ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 115
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім мен тәбие беру бірлігін үнемі ескерген А.Байтұрсынұлы әліппелеріндегі сөйлем, мәтін не өзге материалдар шәкірт ұғымына шақталып, ой елегінен өткізілген шығармалардан алынады. Оқытудағы негізгі мақсатқа сәйкес жазылған, өзге тілдердегі материалдардан аударылған. Автор әріптерді тегіс үйретіп біткеннен кейін әліппе, оқу құралдарының соңында сауат ашар оқушы қауым үшін тәрбиелік мәні мен мазмұны бар, идеясы құнды тақпақтар мен өлеңдер, айтыс, ірілі-ұсақты әңгімелер, белгілі бір ғылым саласынан хабар беретін үзінділер берілген. Бұлары әліппе мақсатына орайлас. Яғни, А.Байтұрсынұлы қолданған мәтіндердің де артық-кемі жоқ деп білеміз. Әрқайсысы өзіндік бір қызмет атқарып тұр. Белгілі тәрбиелік мәнге ие.
Ең бастысы әліппені оқыған кез-келген сауат ашушы адамның әріптерді меңгергенін бақылау, пысықтау мақсатын көздеген. Соған қоса ағартушы жаттығу үшін берген әдеби нұсқалар оқушыны бей-жай қалдырмайды, көкірек көзін ашуға жәрдемі тиеді. Балалар бойына белгілі бір практикалық дағдыларды қалыптастыруды, қоғамдық өмірдің әрбір тармағынан мәлімет беруді нысаналаған. Ұсынылған мәтіндер, өлең-жыр,әңгімелер арқылы балалар бойына туған еліне, отбасына, табиғатқа, ел тарихына деген сүйіспеншілікті сіңіруді мақсаттаған. Шәкірт алуан жақсы қасиеттерге үйренген. Мәтіндердің мазмұны әрқилы, құрылысы мейлінше қарапайым айтылуы, оқылуы жеңіл, сөздері ойнақы. Дыбысқа еліктеушілік, аллитерациялық, ассонанстық қайталаулары жиі ұшырасады. Осы арада әдіскер ғалым Т.Әбдікәрімованың мәтін турасындағы төмендегідей талдауын келтіре кеткен орынды. Онда әдіскер: «Текст бастауыш мектеп оқулығындағы басты объекті болып табылады. Текстің бастауыш кластың оқу процесіндегі алатын орны, атқаратын қызметі ерекше»,-дей келе, «Ана тілі» секілді бастауыш сынып оқулығындағы мәтіндердің атқарар бес түрлі қызметін көрсетеді. Олар: 1.Мәтін оқушыға білім береді; 2. Мәтін оқушыны оқуға үйретудің құралы; 3. Мәтін оқушы ойын дамытудың құралы; 4. Мәтін тәрбиелік қызмет атқарады; 5.Мәтін тіл дамытудың құралы.
Ал, А.Байтұрсынұлы әліппелеріндегі берілген мәтіндердің қай-қайсысы да жоғарыдағы ғалым сілтеген қызметтердің бәрінің де жүгін көтереді. Мәселен, әліппеге енген мәтіндер арқылы А.Байтұрсынұлының оқушыға өмірдің түрлі саласынан білім беру міндетін көздегенін көреміз. Ағартушы бір алуан мәтіндер арқылы («Базар», «Шана істегенім», «Қармақ салуға барғаным», «Жүген», «Балық аулау жұмысы», т.б.) өмірге қажетті, шаруашылыққа қатысты зат өндіру, күнкөріске керекті жұмыс түрлерінен мағұлмат берсе, бірде мектепті күтіп ұстау, ондағы тәртіп («Мектепке түскен күн», «Біздің тәртіп», «Мектепті қалайкүтеміз?»), тазалық, денсаулық («Тазалық тәртібі», «Дәрігер бізге не айтты», «Ұят-ай», «Қожалақ», «Шаңғақалған шарамыз»), адамгершілік («Жетім») мәселелері сөзболды. Немесе әліппедегі «Дене мүшелері» секілді танымдық атаулардан кейін берілген 12 тармақтан тұратын тақпақ жолдарда сезімге түрткі, ойға қозағу салады. Ол жолдар былайша жазылған.
Құлақекеу, ауыз біреу,
Ол не үшін былай?
Көп тыңдау, әз сөйлеуге
Жаратқаны ол солай.
Ауыз біреу, көз екеу
Ол не үшін былай?
Көп көріп, аз айтуға
Жаратқаны ол солай.
Ауыз біреу, кол екеу,
Ол не үшін былай?
Көп жұмысшы, аз жеуші
Жаратқаны ол солай.
Байқағанымыздай, бұдан көп тыңдап, аз көріп, аз сөйлеу, көп еңбекетіп, қаңағатшыл болу идеялары бар. Бүгінгі әліппелерімізде де осындай шумақтар кемшін. Қысқасы, А.Байтұрсынұлы әліппеге енгізілген мәтіндерді оқушыға тұрмыс-тіршіліктегі алуан құбылыстар туралы алғашқы мәлімет беретін алуан қасиетке баулып, жан-жақты тәрбиелейтін құрал есебінде терең түсінген орынды қолданған.
Теорияны практикамен байланыстыру қағидаты. Бастауыш сынып оқушылары негізінен белгілі бір тілдік теориялық материалдарды бақылау жаттығу жұмыстары арқылы практикалық тұрғыда меңгеріледі десек, А.Байтұрсынұлы әліппелерінде осы бағыт та құрылған. Соған сәйкес теориялық білім мен практикалық дағдының ара қатынасы ескерілген. Ендеше, әдіскер ғалым теорияны практикамен байланыстыру қағидатын сақтаған.
Оқытудағы теорияның практикамен байланысы қағидаты туралы дидакт ғалымдар алуан тұжырым айтады. Мәселен, М.А.Данилов: «Система знаний является кардинальным условием их применения, а связь жизнью, с практикой является, величайшим глубого усвоения системы»,- деп жүйелілікті теорияның практикамен байланысы қағидатымен бірлікте қарайды. Ал Н.А.Сорокин: «Связь теории с практикой в обучении (при ведущей роли теории) — один из основных принципов, состовляющих особенность дидактики. В нем проявлется такая обшепедагогическая закономерность, как осуществление воспитания и обучения в тесной взаимосвязи с жизнью, с практикой...» - дей келе. «Изучены в теории может опираться на имеющийся у учащихся практической опыт в жизни и в быту в учебных мастерских, на учебно-опытном участке, в общественно полезно деятельности и т.д. Возникновение и разрешение возникающих учасщихсявопросов а также постоновка перед ними жизнено важных практических проблем вызывают обычно живой интерес к теоритическим закономерностям»,-деп қорытады [16,47-б].
Теориялық білімнің көп берілуі бастауыш сынып оқушыларының білімді меңгеруіне шамадан тыс ауырлық келтіретінің еске ұстаған А.Байтұрсынұлы әліппелерінде белгілі бір дыбыс ерекшелігін, оның таңбасын, дыбысталуын ұқтырғаннан кейін, шәкірт тілін дамыту бағытындағы практикалық жаттығулармен ұластырады. Бұл жерде А.Байұрсынұлы әдіскерлік танытып, теориялық білімді практикалық жұмыспен тексеріп байқауға үйретіп отырған. Айналып келгенде, бұндай жұмыстардың бәрінде де әдіскер теория мен пркатика арасында диалектикалық байланысты әркез естен шығармаған. Мысалы,
а,р,з әріптерінен соң «о» дыбысы өтіледі. Алғашында «о» дыбысына орай теориялық түсініктер беріледі, суреттер көрсетіліп, жеке сөздер таныстырылады. Одан әрі өтілген дыбыспен жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін тоғыз сөзден (ор, ора, Ораз, оз, озар, зор, азар, аз) тұратын «Ермек-еңбек» тапсырмасы беріледі.
2.3Ахмет Байтұрсынұлының риторикалық сөйлеу мәдениетін дамыту бағытындағы тұжырымдар жүйесі
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауында айтылғандай, «бәсекелестікке қабілетті ел болу үшін, ең алдымен, оның әрбір мүшесі бәсекелестікке қабілетті болу қажет». Бәсекелестікке бейімділік адамның жинаған білім қорымен өлшенбейді, алған білімін өмір сүрудің, өзін-өзі дәлелдеудің, өзгелермен тіл табыса әрекет етудің құралы ретінде қолдана білуінен көрінеді. Бұл оқушының сөйлеу дағдыларын сөз мәдениеті негізінде жетілдіру арқылы мүмкін болады. Тіл – адам санасында шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болса, сөйлеу – адамның интеллектуалдық әрекетінің ерекше түрі. Бұл да оқушының тілдік, әлеуметтік, этикалық дағдыларын дара тұлға мәдениетімен бірлікте дамытудың маңыздылығына көрсетеді.
Сөз мәдениетін оқыту – сөзді өнер деп бағалаған танымы терең, талғамы биік халқымыздың ізгі дәстүрін жалғастырудың басты кепілі. Ал, сөз мәдениеті – оқушының интеллектуалдық және мәдени сапасын арттыратындай тілдік қатынасқа төселдірудің негізі. Бұл жерде «тілдік қатынас – сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым – қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық – әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір – бірімен пікір алысуы, адамдық қатынастың түп қазығы дегенді білдіреді».
Сөз мәдениетінің нормативтік сапасы бойынша функционалдық сауаттылыққа, дұрыс сөйлеу талабына басымдылық беріледі. Сөз дұрыстығы жөніндегі ой – тұжырымдар А.Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алады. Ол: «Сөз дұрыстығы – әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы. Ол үшін сөз мағынасын, тұлғасын өзгертетін жалғау, жұрнақтарды дұрыс тұтыну керек; сөйлем ішінде сөздерді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру керек; сөйлемдерді бір – біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаласыру, дұрыс орналастыру керек», - дейді. Ғалымның «Әдебиет танытқыш» енбегінде сөз өнерінің мәнін көрететін қысқа тұжырымдама пән болмысының классикалық үлгісі жасалады: «Сөз өнері деп жазады ғалым, адам санасының үш негізіне тіреледі. 1.ақылға, 2.Қиялға, 3.көңілге» Өнер жүйесіндегі бастапқы үш негіз құрамды осылай нақтылап алған соң, былайша ой қорытады: «Ақыл ісі-аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі- меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына бейнесіне ұқсату суреттеп ойлау, көңілісі - түю, талғау »Мұндай тұжырымдаманы алдымен әлемдік өрнекілік тұрғыдан түсіну әдісіне жатқызуға болады. Әдебиеттанушы В.В.Кожиновтың пайымына сүйене айтсақ, «К середине 20 в утверждается синтетическое понимание литературы как одной
изформ художественного освоения мира, как творческой диятелбности, которая принадлежит искусству, но вместе с тем являетсы такой разновидностью художественного творчества, которая занимает всистеме искусства особое место, это отличительное положение литературы зафиксировано в употребительной формуле «литература и искусство». Мәселенің екінші қыры-«сөз өнерінің рухани қызметі.» Жоғарыда айтылған «тану», «меңзеу» және көп жағдайларда «түю», «талғау» сөздерінің аспектісі ең алдымен рухани ұғымға жақын. Яғни, болмысты санамен түсіну ғалымның айтуынша, «тіпті форманың қарапайым компоненттеріде (эпитет немесе метафора, баяндау және диалог) түсіну кезінде ғана санаға қонбақ» Осыған орай, ең бастысы «Духовность,насквозь пронизывающая литературы, позволяет ей развернуть сври универсальные по сравнениюс другими видами искуссива, возможности». Сөз өнерінің мұндай саналы қасиеті адамдардың іс-әрекеті және ойларымен мінездеріне жалпы алғанда қатысты екенін кезінде Аристотель тайға таңба басқандай атап көрсеткен. Жоғарыдағы тұжырымдамамен қатар А. Байтұрсынұлының «Тілдің міндеті – ақылдың аңдуын аңдығанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйгенін түйгенінше айтуға жарау» деген ғылыми тұжырымы психолингвистикалық мәселелер аясында сараналады.
«Шешендік сөз» ұғымын тұңғыш рет термин ретінде қалыптастырып, оны жан-жақты саралап көрсеткен ғалым да —А.Байтұрсынұлы. Сөз мәдениетиетінің зерттеу аясының кеңеюіне орай бұрын халық ауыз әдебиетінің бір жанры деп саналған шешендік сөз ендігі жерде сөйлеу өнерінің шыңы деген тұжырым орнықты. Шешендікке үйрету жайғана көркем, шебер сөйлеуге үйрету емес баланың ой-өрісін, жалпы, білім дәрежесін арттыратынын, оқушының өздік әрекет етуіне негізделгенде ғана оң нәтиже беретінін айтады. Тіл дадамытуда, сөз мәдениетін үйретуде шешендік қабілеттің орны бөлек. Сонымен, адамның дүниетанымының негізі, рухани әлсмнің бастауы саналатын ана тілін жаңа уакыт сұранысымен үйлестіре оқыту оқушының дара тұлғалық қабілеттерін жан-жақты дамытатын сөз мәдениетін меңгертуге келіп саяды. Өйткені өмірдің танытатын, оған гуманистік келбет пен шынайы мән беретін құндылықтар. Солардың орталық жұлынындағы ең жоғары құндылық-әр халықтың ана тілі. Ахмет Байтұрсынұлының: «Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсіну керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білу тиіс. Яғни, әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс. Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден үйренеді. Сонан-соң тіл танытқыш кітаптардан таниды»,- деген тұжырымы өте орынды. Себебі, әр адам дұрыс ойлауды үйреніп, оны түсінікті етіп жеткізе білуі керек. Адамның сөйлеу мәнері, оны жеткізе білуі арқылы біздер адамды танимыз. Ал адамның дұрыс ойлап, орынды сөйлеуін бала кезден қолға алған дұрыс. Бұл тұрғыда Ахмет Байтүрсынұлы: «Әркім пікірін сөз қылып шығарғанда да, ана тіліндегі сөздерді әрқайсысын әр түрлі қолданады. Әркім сөзді өз қалауынша алып, өзі оңтайлы көруінше тұтынады. Әркім өз қалауынша алып, өз оңтайынша алып тұтынған сөз сол адамның тілі болады»,-дейді. [17,48].