Файл: 1. Ел туелсіздігін жаындатан Елтталар кезеі жне жазушы Мадес Еслмалилы шыармашылыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 118

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Садақ. Бұл сөз қазақ эпостарында да, XV-XIX ғасырдағы ақын-жыраулар тілдерінде де жиі кездесетін, қазіргі көнеленген сөздердің қатарынан табылады.

Садақ – ағаштан доғаша иіп немесе иілген іспетті екі бөлікті жалғастырып, екі ұшын қайыспен керіп, сол кермеге оқ (жебе) салып тартып ататын, өте көне заманнан келе жатқан қару атаулы. Садақ сөзі кейбір түркі тілдерінде қарудың өзін емес, оның қабын, сауытын (Футляр, чехол дегенді) білдіреді немесе жақтың бүкіл жабдығымен қоса аталған жалпы атауынбереді. Түсіндірмелі сөздіктегі мағынасы: ағаштан иіп жасаған ертедегі атыс құралы жақ. Мысалы: Садақ толған сай кез оқ,

Масағынан өткізіп.

Басын қолға жеткізіп,

Созып тартар күн қайда? Деген өлеңінде садақ сөзі түсіндірмелі сөздіктегі мағынасына келеді.

Қазақ тілінде жақтың жабдығымен қоса алғандағы жалпы атауы ретінде қолданылуы да жоқ емес. Мысалы: Беркініп садақ асынбай,

Біртіндеп жауды қашырмай, - дегенінде, ақын жалпы қару (садақ) асынып, жауға аттану дегенді айтып отыр.

Көбе. Қазақ совет энцеклопедиясының түсіндіруіне құлақ асса, көбе – батырлар киетін сауыт, оның екі түрі болады: бірі – жүректің тұсын, білекті, тізені, иықты садақтың оғынан, қылыштан қорғау үшін жалпақ темірденжасалған сауыт, екіншісі – бүкіл денені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола не мысты қатпарлап тізіп немесе металл шынжырды (шығыршықтарды) біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасалған түрі. Кейінірек көбенің жеңіл көкірекше түрі шыққан. Батырлар мінетін аттың да арқасы мен жонын, қабырғасы мен мойнын түгелдей жабатын көбелер де жасалған.

Жебе. 1. Садақ оғы.

2. Демек, таяныш болу.

Мысалы: Көп садақтың ішінде,

Көбе бұзар жебе бар.

Мұнда садақтың оғы деген мағынаға ие болады. Сонымен қатар тсідірмелі сөздікте берілмеген басқа да мағынасын мын бір шумағынан аңғаруға болады.

Баршасын жауға алдырған,

Құрулы жатқан жебе,

Құрсағынан шалдырған деген жолдардағы жебе сөзі аңға немесе жауға қарсы олардың жолына істік ағаштан немесе темірден құраытн тосқауылды білдіреді. Жебелердің түрлері Ш.Уәлихановтың «Қазақтардың қару-жарақтары атаулары» еңбегінде алғаш түсіндіріледі [17, 123]

Адырна. Түсіндірмелі сөздікте қазақтың сыбызғы тәрізді көне үрлемелі музыкалық аспабы; садақтың кернесі, иіп тартқан қайыс.

Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен,

Атқан оғы Еділ-Жайық тең өткен.


Бұл шумақта адырна сөзі жоғарыда аталғандардың екінші мағынасына келеді. Қазақ совет энцеклопедиясы адырна сөзіне мүлде басқа екінші нәрсені де білдіретіндігін береді, яғни адырна деп жаугершілікте, аңшылықта қолданылған сыбызғы сияқты көне үрмелі музыкалық аспапты да атаған.

«Адырна» сөзінің төркінін зерттеушілер оны «бөлу-ажырату» дегенді білдіретін айыр, адыр деген етістіктен шығарады. Түркі тілдерінде й-д (айақ-адақ) дыбыстары алмасатын мәлім (қазақша айыру сөзі көне түркі тілдері мен қазіргі бірқатар түркі тілдерінде адыр тұлғасында келеді). Адыр етістігіне қосылған –на есім тудыратын жұрнақ болу керек дейді.

Сөйтіп садақтың тарамысы мағынасында болсын, музыкалық аспап тауы ретінде болсын, адырна сөзі – қазақтың көне жырлары мен бұрынырақ өткен ақын-жырауларының тілінде қолданылған, қазір де ұмыт бола бастаған сөз. Бұрыңғы кезеңнің өзінде бұл атау поэтикалық сөз болып, образ жасауға жұмсалғаны байқалады.

Сүңгі. 1. Бірінші қырлы, ұшы үшкір, темірден, болаттан жасалған ағаш сапты қару. Оның найзадан ерекшелігі қысқалығында, яғни бір жарым метрге жуық.

2. Мылтықтың ұш жағына орнатылған қосымша қару; үшкір әрі ұзын пышақ.

3. Балық аулайтын құрал.

4. Түтіннен, ыстан, шаң-тозаңнан пайда болатын сауыс.

5. Бір нәрседе (шатырдан, қораның төбесінен) сүйірленіп мұз болып қатқан тамшы.

6. Тереңге бойлап, су ішінде көрінбей жүзу.

Оқ. Түсіндірмелі сөздіктегі мағыналарына назар салсақ, дәрімен атылатын қарудың жез гильзаларына ыңғайлап орнатылған домалақ немес сопақша қоғасын; көне. Садақ жебесі; арбаның екі жақ басына доңғалақ түсетін жұмыр темір, білік. М.Есләмғалиетің «Әйтеке би» романында архаизмдер өте көп қолданылады. Оларды «әскери», «тұрмыстық», «діни», «заңнамалық» т.т. деген түрлерге бөліп те қарастыруға болады. Романда қазақ халық дәстүрлеріне қатысты сөздер де жиі кездеседі. Жалпы оларға көптеп мысал келтіруді жөн деп санадық. Мысалы: «Жоза үстіне көзе-көзе қымыз қойып жатқан ала шапандағы би өзіне дат қылықпен тесіле шаншылды» [5, 169]. «Арғы бабалары Сейітқұл әулиенің тізесін басып отырған, бергі аталары күллі әлемге мәшһүр Жалаңтөс баһадүрдің ертауылы болған пәлен дегеннің ұрпағы сәлем-сауқатымен келіп тұр» [5, 188-б.]. «Өңкей жосықшыл, бетегеден биік, жусаннан аласа, сөзге саз, топқа сән берген жақсылар мен жайсаңдар бірінен-бірі асырып, жаттап алған Құран сүресіндей марапаттарын тәмамдады-аудеген шамада

сықырлауық айқара ашылып, екі-үш зіңгіттей-зіңгітте жігіт дедектей, мықшындап көтерген тең-тең мүкамал сыйлыұтарды алдарын топ еткізе салады» [5, 188]. «Тіпті әлгі «аңыз ағаның» өздері есіктен,іргеден там-тұм естіп қалған сөздері, қолға су құйғанда берген батасы, оның өзгеден ерекше, көркем ойған қара сақалы, бетіне ерекше тұрпат беретін жазық маңдайы, ол ұстаған шашақты сегіз өрме қамшысы мен беліндегі құлан терілі, жазуға толы қарыс жарым зерлі кісесі, ол мінген төрт доңғалақтары көк күймесі, жеккен қос-қос ақбоз аттары, қасындағы темір құрсанып, «көкбөрі» атанған жасағы – бәрі-бәрі таусылмайтын, көп-көп күндерге созылар хикая боп қалып жатады» [5, 181]. «Би ымырт қалғығанға дейін сарбаздар жайғасқан қостарды аралап, жай-жапсарға қаныққанда қолқасы суырылып, жүрегі жидіп дүре берді. Шетінен тұттай жалаңаш десе болғандай: бадана, кіреуке, сауытты айтып ауыз ауыртпағанда, көбінде жөні түзу найза мен қылыш жоқ. Көбінің қолдарындағысы – шоқпар, құрық пен сырық. Жейделерінің жеңін түріп, бастарына орамалдарын шарта байлаған мауыздай-мауыздай жігіттер күні ертең бес қаруы сай қалмақпен қидаласуға емес, құдды, түн жамылып, көрші ауылдан қыз алып қашуға келген желөкпелерге көбірек ұқсайтын» [5, 85].Жоңғар да сол: әсіресе соңғы он, он бес жылдың мәурітінде құйрықтары қайқайып, айналаға әуміттері жүре бастады [5, 107]. «Қазір қазақ деген қойдан жуас жұрттың жеріне нағашысының ауылына серуен салып, қайын жұртына ұрын барып қайтқан желөкпелерше қойқаңдауды шығарды» [5, 107]. «Ілуде бір найза безеп, қылыш сермеп, қарсы атойлаған үркердей-үркердей топтары ұшыраса қалса, жоңғардың тасқынына жұтылып кете барады. Есесіне жоңғар мен ойраттың алды малға, арбасы мүкамалға толып, тақымы жылып көрмеген пақырына дейін қалың малсыз қатынға қарық боп қайтады» [5, 107]. «Тәукенің тәж кигені – күні кеше» [5, 107]. «Бұған да керегі сол еді. Әскербасы атанғалы немере інісі әрқилы мінез көрсете бастаған» [5, 108]. «Қазақтың сұлтаны солға, онданы оңға тартып, бегі мен батыры өзді-өзі айбар асырып, дәулет салыстырып, дәурен кешкен жылдардың ішінде шығыстағы қара, батыстағы құба қалмақ атаулы бақасы көп көлдің сарыүйек жыланынша көбеңденіп алды» [5, 107].
«Бұрхандары теріс қабақ танытты» [5, 108]. «Мұның іштей бақас мәнжілері мен тайшыларының, нояндары мен зайсандарының, тоқ мысықша үнемі мүлгіп жүретіп ламалары мен тақтан үміткер немере інілері, әсіресе Сыбанның қыбы мен қышуы қанса, тап осы жолы қанатын-ақ шығар...» [5, 108]. «Салқам Жәңгір мен Жалаңтөстің қолынан әкесі Батыр опат болғанда, бұл тым жас еді. Таққа немере ағасы Сенге отырды. Ал Сенге өлгенде Сыбан тым жас еді.Жол соныкі болғанмен, таққа бұл жайғасты» [5, 109]. «Сайрамның аса биік болғанмен, тас дуалының басынан жоңғар араттары мен дойырларының төбесіне қолқа іліккеннің бәрі құршақша жауып жатыр» [5, 109]. «Жебелеріңнің ұшына майлы шүберек байлап, шаһарға отжаудырыңдар!» Сонда ғана бұл селт етіп, қаһарлыдаусын алғаш естіртті. «Тоқтатыңдар! Тоқтатыңдар, есуастар! Өрт қоюшы болмаңдар! Нақұрыстар, ертең елдеріңе Сайрамның артып қайтпақпысыңдар!» Ізінше ұрысты тоқтату дабылын қақтырды» [5, 109]. «Лектірмен тынымсыз төмпештелген шаһардың үш қақпасының күлпаршасы шықты. Жау лек-лек ағылып ішке лап қойды. Екінді шамасында қорғаннан да, қорғаныстан да біржолата мән кетіріп, шаһар іші қан сасыды» [5, 110]. Осындағы «лектір» деген қытайдың «дивархан» атты тас атқыш құралының кішкене түрі екендігін автор өзі көрсетіп кетеді. Сонымен қатар, дін атауларына қатысты сөздер де кездеседі. Мысалы: «үббе»; яғни су түбіне тартатын пері. «Синесоф буа» - «жаны пәк, әулие жан» деген мағынаны білдіреді. Ислам дініне қатысты «мазһип, расила, кәтиб, мағрипат, дастих, мүссадас, құшашы» деген сөздер де романда қолданылады. Мысалы: «Келесі күні пірімен де жұп жазуына тура келді: Мүсәрәлі Мәлікке, өзі Самарқан әмірі Абдоллаға тартты» [5, 106]. «Бұл – Шәйбани хан әулетінен тараған он бесінші ұрпақтың ішіндегі сегізінші Абдолла еді. Кезінде осы Абдолланың атасы Абдолла-Әзиз Бұқараны билеп тұрған кезінде айналасындағыларға сыйлы, мұның аалары Жалаңтөспен де, Ақшамен де оң қабақта өтті. Әкесі ерте көз жұмған Абдолланы атасы Самарқанға Жалаңтөстен кейін құтаймай қойған әмірлер тағына отыруына бар күшін сарқып бақты» [5, 160]. «Өкініштісі Абдолла атасынан оң бата алғанмен, ізгілікті қасиеттерін бойына сіңіре алмаған боп шықты. Әсіресе атасы бақилыққа аттанысымен, сарай маңындағылардың пыш-пыш сөзінен әріге бой асыра алмай, үйкүшік әмірші атанды»
[5, 160]. «Кеше Самарқан мәліктің сөз ләмінен оның шайырларды, жыршыларыды, исандарды суқаны сүймейтіні аңғарған. Шаһар сәулетіне мүлдем енжарлығына өзінің де келгелі көзі анық жеткен» [5, 160]. «Абдолланы Самарқан көркіне қосқаны – Тұманақ бегімнің кесенесі жанынан өзіне арнап асты-үстін тақтай, іші-сыртын сырмақтай ғып салдырған жазғы әйдік хиссары ғана» [5, 160]. « Бұл жалдаған күйме сол хиссардың жанына келіп, түсе бергенінде, есік алдындағы темір құрсағынан төрт миршаб жалғыз жүргенмен, әулетті бегі екенін сезіп, бастарын жерге жеткізе иді» [5, 160]. «Әмірлерін ат аяғы жетпес жерге күлкі етіп сыпсың сөз тарататындар да, тірі кезінде табанын жалап, өлген соң көрінен сүйреп шығарып тастайтындар да осындай жорға құлдар мен жәдігөй уәзірлер» [5, 161]. «Тіпті сонау бір жылдары ол Бұқарадан келіп «Тіллә-Қарида», бұл Ұлықбек медресесінде қатар тәлім алған шәкірт шақтарында да екеуінің бала болып үйірлесіп, бірге ойнамағаны да бидің есіне оралп кеткен еді» [5, 161-б.]. «Ал, ана бір жылы кәуірдің ашқарақтары қарабалыққа уланып мурит кеткенде, бар бәлені қазаққа жауып, орыс кінәзінің жанында жәпектеп жүргені қайыра есіне түскенде, жиіркене жиырылып, бұрқ-сарқ шапшыған ашуын саф-саф тежеп бақса да, дауысы ызғарлы естілді» [5, 161]. «Әлгіде малайлар хабар қылғанда қалғып жатқанмын. Жете түсінбей қалыппын. Енді, міне Самарқан шаһарының әйгілі әмірі, Әсия мен Машырықтың даңқты қолбасшысы, һәм барша алты алаш жарылқаушысы Жалаңтөс баһадүрдің өзін көріп тұрмын ба, көзін көріп тұрмын ба деп есімнен танып қалғаным» [5, 161]. «Өзіңді басы бүтін көргеніме қырық күн Құдая атайын ба, Самарқанның барша жоқ-жітігіне садақа таратйын ба! Естіп жатырмын. Естіп жатырмын, жөңкіліп келген жоңғарды желкелеп жүріп жеті қырдан асырғаныңды! Ғизауат майдан, ғаламат мұғжиза іс қылыпсың!.». [5, 161]. «Қолынан екі қайыра шапалақтаса – қытай, үш қайыра шапалақтаса – өзбек, төрт қайталаса – жоңғар жыланшысы келеді деуші ет, рас болмағай» деп ойлағанша, желді күнгі қоғаша жапырыла шайқақтап қайта кірген паша алдарына торғауыш толықыз емшек жүзім қойып, екі кәрлен көзеге сертен толтырды да, тағы да үш қайыра иіліп-бүгіліп шығып кетті. [5, 162]. «Өзбек малайы таза жүзім сусынын әкеледі, қытай