Файл: 1. Ел туелсіздігін жаындатан Елтталар кезеі жне жазушы Мадес Еслмалилы шыармашылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 121

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сондай – ақ, қайталау сөзді ырғақтық жағынан топтастырып, жинақтайды. Осы іспеттес реттерге сәйкесті қайталау тәсілін бүгінгі шешендер де әсерлі, көрікті элемент ретінде пайдаланады. Бұл орайда ғалым Р.Сыздықова: «Қайталау – топ алдында айтылған сөзге шешендік сипат беретін күшті құралдардың бірі, ол айтпақ ойдың бір қырына тыңдаушы назарын қазықтай түседі, сонымен қатар көркемдік – эстетикалық жүк те арқалайды. Қайталаудың қай түрі де: бір сөздің бір сөйлем ішінде қайталануы; сөздің не тіркестің қатар келген сөйлемдер арасында қайталануы, абзацаралық қайталаулар – шешен сөзін бір ритмикалық, синтагмалық, периодтық топтарға ажыратады. Ал ауызша айтылған тұтас сөздің бөліктерге, әсіресе, интонациялық топтарға ажыратылып құрылуы тыңдаушы назарын аудартады, шешеннің айтпағын «рет- ретке бөледі», «тәртіптейді», «рет – ретімен, тәртіппен ұсынылған дүние айқынырақ, түсініктірек болып жеңіл қабылданады, жеңіл қабылданған ой (сөз) тыңдаушыға ләззат береді.» [2, 71], - дейді.

Қайталаудың бір түрі анафора, яғни сөз басында, тіркес басында айтылар түйіннің құрамындағы жекелеген сөздердің немесе оралымдардың қайталанып келуі. Анафора (грекше anaphora – биікке шығару) – әдепкі қайталау айшықтаудың жолдарының басында үндессе, үйлесе қиысатын бірыңғай бастамалар. Дәлірек айтқанда, сөйленер сөздегі әр жол не әр тармақтың ылғи бір сөзбен басталып, қайталана беруі. Мәселен, поэзиядағы лексикалық біз сөзбен басталып, қайталана беруі. Мәселен, поэзиядағы лексикалық анафораға ьір мысал төмендегіше:

Кім көрді көктің жерге құлағанын,

Кім көрді күннің жарық сұрағанын.... (И.Байзақов) [1, 43].

Ал эпифора – сөз соңында (әсіресе, өлеңді сөзде) бір сөздің не сөз тіркесінің бірнеше қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады. Қазақ өлеңінде эпифора сөздің кезекті қайталау үлгісіне жатады. Мәселен, «Қыз бала көркем көрінер, Беттегі нұрлы қанменен...Еділ көркем көрінен, жағалай біткен талменен... » (Ақтан Керейұлы). Осындағы «көркем көрінер» деген сөз тіркесін қайталу термелеп айтылған жырда ой желісн бірыңғай өрістетіп, бірнеше тізбектеу үшін қажет болған [1, 377].

Демек, қайталаулар қажетті сөздерді бөле – жара қолданып қана қоймайды, сонымен бірге сөйленер сөздің бөлімаралық логикалық байланысын қалыптстырады, ойдың ырғақты қалыпта әсер етуін ұйымдастырады.


Градация – жиі қолданылатын риторикалық фигуралардың бірі. Бұл сөздердің, көбінесе сининимдердің, бірінен – бірінің мәнерлі, эмоциональды бола түсуі қалпында орналасуын білдіреді. Әдебиеттану терминдерінің сөздігіне жүгіне айтсақ, градация(лат. gradatio – біртіндеп көтеру), яғни дамыту айшықтаудың бір түрі: алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата түсу. Шешендік сөзде, поэзияда, прозада да қолданылады. Мәселен, «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың шабысы.

Градация қолднау сипатына қарай екіге бөледі. Бірі – түйдектету. Мысалы: «Қиқу салып құзға ұшқан, Құздан суық мұзға ұшқан, Мұздан биік бұлтқа ұшқан» (Т.Жароков) . ЕКіншісі – баяулату. Мысалы: «Әм, жалықтым, әм жабықтым» (Абай). Кейде екеуі қосарланып қолданылады. Мәселен, «Безілдет! Сарнат! Зарлат! Үздіктірші! Керек жоқ! Лақтыр әрі! Қысқарт! Қысқарт!» (І.Жансүгіров) [1, 118].

Градациялар эмоциональды қалыпта әсер етуді үдете түсуге және төмендетуге, белгілі бір белгілерді үстемелете қолдану арқылы сезім күйін реттеп отыруға мүмкіндік береді. Бұл бірқалыптылыққа ескертудің жақсы амалы да, себебі градацияда сөздің дыбысталуы төменнен жоғарыға қарай көтеріле, не керісінше, жүзеге асады.

Антитеза. Бұл күшті фигура да шешен – лекторға анық белгілі бір болуы тиіс. Антитезада әр түрлі мағынадағы жекелеген сөздер, сөз тіркесі, тіпті тұтас фразалар қарсы қойылады. Бұл іспеттес оралымдар қажетті ойды белгілі бір феномендер, бағалар, пайымдаулар арқылы үдете түседі. Антитеза сөздердің ерекше үйлесімділгімен таң қалдырады, адамдарға естен кетпес әсер қалдырады. Ол белгілі бір пайымдау бағытындағы бағаларға шұғыл шек қояды және тыңдаушыларды белгілі бір пікірге ұйытады.

Антитеза (шендестіру) - шешендік сөз үшін қажет анықтау тәсілінің бірі. Бұл әсіресе бұрынғы шешендер сөздерінде жиірек кездеседі. Мәселен, «Қардан артық ешнәрсе жоқ, - ұстасаң қолыңды тоңдырады.Қазаннан қара ешнәрсе жоқ, - ішіндегісін ішсең, мейіріңді қандырады. Қара бөрік хан басында, ақ киіз аяқ астында емес пе? қыран құс қырымға, құзғын құс ырымға деген. Менің ішімнің саралығына қарамай, түсімнің қаралығына қараған сіздің көзіңіз де көз емес, ағарып кеткен бөз екен. Көзі соқырдан көңілі соқыр – ғаріп, есуастан есірік – ғаріп! Сол есірік пен көңілі соқырдың я бірі, я «пірі» болмасаң не етті?» (Сыр бойында жасап өткен Тыныс қыздың ділмар сөзі).

Демек, антитеза, біріншіден, керағар ұғымдарды бетпе - бет қоятын айшықтаудың бір түрі ретінде екі затты не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр – сипатын, кескін – кейпін аңғартады. /

«Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл.Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» (Абай)/. Екіншіден, қазіргі әдебиеттанудағы қарама – қарсылықты (контрасты) айқындау, көбінесе ашық, антоним сөздер арқылы да жатуы мүмкін / «Өссе тілім, мен де бірге өсемін; Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» (Ә.Тәжібаев)/.

Бүгінгі таңдағы шешен – лекторлардың сөйлеген сөздерінде мәнерлеудің шешендік құралдырының бірі ретінде антитеза сирек ұшырасады. Сондай – ақ жазушылардың, артистердің сөйлеген сөздерінде де. Ал олар өз сөздерін құрастыруда көбінесе сөздің эмоциональдығы мен логикасын үдетуге басым мән береді.

Сөйленер сөз фразалардан құралады. Тіл ойды ашуға, олардың анық болуына қызмет жасайды. Баяндау қарапайым, ең бастыс, түсінікті болуы тиіс. Шешен адам өз сөзін аудиторияға қарата айтатын болғандықтан, оның сөз фразеологиясы тыңдаушылардың білім деңгейіне, олардың талғамына және мейлінше ауызекі әңгімеге жақын қалыпқа сәйкес келуі орынды.

Сөйленер сөздің бейнелілігі мен мәнерлілігін қалыптастыруда кең көлемде қолданылар шешендік құралдың бірі – метафора (грек. metaphora – ауыстырып қою). Бұл фигура сөздерді ауыспалы мағынада қолдануды қажет етеді, яғни сөйлеу нысанына сәйкесті ұғымды белгілі бір ұқсастықтарының негізінде өзге нысанмен атау.

Метафора – байырғы шешендік сөздерде ең жиі кездесетін көркемдеуіш құралдың бірі. Мәселен, ашу деген ағын су, алдын ашсаң арқырар, ақын деген дария, алдын тоссаң тоқырар; сен – темір де, мен – көмір, еріткелі келгенмін, сен көкте ұшқан құс болсаң, мен іліп түсер сұңқармын, сен тоғай арасындағы қабан болсаң, мен – жолбарыс, - алысқалы келгенмін; өлім деген – ұзақ жолдың алысы; әкең – асқар тау, шешең – аққан бұлақ т.б. [2, 66].

Метофора сөйленер сөзге көркем бейнелілік береді, ішкі танымды қозғалысқа түсіреді, көз алдына елестетуді іске асырады. Сөз сөйлеудегі жарқындылық, түсініктілік, көрнекілік метафораларды қолдану нәтижесінде жүзеге асады.

Демек, метафора шындықтың әр қырын ауыстырып балап атау арқылы ойды айқындай түсу, дәлелдей түсу үшін қажет.Қазіргі шешендік сөздерде де метафора еркін қолданылады. Дегенмен де метафора көбінесе салтанатты мәжілістерде, көтеріңкі пафос араласатын тұстарда жиірек кездеседі де, ғылым – білімнен оқылатын лекцияларда, саяси – әлеуметтік жиналыстарда жасалатын баяндамаларда, сотта айтылатын айыптау не қорғау сөздерінде аз ұшырасады. Сондай – ақ, метафора, өзіндік мәні жағынан, салыстырумен бірдей емес. Метафоризация алыстыжақындата отырып, абстракты түсінікті (ұғымды) анықтауға мүмкіндік береді.


Кейіптеу – жансызды немесе абстракты нысанды жанды зат ретінде бейнелеу (кескіндеу). Әр түрлі табиғат құбылыстарын, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріпнемесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл. Мәселен, қазақ халқының эпостық жырларында атқа тіл бітіріп, адамша ойлап, сезінетін етіп көрсету кездеседі. Егер ауыз әдебиетінде кейіптеуге шарттылық, дәстүрлі ұстанушылық тән боолса, жаңа жазба әдебиетінде бұл тәсіл өзгеше сипат алады.

Мәселен,

Ауырып домбыра да ыңыранды,

Сансыз саусақ қаңғып, қыдырады.

Бірде ысып, бірде суып, күйіп- жанып,

Жүректе сандыраған күй жынданды (Ілияс) [1,175 – 176].

Мұнда домбыра, саусақ, күй – бәрі кейіптеу тәсілімен бейнеленген.

Аллегория – қияли (алыс) түсініктерді, оқиғаларды, құбылыстарды – нақты (жақын) бейнелеу. Аллегория (грек. allegoria – астарлы сөзден бейнелеу) – әдебиетте, жалпы көркемөнерде, белгілі бір идеяны астарлап суреттеу үшін бір нәрсенің, көбінесе адамның мінезін, құлқын, амалын екінші нақты нәрсенің бейнесінде көрсетіп айту тәсілі. Орта ғасыр әдебиетінде, сондай – ақ әділеттілік, қайырымдылық, зұлымдық идеяларын тұспалдап айту мақсатымен көне мифологиялық бейнелерін пайдаланған классицизм, романтизм өнерінде кең тарады. Аллегорияның үздік үлгісі – А.Байтұрсынұлының «Қырық мысалы», оның ішінде «иттің достығы» шығармасы [1, 16].

Аллегория идеялар ассоциациясын қозғалысқа түсіреді, яғни ұқсастық, араласытқ, тіпті қарама – қайшылықты қалыпқа негізделген жаңа бейнелерді қалыптастырудағы өткен тәжірибелерден түйінделген ұғымдармен байланыстырылады.

Салыстыру – сөйленген сөз нысанындағы ұғымның екінші бір ұғыммен қарапайым алмасуы, салыстыру – ғылыми деректерді баяндаудың дәстүрлі негізгі құралдырынң бірі де.

Демек, салыстыру белгігі бір нысандардың (заттардың) тұрақты ерекшеліктерін, белгілерін теңестіре қараумен түйінделеді. Салыстыру сәтінде, танымал нысанға сүйене отырып, белгіліден белгісізге өту жүзеге асады.

К.Д.Ушинский: «ВСе в мире мы узнаем не иначе, как через сравнение», - деп кездейсоқ айтпаса керек.

Сөз сөйлеудің мәнерлеу құралдарының ішінде эпитеттер көркем де жарқын анықтамалардың рөлін атқарады. Эпитеттерді қолданудың мақсаты – сөз сөйлеу нысанының белгілі бір қырын, спасын бөле – жара, баса көрсету.


Эпитет (сипаттама) – заттың не құбылыстың айрықша белгісін, нақтылық сипатын береді. Мысалы, қысқы кеш, қоңыр кеш. Көптеген эпитетерде ұлттық бояу – бедер болады / алма мойын, бота көз, қолаң шаш, қоңыр дауыс, ақша бет/. Поэзияда әр ақынның өз қолтаңбасын танытатын әсерлі, күрделі эпитеттер мол кездеседі. Мәселен, жалынды күй, сарынды күй, ыңыранған күй, ырғалған күй, жынданған күй, жандырған күй, жылатқан күй, жұбатқан күй, жорға күй, тәтті күй, шерлі күй (І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы күй сипаты).

Демек, эпитет – бояу. Айтылмақ ойдағы белгілі бір заттың, құбылыстың қалпы дәстүрлі шешендік сөздерінде эпитет түрінде еркін де жиі пайдаланылады (асусыз тау, арылмас дау, екі ауыз сөз, торқалы той, топырақты өлім, алалы жылқы, ақтылы қой т.б)

Сөйлеу мәнерлілігі афоризмдерді (түйінделе әрі екшеле ұшталған фразалар арқылы берілген жинақы ойларды танытатын қысқа да нұсқа даналық сөздер); мақал – мәтелдерді (баға жеткізгісіз халық даналығының арсеналы, ақыл – ой симфониясы, атақты тұлғалардың саф алтынға пара – пар ақыл – нақыл сөздері ); қанатты сөздер, дәйексөздер, өзге де формалар мен лингвистикалық әдебиеттерде біршама жазылған троптарды орынды қолданумен қамтамасыз етіледі. Егер де өз тарапынан ұмтылыс болса, шешен – лектордың өз білімін көтерумен айналысуға толық мүмкіндігі бар.

Мәнерлілік күрделі идеяны бейнелі де көркем, эмоциональды қалыпта түсіндіру білігін ұсынады. Сөзді тек білім коммуникациясы мақсатында ғана емес, өзге де адамға әсер ету үшін қолданатын шешен – лектор әрдайым мейлінше дәл, сәйкесті, өткір, мәнерлі сөздерді екшей іріктей алуы жөн.

Шаршы топ алды сөйленген сөздің мейлінше жанды дыбысталуы – оның құрамында алуан түрлі бейнелеу – мәнерлеу құралдарының болуымен байланысты. Бұған атақты шешендердің сөйлеген сөздеріне жасалған талдаулар негізінде көз жеткізуге болады. Дегенмен тіл құралдарын қоллану қабілеттілігі оп – оңай қалыптаспауы даусыз. Бұл бағыттағы дағдылар сөйленер сөздің мәтінін жазу үстінде жинақталып ұшталады. Тек сөз сөйлеудің толық мәтінін құрастыру кезінде ғана қажетті фразалар, үйлесімді сөздер және ойды жеткізудің формалары сан қайтара ойластырыла електен өткізіледі.

- Халқымыздың қайта тумас үш дарағы – Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды данагөйлер [3,3]

- Тілі сайын сахараның саумал самалындай есетін Гиперид [3,3].

- Сілтеген тұсын түп-тамырымен қиып түсетін Дикург [3,3].

- Афиннің небір асыл сөзін суша сапырған Фемистокль [3,3].

- Сайысқанның төбесінен күн күркіретіп, найзағай ойнатқан Перикль [3,3].