Файл: Антуан де СентЭкзюпери Кішкентай ханзада Верт Леона арналады.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 42

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бірақ ол өте қайырымды Король еді, сондықтан жұртшылығына тек ақылды бұйрықтар беріп отырды.

- Егер мен генералыма теңіздік шағалаға айнал десем, - деп отыратын ол, - ал генерал оны орындай алмайды, бұл оның емес, менің кінәм болады».

- Маған отыруға рұқсат па? –қорғалай сұрады Кішкентай ханзада.

- Бұйырамын: отыр! – Король жауап берді де, мәртебелі ақкіс жабуының етегін көтеріп алды.

Бірақ Кішкентай ханзаданы түсіне алмаған бір мәселе мазалады: мына кіп-кішкентай ғаламшарда бұл Король кімге билік жүргізді?

- Жоғары мәртебелім, - бастады ол, - Сізден сұрауға бола ма...

- Бұйырамын: сұра! – асыға айтты Король.

- Жоғары мәртебелім... Сіз нені билейсіз?

- Бәрін, - қарапайым жауап қайтарды Король.

- Бәрін?

Король ғаламшарын нұсқау қолымен бір сермеді, оған қоса басқа ғаламшарлар мен жұлдыздар жағына да сілтеді.

- Сіз осының бәрімен билейсіз бе? – қайталады Кішкентай ханзада.

- Ия, - айтты Король.

Шынайы түгелбилікті билеуші болуына байланысты, ол ешқандай шектеу мен шекараларды білметін.

- Сонда Сізге жұлдыздар да бағына ма? – сұрады Кішкентай ханзада.

- Әрине, - жауап берді король. – Жұлдыздар бір сәтте бағынып отырады. Мен тілалмаушылыққа шыдамаймын.

Кішкентай ханзада таң қалды.

Шіркін, оған осындай мүмкіндік берілсе ғой!

Ол сол сәтте күннің батуымен күніне қырық төрт рет емес, жетпіс екі, тіпті жүз, екі жүз рет сүйсінер еді және осы уақытта оған орындықты да бір жерден екіншіге қозғап отыру қажет болмас еді!

Осы кезде ол қайта қалдырып кеткен ғаламшарын есіне түсіріп күрсіне бастады да, қайратын бір уысына жинап, Корольден өтінді:

- Мен күннің батуын көргім келіп еді... Марахабат етіңіз, күннің көзіне батсын деп бұйырыңызшы...

- Егер мен қайсы бір генералға: «көбелекке айналып, бір гүлден екіншіге ұшып жүр немесе трагедия жазып бер» десем, әлде теңіздік шағалаға айналуды бұйырсам, ал ол генерал менің бұйрығымды орындамаса, оған кім кінәлі болады – ол әлде мен бе?

- Сіз, Жоғары мәртебелім, - сол мезетте жауап берді Кішкентай ханзада.

- Әлбетте дұрыс, - келісті Король. – Әр кімнен ол бере алатынын ғана сұрау керек. Билік ең басты ақылды болғаны абзал. Егер халқыңа теңізге секір десең, олар төңкеріс ұйымдастырады. Ал мен тыңдаушылықты талап ете аламын
, себебі менің талаптарым ойлы.

- Ендеше күн батуымен не болады? - Корольдің есіне түсірді Кішкентай ханзада: бір нәрсені сұраса, ол түбіне жетпей қоймайтын мінезі бар еді.

- Күннің батуы да болады саған. Мен күннен батуын талап етемін. Бірақ алдымен қолайлы жағдайы күтіп алам, өйткені билеушінің ойшылдығы дәл осында тұрады.

- Ал қашан жағдайлар қолайлы болады? - нақтылады Кішкентай ханзада.

- Гм, гм, - жауап қайтарды Король, қалың күнтізбеліктің беттерін ақтара отырып. – Бұл болады... Гм, гм... Бүгін бұл болады кешкі жеті сағат қырық минутта.

Кішкентай ханзада есінеді. Қалаған уақытта күннің батуын көре алмағаның өкінішті-ақ!

Және, шындығын айтса, ол шамалы шаршап кетті.

- Кетуге уақытым келді, - айтты ол Корольге. – Енді мұнда менің істейтін ісім жоқ.

- Қалсайшы! – деді Король: ол бағынышты табылғанына өте қуанышты еді, сондықтан оны жібергісі келмеді. – Қал, мен сені министр етіп тағайындаймын.

- Ненің министрі?

- Мм ... Әділеттің.

- Бірақ мұнда соттайтын ешкім жоқ қой!

- Қайдам, - нараздана айтты Король. - Шынымды айтсам, мен әлі корольдігімді түгелімен қарап шыққан жоқпын. Кәрімін ғой, каретам үшін орын жоқ, ал жаяу жүру сондай жалықтырады...

Кішкентай ханзада еңкейіп ғаламшардың екінші жағына тағы бір қарады.

- Бірақ мен оны қарап шықтым! – дауыстады ол. – Онда да ешкім жоқ.

- Ендіше өзіңді өзің сотта, - деді Король. – Ең қиыны осы. Себебі өзіңді соттау басқаларды соттаудан әлде қайда қиын. Егер сен өзіңді дұрыс соттай алсаң, бұл сенің шынымен даналығыңды білдіреді.

- Өзімді өзім мен кез келген жерде соттай аламын, - деді Кішкентай ханзада.- ол үшін маған Сізде қалудың қажеттігі жоқ.

- Гм, гм... – ойлана айтты Король. – Ойымша, менің ғаламшарымның бір жерінде кәрі егеуқұйрық тұруы тиіс.

Кей кездерде оның түнде қытырлатып жатқанын естимін.

Міне соны соттай алар едің. Әр кездерде оны өлім жазасына кесіп, қайтадан жанын сақтайсың.

Оның өмірі сенің қолыңда болады. Бірақ сосын оны міндетті түрде аман қалдыруың тиіссің.

Бұл кәрі егеуқұйрықты сақтау керек, себебі ол бізде жалғыз ғой.

- Өлім жазасын мен мүлдем жек көремін, - деді Кішкентай ханзада. – оған қоса менің кететін уақытым келіп қалды.

- Жоқ, келген жоқ, - деп келіспеді Король.

Кішкентай ханзада әбден жолға шығуға ыңғайлана бастаса да, бірақ қарт билеушінің көңілін қимады.

- Жоғары мәртебелімнің бұйрықтары мүлтіксіз орындалуын қаласаңыз, - деді ол, Сіз ақылға сыйымды бұйрық беруіңіз абзал. Мысалы, бір минутқа да кідірмей маған сапарға шығуға бұйрық етіңіз... Меніңше, бұл үшін ең қолайлы жағдай туындады.


Король жауап қайтармады, Кішкентай ханзада сәл кідірді де, содан соң бір күрсінді де, сапарға шығуын ұйғарды.

- Мен сені елші етіп тағайындаймын! – соңынан асыға дауыстады Король. Сол мезетте оның кейпі ешбір қарсы сөзді көтермейтін болды.

«Ересектер осы қызық адамдар», - жолын жалғастыра жатып, деді өзіне - өзі Кішкентай ханзада.

XI


Екінші ғаламшарда маңғаз адам тұрды.

- О, міне менің жанкүйерім де келіп қалыпты! – Кішкентай ханзаданы алыстан көрген бойы айғай салды ол.

Әдеттегідей, маңғаз адамдарға басқалардың оларға таң қалатыны қатты ұнайды.

- Қайырлы күн. Сіздің телпегіңіз қандай қызықты еді, - деді Кішкентай ханзада.

- Ол маған біреулер сәлем беріп жатқан кезде, еңкеюге ыңғайлы болу үшін. Өкінішке орай мұнда ешкім жүзін көрсетпейді.

- Солай ма? – түк түсінбесе де, жауап қатты Кішкентай ханзада.

- Қане, қолыңды шапалақта, - деді оған маңғаз.

Кішкентай ханзада қол соқты. Маңғаз телпегін шешті де оған қарапайым еңкейе бастады. «Қарт билеушідегіден мұнда әлде қалай қызығырақ екен», - ойлады Кішкентай ханзада.

Содан соң қайта қол шапалақтады.

Маңғаз қайтадан еңкейе жөнелді.

Осылай кемінде 5 минут уақыт жалғасқан шығар.

Бұл Кішкентай ханзаданы жалықтырып жіберді.

- Телпекті құлату үшін не істеу керек? – сұрады ол.

Бірақ маңғаз оны естімеді. Маңғаз адамдардың басқаларға қатысты құлақтары керең болып қалатыны әдеттегідей емес пе?

- Сен шынымен менің жанкүйерім ғой? - деп сұрады ол Кішкентай ханзададан.

- Жанкүйер болған қалай болады?

- Жанкүйер болу деген – ол мені осы ғаламшардағы ең сұлу, ең көркем, ең бай және бәрінен де ақылды деп есептеу жатады.

- Бірақ бұл ғаламшарда басқа адам жоқ қой!

- Жарайды, көңілімді алып, бәрібір маған таң қал!

- Жақсы, мен құрметтейін! – сәл иықтарын қағып, айтты Кішкентай ханзада. – Бірақ оның сен үшін не қызығы бар?

Кішкентай ханзада жаңағы маңғаз қашып кетуге асықты.

«Шынымен, ересектер сондай қызық адамдар екен, - деп қарапайым ойлаған бойы, қайтадан сапарға жинала бастады.
Кішкентай ханзада

Антуан де Сент-Экзюпери

ХII

Келесі ғаламшарда ішуден бас көтермейтін маскүнем тұрып жатты. Кішкентай ханзада онда азғана уақыт болса да, бірақ көріп - білгенінен көңілі әбден түсіп кетті.

Бұл ғаламшарға келген кезде көз алдына мынадай көрініс ашылды: маскүнем алдында тау болып үйіліп жатқан бос және толық бөтелкелерге үнсіз қарап отыр екен.

- Сен не істеп жатырсың? – деп одан сұрады Кішкентай ханзада.

- Ішіп отырмын, - жауап қатты оған көңілі қарауытқан әлгі маскүнем.


- Неге?

- Ұмыту үшін.

- Нені ұмыту үшін? – тәптіштеп сұрады Кішкентай ханзада.

Ол әлгі бейшараны аяғаны соншалықты, оған көмек көрсеткісі келіп кетті.

- Ішу - намысыма тиіп тұрғанын ұмытқым келеді, - айтқанда тіпті басын да көтере алмай, шынынан жарылды маскүнем адам.

- Неден намыстанып отырсың? – сұрады Кішкентай ханзада, себебі ол әлгі маскүнемге қатты көмектескісі келіп кетті.

- Ішкенімнен ұяламын! – түсіндірді маскүнем, содан соң ол мүлдем тіл қатпай қойды.

Түк түсіне алмаған Кішкентай ханзада тағы да сапарын әрі қарай жалғастырды.

«Ия, шынымен, ересектер өте-мөте қызық адамдар, - ойлады ол, жолын жалғастыра жатып.
XIII
Төртінші ғаламшар іскер адамның иелігінде болды.

Оның қолы тимей жатқаны соншалықты болды, тіпті Кішкентай ханзада келгенде, басын көтеріп амандасуға да шамасы келмеді.

- Қайырлы күн, - деп амандасты онымен Кішкентай ханзада. – Сіздің шылымыңыз сөніп қалыпты.

- Үш те екі – бес. Бес те жеті – он екі. Он екі де үш – он бес. Қайырлы күн. Он бес те жеті – жиырма екі. Жиырма екі де алты – жиырма сегіз. Тіпті шырпы жағуға да уақытым жоқ. Жиырма алты да бес – отыз бір. Уф! Жалпы, сонымен, бес жүз бір миллион алты жүз жиырма екі мың жеті жүз отыз бір.

- Ненің бес жүз миллионы?

- А? Сен әлі осындасың ба? Бес жүз миллион ... ненің екенін ұмытып қалыппын... менің жұмысым толып жатыр! Мен елеулі адаммын, бос сөзге уақытым жоқ! Екі де бес – жеті...

- Ненің бес жүз миллионы? – бірдеңе сұрай бастаса, жауабын алмағанша тыным таппай қайталады Кішкентай ханзада.

Іскер адам басын көтеріп оған қарады.

- Мен осы ғаламшарда қолақпандай елу төрт жыл тұрып жатырмын, осы уақытта маған үш-ақ рет бөгет жасады. Бірінші рет, осыдан жиырма екі жыл бұрын, маған бір жақтан маған мамырлық қоңыз бір жақтан ұшып келді. Ол қорқынышты шу көтерді, мен сол кезде қосқанымда төрт қате жасадым. Екінші рет, он бір жыл бұрын, менің белімнің сал ауруы өршіп кетті. Бұл көбінесе отырып жұмыс істегеннен, деймін. Менің бейбарақат жүруге уақытым жоқ. Мен маңызды адаммын. Үшінші рет... міне ол! Сонымен, бес жүз миллион... болады...

- Ненің миллиондары?

Іскер адам қонағының жауап бермей тыным таппайтынын түсінді.

- Әлгі... Сондай ауада кей кездерде көрінетін кішкентай заттардың бес жүз миллионы.

- Бұл не сонда, маса ма?

- Жоқ қой, сондай өздері кішкентай ғана, жылтыр.

- Аралар?

- Жоқ, деймін ғой. Сондай кішкентай, алтындай, қайсы бір жалқау болса да, оларға қараса болды, қиялдана бастайды. Ал мен ше, мен елеулі, маңызды адаммын. Менің қиялданатын уақытым жоқ.