ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 355
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
[1]
10. Ғылыми білім түрлерінің алуан түрлілігі.
Ғылыми білім қиын құрылыстан тұратын, дамуға бейімделген біртұтас жүйе. Құрылыс болған соң жүйенің элементтерінің арасында тұрақты байланыс бар екендігі анық. Ғылым философиясында дəстүрлі түрде таным мен білімді эмпириялық, теориялық деңгейлер мен типтерге бөледі. Эмпириялық білім дегеніміз - абстарктілі эмпириялық объектілер туралы көп түрлі пікірлер. Бірақ оны бақылаудың тікелей нəтижесі деп түсіну дұрыс емес, себебі, айналмалы түрде «өзіндік заттар» идентификация мен интерпретация жолынан өтіп нақты дүние туралы білімді ашады. Эмпириялық білімнің құрылысы. Сезімдік пен эмпириялық білімдердің онтологиялық пен сапалық түрде мазмұндарыда өзгеше болып табылады; біріншісі, көп түрлі сезім бейнелері болса, ал екінші, көп түрлі эмпириялық пікірлер; олар логикалық тұрғыдан бір-бірінен ештеңе шығармайды. Сонда, эмпириялық білімді бақылау мен эксперименттердің логикалық нəтижесі деп түсіну ол, қателесу. Теориялық білім – сананың конструктивті бөлігі - ақылдың іс-əрекетінің нəтижесі. В.С. Швыревтің пікірінше, ақылдың қызметі сананың сыртқы жағына емес, яғни сыртқы болмысқа емес, сананың ішкі, өзіндік мазмұнын ашуға бағытталады. Ақылдың қызметінің мəнін өзінде, өзі үшін еркін когнитивті шығармашылық. Интеллектуалды интуициямен бірге теориялық ойлаудың негізгі логикалық операциясы идеалдандыру, оның мақсаты мен нəтижесі - өзгеше пəндік түрді шығару - «идеалды объектілерді». Осындай объектілер əлемі ғылыми білімнің теориялық түрінің өзгеше онтологиялық негізін құрайды.
Дегенмен эмпириялық және теориялық білімнің айырмашылығы терең және жан-жақты. Эмпириялық білімді байқау мен эксперимент бақылай алады, ал теориялық білімді логика мен интуиция ғана тексере алады. Теориялық білім мағынасы толық сана қызметімен байланысты, ал эмпириялық білім бір жағынан, сана қызметіне тәуелді, екінші жағынан оған бағынбайтын материалды әлемге де бағынышты. Ғылыми білімнің құрамында эмпирия мен теориядан жоғары метатеориялық деңгей бар. Оның өзі жалпы ғылыми білімнен және ғылымның философиялық негіздерінен тұрады.
11. Ғылым және дін.
Ғылым және діннің арақатынасы – қарама-қайшы көзқарастарға толы күрделі тақырыптардың бірі. Бір топ ғалымдар олардың арасында ешқандай қайшылық жоқ деп дәлелдесе, тағы бір топ зерттеушілер бұл екі ұғымның қашан да қақтығысып келген деп сендіруге тырысты. Дін мен ғылымды еш уақытта бітіспейтін мүлдем қарсылықты дүниелер ретінде көрсету XVIII ғасырда кең жайыла бастағаны мәлім. Ал ол үрдіс әлемде коммунистік режим дүрілдеп тұрған XX ғасырдың орта шенінде нағыз шарықтау шыңына жетті. Тіпті, қаншама зерттеушілер расында солай екен деп ғылым мен дінді бір-бірінен бөліп қарауды қағида қып ұстанды.
Антикалық кезеңнен қайта өрлеу дәуіріне дейін ғылым мен дін бір-бірінен ажырағысыз, қоян-қолтық күй кешті. Ал XVIII ғасырда батыста жаңа мәдениет туды. Ғылым мен өндіріс дамыды. Бұл жағдай мәселеге мүлдем жаңа қырынан қарауға жол ашты. Атап айтқанда, әлемнің өмір жасы, биологиядағы механизм мәселесі, эволюция теориясы, элементтердің табылуы, жүйке жүйесі мен мидың функцияларын түсіну бағытында жасалған талпыныстар батыс әлемінде ғылым мен діннің қақтығысына негіз қалады. Ғылым мен діннің қақтығысы дегенде, негізінен, материалистік батыс әлемі еске түседі. Оның ислам дініне қатысы жоқ екенін ашып айтуымыз керек. Өйткені һижра жыл санауы бойынша екінші ғасырдан бесінші ғасырға дейін жалғасқан және қазіргі батыс әлемінің ойлау жүйесіне де сүбелі үлес қосқан мұслымандардың ғылым-білімдегі жетістіктері бұған дәлел бола алады. Дінді қате түсінуге себеп болған негізгі себептердің бірі – діннің материалистік пәлсапа, әлеуметтану және антропология тұрғысынан зерттеу нысанына айналуы, ал екіншіден, дін дегенде адам санасына бірден бұрмалаушылыққа ұшыраған христиандықтың сап ете қалуы. Осылайша соңғы ғасырларда жалпы дін сонымен қатар ислам діні де материалист батыс ой-санасының құрбанына айналды.
Материалистік түсінік бойынша күллі болмысты тек қана көзге көрінетін материалдық заттардан, ал адам баласы тәннен және сол тәннің туындысы саналған ой-сана мен сезім-түйсіктерден ғана тұрады деп пайымдауынан туындап жатты. Өкінішке қарай, «ғылымилық» шапанын жамылған осындай қысыр көзқарас дінмен қоса адам өміріне қатысты басқа да барлық құндылықтарға адамның өз қолынан жасалған өнім деп баға берді. Сонымен қатар, сол шолақ түсінік бойынша, жасалған «ғылыми» емес ғылымға, яғни нақты лабораторияларда көзге шұқып көрсеткендей дәлелденбеген нәрсеге шындық деп қарауға болмайды. Себебі ол нақты емес. Ал дінді тек сенім мәселесі ретінде қарауға болады. Міне, осы түсінік батыста білу мен сенуді бір-бірінен бөле-жарып, екі бөлек ұғым деп қалыптастыра бастады.
Ғылым мен діннің арасында үлкен алшақтық пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде батыс әлемінің алдында христиандық тұрғандықтан, дін мен ғылым қарама-қайшы ретінде көрсетіліп, иманнан гөрі ақыл мен ғылыми таным басты негізге алынды. Карл Марксқа ең көп ықпал жасаған Фейербах осы ақиқатты «Христиандық біздің тіршілік және өрт қауіпсіздігімізге, темір жолдар мен кемелерімізге, әскери және техникалық мектептерімізге, театрларымыз бен ғылыми мұражайларымызға қарама-қайшы қатып қалған пікірден басқа ешнәрсе де емес» деп білдірген. Осылайша, ғылым дінді өз негіздерінен қопарып алып, материалистік шеңберде зерттеу обьектісіне айналдырды.
12. Теориялық танымның құрылымдық компоненттері:проблема, гипотеза, теория.
Теориялық білімнің құрылымдық компоненттері проблема, гипотеза және теория болып табылады.
Проблема дегеніміз - шешімдері белгісіз немесе толық білінбеген күрделі теориялық немесе практикалық мәселе. Дамымаған (проблемаға дейінгі) және дамыған проблемалар бар. Дамымаған проблемалар келесі ерекшеліктермен сипатталады: (1) олар белгілі бір теория, тұжырымдама негізінде пайда болды; (2) бұл қиын, стандартты емес тапсырмалар; (3) оларды шешу танымда пайда болған қарама-қайшылықты жоюға бағытталған; (4) проблеманы шешу жолдары белгісіз. Дамыған проблемалардың шешілуіне азды-көпті нақты белгілері бар.
Гипотеза - зерттелетін объектілердің құрылымы мен құрылымдық элементтердің ішкі және сыртқы байланыстарының сипаты туралы белгілі бір әсер ететін себеп туралы тексеруді және дәлелдеуді қажет ететін болжам. Ғылыми гипотезаның келесі сипаттамалық қасиеттері бар: (1) өзектілігі, яғни ол сүйенетін фактілерге сәйкестігі; (2) тәжірибелік тексеру мүмкіндігі, бақылау немесе эксперименттік деректермен салыстыру (тексерілмейтін гипотезаларды қоспағанда); (3) бар ғылыми біліммен үйлесімділік; (4) гипотезаның түсіндіру күші болуы керек - оны растайтын фактілер мен салдардың белгілі бір саны гипотезадан шығарылуы керек. Ең көп фактілер алынған гипотеза ең үлкен түсіндіру күшіне ие болады; (5) қарапайымдылық - гипотезада ерікті болжамдар, субъективті қабаттар болмауы керек. Сипаттамалық, түсіндірмелік және болжамдық гипотезаларды ажыратамыз. Сипаттамалық гипотеза - бұл объектілердің маңызды қасиеттері, зерттелетін объектінің жеке элементтері арасындағы байланыстар сипаты туралы болжам. Түсіндірмелік гипотеза - бұл себептілік туралы болжам. Болжамдық гипотеза - бұл зерттеу объектісінің даму тенденциялары мен заңдылықтары туралы болжам.
Теория дегеніміз - шындықтың белгілі бір аймағын адекватты және интегралды түрде көрсететін логикалық ұйымдастырылған білім, білімнің тұжырымдамалық жүйесі. Оның келесі қасиеттері бар: (1) теория - ұтымды ойлау әрекетінің түрі; (2) теория - сенімді білімнің ажырамас жүйесі; (3) теория фактілер жиынтығын сипаттап қана қоймай, оларды түсіндіреді, құбылыстар мен процестердің пайда болуы мен дамуын, олардың ішкі және сыртқы байланыстарын, себепті және басқа тәуелділіктерін ашады; (4) теориядағы барлық ережелер мен тұжырымдар дәлелденген.
13.А.Ковальченконың методология туралы зерттеулерінің сипаты.
Ресейдің ғылым академиясының толық мүшесі, Мәскеу мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген профессоры Иван Дмитриевич Ковальченко 1923 жылдың 26 қарашасында Брянщинадағы Стародуб маңындағы Новенький хуторында дүниеге келген еді. Оның ғұмыры Отан тарихының асулы кезеңдерімен тұспа-тұс болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың ізімен Еуропаның небір қиырларына аяғы тиген мәрт жауынгер кейіндері ірі ғалым атанып, отан тарихы және тарихи танымның әдістемесі бойынша іргелі еңбектердің авторы, тарихи ғылымның бірегей ұйымдастырушысы болды.
1940 жылы мәскеулік жетіжылдық мектепті бітірген Иван Дмитриевич Ковальченко оқуын жаңа ғана ашылған артиллериялық мектепте жалғастырмақ болады. Бірақ 1941 жылдың 22 маусымында оның мектептегі өмірі үзілген еді. Рязань әскери училищесінде қысқа мерзімді дайындықтан соң, И.Д. Ковальченко 1941 жылдың қараша айынан бастап сұрапыл соғыстың аяғында дейін майданда болған еді: ол Мәскеу түб
інде, Будапешт, Венада соғысып, соғысты Чехословакияда аяқтаған болатын. Ол ауыр жарақат алды. Отан сержант, десантшы артиллеристің ержүректігіне әділ баға беріп, Қызыл Ту ордені, «Ерлік үшін», «Жауынгерлік қызметі», «Вена қаласын алғаны үшін», «Жеңіс» медальдарымен марапаттаған болатын.
1947 жылы И.Д. Ковальченко М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түседі. Оның бес жылдық студенттік өмірі — аудиториялар, библиотекалар мен архивтерде қызу жұмыспен айналысумен өтті. Диплом жұмысын сәтті қорғағаннан кейін ол үш жыл аспирантурада оқып, оны 1955 жылы, кандидаттық диссертациямен тәмамдады. Студент кезінде және аспирантурада алған білім мен тәжірибе оның әрі қарайғы зерттеушілік және педагогикалық кызметін атқаруда өзіне мықты арқауға айналған еді.
1955 жылы И.Д. Ковальченконың Мәскеу мемлекеттік университетіндегі мұғалімдік қызметі басталып, бұл жерде оның тамаша лектор және сезімтал тәрбиеші қасиеттері айқындала бастады, осы қасиеттерінің арқасында, ол көптеген шәкірттерінің құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген еді. И.Д. Ковальченко өзінің докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін, өмірінің соңғы күні 1966 жылдың 13 қарашасына дейін Мәскеу университетінің профессоры қызметін атқарды.
Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды.