Файл: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 273

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Осыған қарамай, антика заманының тарихшылары нақтылы мате­риал­­дар жинап, оларды талдаудан, сараптаудан өткізіп тарихты білім­нен ғы­лым­ға айна­луына жақындады. Грек–Рим авторларының еңбек­те­рін­де Қа­зақ жеріндегі саяси–экономикалық жағдай жөнінде де деректер кездеседі.

Прокопий - эллиндалған сириялық. Палестинадағы Кесарий қала­сын­­да ҮІ ғасырдың басында дүниеге келген. Осы жерде классикалық білім алды. Кемелге толған жасында жоғарғы мемлекеттік қызметтерде болған. Рим империясының ірі қолбасшыларының бірі Флавий Вели­за­риидің хат­шы­сы әрі кеңесшісі ретінде 527–542 жылдар аралығында сол заманда бол­ған әскери қимылдардың бәріне қатынасқан.

Хатшы қызыметі оны барлық болып жатқан оқиғалардан хабардар бо­лу­ына мүмкіншілік берді. Велизаридің жазған хаттары, сөйлеген сөз­дері­нің мәтін­інің барлығы Прокопийдің қолында болды. Сондықтан деректер­дің шынайы­лығына шүбә келтіру қиын.

Прокопий өте талантты адам болған, соның арқасында ол «Соғыс­тар», «Құрылыстар туралы», «Құпия тарих» сияқты шығармлар қал­дыр­ды. Оның ең көлемді еңбегі «Соғыстар», «Парсылармен соғыс», «Вандалдар­мен соғыс», «Гот­тармен соғыс» деген бөлімдерден тұра­ды. Бұл кітаптарда тек соғыс қи­мыл­дары ғана баяндалып қоймайды. Соны­мен қатар Проко­пий болған елдер­дің гео­графиясы, этнографиясы, саяси, әскери қайраткер­лер­дің портреті, күнделікті күйкі тіршіліктің кө­ріністері кездеседі.
Бекіту сұрақтары.

1. Ертедегі Грекияда тарихи ой–пікірдің қалыптасуының алғы шарт­­та­ры?

2. Логогра́фтар және олардың қоғамдағы орны?

3.Тарихи сананың қалптасуына үлес қосқан грек тарихшылары?

4. Анналдар дегеніміз кімдер?

5. Ірі Рим тарихшыларының еңбектеріне баға бер?
Тарихнамалық деректер:

История Казахстана в произведениях античных авторов. В двух томах. Состовление и редакция А.Н Гарковца. –Астана: Фолиант, 2005.
Әдебиет:

Историография античной истории / Под ред. В. И. Кузищина. – М.: Высшая школа, 1980

Историография истории Древнего Востока
: Иран, Средняя Азия, Индия,Китай / Под ред. В. И. Кузищина. – СПб.: Алетейя, 2002. – 304 с.

История греческой литературы: В 3 т. Т.2. М., 1955. С. 19–22.

ЛисовыйИ.А., Ревяко. К.А.Античный мир в терминах, именах и названиях: Словарь–справочник по истории и культуре древней Греции и Рима / Науч. ред. А.И. Немировский. – 3–е изд. – Мн: Беларусь, 2001)


  1. ОРТА ҒАСЫРДА МҰСЫЛМАН ТАРИХНАМАСЫ




  1. Мұсылман тарихнамасының алғашқы дәуірі. 

Ислам дінінің тара­луы мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Бұл әде­биет саласында тарих жанрының дамуы­нан көрінді.

VІІ ғасырдың соңынан бастап негізінен араб тілінде, сондай–ақ, парсы, түрік, малай тілдерінде жеке халықтар мен әлем тарихы бойын­ша ең­бек­тер жа­зы­лып, биографиялық сөздіктер құрастырылды. Тарих­шы – мұ­сыл­мандар өз ел­дерінің тарихы мен мәдениетіне ғана қызы­ғу­шы­лық танытқан жоқ, басқа елдерге жасалған саяхаттар да сипатталды.

Тарихи баяндаулар интеллектуалдарға ғана емес, қарапайым халық­қа ар­нап жазылғанымен, онда тарих философиясының да мәселелері кө­те­ріл­­ді. Мы­са­лы, Бируни ХІ ғасырда уақыт категориясына шолу жа­са­ды.

Егер Батыс Еуропалық тарихнамада бірыңғай хронология ХІ ғасыр­дан бас­тап қалыптасса, ал ислам тарихшылары оқиғаларды VІІІ ғасыр­дан бас­тап хро­но­логиялық ретпен қойып белгілейді. Араб тарихшылары хро­ни­каның басында жазбаша және ауызша деректерді талдап, салыс­тыр­ған.

Араб тарихнамасының негізгі дерек көздері тарихи ру–тайпалық ше­жі­ре­лер мен әртүрлі исламға дейінгі тарихи әңгімелер еді. Одан кейін Мұ­хаммед пай­ғамбардың іс–әрекеті, діни–тарихи сюжеттер араб тарих­на­­­ма­сының маңыз­ды тақырыбына айналды. Әлемдік тарихи процесс схе­­­ма­сы да құранның идея­сы­мен сабақтас болып жатты. Бір қызығы ҮІІ–ҮІІІ ғасырда мұсылман шежіре­сін арабтардың арғы тегін библия­да­ғы «халықтар таблицасына» сәйкес­тен­діріліп жасалды.

Мұсылман тарихнамасының қалыптасуына астрономиялық білімнің (әлем тарихының хронологиясын қалыптасты) дамуы және көне иран­дық­­тар­­дың тарихи–эпикалық шығармалары (сасанидттік Ирандағы «Пат­­ша­лар кітабы») үлкен әсер етті. Иудей–христандық апок­рифи­ка­лық (апо́­кри­фы (көне грек сөзі – жасырылған, құпия) – соңғы иудей­лік, алғашқы хрис­тиандық библия конондарына кірмеген шығармалар) аңыздарының да ықпалын көреміз.

Ортағасырлық мұсылман тарихнамасы тарихи процесті теологилық тұр­ғыда түсіндіреді. Сонымен қатар олар тарихтағы жеке тұлғаның да ро­лін жоққа шығармайды.



Жоғарыда тарихи шығармалардың негізінде шежірелер жатты дедік. Сол­арды жинап алғаш рет құрастырғандар: Мухаммед аль–Кальби (763 өмірден озды). Кейін оны толықтырған оның баласы Хишам (819 өмір­ден озды), Муарриджас Садуси (811 өмірден озды), Сухайм ибн Хафс (806), Мусаб аз–Зубайри (851 өмірден озды), Зубайр ибн Баккар (870), Ибн Хазм ( 1030 өмірден озды), аль–Калькашанди (1355–1418).

Араб тарихнамасының алғашқы дәуірінің көрнекті өкілі Мұхаммед аз–Зух–ри(741/42 өмірден озды). Ол жиналған шежірелік және аңыз–әңгі­ме­лер негіз­ін­де саяси мәні бар Мұхаммед пайғамбардың әскери жо­рық­­та­ры жөнінде еңбек жазды.

Осы тақырыпқа қалам тартқан екінші бір тарихшы Ибн Исхака(ша­ма­мен 704–768 немесе 767). Оның Пайғамбарымыз жөнінде жазған шы­ғар­масы кейінгі тарихшыларға үлгі болды.

Аль–Вакиди(747–823), Ибн Сад (өмірден озды 845), Ибн Сайд ан–Наса, Нураддина аль–Халаби тағы да басқалардың да еңбектерін атап өтпеске болмайды. Олар жазған агиографиялық пайғамбарлар мен мұ­сыл­­ман әулилері жөніндегі қиял–ғажайып шығармалар осы күнге дейін оқыр­манның қызығу­шылығын туғызады.

ҮІІІ ғасырдың екінші жартсы мен ІХ ғасырдың орта шенінде жеке­лен­ген тарихи оқиғаларға байланысты еңбектер пайда болады. Онда араб әскерінің жаулап алу, Халифаттың өз ішіндегі соғыстары баян­да­ла­ды. Бұл тақырып Абу Михнаф (774 өмірден озды), Абу Убайда (өмірден озды 824 өмірден озды) әсіресе аль–Мадаини (ІХ ғасырдың орта ше­нін­де қайтыс болған) шығарма­ларында көрініс тапты. Араб тарих ғылы­мы­ның орталығы көп уақытқа дейін Ирак болып қала берді.

ІХ ғасырдың екінші жартсында тархи баяндау тәсілімен жазылған шы­ғармалар пайда болды. Олардың ішіндегі ең көрнектісі аль–Белазури (шамамен 820 – шамамен 892); Абу Ханифа ад–Динавери (895 өмірден озды) және аль–Якуби еңбектері. Анналдар түрінде жазылған бұл шығар­ма­ларда әлем тарихына шолу, мұсылман қауымы тарихының алғаш­қы ке­зе­ңі, араб әскерінің жорықтары және Халифаттың саяси та­ри­­хы сөз бола­ды. Бұл жанрдағы ең ірі шығарма ат–Табаридің (838 не­месе 839-923) көп том­дық «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы». Толық аты Абу Джа­фар Мухаммад ибн Джари́р ат–Табари. Заманы­ның ірі тарихшы­сы. Пер­сия­да оқыған, бірақ шығамаларын арабша жаз­ған. Оны кейде мұсылман тарих­намасының атасы деп те атайды.

Мұнда әлем тарихы тіршілік басталғанан ІХ ғасырға дейінгі оқиға­лар баяндалады. Шығарманың толық мәтіні бізге дейін жетпеді. Ол 30 мың беттен тұр­ған екен, оқуға жеңіл болсын деп өзі көзі тірісінде қыс­қар­тыл­ған нұсқасын жасаған. Шығарманың парсы, француз, шағатай тіл­деріне ау­да­рыл­ғандары да бар. Кейінде көптеген авторлар оның ең­бегінің толық нұс­қасын кеңінен пайда­ланды.


Тарихи шығармалардың дидактикалық маңызын араб тарихшыла­ры жақсы түсінді. Осындай шығармалардың бір түрін жазған Ибн Мис­ка­вайх (103 жылы қайтыс болды.) аль–Масуди (957 қайтыс болды), Хам­зы аль–Исфа­хани (Х ғасырдың бірінші жартсында қайтыс болды), Ибн Миска­вайха, Ибн аль–Асира (11601233), тағы басқа осы сияқты автор­лар әлем тарихын түсінуге ты­рыс­­ты. Бұл ғалымдардың энциклопе­дия­лық білімі, өмірге деген көзқарасы ол­ар­дың жазған еңбектерін бүкіл әлемге паш етті.

Х ғасырдың екінші жартсында Аббасид халифатында билеушілер сарай­ында әулеттік хроника жазатын хатшы–мамандар пайда болды. Олар сарай ақындары сияқты елде, мемлекет ішінде болып жатқан уақи­ға­ларды жіп­ке тіз­ген моншақтай етіп тіркеп жазып отырды. Бұлардың ішін­де де жетістіктерге жеткендері бар. Солардың бір–екеуін атап өте­лік, аль–Ажах­шийари, қайтыс бол­ған уақыты 943; Хилаль ас–Саби. (969-1056), судей (Ваки аль–Кади, қайтыс болған уақыты 918; аль–Кинди, қайтыс болған уақыты 961; аль–Хуша­ни, қайтыс болған уақыты 971).

Жергілікті тарихқа, қалалар мен провинция тарихына арналған шы­ғар­малар жазылды. Мысалы Мекке тарихы – аль–Азраки (қайтыс бол­ған уақыты 858), Бағдад тарихы – Ибн Абу ТахираТайфура (819/20 – 893), аль–Хати­бааль–Бағдади (1002–71), Египет тарихы – Ибн Абд аль–Хака­ма (798-871), мұсыл­ман Испаниясы – Абд аль–Малика ибн Хабиба (796–853). Дамаск тарихы – аль–Каланиси (қайтыс болған уа­қы­ты 1160) және Ибн Асакира (1105-1176), Халеба (Алеппо) ­– Ибн аль–Адим (1192-1262), Гранад тарихы – Ибн аль–Хатиба (1313-1374).

Ерекше атап өтер тағы да бір тарихшы бар. Оның есімі аль–Хамдани (Х ға­сыр­дың екінші жартсында қайтыс болған), Иемен тарихшысы, Оң­түс­тік Ара­бия тайпаларының географисы, археологисы, генеологиясы жә­не әдебиеті жөн­ін­де энциклопедиялық еңбек жазған.

Ортағасырлық мұсылман тарихнамасының осы дәуірінде аннал­дар­мен байланысып жатқан өмірбаяндық шығармалар пайда болды. Бұл дәс­­түр Ибра­хим ас–Саби (994 өмірден озды) әулеттік тарихынан бас­та­лады. Одан кейін аль–Утби (961–1022, Буидтер тарихы, Газнавидтер та­рихы сияқты шығар­малармен толықты.

ХІІ–ХІІІ ғасырларда мұсылман тарихнамасының орталығы Сирия же­рі­не ау­ысты. Жергілікті Зенгид және Айюбидтер әулеті өз тарихын жаз­­дырды. Имад–ад–дина аль–Исфахани (1125-1201), Ибн Шаддад
(1145-1234), Абу Шам (1203-1268) әсіресе Ибн Васил (1207-1298). Осы салада үлкен жетістік­терге жетті. Осы жерде әлем тарихына бай­ла­ныс­ты туынды­­лар пайда болды. Абу–ль–Фид, 1273-1331; аз–Захаби, 1274-1353; Ибн Касир,1300-1373 және басқалардың шығармаларын атауға болады.

Араб тарихнамасының бір ерекшелігі – ондағы өмірбаяндық еңбек­тер­­дің басымдылығы. Якут, Ибн Халликан (1211-1282) және ас–Сафа­ди (1296/97 - 1363), Ибн аль–Кифти (1172–1248) және Ибн Абу Усай­би (1203-1270) тағы да басқа тарихшылар саяси, мәдени филосо­фия, меди­ци­на қайраткерлері жөнін­де баға жетпес құнды дүнилер қал­дыр­ды.