Файл: 711сыныптар механика молекулалы физика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 152

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Физика құралдары және олардың өлшеу обьектілері




Құрал атауы

Нені өлшейді

1

Ареометр

Сұйықтықтардың тығыздықтарын

2

Лактометр

Сүттің майлылығын

3

Спиртометр

Спирттің сапасын

4

Торричелли түтігі

Атмосфералық қысымды

5

Барометр – анероид (альтиметрлер)

Атмосфералық қысымды; Биіктік өлшеуіштер

6

Манометрлер

Атмосфералық қысымнан артық немесе кем қысымды өлшейді

7

Тонометр

Қан қысымын өлшейді

8

Динамометр

Күшті өлшейді

9

Акселерометр

Үдеуді өлшейді

10

Спидометр

Жылдамдықты өлшейді

11

Психрометр

Ауаның ылғалдылығын өлшейді

12

Ламбрехтың конденсациялық гигрометрі

Шық нүктесін

13

Амперметр

Ток күшін

14

Вольтметр

Электр кернеуін

15

Ваттметр

Ток қуатын

16

Электр есептегіш (счетчик)

Ток жұмысын өлшейді

17

Масс– спектрограф

Бөлшектің массасын анықтайды

18

Электроскоп

Денелердің зарядталғандығын әйгілейді

19

Электрометр

Дене зарядын өлшейді

20

Мензурка

Сұйықтықтың көлемін


Физикалық атауларға ондық тіркемелер




Атауы

Шартты белгісі

Көбейткіші

1

Экса

Э

1018

2

Пета

П

1015

3

Тера

Т

1012

4

Гига

Г

109

5

Мега

М

106

6

Кило

к

103

7

Гекта

г

102

8

Дека

да

101

9

Деци

д

10-1

10

Санти

с

10-2

11

Милли

м

10-3

12

Микро

мк

10-6

13

Нано

н

10-9

14

Пико

п

10-12

15

Фемто

ф

10-15

16

Атто

а

10-18



Халықаралық бірліктер жүйесінен тыс кейбір шамалар

  1. 1 жыл=

  2. 1 Å=10-10м; (Å–ангстрем)

  3. 1 атм.= 101.3кПа 1мм. сын. бағ. =133.3Па

760 мм. сын. бағ. (атм.–атмосфера)

  1. 1эВ= ; (эВ–электрон-вольт)

  2. 1 м.а.б.= ; (м.а.б.– массаның атомдық бірлігі)

931.5МэВ
Электромагниттік сәуле

шығару шкаласы


Толқын диапазонының аталуы

Толқын ұзындығы

м

Жиіліктер диапазоны

Гц

Жиілігі төмен тербелістер





Радиотолқындар

105–10-3



Инфрақызыл сәуле шығару






Көрінетін сәуле шығару





спектрдің түсі

толқын ұзындығы

нм

жиілігі

Тгц

1мм-дегі толқындар саны

қызыл

760-620

395-483

1316-1610

қызылсары

620-590

483-508

1610-1695

сары

590-560

508-536

1695-1786

жасыл

560-500

536-600

1786-2000

көгілдір

500-480

600-625

2000-2083

көк

480-450

625-666

2083-2222

күлгін

450-380

666-789

2222-2632

Ультракүлгін сәуле шығару





Рентген сәулелерін шығару





Гамма – сәуле шығару

10-11 және төмен

және жоғары



Физикадағы ашылған жаңалықтар


Жылы

Ашылған жаңалықтар

Жаңалықты ашқан

Б.э.д. V-IV ғ

Зат көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектерден тұрады деген ілімнің енгізілуі

Демокрит

Б.э.д. ІІIғ

Иінтірек теориясы ашылуы


Архимед


Кері ығыстырушы күш

«Ауырлық центрі», «Күш моменті» ұғымдарының енгізілуі

Жарықтың түзу сызық бойымен таралатындығы және жарықтың шағылу заңының ашылуы


Эвклид

1038 жылдары шамасында

Әр түрлі заттардың тығыздықтарының анықталуы

А. Бируни

ХVI ғ

Үдеу, бұрыштық жылдамдық, бірқалыпты үдемелі қозғалыс ұғымдарының енгізілуі

Г. Галилей

1597

Термометр ашылуы

Г. Галилей

1621

Эксперимент негізінде жарықтың шағылу заңының ашылуы

В. Снеллиус

1632

Инерция заңының ашылуы

Г. Галлилей

1634

Дыбыстың ауадағы жылдамдығының анықталуы

М. Мерсенн

1638

Денелердің еркін түсуі, еркін түсу заңдарының ашылуы

Г. Галлилей

1643

Атмосфералық қысымның анықталуы

Э. Торичелли

1653

Гидростатиканың негізгі заңының ашылуы

Б. Паскаль

1657

Маятникті сағаттың жасалауы

Х. Гюйгенс

1660

Қатты денелер үшін серпімділік заңының (Гук заңы) ашылуы

Р. Гук

1665

Жарықтың дифракция құбылысының ашылуы

Ф. Гримальди

1666

Жарық дисперсиясының ашылуы

И. Ньютон

1676

Жарық жылдамдығының (астрономиялық тәсіл) анықталуы

О. Рёмер

1678

Жарықтың поляризациясының ашылуы

Х. Гюйгенс

1687

Ньютонның үш заңы жазылған еңбек жарық көрді

И. Ньютон

1738

Гидродинамиканың негізгі заңының ашылуы

Д. Бернулли

1746

Алғашқы конденсатордың (Лейден ыдысы) ашылуы

П. Мушенбрук

1785

Электростатиканың негізгі заңының (Кулон заңы) ашылуы

Ш. Кулон

1798

Бүкіләлемдік тартылыс тұрақтысының мәні анықталды

Г. Кавендиш

1799

Вольта элементінің ашылуы

А. Вольта

1800

Инфрақызыл сәуленің ашылуы

В. Гершель

1801

Жарық интерференциясының ашылуы

Т. Юнг

1801

Ультракүлгін сәуленің ашылуы

И. Риттер

1801

Дальтон заңының ашылуы

Д. Дальтон

1820

Электр тогының магниттік әсерінің анықталуы

Х. Эрстед

1821

Жарықтың көлденең толқын екендігінің анықталуы

О. Френель

1827

Броундық қозғалыстың ашылуы

Р. Броун

1827

Судағы дыбыс жылдамдығының анықталуы

Ж. Штурн;

Ж. Колладон

1827

Тізбек бөлігі үшін Ом заңының ашылуы

Г. Ом

1831

Электромагниттік индукция құбылысының ашылуы

М. Фарадей

1832

Өздік индукция құбылысының ашылуы

Д. Генри

1833

Индукциялық токтың бағытын анықтайтын ережесінің ашылуы

Э. Х. Ленц

1834

Күй теңдеуінің ашылуы

Б. Клапейрон

1841-1842

Токтың жылулық әсерінің ашылуы

Д. Джоуль

Э. Х. Ленц

1842-1842

Энергияның айналу және сақталу заңының ашылуы

Ю. Майер

Д. Джоуль

Г. Гельмольц

1843

Электролиз заңының ашылуы

М. Фарадей

1848

Абсолюттік температура және абсолюттік шкала ұғымдарының енгізілуі

У. Томсон

1853

Томсон формуласының енгізілуі

У. Томсон

1859

Спектрлік анализдің ашылуы

Г. Кирхгоф

Р. Бунзен

1860

Кризистік температураның анықталуы

Д.И. Менделеев

1860-1865

Электромагниттік өріс теориясының негізделуі

Д. Максвелл

1865

Жарықтың электромагниттік табиғаты туралы идеясының ұсынылуы

Д. Максвелл

1869

Периодтық жүйенің ашылуы

Д.И. Менделеев

1872

Газдардың негізгі кинетикалық теңдеуінің енгізілуі

Л. Больцман

1873

Ферромагниттердің магниттік қасиетінің зерттелуі

А. Г. Столетов

1883

Термоэлектрондық эмиссия құбылысының ашылуы

Т. Эдисон

1888

Фотоэффект заңының ашылуы

А. Г. Столетов

1895

Рентген сәулесінің ашылуы

В. Рентген

1896

Табиғи радиоактивтіліктің ашылуы

А.А. Беккерель

1897

Электронның ашылуы

Д. Томсон

1899

Жарық қысымының анықталуы

П.Н. Лебедев

1899

Уранның сәулелену нәтижесінде

α, β– сәулелерінің анықталуы

Э. Резерфорд

1900

Жарық энергияны порция түрінде шығаратындығы туралы болжамның жасалуы

М. Планк

1902-1903

Радиоактивтік ыдырау заңының ашылуы

Ф. Содди

Э. Резерфорд

1903

Ракетаның ұшу теориясының жасалуы

К. Э. Циолковский

1905

Арнайы салыстырмалылық теория, жарық кванты туралы болжам, фотоэффект үшін теңдеу, масса мен энергияны байланыстыратын заңның ашылуы

А. Эйнштейн

1908

Зарядталған бөлшектерді тіркейтін құралдың ашылуы

Г. Гейгер

Э. Резерфорд

1911

Электр зарядының дискреттілігі туралы алғашқы дәлелдемелер (маймен жасалған эксперимент)

Р. Милликен

1911

Атом ядросы болатындығы және атомның ядролық моделінің жасалуы

Э. Резерфорд

1911

Асқын өткізгіштіктің ашылуы

Г. Камерлинг

– Оннес

1920-1930

Молекулалар жылдамдығының өлшенуі

О. Штерн

1930

Нейтрино туралы алғашқы болжамның жасалуы

В. Паули

1930

Позитрон туралы алғашқы болжамның жасалуы (1932ж)

П. Дирак

1932

Нейтронның ашылуы

Д. Чедвик

1934

Жасанды радиоактивтіліктің ашылуы

Ф. Жолио- Кюри;

И. Жолио- Кюри

1938

Уран ядросының бөлінуінің дәлелденуі

О. Ган;

Ф. Штрассман

1956

Антинейтриноның ашылуы

К. Коуэн т.б.

1964

Кварк гипотезасының ұсынылуы

М. Гелл-Ман т.б.





Құрметті оқушылар!
Физиканы меңгеруде есеп шығарудың тікелей көмегі бар. Физикалық есепті шығара білу өз-өзінен келе қоймайды, өздігінен шығару барысында машықтанып қана қоймай, оны бекіте түсу керек. Бұл жерде оның спортшының күнделікті өмірімен ұқсастығы бар. Спортшы қайсыбір жаттығуды қалай орындау керектігін біліп қана қоймайды, өзінің мақсатқа талпынушылығының, табандылығының арқасында осы жаттығуды дағдылы түрде орындауға дейін барады. Сен мұғалімнің немесе жолдасыңның есепті қалай шығаратынын тек қана сырттай бақылап отыратын болсаң, онда есеп шығаруға үйрене алмайсың. Есепті оңайынан бастап, біртіндеп күрделендіріп, оқушы өзі шығаруы керек. Төмендегі кеңесті ұғып алсаңдар, онда есеп шығаруды үйренесіңдер.
Есеп шығару алгоритмі


  1. Есепті шығаруға кіріспес бұрын, оның шартын оқып шығып, қандай физикалық құбылысқа негізделіп берілгенін, қандай шамалар белгілі, одан нені табу керек екенін түсініп алу керек.

  2. Есептің шартын түсінуге суреттер, сызбалар, схемалар көмектеседі. Сондықтан есептің шартына ой жүгіртіп, оның мазмұнын график түрінде кескіндеуге тырысу керек.

  3. Шамаларды халықаралық бірліктер жүйесіне түрлендіру керек.

  4. Шартын түсініп, нені табу керек екенін ұққаннан кейін, белгіліден белгісізге қарай өте отырып, логикалық пайымдау тізбегін құру керек.

  5. Осындай пайымдау тізбегін құрып алғаннан кейін кері қарай белгіліден белгісізге қарай өте отырып, ізделініп отырғанды есептеп шығару керек.

  6. Есепті шығарып болғаннан кейін шыққан нәтиженің дұрыстығы жайлы ойлап көріңдер. Кейде қарапайым арифметикалық қатеге келтіруі мүмкін.

  7. Жуық шамалармен орындалатын амалдар ережесін есте сақтаңдар, жауаптың дәлдігі берілген сандардың дәлдігінен аспау керек.

  8. Есептің шығару нәтижесінде ізденіліп отырған шаманың сан мәні табылған болса, онда оны міндетті түрде өлшем бірлігі атауымен қоса жазу керек. Жауабының дұрыс я бұрыс екенін бағалап көр.

  9. Есептің шешуін іздестіру – күрделі іс. Есеп шығарудың жолын бірден таба қою мүмкін емес. Мұндай жағдайда өз ойларыңнын өрбуін тілшелер, белгілер және қысқаша түсініктемелермен жазып отырған жөн.


Ескерту: Әрине, бұлар тек жалпы кеңестер, оларды есте сақтай отырып, әр есепті шешуді шығармашылық тұрғыдан қараған жөн.