Файл: Антуан де СентЭкзюпери Кішкентай ханзада Верт Леона арналады.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 41

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- А, жұлдыздар ма?

- Міне – міне. Жұлдыздар.

- Бес жүз миллион жұлдыз? Сонда сен олармен не істейсің?

- Бес жүз бір миллион алты жүз жиырма екі мың жеті жүз отыз бір нақтылағанда. Мен елеулі адаммын, сондықтан нақтылықты жақсы көремін.

- Сонда сол барлық жұлдыздармен не істеп жатырсың?

- Не істеп жатырмын?

- Ия.

- Ештеңе істемеймін. Мен оларды иеленемін.

- Жұлдыздарды иеленесің?

- Ия.

- Бірақ мен алдында бір корольді көріп едім...

- Корольдер ештеңе иеленбейді. Олар тек билік қана жүргізеді. Ал бұл мүлдем басқа іс.

- Жұлдыздарды иелену саған не үшін керек?

- Бай болу үшін.

- Ал бай болу не үшін керек?

- Біреулердің ашқан жаңа жұлдыздарын сатып алу үшін.

«Бұл да тура ана маскүнемдей ойлайды екен», - ойлады Кішкентай ханзада. Сосын әрі қарай сұрақтарын жалғастырды:

- Жұлдыздарды қалай иеленеді екен?

- Жұлдыздар кімдікі? – нараздана айта жөнелді іскер.

- Білмеймін. Ешкімдікі емес.

- Көрдің бе. Мұндай ойға алғашқы болып келген мен, сондықтан олар менікі.

- Бұл жеткілікті ме?

- Әбден. Егер сен иесі жоқ жауһар тауып алсаң – ол сенікі. Иесіз арал тапсаң – ол да сенікі. Басыңда бірінші болып қайсы бір идея пайда болса, сен оған патент аласың: ол сенікі. Мен жұлдыздарды иеленемін, себебі маған дейін мұндай ойға ешкім келген жоқ.

- Ия, бұл дұрыс екен, - деді Кішкентай ханзада. – Сонда сен олармен не істеп жатырсың?

- Оларға билік құрамын, - деп жауап берді іскер. – Мен оларды бір санап, тағы санап жатамын. Бұл өте қиын іс, әрине. Бірақ мен - маңызды адаммын ғой.

Алайда бұл Кішкентай ханзадаға аз болып көрінді.

- Егер менің жібек орамалым бар, мен оны мойыныма байлап, өзіммен әкете аламын, - деді ол. - Егер менің гүлім бар, мен оны жұлып өзіммен алып кете аламын. Ал сен жұлдыздарды алып кете алмайсың ғой!

- Жоқ, әрине, алайда мен оларды банкіге салып қоя аламын.

- Ол қалай?

- Ол былай: менде қанша жұлдыз барын қағазға жазамын, сосын бұл қағазымды жәшігіме саламын да, оны құлыптап қоямын.

- Сол-ақ па?

- Осы да жеткілікті.

«Қызық екен! – ойланып қалды Кішкентай ханзада. – Тіпті сондай поэзиялық, деуге болады. Бірақ мүлдем де елеулі емес».

Несі маңызды, несі маңызды емес екенін Кішкентай ханзада, әрине, ересектердей емес, мүлдем өз бетінше түсінді.

- Менің гүлім бар, - айта бастады ол. – Мен оны күнде таңертең суарып отырамын. Менде үш жанартау бар, апта сайын мен оларды тазартып отырамын. Барлық үшеуін, тіпті сөніп қалған біреуін де тазартып отырамын. Кім біледі, алдымызда не күтіп тұр? Сонда менің жанартауларыма да, гүліме де менің оларды иеленгенім өте пайдалы болып отыр. Ал жұлдыздарға ше сенен келері де, кетері де ештеңе жоқ...


Іскер адам жауап берем деп ауызын ашып еді, бірақ не айтарын білмеді. Кішкентай ханзада ше сапарын әрі жалғастырды.

«Жоқ, ересектер шынында да ғаламат адамдар екен», - қарапайым айтты ол өзіне, жолын жалғасыра жатып.

XIV

Бесінші ғаламшар тіпті де қызықты болды.

Ол алдыңғылардан әлде қайда кішігірім болды. Оған бар болғаны шам мен шамдардың өзі ғана сыйды.

Титтей ғана, үйлері мен тұрғындары жоқ, шексіз аспанда жоғалып жатқан кішкентай ғаламшарға не үшін шам мен шамдарлар қажет екендігін Кішкентай ханзада түсіне алмай тұрды.

Соған қарамастан оған мынадай ой келді:

«Мүмкін бұл кісі түсініксіз де шығар. Бірақ сонда да ол әлде қайда король, маңғаз, іскер мен маскүнемдерден түсініксіз болмады.

Оның жұмысында дегенмен де мазмұн бар ғой.

Өйткені ол өзінің шамын жаққанда – тағы бір жұлдыз немесе гүл туылғандай көрді.

Ал шамын сөндіргенде – олар жұлдыз әлде гүл сияқты ұйқыға батады деп, сенді.

Керемет іс. Бұл шынымен пайдалы іс, себебі өте сұлу».


Сондықтан, ғаламшарға жақындаған бойы, ол құрметпен шамдарға еңкейіп тағзым етті.

- Қайырлы күн, - деді ол. – Сен қазір неге шамыңды сөндірдің?

- Үәде солай, - айтты шамдар. – Қайырлы күн.

- Ал бұл не қылған үәде?

- Шам сөндіру. Қайырлы кеш.

Ол шамды қайта жақты.

- Енді қайтадан несіне жақтың?

- Үәде солай, - қайталады шамдар. – Үәде - ол үәде. Қайырлы күн, - деді де, қайтадан шамын сөндірді.

Содан соң қызыл тор көзді қол орамалымен маңдайындағы терін сүрткен бойы айтты:

- Менің жұмысым өте ауыр. Бір кездерде ол өте маңызды болып еді. Мен шамды таңертеңгілік сөндіріп, кешке қарай қайта жағып отыратынмын. Күн бойы менің демалу үшін уақытым болып, түнде ұйықтауға да мүмкіншілігім болатын...

- Сосын не, үәде өзгерді ме?

- Жоқ, үәде өзгерген жоқ, - деді шамдар. - Сонысы да, міне, пәле болып тұр ғой! Менің ғаламшарым жылдан жылға жылдам айналатын болып отыр, ал келісімде ешқандай өзгеріс жоқ!

- Енді қалай? – сұрады Кішкентай ханзада.

- Солай. Ғаламшар түгел бір айналымды 1 минутте жасайды да, менің сәл кідіруге де мүмкіншілігім жоқ. Минут сайын мен шамды сөндіріп, ендігі минутта оны қайта жағуға кірісемін.

- Міне, қызық екен! Сонда сенің әр күнің бір-ақ минут созылады!


- Қызық ештеңесі жоқ, - келіспеді шамдар. – Дәл қазір біз сенімен тура бір ай сөйлесіп жатырмыз.

- Бір ай?

- Ия. Отыз минут. Отыз күн. Қайырлы кеш!

Сосын ол қайта шамын жарқыратты.

Кішкентай ханзада шамдарға қараған сайын, оған осы, өзінің бір берген сөзіне берік адам, одан сайын ұнай берді.

Кішкентай ханзаданың бір кездерде тағы бір рет күннің батқанын көріп қалғысы келгенінен бір орыннан екіншіге орындықты көшіріп жүргені есіне түсті. Сондықтан ол досына қатты көмектескісі келіп кетті.

- Тыңдашы, - деді ол шамдарға, - мен білемін, қалай қалаған саған уақытында өзіңе демалуға мүмкіншілік табуға.

- Мен үнемі демалғым келеді, - қуанып кетті шамдар.

Маленький принц

Антуан де Сент-Экзюпери

Себебі сөзге берік бола тұра, сол уақытта жалқау болатын адамдар жеткілікті емес пе?

- Сенің ғаламшарыңның алақандай, - жалғастырды Кішкентай ханзада. – сен оны үш қадаммен айналып өте аласың. Сондықтан саған үнемі күннің көзі аясында қалып отыру үшін, үнемі белгілі бір жылдамдықпен жүріп отыру қажет.

Демалғың келіп кетсе, сен үнемі жүре бер, жүре бер... Сонда күннің ұзындығы тура сенің қалағаныңдай болады.

- Ия, бұдан сенің маған көмегің шамалы ғой, - деді шамдар. – Бәрінен гөрі мен ұйықтауды жақсы көремін.

- Ендеше сенің жағдайың мүшкіл екен, - аянышпен айтты Кішкентай ханзада.

- Ия, менің жағдайым оңай емес, - келісті шамдар. – Қайырлы күн.

Сосын шамын сөндірді.

«Міне адам, - сапарын жалғастыра жатып, өзіне өзі айтты Кішкентай ханзада, - міне адам, оны король де, маңғаз да, маскүнем де, іскер де менсінбей кемсітер еді. Бірақта солардың бәрінің арасында жалғыз осы шамдар ғана күлкілі болып көрінбейді.

Сірә, ол өзі туралы ғана ойламағанынан шығар».

Кішкентай ханзада күрсінді.

«Міне кіммен достасуға болар еді, - келді оның ойына. - Бірақ оның ғаламшары тым кішірек... мұнда екеуіне тар болады...».

Бұл ғаламат ғаламшар жайлы өкінішпен ойлауының тағы бір себебі болғанына ол өзі де мойындауға жүрексінді:

осы ғаламшар бетінде жиырма төрт сағат ішінде күннің батуын бір мың төрт жүз қырық рет тамашалауға болады!

XV
Алтыншы ғаламшар алдыңғысынан кемінде он есе үлкен болды.

Мұнда жұп-жуан кітаптар жазумен шұғылданған қарт адам тұрып жатты.


- Қарашы! Жолаушы келіп қалыпты! – көрген бойы дауыстап қарсы алды ол Кішкентай ханзаданы.


Кішкентай ханзада тұрған үстелге тыныс алып жайғаса кетті. Өзіңіз білесіз ғой, қанша оның жол үстінде жүргенін!

- Сен қай жақтансың? – сұрады одан қарт адам.

- Мынау неткен алып кітап? – сұрады Кішкентай ханзада. – Сіз мұнда не істеп жатырсыз?

- Мен географпын, - жауап берді ақсақал.

- «Географ» деген кім?

- Ол теңіздер, өзендер, қалалар, таулар мен шөлдер қайда орналасқанын білетін ғалым.

- Қалай қызық! – деді Кішкентай ханзада. – Міне бұл нақты іс екен!

Ол географтың ғаламшарына көз жүгіртті.

Ешқашанда бұрын ол осыншалықты айбарлы ғаламшарды көрмеген екен.

- Сіздің ғаламшарыңыз өте сұлу екен, - деді ол. – А мұхиттар мұнда бар ма?

- Онысын білмеймін, - жауап берді географ.

- О-о-о... - түңілгеннен соза айтты Кішкентай ханзада.

- Ендеше таулар бар ма?

- Білмеймін, - қайталады географ.

- Мүмкін қалалар, өзендер мен шөлдер бар?

- Мен мұны да білмеймін.

- Енді Сіз географ емессіз бе!

- Дәл таптың, - қарт ғалым. – Мен географпын, саяхатшы емес. Маған саяхатшылар қатты жетіспейді. Өйткені қалалар, өзендер, таулар, теңіздер, мұхиттер мен шөлдердің санын жүргізетін географтар емес.

Географ – өте маңызды тұлға ғой, оның сайран салып жүруге уақыты мүлдем жоқ. Ол кабинетінен шыға алмайды. Бірақ ол өзі саяхатшыларды қабылдап, олардың әңгімелерін жазып отырады.

Егер олардың біреулері қызықты әңгіме айтатын болса, географ деректерді жинап, олардың шындығын тексеріп, әлгі саяхатшының қандай адам екендігін нақтылайды.

- Неге?

- Өйткені, егер саяхатшы өтірік айтса, география оқулықтарында да бәрі шатасып кетеді ғой. Және саяхатшы шамалы болса да ішімдікке шалдықса – ол да жағымсыз жағдай.

- Неге?

- Себебі маскүнемдердің көздері бұлдырап, екі көзі төрт болады. Сонда бір тау тұрған жерден географ қателесіп, екі тау белгілеп қоюы мүмкін.

- Мен білгем бір адамды... Одан шынымен нашар саяхатшы шығар еді, - деп келісті Кішкентай ханзада.

- Әлбетте. Сонымен, географ саяхатшы тәртіпті адам екені анықтаса, оның ашуын тексеріп, сынай бастайды.

- Қалай тексереді? Барып қарайды ма?

- Жоқ. Бұл өте күрделі емес пе. Кез келген әшейін саяхатшыдан дәлелдеуді талап етеді. Мысалы, егер ол үлкен тау ашса, сол таудан үлкен тастар әкелсін.

Географ аяқ астынан мазасы кетіп, қобалжи бастады.

- Сенің өзің де саяхатшы емессің бе, осы. Сен алыстан келдің ғой! Өз ғаламшарың жайлы пайымдап бер!

Ол жуан кітабын ашты да, қарындашын ұштауға кірісті. Саяхатшылардың әңгімелерін қарындашпен ғана жазу керек. Себебі, саяхатшы өз әңгімесін нақты деректермен дәлелдегеннен кейін ғана оның әңгімесін сиямен жазуға рұқсат етіледі.


- Құлағым сенде, - деді географ.

- Менде ме? Менде әңгіме онша қызық емес тәрізді, - дауыстады Кішкентай ханзада. – Менің ғаламшарымда бәрі кішкентай ғана. Үш жанартау бар. Екеуі жұмыс істейді, ал біреуі баяғыдан бері сөніп тұр. Бірақ болашақта не боларын кім біледі...

- Ия, бәрі болуы мүмкін, - келісті географ.

- Тағы менің гүлім бар.

- Гүлдерді біз белгілемейміз, - деді географ.

- Неге?! Ол ең сұлу гүл ғой!

- Себебі гүлдер өтпелі.

- «Өтпелі» деген не?

- География кітаптары – жер бетіндегі ең қымбат кітаптар, - түсіндірді географ. – Олар ешқашан ескірмейді. Себебі таудың бір орыннан көтерілгені сирек кездесетін жағдай емес пе? Әлде мұхит кеуіп қала ма? Біз мәңгілік өмір сүріп ешқашанда ескірмейтін заттар туралы ғана жазамыз.

- Бірақта сөніп тұрған жанартаудың ояну мүмкіндігі жоқ па? – сөзін бұзып жіберді Кішкентай ханзада. – Ал «өтпелі» деген не?

- Жанартау ояу ма, сөніп тұр ма, біз, географтар үшін, бұл мүлдем маңызды емес, - деді географ. – Маңызды бір-ақ жағдай – тау. Ол еш уақытта өзгермейді.

- Ендеше «өтпеліні» - қалай түсінуге болады? – сұрады Кішкентай ханзада. Оның өмірден түйіндеген бір дағдысы болды – жауап алмағанша, тыным таппайтын.

- «Өтпелі» – ол «жуырда жойылып кетуге тиіс» дегенді білдіреді.

- Сонда менің гүлім де бір кездерде жойылып кетеді дейсіз ғой, сірә?

- Әрине.

- Менің сұлуым мен қуанышым мәңгілік емес, - деді өзіне Кішқентай ханзада. – Сондықтан оған Әлемнен қорғануға мүлдем керек емес-ті. Ал оның ше, қорғану үшін тек төрт тікенегі ғана бар.
Маленький принц

Антуан де Сент-Экзюпери

Мен ғой оны тастап кеттім де, ол менің ғаламшарымда мүлдем жалғыз қалып қойды!»

Кішкентай ханзада алғаш рет гүлін қалдырып кеткені жайлы өкінді. Бірақ көп ұзамай қайраты оған қайта оралды.

- Енді сапарымды қайда бағыттауға кеңес берер едіңіз? – сұрады ол географтан.

- Жер ғаламшарына барып қайт, - деп жауап берді географ. – Ол жайлы айтылып жатқан пікірлер жаман емес...

Сонымен Кішкентай ханзада сапарын қайта жалғастырды, бірақ үйінде қалдырып кеткен гүлі жайлы ойларынан арыла алмады.
XVI
Осымен, Кішкентай ханзаданың сапар жасаған ғаламшары Жер болды.

Жер – қарапайым ғаламшарыңыз емес!

Онда негрлік тайпалардың корольдерін қоса есептегенде, аз ба, көп пе - жүз он бір король, жеті мың географ, тоғыз жүз мың іскер, жеті жарым миллион маскүнем, үш жүз он бір миллион маңғаз, жалпы шамамен екі миллиардқа жуық ересектер тұрып жатты.