-
«Алаш» қозғалысы жəне ұлттық мемлекет идеясы.
Жауабы :
Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы қазақ елінің өзін-өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті.
Алаш қозғалысының негізгі идеясы сөзсіз еркіндік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын.
«Алаш» партиясының бағдарламасында ұлттық мемлекет туралы тікелей сөздер жоқ. Алайда, онда ұлттық мемлекетті басқарудың құрылымы мен сипатына байланысты бірнеше принципті қағидалар бар. Оны«Мемлекет қалпы» (мемлекеттік құрылым-Ә.Б.), «Жергілікті бостандық» және «Билік һәм сот» деп аталатын бірінші, екінші және бесінші тарау-лардан байқау қиын емес.
69.ХIX ғасырдақстанды еуропалық және ресейлік ғалымдардың зерттеуі. Қазақстандағы экспедициялар.
ың бірінші жартысындағы ҚазҚазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлі кәсіп пен мамандық иелері — ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет етті.
1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды.
Белгілі тарихшы А .И. Левшин (1799— 1879) «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды.
70)
Жауабы:
Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді.
Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады.
Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты.
Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғыл. жинақтарда олардың кейбір өлең-толғаулары арагідік жарық көрген тұстары да болды. Мысалы, 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан “Поэты Казахстана” жинағында (құрастырған М.Мағауин) Зар заман ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді
71. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар.
Қазақ баспасөзі XIX- ғасырдың екінші жартысында, яғни Қазақстанның Россияға қосылуының нәтижесінде пайда болды.
Бірінші болып 1870-1882 жылдар аралығында Ташкентте басылып тұрған «Түркістан уалаятының газеті» дүниеге келді. Бұл мерзімді басылым Түркістан генерал-губернаторының ресми үнқағазы – «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет қазақ және өзбек тілдерінде алма-кезек шығып тұрды. Басылым жабылған соң, 1888 жылы Дала генерал-губернаторының Омбыдағы кеңсесі жанынан «Дала уалаятының газеті» деген атаумен екінші басылым жарық көре бастады.
72. Мәшһүр – Жүсіп Көпеев және оның қазақ фольклоры мен шежіресін жинақтауға қосқан үлесі.
Мәшһүр Жүсіп жаңа мен ескі заман әдебиетінің алтын көпірі іспетті. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қазыбек би, Шақшақ Жәнібек батыр заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...”
Аса зерделі жанның асыл қасиетін терең сезінген Мұхтар Әуезов: «Өз шығармаларын былай қойып, басы ашық үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және естен шығармауымыз керек. Сондықтан қазақ жазба әдебиеті мен ауыз әдебиетінің ғылымдық бір саласы историография бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт»,- деп жазған екен. Мұхтар Әуезов былай дейді: « ХҮІІІ ғасырда жасаған ақындардың ішінен жыры көп сақталған Бұқар жырау. Бұқардың жырларын сақтап, тарих алдында ерекше еңбек сіңірген адам - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Бұқардың жырларын жазып алған Мәшһүр Жүсіп «Мес» жинағына қарасаң, көңілің тояттайды, оқысаң көзің қуанады.Әсем көшірілген қолжазба Мәшһүр махаббатына лық толы. Ол көне қолжазбаның әрбір сөзіне дейін жеткізуге, қазақ тілінің алтын қорын шашпай-төкпей сақтауға тырысқан.»,- деген.