Файл: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 269

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк жазбаларын ғылымда алғаш рет 1965 жылы орыс ғалымы Т. Стеблева тарихи дастан ретінде бағалайды. Қа­зақ ғалым Х. Сүйнішалиев осы ойды ары қарай дамыта отырып жыр­дың қазаққа жақындығын, қазіргі қазақ өлеңдерінде сақталған дәс­түр­лер­мен са­бақ­тасып жатқандығын дәлелдейді.

Поэзия жанрында жазылған бұл шығармалар, әлбетте, өте бағалы та­ри­хи дерек. Мұнда айтылған фактілерді ой елегінен өткізіп, археология­лық және де басқа деректермен салыстыра отырып, көне түркі қоғамын ре­­­конс­трукция жасау үшін пайдалануға әбден болады.

Кошо–цайдам тақтасы – түркі хандары Күлтегин (732) және Біл­ге қа­ған­дарға арналған (735). Екеуінің де авторы қаған әулетінің бір мү­шесі Иолығ–тегін. Бір ескеретіні ол алғашқы түркі тарихшысы. Бұл екі ескерткіш те басқа жәдігерлер үшін эталон сияқты. Кошо–цайдам мәтін­деріне Тоныкөк (716 ж.), Күлі–шор (722 ж.), Онгин жазуларыда жа­та­ды. Оларда негізінен Шығыс түркі қағандығы тарихы жөнінде мәлімет бар. Дегенмен онда Батыс түркі жерлерін мекендейтін «он оқ бүдүн», түркеш, қарлық, оғыз, кенегеарес, Жетысудағы соғдылар айтылады.

Орхон ескерткіштеріне жататын Селенг тасы (немесе Шине Усу ескерткіші), Терхин тақтасы (756 ж.) Елтеріс Білге–қаған (747–759 жж.) арналады. Бұл ескерткіштерде алғаш рет түркілермен бірге билік құрған қып­шақ этносы сөз болады. Дәл осы жерде Елтеріс–қағанның түркі, түргеш, қар­лық және басмыл тайпаларымен қарым–қатынасы баяндалады. Алтай–тар­ба­ғатай қарлықтарының Жетісуға қоныс аударуы сияқты тарихи оқи­ғалардың уақыты көрсетіледі. Кейінде Қарлық және Қарахан мем­ле­кет­терін құруға ат салысқан ягма тай­па­ла­ры туралы алғашқы мәлімет те осы ескерткіштерде кездеседі. Ени­сей өзе­ні алқабында табылған, Қырғыз мемлекеті туралы мағұлымат беретін Енисей және Суджин тақтасында да қазақ жерін мекен­де­ген тайпалар жөнінде ақпарат кездеседі. Бір жерінде қыр­ғыз елінде қайтыс бол­ған түркеш бегі туралы айтылса, екінші бір же­рін­де, керісінше, түркештің Қа­ра ханына елшілікке кетіп, оралмаған қыр­ғыз­ды жоқтайды. Бұл оқи­ға­лар шамамен 744–756 жылдары болған.

Жетісу жеріненде Талас өзені бойынан Батыс Түркі қағандығы та­ри­хы­нан сыр шертетін 12 жазу табылды. Олардың көпшілігі тасқа, метал моне­­та­лар­ға, ыдыс–аяқ, ағаш таяқшаға жазылған. Ескерткіштер шама­мен ҮІ–ҮІІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Мұнда қара түркештер әуле­ті­нің Сулук Чабыт–чора және оның баласы билік құрған дәуір жөнінде ақ­па­рат береді.


Түркі әулеті VІ ғасырдың орта шенінде жеке мемлекет ретінде тари­хи аренаға шықты. Алғаш рет жазба деректерінде Түрік қағандығы мен Қы­­­тай пат­шалығы арасындағы мемлекет аралық қарым–қатынас баян­далады. Күл­тегін ескерткішінде Қытайдың езгісінде болып, құрып кету­ге таянған түркі тайпа­ларының басын қосып, тәуелсіздікке жеткізген есіл ерлердің ерлігі жырланады. «Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп ал­да­нып түркі хал­қы, қырыл­дың, түркі халқы жойылдың» (Ежелгі дәуір әдебиеті... 7 бет.) делінеді жырда.

VІ ғасырдың аяғы мен ХІІ ғасырдың басында жеке мемлекет болып шық­қан. Түрік қағандығы Алтай мен Карпат таулары аралығын бағын­дырып, Ұлы түркі қағаңдығын құрады. Бұл процесс Күлтегін жырында былай кө­рі­ніс табады «Ілгері – Шаң–түң жазыққа дейін жау­ла­дым, Тибетке сәл жет­­­­пе­дім. Батыста Інжу (Сырдария А.К.) өзеңін ке­ше Темір Қақпаға де­йін жау­ла­дым. Терістікте – Байырқы жеріне де­йін жауладым. Осынша­ма жерге дей­ін жорттым» (Бұл да сонда. 6 б.).

Күлтегін өз елінің гүлденуіне көп еңбек сіңірген адам. Көне түрік қауымы эгали­тарлы қоғамнан шығып стратты қоғамға кіре бастаған уақы­ты еді. Әлеу­меттік құрылымы жағынан үш топқа: бектер, қара­бү­деңдер және таттар болып бөлі­нетін түркі жұрты біртұтас, мызғымас берік қауым болып қалыптасқан сияқты. Оған мына төмеңдегі жолдар куә. «...кедей халықты көп көтердім, кедей халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым» (Бұл да сонда. 8 бет).

Данышпан сол бабамыздың бізге қалдырған мына сөздерін оқып, ойла­найық: «Көк тәңірі жаратқан, көк тәңірге ұқсас мен түрік қаға­ны, міне патшалық таққа отырдым. Менің халқым, руластарым, ата­­лас­та­рым, туыстарым, бауырластарым, менің соңыма ерген барлық­тарың менің бір сөзімді де қалт жібермей тыңдаңыздар. Жо­ға­рыда көк аспан жара­тыл­ғанда, жер төменде қарайып жатты. Еке­уінің ара­сында адамның баласы жара­тылды. Барлық адам баласының үсті­нен менің бабаларым Бұлқын қаған мен Естемі қаған қарады. Патша­лық таққа отырып, олар әр тай­па өзін­ің одағын құр­ды. Солардың бірі түркі халқы болды. Дүниенің төрт бұрышы олар­дың жауы болды. Әскер алып шығып, дүниенің төрт бұрыш­ын­дағы бар­лық халықты ба­ғын­дырып алды. Сөйтіп оларды бейбіт өмір сү­ру­ге мәжбүр етті. Басы бар­лардың басын игізді, тізесібарлардың тізе­сін бүктірді. Менің інім Күл­тегін өмірден өтті, мен қайғырдым. Өткір кө­зім өшкендей болды. Өт­кір ойым сөнгендей болды. Уақыт­ты білмей­тін көк тәңірі. Адам баласы туғанда өмірден өту үшін туады»

,– деп жазылған. Зираттың басына қойылған көк тасындағы жазу, міне, осындай. Жазудағы терең ой–сөзі­нің қарапайымдылығында. Данышпан Тоныкөк қа­ған: «Мен қартай­дым, дәрежем көкке жетті. Егер жер бетіндегі қаған бар бір халық­тың ішінде жұмысқа құлқы жоқ, жұмыс істегісі келмейтін бір бей­ша­ра болса, ол сол халық үшін қандай қасірет болған болар еді. Мен да­ныш­пан Төныкөк: Білге қағанның түркі халқы үшін осының бәрін жа­зу­ға бұйырдым»,– деген сөзін тасқа қашатқан. Ұққан адамға еңбек сүйгіш бол, «сенің халқынды, елінді көр­се­теді, еңбек етпеген жалқау адам елін, халқын кері тартады, қырсығы тиеді», – деп кейінгі ұрпақтарға өсиеті, ақыл, нақыл, ой тұ­жы­рымын қал­дырған.

VІІІ ғасырға жататын «Тоныкөк» жырыңда да ел қорғау, түркі жұр­тының бірлігі, ел ішіндегі тыныштық, батырлардың бірлігі сөз болады. Тоны­көк тарихи тұлға, білімді, тәрбиелі. Ол өз дұшпандарының жоспа­рын, айла–амалдарын күні бұрын сезеді. Кез келген келіспеушілікті ақыл­ға салып, ұтымды келіссөз жүргізіп, қан төгіссіз шешуге тырысқан.

Көне түркі деректерінің құндылығы, біріншіден, олардың автор­ла­ры­­ның жергілікті (автохтонды), екіншіден, олар өз көздерімен көрген, өз­дері қа­тынасқан (аутентивті) оқиғаларды баяндайды. Сондықтан да он­дағы сая­си, экономикалық және мәдени процесстер объктивті.

Қорыта айтқанда, түркі жұртының рухани әлемітек осы шығармалар­мен шектелмейді. Сөз саптауы, поэтикалық өлшемдермен келетін көне түркі әде­би­е­тінің алғашқы нұсқалары зерттелу үстінде. Бұл процесс жа­ңа ғана өз жал­­ға­­сын тапқан сияқты. Кез келген жыр, эпикалық шығарма, ертегі–аңыздар үл­кен тари­хи дерек. Сондықтан да әрі ғылыми, әрі тәр­биелік, әрі танымдық мә­ні бар мұн­дай жәдігерлерді кешеңді түрде зерт­теу қажет. Жырдағы ата жо­лын­да беріктік, өткендер жасаған ерлік жо­рық­тары мақтан тұту, түркі елінің басқа да мемлекет­термен терезесі тең тұруы, тіпті, керек десеңіз, олардан жо­ға­ры тұруы бүгінгі жас­тарды отан­шылдық рухта тәрбиелеуде таптырмас мы­сал екендігі талас ту­дыр­мауға тиіс.
Бекіту сұрақтары:

1. Ежелгі Қосөзендегі тарихи сана?

2. Ертедегі Иран мен Египетте тарихи сананың қалыптасуы?

3. Ежелгі Қытайда тарихи сананың қалыптасуы?

4. Үндістандағы тарихи сана ерекшеліктері?

5. Мұсылман тарихнамасындағы тарихи сананың қалыптасуы?

6. Көне түркі мәдениеті қандай дәуірлерге бөлінеді?

7. Бітік жазу ескерткіштерін зерттеген кімдер?

8. Көне түркі ескерткіштері қандай топтарға бөлінеді?


9. Бітік жазу авторларының тарихи санасы туралы не білесіз?
Әдебиет

Репина Л.П., Зверева В.В., Парамонова М.Ю. История историчес­ко­го знания. М., 2004. – 266 с.

Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. Алматы: Ғылым. 2 томдық. 1998.

Абиль Е., Әлібек Т., Күзембайұлы А. Некоторые вопросы методоло­гии и теории истории Казахстана. Қостанай 2009.

Қазақстан тарихы бойынша қытай деректемелері. Бес томдық. Алматы: «Дайк-Пресс», 2005 История Казахстана в персидских источниках. В пяти томах. Алматы: «Дайк-Пресс»,2005.

Аманжолов С.А. Вопросы диалектологиии истории казахского языка. Алма–Ата,1959.

Айдаров Ғ. Тексты орхонских памятников. Алма–Ата. 1990.

Ежелгі дәуір әдебиеті. Жоғарғы оқу орындары филология факультеттері студенттеріне арналған хрестоматиялық оқу құралы. (Құрастырған және өмірбаяндық деректерді жазған А. Қыраубаева) Алматы. Ана тілі 1991.

Кляшторный С. Г. Древнетюркские рунические памятники как источник истории по Средней Азии. А.: Наука, 1964.

Келімбетов Н. Қазақ әдебиетті бастаулары (Көркемдік дәстүр жалғас­ты­ғы). Алматы «Ана тілі», 1998.

Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. Тексты и иссле­до­­вания. М.; Л.: Изд–во АН СССР, 1951.

Өмірәлиев Қ. ХҮ–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. Алматы. «Ғылым», 1976.


II. АНТИКА ДӘУІРІНДЕГІ ТАРИХИ ОЙ
Антика тарихнамасы – бұл антика дәуірінде жазылған, грек және латын тілдеріндегі тарихи шығармалар. Бұл кезеңнің хронологиясы б.з.д. 1000 жыл­дан – б.з. 500 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

  1. Көне грек тарихнамасы. Алғашқы кезде тарих көркем проза­ның­ жа­нры ғана болды. Оның пайда болған жері – грек мәдениетінің орта­лы­ғы кіші аз­ия­лық Иония, яғни Милет. Логогра́фтар (грек сөзі логос – сөз, гра­фо – жаза­мын) деп аталатын бұл топ екі бағытқа бөлін­ді. Бі­рі – тарих­шы­лар, екін­ші­лері – сөз жазатындар. Бұлардың екі дәуірінің бол­ған­ды­ғы белгілі. Аға ұр­па­ғы – ҮІ–Ү ғасырлардың алғашқы жар­тысы. Кадм Ми­лет­­ский, Гека­тей Миле­ский, Скилак.

Бүгінгі ғылымға белгілі ең алғашқы жазушы әрі әдебиетші – Кіші Азия­­­­­­­дағы Милет қаласының тұрғыны Пандион баласы Кадм. Шамамен біз­дің дәуір­імізге дейінгі ҮІ ғасырдың басында дүниеге келген. Өмір сүр­ген уақыты да, он­ың өмірбаяны да бізге беймәлім.

Византияда Х ғасырда жазылған Суда сөздігінде (Suidae Lexicon 1854 жылы грек тілінде жарияланған) оның төрт кітаптан тұратын «Милет және жал­пы Ионияның пайда болуы» деп аталған шығарма жазғандығы айтылады. Финикия әліпбиін алғаш Грекия еліне әкелгенде осы Кадм екен­дігін де осы деректен оқимыз. ІХ–Х ғасырдағы болгар жазушысы Храбр­дың «Сказание о письменах .....» деген шығармасында Кадмның грек әліпбиінің 16 әрпіне 3 әріп қосқаны жөнінде мәлімет бар.

Тарихта Кадм есімді бірнеше адам болған сияқты. Жоғардағы деректе 12 кітаптан тұратын «Аттика тарихын» жазған Архелай баласы Кадм тура­лы ай­тылады. Бұлардың қайсысы бұрын өмір сүргендігі тағы белгісіз. Орыс­тың 1890–1907 жылдары жылдары жазылған 82 томдық Брокгауз Ф. А. және Еф­рон­ның И.А. энциклопедиясында грек әдебие­тін­де бұларға дейін прозамен жаз­ыл­ған шығармалардың болмағанды ай­тады.

Милетте туған екінші бір автор Гектай. Шамамен б.д.д. 550 – 490 жыл­дары өмір сүрген. Көне грек тарихшысы, әрі географы. Геродоттың ру­­ха­ни әке­сі, оған дем беруші.

Оның заманы – гректердің парсыларға қарсы соғыстарының заманы. Гек­тай барлық саяси оқиғаларға қатынасқан адам. Тіпті парсыларға ел­ші ретіндегі қызметі де тарихта қалған.