Файл: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 271
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көне Грекияның келесі бір тарихшысы Фукидид (460 – 399 / 396 гг. до н. э.) өз заманында болған тарихи оқиғаларды қағаз бетіне түсіріп кеткен көрнекті ғалымдардың бірі. Оның өмірбаяны жөнінде толық мәлімет жоқ. Оның өмірі туралы кейбір дәйектерді біз өзінің шығармаларынан кездестіреміз. Ақсүйектер әулетінің өкілі ретінде ол сол замандағы Грекия қоғамының саяси өмірінің көптеген жағдайларынан хабардар болған. Фракиядағы ірі жериеленуші және алтын шығатын кеніштердің қожасы болған оның әкесі баласының жақсы тәрбие және терең білім алуына жағдай жасады.
Жас кезінде ол Геродотпен кездесіп, оның лекциясын тыңдады деген мәліметте бар. Осы жағдай оның келешектегі өмір ұстанымының қалыптасуына үлкен әсер еткен сияқты. Оның ғылым жолына түсуіне белгілі Афина шешені Антифонт және философ Анаксагордан алған сабақтары да өз шарапатын тигізді.
Бірақ ол ғылымға бірден келген жоқ. Ат жалын тартып есейген шағында, ол сол кездегі саяси өмірге белсене араласып кетті. Бұл кезде Афина мен Спарта арасында Пелопоннес соғыстары жүріп жатыр еді. Міне осы науқанға Фукидидте Афина жағынан әскер басшысы ретінде қатынасуға мәжбүр болды. Соғыс ұзаққа созылды. Оның әскер басшы ретіндегі қызметі жөнінде ғылымда бірыңғай көзқарас жоқ. Бір белгілісі оны Амфиполь қаласы үшін болған шайқаста Афиналықтардың жеңілісінің себепкері болды деп кіналап, өмірлік қуғынға ұшыратады.
Афинаны тастап ол өзінің ата қонысы Фракияға қайта оралады. Осы жерде ол өмірінің қалған 20 жылын өткізеді. Өзі басынан өткізген Пелопонес соғыстары туралы материал жинауға кіріседі.
Грекияны және оның айналасындағы елдерді аралайды. Б.э.д. 404 жылы соғыс Афинаның жеңілісімен айяқталды. Бүкіл қуғын–сүргінге ұшыраған саяси қайраткерлерге кешірім жарияланады. Сөйтіп, Фукидид б.э.д. 400 жылы Афинаға қайта оралады. Оның өлімі жөнінде де толық мәлімет жоқ. Павсаний деген тарихшы ол айдаудан Афинаға келе жатқанда кісі қолынан қаза тапты дейді. Плутарх және басқа да тарихшылар ол Фракияда қайтыс болған деген мәлімет береді. Бірі оны өз өлімімен дүниеден озды дейтін болса, екіншілері оның қанын бөгде біреулердің мойынында деп жазады. Кім не деседе ол Афина қаласындағы ақсүйектер қорымына жерленген.
Пелоппонес соғыстары Фукидид өмірінің мәніне айналды. Ол оның бірінші күнінен бастап материал жинай бастады. Ол соғысты куәгер ретінде баяндап қана қоймай, оның ішкі себептерін түсінуге тырысты. Тарихшы ретінде ол дерек жинап, оны ғылыми жұмыста пайдаланудың үлгісін көрсетті. Соғыстың барысын күнделікті бақылау, соған қатынасқандардан мәлімет жинау, тіпті кейбір ресми құжаттардың түп нұсқасынан үзінділер келтіру сияқты деректанулық әдіс–тәсілдерді пайдаланады. Жиналған мәліметтерді бір бірімен салыстыра отыра қарастыру нәтижесінде ол әрбір тарихи оқиғаның себеп–салдарлық қатынастарын түсінуге тырысты.
Фукидид тарихтағы жеке тұлғалардың роліне де тоқталады. Олардың ел үшін жасаған еңбектері бағалай келіп,өз кітабында белгілі тұлғалардың көп алдындағы сөздерінен үзінді келтіреді. Фукидид шығармасының құндылығы – ондағы дерек ретінде пайдаланған келісім–шарттар, қарарлар сияқты ресми құжаттар. «Менің тарих жазғандағы негізгі мақсатым оқырманның көңілін көтеру емес, оған ой салу, жазылған дүниені ғасырлардың мұрасы ету» – дейді автор. Бүкіл жазғанын автор сегіз кітапқа бөлді. Зерттеу жұмыстары аяқталмай қалған. Оқиғаның баяндалуы б.э.д. – 411 жылмен бітеді. Автор кітабына ат та беріп үлгірмеген. Фукидид еңбегі өзі өлгеннен кейін «Тарих»деген атпен жарық көрді. Кейін бірнеше тілдерге аударылды. 1452 жылы Рим папасы Бесінші Николайдың бұйрығымен кітап латын тіліне аударылды. Ал 1502 жылы Венецияда типографиялық әдіспен басылып шықты. Осы күнге шейін Фукидиттің бұл еңбегі көне Эллада тарихынан зор мәлімет беретін құнды еңбек болып саналады.
Полибий (б.з.б. 201,– б.з.б. 120 ж.) – ежелгі грек тарихшысы. Ахей одағы басшыларының бірі. Үшінші македон соғысынан кейін Римге аманат ретінде жіберілді. Римде болған 16 жылда оның ақсүйектерімен тығыз қарым–қатынас жасады. Полибий саяси көзқарасы жағынан Грекияның олигархтық топтарының жетекшісі, демократтардың қарсыласы болды.
Полибийдің негізгі еңбегі – 40 кітаптан (бізше тараудан) тұратын “Жалпы тарих”. Бізге еңбектің алғашқы 5 кітабы және үлкенді–кішілі үзінділері жетті. Ол өз еңбегінде б.з.б. 220 – 146 жылдардағы Жерорта теңізі жағалауындағы мемлекетер (Грекия, Македония, Кіші Азия, Сирия, Египет, Карфаген және Рим) тарихын өзара сабақтастыра қарастырды.
Полибий Жерорта теңізінде Рим үстемдігінің орнауын баяндап, олардың жүргізген саясатын жоғары бағалады. Ол Римнің жетістіктерін монархияның, аристократтардың және демократиялық құрылыс элементтерін үйлестірудің жоғары дәрежеде ұйымдастырылуымен байланыстырады. Полибий тарихтың міндеті жеке адамдар іс–әрекетіне себепші болатын оқиғаларды суреттеу ғана емес, оларды түсіндіру деп таниды.
Страбо́н – (грек., шамамен б.э.д.64/63 – б.э.23/24) – грек тарихшысы географы. Бізге дейін жетпеген «Тарих» деп аталатын кітаптың авторы. Келесі бір 17 кітаптан тұратын «Географии» атты еңбегі толық сақталған. Еңбектің құндылығы онда Орталық Азияны мекндейтін көшпелі тайпалар жөнінде мол мағұлыматтар бар.
Оның мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізініңшығысына қарай массагеттермен сақтардың жері орналасқан. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. "Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар. Олардың арасында барынша белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады... аттылы–жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қоламен алтын өте көп. Егіншілікпен айналыспайды, қайта номадтар(көшпенділер), скифтер сияқты мал бағып, балық аулап тіршілік етеді", – деп жазды. Бұдан Страбонның тарихи материалдарды көбінесе Геродоттікіне ұқсас екендігін аңғаруға болады.
-
Рим тарихнамасы. Рим тарихнамасының қалыптасуына ежелгі грек мәдениеті ықпал етті. Римдегі тарихи шығармалардың ең көне жанры анналдар (лат. annus – жыл) болды. Анналдар дегеніміз – Римде абыз–понтификтердің ежелгі уақыттан бері құрастырып келген оқиғалар тізбегі. Шамамен б.з.д. 123 жылы. Көп жылдар бойы жинақталған материалдар «Ұлы анналдарға» (80 кітап) кіргізілді. Ерте тарихи римдік еңбектер – «аға анналистердің» шығармалары б.з.д. ІІІ–ІІ ғасырларда грек тілінде жазылды.
Гай Саллю́стий Крисп 86 б.э.д., Амитерн – 35 б.э.д. Көне рим тарихшысы, саяси қайраткер, антика тарихнамасының реформаторы. Ол орталық Италиядағы Амитерн қаласында дүниеге келген. Кейбір деректерде Рим қаласында туды деп көрсетіледі. Ата–анасы, шыққан тегі жөнінде толық мәлімет жоқ. Ол сол кездегі барлық балалар сияқты латын және грек тілінде білім алған.
Жас кезінде саясатпен айналысқан. Цезарь оны әскери қызметке шақырды деген де мәліметтер бар. Бірақ оның аты тарихта ғылыми шығармаларымен қалды.
«Катилины бүлігі» және «Югуртин соғысы» еңбектері оны сол замандағы тарихшылардың ең бір дарындыларының қатарына қосты. Ол тарихи шығарма жазу барысында саяси және әскери қайраткерлердің сөздерін тікелей келтіру әдісін қолданды.
Екіншіден ол Рим тарихына сыни көзқарас қалыптастыру қажеттілігін баса көрсетті. Оның негізгі кітабы «Тарих» деп аталушы еді. Бірақ ол бізге дейін толық жетпеді. Рим үстемдігінің әлсіреу себебін ол ел басындағылардың моральдық деңгейінің, адамгершіліктің, тазалықтың, төмендеуімен түсіндіреді.
Тит Ливий – (б.э.д.59–б.э. 17.) – Римнің белгілі тарихшыларының бірі. Өмірбаяны туралы деректер мардымсыз. Жасында Римнен кейінгі үлкен қала Патавиде (қазіргі Падуя) білім алған. Ливий алғаш рет Римнің толық тарихын жазуға тырысты. Оның негізгі еңбегі 142 кітаптан тұратын Рим империясының тарихына арналған. Өкініштісі оның тек 35 томы ғана бізге дейін жетіп отыр. Кітаптың атын автор «Жылнама» деп атаған. Кейін тарихшы Плиний Старший өзгертіліп, оны «Римнің пайда болғаннан бастау алатын тарихы» – деп атайды. Кітап 10 томнан (декада) топталған, әр декаданың басында арнаулы кіріспе берілген. Ливийдің мұрасын зерттеушілер кітаптің бірінші томы б.э.д. 27 жылы жазылғандығын анықтаған. Автор жалпы бұл еңбекке өзінің 40 жыл уақытын жұмсаған.
Ол өзіне дейінгі авторлардың еңбектерін кеңінен пайдаланған. Ал енді мұрағат құжаттарын сирек пайдаланады. Ол болған оқиғалардың шындығын, ондағы себеп–салдарлық байланыстарды іздеп әуре болмайды. Кез келген оқиғаны баяндағанда ол осы шындыққа жақын–ау деген фактыны пайдаланған өзінің сөзі бойынша «Раз дело касается столь древних событий, я буду считать достаточным признавать за истину то, что похоже на истину».
Публий Корнелий Тацит (б.э. 50–120 жылдар аралығы) атақты шешен болды. Оның негізгі тарихи еңбектері «Тарих» (14 кітаптан 1–4 кітаптар және 5 кітаптың басы сақталынған) және «Анналдар» (16 кітаптан бізге 1–6, 11–16 кітаптар жетті) деп аталды. Бұлардан басқа «Агри́кола», «Германия», «Шешендер туралы диалог» еңбектері бар.
Жас уақытында әртүрлі мемлекеттік қызметтерді атқарған. Сот ісіне араласып, сенатор болып, мемлекеттік қызметтің ең жоғарғы деңгейі консулдыққа дейін өскен. Өз заманындағы саяси құбылыстарға көңілі толмай, көрген–білгендерін, санасына тоқығандарын қағазға түсіріп кетуге тырысқан.
Осындай мақсат қойған Тацит деректерді мұқият қарастырып, келешектегі кітабы үшін материал жинай бастайды. Әсіресе соңғы он жылдың оқиғаларын ол жіпке тізген моншақтай етіп, түсінікті, жинақы фразаларды пайдалана отырып, шығармасын латынның классикалық әдебиетінің жақсы дәстүрінде жазып шығады.
Антикалық тарихшылардың ішінде Тацит деректерді пайдалануда шеберлігімен көзге түскендердің бірі. Өкініштісі, ол өз дерек көздерін қайдан алғандығын айтпайды. Зерттеушілердің пайымдауынша ол саяси памфлеттерді, заңнамалық актлерді, Рим қайраткерлерінің естеліктерін кеңінен пайдаланған. Өткен тарихи оқиғаларға қатынасқан тұлғалармен кездесіп, олардан ақпарат алған. Тацит деректерді сол күйінде өз шығармасына кіргізбейді. Реті келсе оларды бір–бірімен салыстыру әдісін пайдаланады. Қорыта айтқанда Тацит тек өз заманының ғана белгілі тарихшысы емес, оның шығармалары осы күнге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Рим тарихнамасының соңғы өкілі – Аммиан Марцеллин. Шамамен 330–395 жылдар аралығында өмір сүрген. Оның өмірбаяны жөніндегі мәлімет тым мардымсыз. Тегі жағынан Кіші Азиядағы гректер отбасынан болуы керек. Рим–парсы соғыстарына қатынасқан, Рим империясының батыс бөлігінде мемлекеттік қызметте болған.
Оның жалғыз еңбегі «Әрекет» (Деяния) латын тілінде жазылған. Кейде кітаптың аты «Рим тарихы» деп те аталады. Француз, итальян тілдеріндегі нұсқалары да қазақшаға аударғанда «тарих» деген мағынаны білдіреді. Бізге дейін жеткен бөлігі Рим тарихының 353–378 жылдар арасын қамтиды.
Алғашқыда еңбек 30 кітаптан тұрған. 96–378 жылдардағы Рим тарихы баяндалған. Бірақ бізге жеткені тек 18 кітабы ғана. Автор оқиғаның хронологиясын сақтай отыра, аналитикалық әдісті пайдалана отыра баяндайды.
Бірақ, Аммиан антикалық авторлардың дәстүріндегі тарихи экскурс әдісін де ұмытпайды. Кітаптың тақырыбына байланысы жоқ Рим империясының географиялық, этнографиялық сипаттамасын береді. Жер сілкінісі, күннің, айдың тұтылуы сияқты табғат құбылыстарына тоқталады, әскери машиналар, мерует тастар, діни–философиялық ойлар, тағдыр туралы, келешекті болжау мүмкіншіліктері т.б. с.с. мәселелер сөз болады.
Аммиан Марцеллин антика дәуірінің соңғы авторы. Сондықтан ол өзіне дейінгі авторлардың еңбектерін толығынан пайдаланды. Бірақ ол көбіне өзі пайдаланған дерек көздеріне сілтеме жасамайды. Оның шығармасына негіз болған авторларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа аты аталған авторлар, екіншісіне аты шығармада көрсетілмегендер кіреді.
Дәстүр бойынша ол өз шығармасына белгілі қайраткерлердің сөйлеген сөздерімен хаттарын да пайдаланған. Олардың саны – 3 хат, 12 сөз. (Парсы патшасы II Шапур менимператор Констанци арасындағы хаттар, Констанци мен Юлианның жазысқан хаттары, Констанци, Юлианның сөздері).