ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 48

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1 Электронды оқулық форматтары. Электронды оқулықтарды құрастырудың негізгі кезеңдері

Электронды кітап — кітаптың электронды (сандық) түрдегі нұсқасы. Аталмыш термин сандық түрде ұсынылған шығармалармен қатар, оларды оқуға арналған құрылғыларға да қолданылады.

Кітаптардың сандық нұсқаларын айрықшалау мақсатында ағылшын тілді елдерде осы терминмен қатар, қарапайым мәтіндік файлдарға негізделген ашық форматқа e-text (ағылш. электронный текст) термині де қолданылады. Электронды мәтіндер қатарына, құрамына мәтіннен басқа растрлық кескіндер, мәліметтердің үлгілері, жаттығулар, сұрақтарды тудыратын мәселелерге талқыламасы жазылған электронды құралдарды да жатқызады

Сабақ бойынша ақпараттардың бәрі мәтін, суреттер, бейне, аудиожазба, анимациялар және басқа да графикалық құралдар түрінде берілетін оқу курсы.

Дамыған байланыс пен іздеу жүйесі оқулықтың бір бөлімінен екіншісіне немесе фрагментінен басқасына бір демде ауысуға мүмкіндік береді. Материалдарды меңгеру дәрежесін интерактивті тапсырмаларды орындап болған соң бірден білуге болады. Электронды оқулықтың online және offline нұсқалары болуы мүмкін. CD-дискке немесе басқа да ақпарат тасымалдаушы құралдарға, болмаса интернетке сайтқа орналастырылуы мүмкін.

1 Қайнар көздерін таңдау

2. Қайта жөндеу құқығына авторлармен келісімдер жасау

3. Ұғымдар тiзiмiн және мазмұнын өңдеу

4. Help құру және бөлімдер бойынша модульдегі тексттерді қайта жөндеу

5. Электрондық формада гипертексттi шығару

6. Компьютердiң көмегiмен электрондық оқулық жасау

7. Мультимедианы iске асыру үшін мәлiметтердi сорттау

8. Дыбыстардың шығуын қамтамасыз ету

9. Дыбыстардың шығуын реализациялау

10. Визуализация үшiн мәлiметтердi дайындау

11. Мәлiметтердi визуализациялау.

2 Лысенкованың түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы

Оза оқыту – бұл қарапайым кәдімгі тақырыптық бағдарлама тізбегіне көмекші құрал. Мұнда жаңа тақырып оқу бағдарламасында берілген уақытынан бұрын әр сабақта қысқаша түсіндіріліп отырады. Бұл толықтыру уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа материалды тез игеруге жол ашады.

Түсіндіре басқару - әрбір оқушыны іске жұмылдыратын сабақтың қозғаушы күші. Мәселен, жақсы оқитын оқушы түсіндіріп тұрады, ал қалғандары өздерінің күш-жігерін жұмсап, оған ілесіп отыруға тырысады. Ал егер әлсіздеу оқушы түсіндірсе, ол да жауапкершілікті сезінеді, өйткені ол бүкіл сыныпты жетелеп жолдастарын соңынан ертіп отыруы керек. Түсіндіре басқару үш түрлі әрекетті ойлаймын, айтамын, жазамын қатыстыра отырып, оқу еңбегін ойлы етуге мүмкіндік береді және сонымен бірге кері байланысты қамтамасыз етеді.


Мұғалімнің оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, артта қалушылықты дер кезінде байқауына, білім мен білікті меңгеруде ілгері болуын қамтамасыз етеді.

Тірек үлгілері, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, кестелер, карточкалар, әшекейлік полотно, сызбалар, сурет түрінде көрінетін тұжырымдар. Үлгілермен жұмыс істеудегі маңызды шарт – сабақта ілініп тұрмай, үнемі іс-әрекетке қосылуы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы оқытуына, оқушылардың оңай оқуына көмектеседі.

Мақсаты:

Білім, білік, дағдыны меңгерту, қалыптастыру;

Мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;

Оқушылардың барлығын табысты оқыту.

Ерекшелігі:

педагогикалық ынтымақтастық;

тұлғалық қарым-қатынас;

оқу материалының мазмұнының жүйелілігі, бірізділігі;

материалдардың сабақтастығы;

саралау,әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы;

білетін оқушы арқылы , білмейтін оқушыны оқыту;

түсінбегенді қайта түсіндіру.

табыс – баланы оқыту арқылы дамытудың басты шарты;

сыныптағы қалыпты жағдай (түсіністік, өзара көмек);

қателікті ескерту, оқушыны жазғырмау;

бірте-бірте толық дербестікке жету;

Әдістемелік ерекшелігі:

Болашақ білімнің алғашқы бөлігін алдын-ала енгізу;

жаңа ұғым, түсінікті нақтылау, қолдану;

оқу әрекеті мен ойлау қисынының жылдамдығын дамыту;

үйге тапсырма жаңа материалдар бойынша тек әркімнің өзіндік жұмыс орындау үшін тиімділігіне қарай беріледі;

ережелерді түсінбей жаттауға оқушыларды дағдыландырмау;

ата-аналардың өзара әрекет жасауы;

оқу жылдарының аралық байланысы;

мұғалімге оқушыны үйретуге, ал оқушының үйренуіне мүмкіндік берілуі;

Бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, азайту үшін оза оқыту әдісін қолданады:

қиын тақырып әр сабақ сайын азғантайдан өтіле бастайды;

сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;

1-сыныпта үйге тапсырма берілмейді;

үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай () әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана беріледі;

ережелерді құр жаттап алуға жол берілмейді;

баланы жинақылыққа баулу.

13-билет.

1.Электронды оқулықтарды құру технологиялары.


Электрондық оқулықтаржасауда мультимедиа және телекоммуникациялық технологияларды қолдану

 Білім беруде оқыту құралдары жөнінде дидактикалық түсінік екі элементті құрайды:

- оқу материалдары – кестелер, графиктер, сызбалар; транспоранттар, слайдтар; мәтіндік, графикалық, дыбыстық, анимациялық, бейнелік ақпараттар т.б.

- оқу материалдарын ұсыну құралдары: теледидар, бейнемагнитофон, мультимедиалық-, бейнелік-, оверхед- проекторлар, компьютер, интерактивті сенсорлық тақталар т.б. Оқу материалдарын ұсынушы мұндай құрылғыларды мультимедиалық құралдар деп айтуға болады.

Мультимедиалық технологиялар саласындағы мамандардың пікірінше, бұл саланың дамуын анықтайтын факторлардың бірі – дербес мультимедиалық компьютерден желілік жүйеде жұмыс істейтін мультимедиалық кешендер ортасына өту процесі.

Қашықтан оқыту жүйесінің техникалық жабдықталуы компьютерлік желілер мен мультимедиалық технологиялардың қолданылуымен жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда компьютерлік желілер жөнінде біршама түсінік қалыптасқанымен, мультимедиалық технологиялар туралы біздің түсінігіміз мардымсыз. Осыған байланысты бұл технологияларды оқыту процесінде пайдаланудың тиімділігін анықтау жолдарын қарастырамыз.

Мультимедиалық құралдардың оқыту процесіндегі тиімділігін оқытудың мақсатына, мазмұнына, формасына, құралдары мен әдістеріне сәйкестілігі тұрғысынан анықтауға болады. Ал, мұны жүзеге асыру кибернетика ғылымының зерттеу әдістеріне сүйену негізінде орындалады. Кибернетика – қоғамдағы, тірі организмдердегі, күрделі машиналардағы процестердің жалпы заңдылықтарын басқаратын, олардағы ақпаратты беретін ғылым. Кибернетика басқару жүйесіндегі ақпараттық процестерді зерттейді.

Кесте 3. Мультимедиалық технологиялардың оқытудағы мүмкіндіктері

Оқыту процесінде кездесетін қиындықтар

Мультимедиалық технологиялардың оқыту тиiмдiлiгiн арттыру мүмкіндіктері

Мультимедиалық технологияларды пайдаланудағы жетістіктер

Объективті күрделі материалдарды оқыту

Оқу материалын бөлшектеп ұсыну

Студенттер мен оқушы-лардың оқу материалына қызығушылығы артады

Түсінік-ұғымдардың абстрактшылығы, жалпылау, салыстыру, орнықтыру қажеттілегі

Нақты ұғым қалып-тастыру, салыстыру, жалпылау кезіндегі иллюстрациялау

Нақтыдан абстракцияға, жекеден жалпыға ауысу жеңілдігі


Эксперимент жасаудың күрделілігі

Зертханалық дәрісханаларда өткізуге мүмкін емес тәжірибелерді демонстрациялау

Зертханалардағы құрал-жабдықтардың жеткiлiксiздiк мәселесін біршама шешу

Құбылыс, процестер механизмiн динамикада көрсету

Құбылыстар мен процестердi модельдеу, динамикада көрсету

Құбылыстар мен процес-тердiң табиғатын ашып көрсету

Тез немесе жай өтетiн процестердi оқыту

Бейнепроекциялық құрылғылар көмегiмен табиғаттағы процесс-тердiң жүруiн бақылау

Құбылыстар мен процестердi оқыту кезiнде уақытты тиiмдi пайдалану


 

2. Мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалану үшiн оның психологиялық-педагогикалық шарттарын қатаң бақылауда ұстау керек:

а)  Оқу материалдарын тұлғаның қабылдау ерекшелiктерiн ескеру.

ә) Экрандық оқу материалдарының студенттер мен оқушылардың эмоциясына әсерiн бақылау.

б) Оқу материалдарын пайдалану кезiнде тұлғаның ойлау қабiлетiн аттыруға қозғау салу.

в) Экрандық оқу материалдарын пайдаланудың қалыпты деңгейiн студенттер мен оқушылардың ойлау жүйесiне күш түсiрмейтiндей деңгейде сақтау.

2.5 Электрондық оқулықтар жасауда Flash технологияларды қолдану

Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, қазіргі кезде анимация жасауда көп қолданысқа ие FLASH программасы. Бұл программаны көбінесе Web-сайттарды құруда да көп қолданады. Сондай-ақ мультфильм жасаушылар үшін бұл программаның орны ерекше. Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына программалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. Қазір Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады. Flash технологиясы анимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:

1.   Жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) – векторлық графиканы пайдалану есебінде;

2.   Интерактивтілік – пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;

3.   Мультимедиялық – фильм және Internet-ке информацияны визуалдаудың стандартты құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер;

4.   Көпсалалығы – Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлер де (пошталық, виртуальді дүкендер) орындалуы мүмкін;

5.   Қолайлылық – Flash технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті. Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі Flash пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Қазіргі уақытта жас балалар шетелдік мультфильмдер мен киноларды көруге өте құмар. Өйткені шетелдік фильмдерде түрлі анимациялық және дыбыстық эффекттер көп қолданылады. Бірақ, ондай фильмдердің көпшілігі тәрбиелік мағынадан тыс қалып қойған. Қазір технологияның дамуына байланысты, жас өспірімдер кітап оқудан көрі жаңадан шығып жатқан кино, мультфильмдерді көруді жөн көреді. Осыдан балалар өзіміздің қазақ аңыз-ертегілерінен тіпті мақұрым қалып қояды. Сол себепті, тәрбиелік мағыналарға қанық, өзіміздің қазақ ертегілерін мультфильм етіп неге жасамасқа. Осы мақсатымызға жету үшін, бізге, Flash технологиясын білу өте маңызды рөл атқарады.


Мультимедиа (multimedia) –мәтін, дыбыс, бейнелік көріністі, графикалық бейнрені және анимацияны (мультипликацияны) компьютерлік жүйеде біріктіретін заманауи компьютерлік ақпарат технологиясы.

Мультимедия –мәтінді, графиканы,анимацияны, цифрленген жылжымайтын суреттерді,бейне баяндарды, дыбысты, сөзді компьютерге еңгізіп өңдеуге мүмкіндік беретін технология.

Macromedia Flash - интepaктивтiлiгi қoлдayлы құpылғaн вeктopлық гpaфикa нeгiзiндe aнимaциялaнғaн жoбaлapды құpyдaғы жәнe қoлдaнy кeзiндегi қapaпaйым құpaл бoлып тaбылaды. Flash cypeтшiлep мeн дизaйнepлep құpғaн Web-тi aнимaция жәнe дыбыc жoбaлapымeн тoлықтыpyғa мүмкiндiк бepeтiн идеал жұмыс инcтpyмeнтi бoлып тaбылaды.

Flash-тің интерактивті элементтерін және анимацияларын дайындау барысындағы программалау процесі минимумге жеткізілген: қолданушыға жаңа жоба құру жеткілікті, ол үшін бағдарламалық буманың жұмыс принціптерін түсіну және тышқанды қолдана алу ғана қажет – жұмыс аяғында бағдарлама автоматты түрде жасалған объектілерді HTML құжатына енгізеді.

Flash клиптері көмегімен Веб-дизайнерлер бағыттамалық тақталар, динамикалық логотиптер, синхрондалған дыбыспен толық форматты клиптер мен мазмұны кең көлемді Интернеттің толық беттерін құрады. Flash клиптер векторлық графиканың кішігірім элеменнтері болып табылады, сондықтан тез жүктеледі және қолданушының мониторының өлшеміне байланысты көлемін өзгертеді. Flash-те жұмы ісітеу барысында сурет салу немесе графиканы импорттау арқылы клиптер құрылады. Жұмыс өрісінде өңдеп, монтаждық сызығы (Timeline) арқылы ол клипке жан беріледі.

Менің дипломдық жұмысым Flash редакторында құралады.Flash техналогиясының негізгі векторлық графикалық форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. Бірақ бұл ең алғаш векторлық формат емес, SWF құрушылары ойдағыдай тапқан графиканың бейнелеу мүмкіндігі арасындағы үйлесімді, онымен жұмыс жасайтын инструментальді құралдар және қорытындысында Web – парақтарының қосылуының механизмі. SWF қосымшасының артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі аппараттық – программалық платформада қолданылады (сонымен қатар, ОЖ – сі Mac OS Macintosh компьютерлер және Windows ОЖ – мен жабдықталған IBM компьютерлері). Тағы бір SWF – тың ерекшелігі: құрылған негізгі бейнелер тек анимацияланып ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді элементтер мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады. Интербелсенді мультимедиялық қосымшалардың тасымалдауы мен құру мүмкіндігінің күрт өсуі танымал SWF форматының Web – дизайнерлердің ортасында орындалады. Сондықтан бұл форматтың пайда болуы Macromedia фирмасында Plug_In компонентінің қоса салынған 2 негізгі желі браузері үшін құрылған: Internet Explorer және Nestcape Communicator. SWF форматының тарауына Бүкіләлемдік компьютерлік желі көп әсерін тигізді.