Файл: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 272

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2. Ибн Халдун (1332–1406жылдары) – XІV–XV ғасырлар белесінде өмір сүрген математиктердің арасынан бірінші болып қоғам дамуын тал­да­ды. Ол әр–түрлі қоғамдардың құрылымындағы айырмашылықтар­дың се­­беп­терін айқын­дады. Себептердің бірінші түрі – бұл психология­лық құбылыс, ол сезімтал, отбасындағы және тайпадағы жеке мүшелері мен топтарын байланыстыратын себептердің сипатын анықтайды. Екін­ші түрі – экономикалық құбылыс, табиғи жә­не географиялық жағдай­лар­мен, еңбек, қолөнер және өнер бөлінісімен байланысты болады. Се­беп­тердің үшінші түрі – саяси құбылыстар, яғни билікке иелер мен би­лік­ке бағына­тындар арасындағы қарым–қатынастар, меншік құру, өкі­меттің, мемлекет­тің пайда болуы. Ибн Халдун қоғамның экономикалық дамуының нұсқа­лары туралы бірқатар пікірлер айтқан. Ол адам өң­ді­ру­ші және меншік иесі болған кезде ғана қоғамдық тіршілік иесі болады деп түсінді.

Ибн Халдун адамның әрекеттерін табиғи, материалдық қажеттілік­тер­­ге негізделген әрекеттермен байланыстырып қарастырады. Ол былай деп атап өтті: «Aдамдардың ерекшеліктері қоғамдық өмір болып та­бы­лады. Бұл бір­лескен өмір, қалада немесе ауылдық жерлердегі бір­лес­кен қоныс­та­ну, бұл адамдадың бірігуге, адамдардың өздерінің ка­жет­тіліктерін бірлесе қана­ғат­тандыруға деген бейімділіктерімен түсіндіріледі, өйт­ке­ні адам таби­ғатына өмір сүрудің қажетті құ­рал­дарын алуға бір–бі­ріне көмектесуге ұмтылу тән».

Ибн Халдунның ойынша, қоғамдық өмірдің негізін адамдардың өң­ді­ріс­тік қызметі, олардың өзара көмектері, өзара әрекеттестігі құрайды. Осы екі фактор адамдардың өмір сүруіне және дамуына мүмкіндік бе­ре­ді. Өңдірістің өсуі мен артық азық–түліктің жинақталуы қоғам про­гре­сінің басты факторлары болып табылады.

Ибн Халдун қоғам мен мемлекетті ажыратып қарады, олардың ара­қа­ты­нас­тары мен дамуының заңдылықтарын айқыңдауға тырысты. Оның тұ­жы­рым­дамасына сәйкес ададар қоғамды тіршілікке кажетті құралдарды бір­лесіп өн­діру­ үшін құрған, өйткені бір адамның қабілеті оның тамақ­тануға деген қажет­тілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз. Еңбек бөлінісі – бірігудің ең алғашқы факторы; бірлесуге деген басқа себеп – сырттан тө­не­тін қауіп–қатерден қорғану жөне қоғамдарға бірік­кен адамдардын өз­де­рі­нің алакөздік табиғатының пайда болуынан жал­пы қауіпсіздікті қам­та­ма­сыз ету. Қоғамға климат пен баска да табиғи факторлар ықпал етеді, бірақ ең бастысы – шаруашылық нысандары, өндіріс тәсілдері. Осыған байланысты Ибн Халдун екі кезеңін (күйін) бөліп қарайды: қарапайым немесе "ауылдық". Бұл кезеңде адамдар тек кажеттілерді ғана өндіреді және бұл ұйымның алдында азық–түлік бөлінісі проблемасы мүл­де бол­май­ды. Қоғамның нысаны толық тең дәрежелілік негізіндегі қандас туыс­тар ұйымы болып табылады.


Өркениетті немесе "қалалық" (қолөнердің, сауданың, ғылымнын, өнер­дің дамуы). Еңбек бөлінісінің дамуы және көптеген адамдардың күш–жігерлерін бірік­тіруі молшылық пенастамдық өндірісін тудырады, ол теңсіздік пен мәж­бүр­леуге негізделген ұйымның пайда болуына әкеп соғады. Екінші кезеңге өмір­шілік (қоғам), (билік–меншік) сәйкес келеді.

Ибн Халдун әл–Фараби менмемлекеттің мәні туралы мәселе бойын­ша пікір таластырады, оның әл–Фарабиден айырмашылығы мем­лекет­ті ке­лі­сім­шарт­тың немесе келісімнің негізінде пайда болған адамның жасанды туын­дысы емес, ұдайы қозғалыс пен дамуда болатын қоғам­ның табиғи да­муы­ның қажетті күрделі және қарама–қайшылыққа толы өнімі деп кара­ды.

ХІV ғасырда тарихшы Ибн Халдун (1332–1406 жж.) тарихи оқи­ға­лар­дың өзара байланысын, араб, бербер, парсы, византия қоғам­да­ры­ның пай­да болуын, дамуын және құлдырауын зерттеді. Ол өз «Кіріс­пе­сінде» түрлі мәдениеттерді дамыған немесе дамымаған деп бөлмей, кез келген қоғам­ның жағдайын «өр­кениеттілік» (умран) деп сипат­тай­ды. Ибн Халдунның айтуынша, кез келген қо­ғам көшпелі және отырық­шы өмір салтының арасында болады. Ол мәдениет эко­номикалық және саяси процестердің ықпалымен дамиды деп есептеді.

Ибн Халдун өз еңбегін асабия терминіне түсініктеме беруден бастай­ды. Асабия – ұжымдық ынтымақтастыққа негізделген көшпенді–бе­ду­ин­­дер­дің ру­лық немесе тайпалық бірлестіктері.

Ибн Халдун бойынша мемлекеттің өмір сүру ұзақтығы үш ұрпақтың өмір сүру уақытына, шамамен 120 жылға тең. А.А. Игнатенко мұсыл­ман әу­­леттері билігінің сипаты және ұзақтығы жөніндегі мәліметтерді талдап, Ибн Халдун­ның айтқандарымен келісті. А.А. Игнатенко «Сол дәуірдегі мемлекеттер мен қоғамдар дамуының циклділігі жөніндегі Ибн Хал­дун­­ның идеялары – бұл орта ғасырлық шығыс қоғамының нақты ас­пек­­ті­­лерін ашып көрсететін әлеуметтанулық, ғылыми концепция» деген қо­рытындыға келді.

В.В. Бартольд пен француз зерттеушісі М. Бувье–Ажам Ибн Хал­дун­ды әлеуметтанудың негізін салушы деп есептеді. Ибн Халдунның кон­цеп­циясы «күштеу теориясының» авторы Л. Гумпловичтің көзқа­рас­тары­на ықпал жа­сады. А. Тойнби Ибн Халдунның концепциясын өзі­нің «Вы­зов­–и–Ответ» деп ата­латын теориясына кіргізді.

Соңғы уақытта Ибн Халдунның теориясын П. Турчин өз жұмыс­та­­рын­­­­да пайдаланды. П. Турчин оның кейбір қазіргі концепцияларымен, Дюрк­­гейм­­нің әлеуметтік бірігу теориясымен, «әлеуметтік капитал» тео­рия­сы­­мен, «инди­видуализм–коллективизмнің» әлеуметтік–психология­лық тео­рияларымен ұқ­сас­тығын анықтады.



Мұсылман тарихнамасы тек араб елдерінде ғана сақталған жоқ. Со­ны­­мен қатар бұл дәстүр Осман елінде, Иранда Индияда тағы да басқа мұ­сыл­­ман елдер­інде кеңінен дамыды.

ХҮ–ХҮІ ғасырларда мұсылман тарихнамасы Мысыр елінде өз жалға­сын тапты. ан–Нувайри, (1279–1332) мәмүліктер тарихы, тарихи энци­кло­­­педия авторы (Ибн аль–Фурат, 1334–1405) жалпы хроникалар, алъ–Мак­ри­­зи(1364–1442), аль–Айни (1361–1451), Абу–ль–Махасин Ибн Таг­ри­бер­­ди (1409 немесе 1410–1470) және ас–Суюти (1445–1505), сияқты по­ли­гистор (көп білетін, жан–жақты білімі бар адам) – тарихшылар – Мысыр елінің саяси–экономи­ка­лық, әлеуметтік және мәдени тарихы жөнінде көп томдық шығармалар жазып кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырып кетті.
3. ІХ–ХII ғасырлардағы араб авторларының еңбектеріндегі қазақ даласы.

Орта ғасырдағы қазақ тарихын зарттеу үшін сол кездегі араб тілінде жаз­ыл­ған әртүрлі мазмұнда, әрқилы жанрдағы шығармалардың орыны ерекше. Араб халифтерінің басқыншылық саясаты оларды алыс–жақын ел­дерді сая­си,экономикалық және гографиялық жағынан зерттеуге мәж­бүр­леді. Бұл мақ­сатта жер–жерлерге жіберілген елшілер, саяхатшылар жә­не жансыздар басқын­шыларды қызықтыратын алуан–алуан ақпарат­тар жинады.

Ислам синкретті мәдениетінің көрші елдерге таралуы, араб елде­рі­нің сау­да керуендері Европа мен Азияның, көрші Африканың елдерін ара­­лауы араб авторларының көзқарасын кеңейтті, білімін толықтырды. Олардың бо­­­ла­шақта жазатын шығармаларына мол материал жиналды.

ҮІІІ ғасырдың басында араб әскері Орталық Азия және Қазақ еліне де жет­ті. Жарты ғасырға созылған қарулы қақтығыстан кейін еліміздің біраз бө­лігі ар­аб билігін мойындауға мәжбүр болды. Жаулап алынған жерлерді өз қол астын­да ұстап тұру үшін, елді мекен еткен тұрғындарды мұқият зерттеу қажеттігі туындады. Міне осы мақсатта Орталық Азия халықтары бо­йын­­ша едәуір ғылы­ми, әдеби шығармалар жинақталды. Біз оларды мақ­саты­на, мазмұнына және маңыздылығына қарай классикалық, геогра­фия­лық, өмірбаяндық, діни шы­ғар­малар деп бөлеміз.

Классикалық араб әдебиетіндегі қазақтар жөніндегі алғашқы де­рек­тер. Қазақ даласын мекендеген тайпалар жөніндегі алғашқы мәлі­мет­­­тер­ді біз араб­тың классикалық тарихи шығармаларынан кездес­ті­ре­міз.


IХ ғасырда өмір сүрген ал–Балазури және ат–Табари еңбектерінде Же­ті­су өлкесі мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген ру–тайпалардың араб әскеріне Орталық Азия жерінде көрсеткен қарсылығы туралы жа­зы­ла­­ды. Онтүстік Қа­зақ­стан жеріндегі араб басқыншыларына жергілікті ха­лық­тың қарсылығы да кейбір шығармалардың негізгі тақырыбына ай­нал­ған.

Арабтың ірі тарихшыларының бірі ал–Балазури, «Елдерді жаулап алу туралы кітап» (Китаб футух ал–булдан), деп аталатын еңбек жаз­ды. Өзде­ріңізге белгілі ат–Табарида «Пайғамбарлар мен патша­лар та­ри­хы» (Тарих ар–русул ва–л–мулук) атты еңбектің авторы. Бұл екі кітапта да Орталық Азия­ны мекендейтін тайпалар жөнінде көптеген мәліметтер бар.

Ат–Табари Араб халифатының бірсыпыра қалаларын аралаған ғалым. Өмі­рінің соңында Бағдат қаласында қоныстанып көрген–біл­генін қағазға түсіріп, өз елінің тарихын болашақ ұрпаққа мирас етіп қал­дырды.

Сол ғасырда өмір сүрген үшіші бір тарихшы ал–Джахиз «Достоин­ства тюрок» (Манакиб ал–атрак) деп аталатын кітаптың авторы. Энци­к­лопеди­алық білімді ғалым көшпелі түркілердің этнографиялық сипат­та­ма­сын берді. Аббасид халифтерінің жеке басын қорғайтын әскердің басым көпшілігі түркі жігіттері еді. Ол солармен жақсы қарым–қатынаста бол­ған. Араб жұртына бей­таныс түркілерге автор жағымды мінездеме береді.

ІХ ғасырдыңалғашқы жартысында арабтың Тамим ибн Бахр есімді сая­хат­шысы қимақ даласында саяхат жасады. Ертіс өзенінің жаға­сын­дағы олардың астанасында болып қайтты. Не себепті, не үшін бар­ған­ды­ғы бізге беймәлім. Саяхатшы өз еңбегінде кимақтардың тұрмыс–тір­ші­лігі, шаруа­шы­­лығы, Тараз қа­ласынан қимақ қағанының резиденция­сы­на дейінгі жол­да көрген–білгенін қағазға түсірген.

Әлбетте бұл еңбектерде үлен тарихи проблема шешілген жоқ. Сол кез­дегі мұсылман әлеміне белгісіз болып келген алыстағы түркі жұрты­мен арабтардың алғашқы танысуы осылай басталған еді.

Географиялық шығармалардағы қазақ даласы. Әлемді жаулап алу­­ды армандаған арабтар географиялық білімнің жинақталуына аса зор мән берді. Мемлекет саяхатшылардың ұмтылысына дем беріп, оларды әр­қа­­шанда қолдап отырды. Сондықтан да дәл осы дәуірде арабтың геогра­фия­лық тақырыптарында жарық көрген бір топ авторларының еңбектері қа­зақ даласын зерттеуде таптыр­майтын деректерге айналды.

Қазақ даласын мекендеген ру–тайпалар жөніндегі тарихи ой–пікір ІХ ға­сырдағы географиялық шығармаларда кездеседі. Бізге дейін жеткен ең алғашқы шығарма
«Китаб алмасалик ва–л–мамалик» (Жолдар мен мем­ле­кет туралы кітап). Авторы пошта қызметкері Ибн Хордадбех. Ол «Жі­бек жолының» мар­шру­ты жөнінде мәліметтер береді. Ол жол Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу ар­қылы өткендіктен, сол жерлерді мекендейтін токуз–гуз, огуз, карлұк, қимақ, қыпшақ, азгиши, түргеш сияқты тайпалар­дың, қалалар мен елді–мекендердің тізімін береді.

Ибн Хордадбехтың еңбегі халифаттың пошта қызыметінің мұрағат құ­жат­тарына сүйеніп жазылған. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша ав­тор­дың мәлі­меттері ҮІІІ ғасырға жатуы мүмкін.

Аль–Якуби (897немесе 905 жылы қайтыс болған) – араб тарихшысы, географ әрі жиһанкез. Толық аты– Ахмад ибн Абу Якуб ибн Джафар ибн Вадих аль–Катиб аль–Аббаси аль–Якуби. Бағдатта мемлекеттік қыз­меткер отбасында ту­ған. Туған жылы белгісіз. Жасында Арменияда, кейін Хоро­сан­да, өмірінің соңында Мысырда тұрады.

Хоросанда екі томдық «Тарих» атты кітабын жазды. Бұл араб тарих әдеби­етінде әлем тарихына арналып жазылған алғашқы кітап еді. Алғаш­қы томы христиан тарихына арналады. Христос және оның апостолдары, кейбір патша­лар Ассирия, Грекия, Мысыр елдерінің тарихы, Пайдалы қаз­ба байлықтары, әкім­шілік бөліктері, халқы және олардың әдет–ғұрыптары туралы жөнінде мәлі­меттер келтіріледі.

Кітаптың екінші бөлімі мұсылман елдері тарихына арналған. Еңбекте басқа авторларда кездеспейтін құнды мәліметтер бар. Әсіресе оның Ки­таб аль–булдан («Елдер туралы кітап») деп аталатын шы­ғар­масында қа­зір­гі Қазақстан жерін мекендеген ру–тайпалар жөнінде құн­ды пікірлер ай­ты­лады. Якуби, басқа да араб ойшылдары сияқты гео­гра­фияға қатты қы­зық­ты. 891 жы­лы ол өзінің жоғарыда көрсетілген еңбегін аяқтады. Бұл ең­бек бүгінгі күнге дей­ін толық жеткен жоқ. Сипатына қарай еңбек әкім­ші­лік–географиялық анық­таманы еске түсіреді. Басқа араб авторлары сиқты ол аңыз–ертегілерден алған деректерді пай­да­лан­баған. Сондықтан да ол құн­ды. Мұнда жол маршруттары, бір өлке мен екінші өлке арасындағы қашықтық, пайдалы қазба байлықтар, ол­ар­ды өн­діру сияқты тақырыптарға тоқталады. Якубидің екі кітабындағы мәлі­мет­тер қайталанбайды, керісін­ше бірін–бірі толықтыра түседі. Якуби шы­­­­ғармалары Кембридж қолжазба­сы бойынша XIX ғасырдың соңында жарық көрді.