Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 146

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Д.: Кейбір мүсіннің түрі тым әсіреленген сияқты. Бұлай істеуге нендей себеп болды?

Дж.: Иә, әрине, оның себебі болды. Сол заманның адамдарының түрі осындай еді. Эволюцияның әсерінен адамның түрі анағұрлым жетілді. Адамның түрі Суқұйғыш дәуірінің алтын кезеңіне өткенде бұдан да құлпыра түседі.

Д.: Мүсіндердің басында «қалпақтары» немесе «тұлым» болды. Сонысы кейін жерге түсіп қапты. Оларды басқа материалдан жасаған.

Дж.: Иә. Бұл рухани байланыстың символы. Бұл сондай шаш үлгісі еді. Осы тұлымнан тартып, материалды Ғаламнан суырып алуға болады деп айтқан. (Күлді). Сондықтан жасап қойған ғой.

Д.: Бірақ тұлым мүсіннің денесіне қарағанда басқа тастан жасалды.

Дж.: Иә, сіздің де шашыңыз тәніңізден бөлек қой. Бұл адамдар түрлі шаш үлгісі тәннен шығуға көмектеседі деп түсінген. Олардың ойынша, рухани болмыс – олардың жаны емес, Ғаламның басты рухы болып саналған – оларға астралға шығуға көмектеседі деп сенген. Оларды «тұлымнан» тартып шығарады деп ойлаған. Бірақ бұл өте көне заманда болған ғой.

Д.: Сол себепті ғалымдарға бұның бәрін түсіну қиын. Олар бұл мүсіндерді көп кейін өмір сүрген адамдар жасады деп ойлайды.

Дж.: Лемуриялықтардың ұрпақтары.


Д.: Бұл аралға кейін басқа адамдар келді ме?

Дж.: О, иә. Бұл аралға әр түрлі адамдар келген. Олар кей тастарды бүлдірді. Олар каннибалдар еді, хайуан сияқты.


Д.: Жергілікті халық емес пе еді?

Дж.: Жоқ, жергілікті халық емес. Сол тайпалар келгенде лемуриялықтардың ұрпақтары әлі де мекендеуші еді. Сол жауыз адамдар келді де, оларды жеп қойды.


Д.: Лемуриялықтардың ұрпақтарынан аман қалған біреу болды ма?

Дж.: Жоқ, ешкім қалмады. Әлгі тайпалар дымын қалдырмай қырып тастады. Пасха аралының айналасында хайуанаттар өте көп. Бірақ аралдың өзінде тіршілік аз. Сондықтан әлгі жауынгер адамдар тірі адамды ұстап жеді.


Д.: Сонда аралды қазір мекендейтіндер сол жауынгер адамдардың ұрпақтары ма?

Дж.: Иә. Сол жауынгер тайпалардың ұрпақтары қазір сонда тұрады. Лемуриялықтар рухани бай, психикасы қатты дамыған адамдар еді. Ал мыналар қарабайыр өмір сүргендер. Бұлардың ешбір өнер табысы болмады. Қазіргі біздегідей жетістігі болмады. Олардың ауылдары болды. Қалаға ұқсайтын. Қаланы оңай алмастыратын материалдан салатын. Мысалы, пальма ағашының жапырағы, түрлі өсімдіктерден.

Д.: Ғалымдар қолжазба тауыпты. Осы адамдардың жазбасы сияқты. Бірақ қолжазба қай мезгілде жазылғанын таппай жатыр.

Дж.: Бұл қолжазба ежелгі лемуриялықтардан ұрпақтарына ауысқан. Ал ұрпақтарын әлгі жауынгерлер қырып тастады. Оларды тәтті тамақ деп ойлап қалды. Оларға жабайыларға қарағандай қарады. Алайда ол адамдар ежелгі дәстүрді сақтаушылар еді. Олардың кей пайғамбарлары өткен шақ пен Лемурияны күйреткен Жер бетіндегі өзгерістер туралы қолжазба жазып қалдырған.



Д.: Сонда олар қолжазбаны сақтаған, бірақ ішінде не жазылғанын білмеген бе? Солай ма?

Дж.: Лемуриялықтардың ұрпақтары білген ғой.


Д.: Ал, анау басқа адамдар ше?

Дж.: О, жоқ. Олар жабайы адамдар. Олар өте жауынгер болды. Жаулап алушы тайпаның бақсысы осы жердің рухтарымен байланыс орнатты. Кей жазбаларды оқыған болуы керек. Бірақ олар... Ол туралы айтқым да келмейді. Олар өте жауынгер, өте жауыз... Мына жерден кеткім кеп тұр. Оның маған көрсеткеніне қарағанда, олар өте қаныпезер адамдар. Олар адамның жүрегін кесіп алып жатыр. Бұл, сұмдық.

Транстан шыққан соң Джон әлгі адамдардың лемуриялықтарды аулауға шыққаннын көргенін айтты. Ұстап алған адамның кеудесін жарып, жүрегін жұлып алғанын айтты. Сосын жүрек соғып тұрғанша лезде соны жеп қойған. Бұл көрініс оның құсқысын келтіргені түсінікті болды.

Д.: Жарайды. Жүрегіңді айнытатын дүние көрмей-ақ қой.

Дж.: Шырақшы басқа нәрсеге ауыса аламыз дейді.

Д.: Иә, тақырыпты өзгертейік. Арнаны ауыстырайық. Басқа нәрсе көрейік.
ТАБЫТ-САҚИНА

Долорес: Інжілде Табыт-сақина туралы көп айтылады. Бұл заттың айналасында да құпия көп.

Фил: Иә, біз оны білеміз. Сіз оған қабылдағыш сияқты қараңыз – радиоқабылдағыш сияқты – ол жоғары деңгейдегі хабарламаны қабылдап, соны жер бетіне жеткізіп отырған. Сонда адамдар нақты хабар алып отырған. Әйтпесе, ол заманның адамдарының санасы мұншалықты ақпаратты қабылдамас еді.


Д.: Осылай адамдармен тілдесіп отырған ба?

Ф.: Иә. Бұл хабарлама еді.


Д.: Бұндай табыт-сақинаны жасау қалай ойға келген?

Ф.: Бұл сыйлық еді. Оны сыйдыратын орын керек болды. Мұндай орын жасауға небір шеберлер тартылды. Ал қабылдағыштың өзін жасауға ғаламшарға дамуға көмектестен бөгде ғаламшарлық жаратылыстар көмектескен. Адамдар бұл табытты қайда қою жөнінде нұсқау алды. Ол қалай қосылатынын ешкім көрмесін деп ойлаған. Мұны түн жарымында іске қосқан. Адамдарға табытты тастап кетіңдер дейді, сосын оны өздері қосады. Ол ғаламшарды тіпті қазірдің өзінде айналдыра қоршаған ғарыш қуатын өзіне тартты. Сосын қолданысқа дайын болды. Ол табыт-сақина қазір қайда екенін білгіңіз келетін шығар. Бірақ оның қайда екенін айтуға болмайды. Дегенмен, ол сенімді жерде тұр.



Д.: Ол баяғыдай Жер бетінде қап кетті ме?

Ф.: Оны айта алмаймыз.

Д.: Інжілге сенсек, ол қауіпті бола бастаған.

Ф.: Солай. Оны теріс қолдана бастады. Өздігінен ол шөптің сабағындай еді, еш қауіпсіз, инертті. Оны саяси тұрғыда қолдану бастапқы мағынасынан бұра тартты.


Д.: Інжілде адамдар оған қол тигізсе, өліп кететін деп жазылған. Оның қандай күші бар еді?

Ф.: Оның ішінде қуат бар еді. Адам қол тигізсе өліп кетуі ықтимал. Ол үшін табытты адамдар тауып алып ашпауы керек еді. Олар оның ішінде не барын білмегені абзал еді. Оның айналасында қорғаныш аура болуы тиіс еді. Адамдар оны көргенде үрей мен құрметті қатар сезінуі керек болған.

Осы тұсқа келгенде жазбаның дауысы қатты бүлініпті. Ары қарай түсіну қиын болды. Өте қатты шу боп жатқандай. Филдың дауысын тұтастай басып тастаған. Мен өз сұрақтарымды естіп тұрмын, бірақ Филдың жауабын өшіріп тастапты. Табыт-сақина туралы әңгімеміздің соңы мен Бермуд ұштағаны туралы әңгіменің басы жоқ.

Бәлкім, бұл жазбаларды кейін қалпына келтіруге болар деп үміттенем. Қазіргі компьютерлердің көмегімен шу мен дауысты бөліп алуға болар деп ойлап тұрмын. Кассетадағы осы жазбаның соңғы жағында дыбыс қайтып қалпына келген, арғы жағында да бәрі естіліп тұр. Филдың диктофоны төсектің арғы жағында тұрған. Оның да тура сол жеріндегі әңгімесі бүлінген.

Егер кассета тұтас бұзылса, екі жағындағы жазба бүтіндей құрып кетер еді. Егер диктофон бұзылса, неге ар жағындағы жазба сол қалпында шығып тұр? Радиоэлектроника маманы егер диктофон теледидар не қуаты бар заттың үстінде тұрса, бұзылуы мүмкін деді. Бірақ ол төсектің жанындағы кішкентай үстелде тұрған. Жанымызда радио да болмады. Неге дыбыс қайтадан қалпына келгенін де ешкім түсіндіре алмады. Егер электронды белгі зиянын тигізсе, ол кассетаның екі жағына да қатар зиянды болар еді.

Содан бері мұндай жайт басқа сеанстар, басқа клиенттермен де боп тұрды. Менің диктофоным қызық жайттарды бастан кешті. Сырттан қуат күштері әсер еткендей (бұл шу, дыбыстың өзгеруі, дыбыстың жылдам не баяу шығуы, екі дауыстың бір мезетте шығуы және т.б). Бұлай болған кезде кассетаға не жазылғанын еске түсіруге тырысамын. Бірақ есіме түспейтін. Келесі аптада Филмен жаңа сеанс жасап жатқан кезде, мен «олардан» не болып жатқанын сұрадым.

Д.: Өткен жолы Табыт-сақина мен Бермуд ұштағаны туралы көп сұрақ қойып едік. Өте қызық жауап алған едім. Бірақ осы ақпарат диктофонға жазылмай қапты. Неге екенін білесіз бе?


Ф.: Ол ақпараттың бойында қуатты құйын болды. Сол жерде айтылған әңгімедегідей. Ғаламшарда осындай қуаттар бар, олардан бәрі материалданады. Бұл қуаттар қазіргі таңда осы ғаламшарда әлі бар. Бұл ғаламшар қазіргі таңда жаңа саналы ғасырға өтіп жатқандықтан қуаттардың табиғаты сондай болып тұр.


Д.: Сіз Жерді айтып тұрсыз ба, әлде өзіңіз жүрген Үш Сүмбі ғаламшарын айтып тұрсыз ба?

Ф.: Жерді. Бұл ғаламшардың қуаты сондай, ойдың бәрі материалданады. Сондықтан мұндай қуаттарға аса сақ болу керек.

Д.: Мен диктофонның дұрыс жұмыс істеп тұрғанын білген ем.

Ф.: Иә. Диктофон айтылғанның бәрін жазды. Байқағаныңыздай сіздің диктофон адамнан гөрі көп дүниені қабылдай алады. Осы тектес машина мен механизмдердің деңгейі көтеріліп келеді. Олардың қуат деңгейі қалыпты түрде көтеріледі. Себебі, олар жердің бір бөлігі, Жер бетінде бәрі осындай қуаттармен қуатталған.

Мен оған тағы да сол сұрақтарды қайтып қойғым келетінін айттым. Сол ақпаратты қолданғым келетін ескерткім келген. Бірақ енді тек өзімнің жадыма ғана сенуім керек болды. Себебі, қолда жазбаларым қалмады.

Ф.: Қаласаңыз, сол сұрақтарды қоюыңызға болады. Онда тұрған дәнеңе жоқ. Д.: Алдыңғы жағдай қайталанбайтындай оның алдын алуға бола ма екен?

Ф.: Бізден сұраған қуатты дәлдікпен фокусқа түсіруге тырысу керек.

Алайда мұның барлығы қайталануы ықтимал. Себебі, бұл өткізуші өн бойынан өтетін қуаттарға жауапты. Ол қуаттардың кең спектрін сезініп, бойынан өтетін қуаттарды шектеп үйренуі тиіс. Бұл қуаттар зиянды емес. Бұл қуаттар оның бойынан өтіп, сіздің кассетада пайда болады. Олар ешбір зиян тигізбейді.

Д.: Тек диктофон механизмі оларды жазып алатын боп тұр.

Сосын мен қайталап Бермуд үштағаны туралы сұрақтарымды қойдым. Бұл жолы ешкім бөгет жасамас деп үміттендім. Кассетаны тыңдап шыққанымда бәрі дұрыс екен. Фил екеуміздің ұзақ жылдар бойы жасаған жұмысымыз кезінде диктофонға байланысты талай қызықтар өткен. Бірақ мынау сияқты зияндысы болмаған еді. 1980-1990 жылдар аралығында мен әр мүмкіндік туған сайын түрлі клиенттерге түрлі сұрақтар қойдым.


Долорес: Табыт-сақина өте қауіпті болғаны рас па?

Брэнда: Әрине! Ол қуатты құрылғы еді ғой.

Д.: Қолы тиген адамдарға зиянды болғаны туралы хикаялар көп.

Б.: Егер оны қалай қолдануды білмесе, дұрыстап қорғана алмағандар үшін қауіпті болғаны рас.


Д.: Табыт-сақинаға не болғанын білесің бе?

Б.: Ол бірнеше ғасыр бойы істеп тұрды. Не болғанын тап басып айту қиын. Мұндай Табыт-сақина жалғыз емес еді. Бірін адамдар көпірден алып өтіп бара жатқанда бір адам сүрініп кетіп, шатқалға түсіріп алады.



Д.: Бұл шөл даланы кезу кезінде ме?

Б.: Одан кейін. Келесі Табыт-сақина бірнеше ғасыр ғибадатханада сақталды. Елге жау шапқанда, оны тығып тастады. Үшіншісі әлі де бар. Оны да тығып қойған. Оны белгілі бір адамдар тобы біледі.

Д.: Мен Табыт-сақиналар бірнешеу болғанын білмеген екенмін. (О, әрине). Олардың бәрі бір заманда болған ба? Әлде біріншісі шатқалға түсіп кеткен соң жаңасын жасаған ба?

Б.: Алдымен біріншісін жасаған. Сосын қалғандарын. Одан кейінгі ғасырларда. Олардың бірі әлі де бар. Шатқалға түсіп кеткен мұздың астында жатыр. Мұз жылтыраған кезде оны көріп қалуға болады. Екіншісін үңгірге тығып қойған. Оны табатын, таппайтынын көрмей тұрмын. Үшіншісі жеке банктің сейфінде тұр.


Д.: Қай елде тұрғанын білесің бе?

Б.: Айту қиын. Технологиясы дамыған Батыс елдерінің бірі.


Д.: Егер банк сейфінде тұрған Табыт-сақинаны біреу тауып алса, оның не екенін түсіне ме?

Б.: Оны ешкім тауып ала алмайды. Бұл жекеменшік банктің сейфі. Өте бай адамның банкі.
БЕРМУД ҮШТАҒАНЫ


Долорес: Бермуд үштағанына түскен кеме мен ұшақтардың неге жоқ боп кететінін түсіндіріп бере аласың ба?

Фил: Бұл жер туралы спекуляция көп. Бірақ бәрі де қате. Бұл ауданда қуат құйыны шоғырланған – өте қуатты құйын. Олар қазіргі таңда осы ғаламшарда бар қуаттар. Бұл үрейлі жағдаяттар судың астындағы қуат ағыны туғызған манипуляцияның кесірінен. Бұл қуат қазіргі таңда ғаламшарда бар үлкен күш, осындай эффект туғыза алады. Бір жағынан бұл қақпа арқылы басқа шынайылыққа өткендей. Олар физиология тұрғысында жоқ боп кетпеді. Олар баяғыдай осында, бірақ басқа жақта. Олар өз ажалымен өлді деген пікір бар. Бірақ олар басқа шынайылықта. Болмыстың басқа қиырында. Басқа уақыт аралығында. Бұл қақпа. Содан өткенде адамдар психологиялық және эмоционалды эффект алады. Бірақ тәніне түк болмайды.

Олардың қуат деңгейі көтеріледі. Көбісінің экстрасенсорлы қабілеті артады. Телепатиялық қабілеті оянады. Себебі, олар адамның мұндай қабілеті шектен тыс артық дүние болып саналмайтын шынайылыққа түседі. Сол шынайылықтағы адамдарға бейімделеді. Егер адам санасы белгілі бір дүниенің ықтималдылығына сенсе, біздің шынайылық олардан қатты өзгешеленер еді. Егер адам бұл мүмкін деп сенсе, ол мүмкін болар еді. Бәрі сенімге тіреледі. Сенім ненің шынайы, ненің шынайы емесін ажыратады.

Д.: Мұндайға түсер алдында ұшақтың құрылғылары істен шыққаны туралы хабарламалар бар.

Ф.: Иә, солай. Бұны магнитті ағынның тербелісі тудырады. Бұл ағын Жердің магнитті өрісінің және әзірге адамдарға белгісіз қуаттардың сынуынан туған. Бұл өрістер қалыпты жағдайда болғанда құрылғылар жұмыс істей береді. Алайда өрістердің күйі қалыптан ауытқығанда құрылғылар істен шығады.