Файл: 1 азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 71
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Қаңлылардың шығу тегі жəне этностық тарихы.
Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.
Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті.
Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер
Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы?
Моғолстан(14 ғ.ортасы-16 ғ басы) Мемлекетің құрылуы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Əбілхайыр хандығы.Аумағы,этникалық құрамы?
«Қазақ» терминінің əлеуметтік, этникалық мəні мен мазмұны Жауабы:
XV-XVI ғғ.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы жəне негізгі оқиғалары.
66) Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.
Қырғыз(Қазақ)Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы.
Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мəні мен салдары.
Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау
Алтын Орда хандары:
Бату -1243-1255
Берке -1257-1266 (Ислам дінін алғаш қабылдады) Мөңке-Темір -1266-1280
Төле Мөңке- 1280-1287
Төле-Бұқа -1287-1291
Тоқа-Темір -1291-1312
Өзбекхан- 1312-1342 (Ислам діні үстемдік алды)
Жəнібек- 1342-1357 тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті
— Алтын Орда ыдыраған кезде одан 6-7 мемлекет бөлініп кетті. Бірінші бөлінген – Ақ Орда, одан кейін – Əбілқайыр хандығы, одан Қазақ хандығы шығады. Сонымен бірге Сібір хандығы, Қырым хандығы, Қазан хандығы, Ноғай ордасы жəне Астрахан хандықтары бар. Осылардың əрқайсысы да Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз деп айта алады.
-
Ақ Орда мемлекеті?
Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта жəне төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы – Сығанақ қаласы.
Ақ Орда 14 ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Ордадан біржолата бөліне бастады. 14 ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталды. 60-жылдары Сарай қаласында бір жылдың ішінде 4 хан ауысқан. Осы тартысты пайдаланған Ұрыс хан билікті қолына алып, мемлекетті нығайтты. Əмір Темір Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орда мен Алтын Орданы басып алуға тырысады. Ұрұс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Əмір Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызды. 1395 жылы Əмір Темір Тоқтамыстың орнына Ақ Орда тағына Қойыршақ оғланды (Ұрұстың баласы) хан етіп қойды.
Ақ Орда ханы Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін əрекеттер жасады. Əбілхайыр Шайбани Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрды. Ал Ұрұс хан ұрпақтары 15 ғасырда Ақ Орда жерінде Қазақ мемлекетін құрды.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 17
Моғолстан(14 ғ.ортасы-16 ғ басы) Мемлекетің құрылуы.
14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді тайпа дулаттар болды. 1348 жылы дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан етіп сайлады. Тоғылық-Темір хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Мемлекет орталғы – Алмалық қаласы.
Билеушілері:
-Тоғылық-Темір
-Ілияс-Қожа(Əмір Темірді жеңген)
-Уəйіс
-Есен Бұға
-Абдар Рашид
Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Тоғылық-Темір бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған əмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысы кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге əрекеттенді. 1360-1361 жылдары Мəуереннахрға екі рет сəтті жорық жасады. 1365 жылғы Ташкент қаласының маңындағы “Батпақ шайқасында” Ілияс Қожа жеңіске жеткен. Əмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Ол 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасады.
Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уəйіс хан қайтыс болғаннан кейін де тоқтамады. Дулат əмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырды.
Моғолстан Абдар Рашид ханның кезінде ыдырай бастады. Негізі ыдырау себебі- хандық билік үшін талас болды.
Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енді.
-
Моғолстан мен Ақорда билеушілерінің одағы Əмір Темір мемлекетінің экспансиясына қарсы күресі?
Əмір Темір 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370-1405 жылдары Мəуереннахрда билік еткен. Əмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Ордан
əлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған əскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс тапқан соң, Əмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды.
Тоқтамыс енді Алтын Орда мен Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Əмір Темірге тəуелділіктен бас тартады. Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды. 1391 жылы Əмір Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыс əскерін қирата жеңеді. 1395 жылғы шайқас Кавказ тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өтеді. Бұл жолы Тоқтамыс күйрей жеңіледі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін Əмір Темір əскері Еділ бойына, Сарай-Беркеге дейін жетіп, шабуылдады…..
Əмір Темірдің шабуылдары Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай нұсқан келтірді. Əмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Əмір Темірге жеке дара қарсы тұра алмайтындарын байқады.Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға əрекет жасады.Одақтың құрылып жатқанын білген Əмір Темір 1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғол жеріне бірнеше рет жорық жасаған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тəуелділікке түсті. Оның шапқыншылық жорықтарының ауыр зардаптары болған. Қазақ жерінің экономикасының, мəдениетінің дамуына көп зардабын тигізді. Шапқыншылықтың салдарынан бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 17
Көшпелі өзбектер мемлекеті немесе Əбілхайыр хандығы.Аумағы,этникалық құрамы?
Əбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті). 15 ғ 20- жылдарында Ақ орданың ыдырауына байланысты Жошы əлеттерінің арасында феодалдық қырқыс басталды. Қазақстанның орталық, батыс, солт.батыс аудандарында тəуелсіз иеліктер пайда болды. Осы иеліктердің бірі Əбілқайыр хандығы. Билеушісі Əбілқайыр Жошы ханның 5- ші ұлы Шайбанидің ұрпағы. Əбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Əбілқайыр 17 жасында яғни 1428 ж 200 ден астам ақсүйектердің қолдауымен хан болады.Тарихи жазба деректерде жаңа құрылған хандықтың атауы
«Өзбек ұлысы», «Шайбани ұлысы», «Əбілқайыр хандығы » деп аталады. Əбілқайыр өзі 40 жыл билік еткен соң хандықты Əбілқайыр хандығы деп аталады. Хандық 92 баулы ру- тайпадан тұрған. Əбілқайр хан жас болсада жалғыз өзі елді дамытуға көп күш салады. Алдымен өзінің қарсыласы Махмұд- Қожа ханды жеңеді. 15 ғасырдың 40- жылдары Балқаш өңірінің терістік батысын өз иелігіне қосады. 1431 жылы Тоқа- Темір ұрпақтарына қарсы соғыста Əбілқайыр жеңіске жетеді. Бұл жеңістің нəтижесінде ол Қаратау аймағындағы Сығанақ, Созақ, Аққорғна, Аркөк, Үзкент сияқты маңызды қалаларды басып алады. Осыдан бастап хандықтың астанасын Сығанақ қаласы етіп бекітеді.
Əбілқайыр ханның ендігі мақсаты Жетісудағы Моғолстанға шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске аса бастайды.Алайды бұл ұзаққа созылмайды , Хандықтың ішінде алауыздықтар көбейіп кетеді. Халқының арасында əлеуметтік- экономикалық теңсіздік шиеленісе түседі. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жəнібек ашық қарсылық корсетпесе де іштей Əбілқайырды қолдаған жоқ.Əбілқайыр 1456-1457- ж.ж. Сығанақ түбінде Үз- Темір тайшы бастаған ойраттардан
жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мəжбүр болған. Əбілқайыр жеңілістің себебін ішкі алауыздықтар мен қайшылықтарлың шиеленісуінен көріп, мемлекетті күшті қылуды қарастырады. Өзі күмəнданған ақсүйектерді жазалайды. Бұл одан сайын наразылықты туғызып Керей мен Жəнібек Жетісуға көшіп кетеді. Əбілқайыр оларды жазаламақ болып 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанады. Жорық кезінде Əбілқайыр Алматы маңындағы Аққыстауда қайтыс болады. Хандық мүлде əлсіреп ыдырай бастайды. Халқының бір бөлігі Орта Азияға кетсе, бір бөлігі Қазақ хандығына қосылады. Нəтижесінде Көшпелі Өзбек мемлекеті тарих сахынасынан жоғалады.
-
Ноғай Ордасы.Аумағы жəне этникалық құрамы?
13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай– жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай əскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан "маңғыт елі" деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды.
Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.
-
Қазақ халқының қалыптасуының алғышарттары?
(мұнда қазақ хандығы құрылуын сұрап тұрған жоқ шатаспаймз,ол бөлек сұрақ)
Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:
Көне заман- б.з.д VIII- б.з V Əуелгі орта ғасыр- VI-X. Орта ғасыр-X-XIII.
Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV.
Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан жəне Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғыс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты.
Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Əбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне əкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың