Файл: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 265

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3. Ежелгі түркі жұртының тарихи санасы.

1. Бітік жазулары. Біздің заманымыздың ҮІ ғасыры­ның орта шенінің жазба деректерінде алғаш рет кездесетін түркі жұртының тар­ихы ғасырлар тұңғиғына кететіндігі бәрімізге, көшпенділер (номадттар), сақ–скиф тай­па­ла­ры иран тілінің көне бір диалектісінде сөйлепті, (осетин ғалымы А. Абаев) де­ген тұжырымды көптеген ғалымдар қол­дамайды. Осы жолдың авторлары­ның бірі 1992 жылы алғаш рет сақ­тардың кейбір тайпалары көне түркі тілде­рін­де сөйлеуі мүмкін деген пікірді айтқан болатын. Сондықтан, сақ–скиф тай­паларын прототүрік тер­ге жатқызар болсақ түркі әлемінің тарихын біздің за­манымызға дейінгі дәу­ір­ден бастарымыз заңды сияқты. Ал енді олардың орнына саяси арена­ға көтерілген ғұн, қаңғар, үйсін мемлекеттерінің түркі жұртының туын кө­тер­гендігі тарихи ақиқат, көптеген ғалымдар мойындаған. Өз тарихын тас­қа жазып кеткен түркілер осы күні 250 миллионға жеткен.

2. Көне түркі мәдениетінің пайда болуы. Шартты түрде көне түркі өр­­­­­ке­­ние­­тін екі дәуірге бөлуге болады. Біріншісі – ҮІ–ІХ ал, екіншісі – ІХ–ХІІ ғасырлар арасы. Бірінші кезеңде саяси жағынан бір орталыққа бағын­ған им­перия қоластындағы түркілер, рухани жағынан – тәңіріге табынған. Екін­­ші ке­зең–көшпенді түркілер бірнеше ұсақ мемлекеттер құрады, седен­теризация процессін басынан өткізген түркі тайпалары рухани жағынан ислам дініне кіріп, түркілер ислам мәдениетінің озық үлгілерін жасады.

Қай халықтың болмасын рухани мәдениетінің негізінде тіл жатыр. Тіл халық, этнос тұтастығының негізгі белгісі. Тілдің негізінде әдебиет нұсқа­ла­ры жасалады. Тілдің әсері кезкелген этностың әдет–ғұрпының, мінез–құлқы­ның, ішкі дүниесінің, болмысының, қалыптасуына тиеді. Яғни тіл эт­нос мен­та­­ли­теті­нің синонимі іспетті. Жоғарда айтылғандай сақ–скиф за­ма­нында түркі тілінің негізгі қаланса, ғұн, қаңғар, үйсін дәуірінде оның пай­далану ая­сы ұлғайды. Ал түркі дәуірінде тіл өз дамуының көкжиегіне көтеріліп Еура­зия құрлығында қуатты да айбарлы тілдердің қатарына енді. Орыс ғалымы В.М. Носилов, қазақ ғалымы С.А. Аманжолов көне түркі тілдерін зерттеп, олардың Орхон–Енисей ескерткіш­терімен тығыз байла­ныс­­­­­тылығын дәлел­деді. Белгілі көне әдебиет зерттеушісі Х. Сүйіншәлиев “тілдік құрылысы жа­ғы­нан ескерткіш жазуы (Орхон–Енисей ескерт­кіш­те­рін айтып отыр А.К.) ескі қазақ тіліне мүлде жақын”дейді. Өкінішке орай Кар­пат пен Алтай таулары ара­сындағы сайын да­ланы мекендеген түркі ұлыстарының тіл ерекшеліктері жөнінде толық мағұ­лымат беретін ғылы­ми шығармаға әлі де зәру екендігіміз жасырын емес.


Көшпелілер өркениетінің терең зерттелген мәселелерінің бірі олар­дың жазуы яғни әліпбиі. Көптеген ғалымдардың айтуына қарғанда Орта­лық Азия­ның түркі жұрты руна, ұйғыр алфавиті негізіндегі таңбалы ескі жа­зу­ларды пай­да­ланған, ал кейінірек ислам дінін қабылдауға байланысты араб ал­фа­ви­ті­не көшкен. Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды: Ени­сей ес­кер­т­кіштері. Талас ескерткіштері. Орхон ескерткіштері. Орналасу жері бол­­­­­­­­­­­ма­са таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмашылық жоқ.

1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Ал­тай республикаларының (бәріде Ресей құрамындағы Түркі респу­бли­ка­ла­ры) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Ново­сибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары Ү–ҮІІ ғасырлардың аралығы. Бұл ай­мақ­тан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жал­пы саны қазір­гі кезде ша­ма­мен 150–дей.

2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақ­стан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішін­де көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мез­гілі бірыңғай ҮІІІ ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.

3. Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзен­де­рі­нің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіш­тер жатады. Қолданылған мезгілі ҮІІ–ҮІІІ ғасырлар. Ескер­т­кіш­тердің жал­пы са­ны 30 шақ­ты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жаз­ба­лар осы топқа жа­­­­­­та­ды. Бұ­ның ішін­де тарихи құндылығы жағынан «Құт­лығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше.

Яғни Көне Түркі жазулары Ү–ҮІІІ ғасырлар аралығында Сібір, Моң­ғо­лия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңі­­нен қол­данылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсе­тіліп отырған тарихи мезгіл (5–8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен ай­ма­ғы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түр­геш, Хазар қаған­дық­­тары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қаған­ды­ғы) мем­лекет­терінің ау­ма­ғы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түр­кі жазуларының Тибет аймағын­да­ғы және Еуро­палық даладаларғы нұс­қа­ла­ры белгілі.

Зерттелу тарихы. Көне түркі жазуын тауып оны оқудың өз тари­хы бар. Алғашқы түркілердің өз заманында қазіргі Моңғолия жерінде ме­кен­­­­дегені белгілі. Сондықтан да көне түркі дәуірінің біраз ескерткіштері Ор­хон өзеңі ал­қабында табылған.

Білге қаған, Күлтегін Тоныкөк, Он­гин, Судона, Құла–шора, Мойын–Шора ескерткіштері, біздің зама­ны­мыз­дың ҮІІ–ҮІІІ ғасыр­ла­р­ын­да, Түркі қағандығы дәуірлеп тұрған шамада жазыл­ған. Бұлардың бар­лы­ғы тасқа қашап, сыналап жазылған өз заманының белгілі адамдарының бейі­ті­нің басына орнатылған ес­керт­кіштер.

Өкініштісі көне түркі жазуын танып, оқу тек қана ХҮІІІ ғасырда мүмкін болды. С.Ремезовтың «Сібір қалаларының, жерлерінің, шөл жала­лар мен асуы қиын таулы өлкелерінің чертежі» деген еңбегінде «Орхон тасы» деп көрсетілген жер бар. Ол 1896–1897 ж. әйгілі Талас ескерткіші табылатын рунктке сай келеді. С.Ремезов көрсеткен мате­риа­л­дар 1701 ж. «Сібірдің, қа­ла­лардың және өлкелердің атласы» деген ең­бек­ті жасау үшін пай­даланылған.

1721–1722 жылдары Сібір өлкесін аралаған Д.Е. Мессершмидттің экс­пе­дициясы да рун жазуының кейбір элементтері жөнінде қысқаша мәлі­меттер жаз­ып қалдырған болса, айдауда /13 жыл/ жүріп, Сібірде қызмет іс­теген швед офицері Ф.И.Табберт – Страленберг, тіл біліміндегі жаңа ағым Орал–Алтай теориясының авторы, 1730 ж. Орхон–Енисей жазуының бірнеше үлгілерін тапқан. Олар Скандинвияның руналық жазуымен ұқсас­тығына қарап, оны «ру­на­лық» жазу деп атады. Атау онша дәл болма­ға­ны­мен, қолайлы болып шықты және ғылымда осы атау орнығып қалды. 1793 ж. П.С. Паллас Орхон–Енисей жазуының бір­­сы­пыра материалдарын жа­рия­лады.

Алдын ала берілген осындай азын–аулақ хабарлардан кейін Орхон–Енисей жазуының ескерткіштерін іздеуге баса назар аударыла бастады. 1818 жылы бірқатар жазу нұсқаларын Г.Спасский «Сибирский вестник» жур­на­лын­да жария­лады. Оны Ф.И.Круг 1828 ж. латын тіліне аударып басты. Ең­бек­ті сол уақыттың көрнекті ғалымдары А.Гумбольд пен Р.Ре­мю­за өте жақсы бағалады. 1847 жылы М.А. Кастрен Енисей губер­ния­сы­ның Минусинск округіндегі Шушинск болысынан руникалық құпия жазу ескерткіштерінің жаңа түрін тапты да оны Г.Спасский 1857 жы­­лы басып шығарды.

Бұл ескерткіштің мәтіні 1859 жылы тағы да жарияланды. 1887–1888 жыл­дары фин ғалымы Ж. Аспелин арнаулы экспедициямен барып, Енисей өзе­­ні­нің бойындағы жазуларды зерттеп қайтты. Оның ма­те­риал­дар 1889 жылы жария­ланды. Ж. Аспелин 1884 жылы Одесса қаласында өткізілген ар­хео­логиялық съезде жасаған баяндамасында Орхон–Енисей жазуының сырын ашу үшін оны оңнан солға қарай оқу керек деп шешкен болатын. Бұдан әрі руна жазуының әр алуан үлгілерін жинау жұмыстары қыза түсті. 1881 жылы И.С. Боголюбский /Ени­сей, Абакан өзендерінің оң жақ жағалауынан, Май­даш­ке қыстауынан т.б. жерлерден, А.В. Вдрианов /Саян тауынын маңайы­нан/, 1885 ж. И.В. Савенков /Тува өзенінің бойынан/ сияқ­ты зерттеушілер Орхон–Енисей жазуы бар бірталай тас кездестіреді. Өзіне дейінгі жазушылардың пікірін талдап, Н.М.Ядринцев 1885 жылы үлкен мақала жазады. 1889 жылы
Н.М. Ядринцев Көкшін Орхон (қазіргі Ұлан–Батыр қаласының батысында 400 км. жерде) өзенің алқабында жат­қан тасқа жа­зыл­ған ескерткіштерді тапты.

Бұл уақиға сол кездегі тек қана тіл біліміндегі емес, бүкіл көшпен­ділер руханияттын зерттеудегі үлкен бетбұрыстың, алғашқы көрінісі еді. Фин (1890), орыс ғалымдары (1891) арнаулы экспедициялар ұйым­дас­ты­рып, одан да басқа ескерткіштер тауып, үлкен ғылымның отауын тігіп, түріктану ғылы­м­ның негі­зін қалады. Фин ғалымы Аксель Олай Гей­кель, неміс ғалымы В.В. Радлов терең зерттеу жұмыстарының негі­зінде екі ат­лас жасап, оларға қо­сым­ша ретін­де алты жинақ шығарды. Бел­гілі дат ға­лы­мы Вильгелм Томсан 1893 жылы кездейсоқ табылған тастағы жазудың көшірмесін алып алғашқы рет сол жылдың желтоқсан айында Дания королдік ғылым Академиясының мәжілісінде оның оқылуын жария етті

Міне осыдан бастап көне түркі жазуын зерттеу дәстүрі қалыптасты. Ре­сей ғылымына зор үлес қосқан қазақ халқының досы ұлты неміс Фридрих–Виль­гельм Радлов) орыс ғылымдары П.М. Мелиоранский, С.Е. Ма­лов, Кляш­­торный қазақ ғалымдары Ғ. Айдаров, М. Жолдас­бе­ков, Қ. Өмір­­­­­алив кө­­не тү­р­кі жазуын оқуға үлкен үлес қосты.

Осы орайда, алғашқы рет осы ескерткіштерге көңіл бөліп, оған қам­қор­лық жасап халқымыздың игілігіне жарату қажеттілігін айтқан қадір­менді жерлесіміз, ұлтымыздың қадірлісі Ілияс Омаров болатын. Өзің сол кездегі Қаз­ақстан коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Ж. Шаях­ме­товке жаз­ған хатында «Егер біз олардың бәрін бір орталыққа жинап, жинастырсақ, болашақ ұрпақ өздерінің тарихи мұраларын ертерек та­нып, сауатын ашар еді, мақтаныш сезіміне бөленер еді» -деп жазды. Амал қан­ша Кеңес дәуірінде ондай аға­ла­ры­мыз арманына жете алмай кетті. Тек тә­уел­сіз­дікке қол жеткізген ал­ғашқы жылдары И.Н. Тасмағамбетов сын­ды кө­кі­регі ояу, көң­ілі таза, ұлтжанды баурымыз 1997 жылдың маусым айында ел­ба­сы­мызға жаз­ған хатында «Республика­мыз­да көне түркінің орхон сына жа­зу­лары тәрізді жәдігер–жауһарлары­мыз­дың болуы, басқаны былай қойғанда, өс­келен ұр­па­қ­тың білім деңгей­і­нің жоғарлауына сөзсіз ықпал етіп, оқу пән­дері­нің маз­мұнын қайта қарау­ға және оқулықтардың жаңа үлгілерін дайын­дау барысында көп кө­мек ет­кен болар еді» (бұл да сонда) – деп жазды. Иман­ға­ли Нұрғалиұлының бас­та­масы ел президенті жағынан қолдау тапты. Сөйтіп жа­пон ғалымдарының кө­мегімен «Күлтегін» және «Тоны­көк» құлып­тастары­ның көшірмесі Астанаға әкелініп, бүгінде Л.Н. Гуми­лев атын­дағы Евразия университетінде сақтаулы тұр.


Түркі жазуларының мазмұны. Тарих ғылымындағы соңғы факті­лер­­­­­­ге жүгінсек сына жазуды біздің заманымызға дейінгі қазақ жерін ме­кен­деген сақ тайпалары да пайдаланған секілді. Бұған дерек немесе дәлел жоқ. Гипо­те­за ретінде қабылдауларыңызды өтінеміз. Ал енді біз­дің заманымыздың ІІІ–Ү ғасырлар аралығында руналық жазудың ғұн жә­не шығыс вариантары болған. Жетісу мен моңғол жеріндегі түркілер ҮІ–ҮІІ ғасырларда көне түркі жазу өнерін одан әрі дамытқан. Ал енді ғұн вариан­ты негізінде бұлғыр, хазар, қаңғар және қыпшақ жазулары қалыптасқан.

Көне түркілер жазу үшін ағаш тақтайшаларды пайдаланған. Бұл жө­нін­де XIII ғасырдың екінші жартсында жазылған «Кодекс куманикус» ат­ты кітапта кездесетін «біті–біті бітідім, бес агачка бітідім», «Узун агач басында улу бі­ті бітідім» деген мақалдар дәлел. Бұл жерде «біті­дім» деп тұрғаны жаз­дым» (Ежелгі дәуір әдебиеті. Жоғарғы оқу орын­да­ры филология факультет­те­рі сту­дент­теріне арналған хрестоматиялық оқу құралы. Құрастырған және өмір­­баяндық деректерді жазған А. Қы­рау­баев. Алматы. Ана тілі 1991, 177 бет.) дегені. Жазу өнерін түркі жұр­тында кең тарғандығын басқа да мақал–мәтел­дерден, жұмбақ–аңыз­дар­дан көреміз.

Қорыта айтқанда, жазу өнері көне заманнан бастау алып, бірде өрбіп, бір­­де сөніп, бірде өсіп, бірде өшіп біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Отар­­­­шыл­дық дәуірінде жазу–сызуы болмаған, екінші дәрежелі халық­тың сан­атына қосылып, кеудені түзу ұстап, еңсеміз биік болмағандығы қан­дай өкі­­нішті.

Көне түркілердің терең мағыналы рухани әлемі болғандығының ке­ле­сі бір дәлелі–оның көркем әдебиеті. Әлбетте, кез келген халықтың мә­дениетінің не­гізін қалайтыны - ауыз әдебиеті. Оны халық жасайды. Ол кө­бінесе, мақал–мәтел, ертегі–аңыз, жұмбақ ретінде қалыптасады да ха­лық жадында сақтала­ды. Уа­қ­ыт өте авторлары ұмытылып, халық әде­бие­ті нұсқасы статусына ие болып қалады.

Көптеген деректерде, әсіресе қытай көне жазбаларында, ауыз әде­бие­ті әсіресе оның поэтикалық жанры түркілерге дейін қалыптасқан еді. Қа­зақ әде­биетінің көне дәуірін зерттеуші профессор Немет Келім­бе­тов тіпті сақ за­ма­нында дастан айту өнерінің болғандығын айтады. Әри­не жалаң сөз – дәлел емес. Дегенмен, олардан кейінгі заманда өмір сүр­ген ақындар мен ғалымдар көне түркілерде тамыры тереңге кеткен ауыз әдебиетінің бар екендігін жазып кеткен. Мысалы, көне түркілердің «Өтукен», «Ергене Көң» деген қасиетті жер­лері туралы аңызды кез­дес­ті­реміз.