Файл: ылымны тарихы мен философиясыны пні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 350

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


18.Қазіргі заманғы жаһандық өркениеттің әлем дамуына ықпалы және оның ерекшелігі.

Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт РостоуДэниел БеллАлвин ТофлерПитер ДракерДжон НейсбиттЛестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.

Физик-теоретик және футуролог Митио Каку өзінің "Болашақ физикасы" атты кітабында былай деп жазды: Сауалнама жүргізсе, әлдекім жаһандану үрдісінің жүріп жатқанын еміс-еміс түсінетіні анықталады, бірақ оған қарамастан Жер өркениетінің белгілі бір мақсатқа жылжып жатқаны туралы анық көрініс жоқ.

Митио Какудың ойынша, экономиканың орташа даму жылдамдығымен алдағы 100 жылда Жер өркениеті "планетарлық өркениет" мәртебесіне жетпек. Мұндай жағдайда Жердегі энергия тұтыну мөлшері ғаламшарымыздың Күннен алатын энергиясына теңеседі (шамамен 10^17 Вт).

Планетарлы экономиканың құрылуы (Евроодақ және басқа да сауда блоктары), ортақ ғаламдық мәдениет, ғаламдық жаңалықтар, халықаралық туризм, аурулар мен табиғи апаттарға қарсы халықаралық күштер салу да Митио Какудың пікірінше жаңа планетарлы өркениеттің пайда болуына белгі болып табылады.

Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.[1] 

Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

1. мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);

2. Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);


3. Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);

4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);

5. Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);

6. Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

 

 

19.Қазақстандағы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар.

        Мемлекетіміздің тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етудің негізгі жолы білім беру жүйесін жоспарлы түрде құру болып табылады. Бүгінгі күнде ХХІ ғасырдың көшбасшы мемлекеті болу білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыруда жатыр. Білім әлемдегі барлық мемлекеттердің негізгі басымдықтарының бірі болып саналады. Сондықтан қазіргі бәсекелестік заманындағы шарттарда әлеуметтік-гуманитарлық білім берудің маңыздылығы жоғары деп ойлаймыз. Ақпараттық технологиялардағы заманауи жоғары дамыған технологиялық қоғамның ілгері дамуы үшін білімді және адал азаматтардың, қоғамдық өмірдің жаңа қағидаларын қалыптастыратын тұлғаларды қажет етеді. Қоғамдағы өмірді қалыптастыру жолында әлеуметтік-гуманитарлық білімдердің маңыздылығы мына түсініктермен байланысты: біріншіден, білімді қоғам бұл қарапайым ақпараттық қоғам ғана емес, бұл маңызды құндылықтар қорын құратын тұлғалық әлеуеттің қоғамдық және адами даму ілімдеріне сүйенетін қоғам. Екіншіден, экологиялық және әлеуметтік дағдарыстар шарттарында адамның кәсіби қызметі мәдени болжамдарға сәйкес қоғамның қауіпсіздігі мен даму басымдықтарын қамтамасыз етеді.

Гуманитарлық құрамдас бөлікпен байытылған білім қоғамдағы білім арқылы қоғамдық өсімге әкеліп, инновациялық дамудың орталығына айналдырады: 1) жас буынды әлеуметтендірудің негізгі институтына айналып, оларды ақпараттық қоғамдағы ережелер мен құндылықтарға дағдыландыру арқылы құбылмалы әлемде өмір сүруге үйретеді; 2) адамдарды әлеуметтік өзгерістерге ынталандыратын күнделікті және кәсіби белсенділік шеңберіндегі қызметтің жаңа технологияларын енгізуге дайындап, қоғамдық дамудың маңызды факторы болып табылады; 3) жаңа технологияларды, дүниетаным, қағидалар, құндылықтар, мінез-құлықтық, саяси және құқықтық жүйелерді реттеудің қажеттілік түрлеріне жоғары дәрежедегі зияткер және шығармашыл қызметкерлерді шоғырландыру арқылы ескі түсініктер, құндылықтар мен бағдарларды сараптау орталығына айналады; 4) мүдделер мен қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне қарай жаңа әлеуметтік топтарды қалыптастыруға ықпал ету арқылы қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгерістерінің шешуші факторы болып табылады, әлеуметтік жіктелуді реттейді; 5) қоғамның рухани өміріне ықпал етеді және тіпті айқындайды, үлгілер мен адам мұратын қалыптастыру, ынталандырудың әлеуметтік тартылысының нышандық мағынасын иеленеді; 6) жоғары технологиялылық, және зияткерлік сыйымдылық көлемі бағытындағы өндірістік дамудың негізгі құралына айналады. Еңбек пен қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың жаңа түрлерінің

туындауын ынталандырады; 7) адамның зияткерлік, әлеуметтік, рухани, қарым-қатынас, шығармашылық әлеуетін айқындауды ынталандырып, тұлғаның дамуындағы қуатты құрал болып табылады; 8) әлеуметтік тұтастықты арттырудың құралы ретінде қоғамдық дамуды жеделдету арқылы барлық қоғамдық тәжірибе мен әлеуметтік үдерістердің дамытушылық қасиеттерін күшейтеді. Жедел қоғамдық даму заңы білімнің таралуымен байланысты; 9) жаңа идеялардың өсу қарқынына, қоғамдық өмірді оңтайландыруға және ғылыми білімнің өмір салты мен әлеуметтік тәжірибе салаларына енеді, олардың мүмкіндіктерін күшейтеді; 10) тұрғындардың білім деңгейі талаптарын кеңейтуге ықпал жасайды; 11) саяси белсенділік, саналылық пен жауапкершіліктің өсімін қамтамасыз ететін азаматтық белсенділікті қалыптастырудың негізгі орталығына айналады; 12) адамгершілік сана мен құқықтық сауаттылықты дамытудың құралы ретінде әлеуметтік-мәдени реттеушілікті жетілдіруге ықпал жасайды; 13) қоғамдық пейілді жұмсарту, саяси өмірді либералдандыру, құқықтық мәдениетті демократияландыру, азаматтық қоғамды дамытуға ықпал етеді ]. Қорыта келе, әлеуметтік-гуманитарлық білім жоғары білімді жаңғыртудың өмірлік маңызды талабына айнала отырып, заманауи маманның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады.

 

 


20.Табиғат пен қоғам туралы ғылымдардың ұқсастығы мен айырмашылықтары.

Қоғам дамуын тоқтатпай-ақ табиғатпен үйлесімділікке жетуге болады. Ол үшін теорияда және тәжірибеде бұрынғы қалыптасқан ұғымдардан, әдеттерден арылып, табиғатты пайдалануды жаңа принциптер негізінде жүзеге асыру керек. Бұл принциптердің негізі қоғам табиғаттың құрамдас бөлігі екендігін мойындау. Адамзат қоғамы табиғаттың бөлігі екенін мойындау. Адамзат қоғамы табиғаттың бөлшегі болғандықтан жалпыда болған өзгерістер оның барлық бөлігіне әсер етеді. Яғни табиғатқа зиян келтірсек ол қоғамға да зиян. Табиғатқа қарсы әрекет етіп ешқашан өркениетті қоғам құра алмаймыз. Табиғат қоғамсыз өмір сүре алмайды, ал қоғам табиғатсыз тіршілігін қояды. Осы қағиданың негізінде қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың ең негізгі әдістемелік принципі – табиғи орта мен қоғамның үйлесімділігі, ең тиімді сәйкестігі. Қоғамдағы зат, қуат ақпарат алмасулар табиғатқа сіңімді болуы керек, табиғатқа сыйымсыз қалдықтар шығарылмауы керек, табиғаттың өздігінен қалпына келу қасиеті шектелмеуі тиіс.

Өндірісіміз, адамзат қоғамы тұтастай алғанда әзірге мұндай мүмкіншілікке жете алған жоқ. Сондықтан екінші әдістемелік принцип – табиғи теңдестіктерді  сақтау. Эволюциялық даму нәтижесінде табиғи теңдестіктер қалыптасқан. Олардың бұзылуы экологиялық апаттарға әкеп соғады.Табиғаттан алынған оған қайтып оралады. Алғандардың (зиянның) орнын толықтыру – үшінші әдістемелік принцип ретінде қарастыруымызға болады.Төртінші әдістемелік принцип – шаруашылық әрекеттердің экологиялық тазалығын дәлелдеуді қажет етпейтін жоғарыдағылардың заңды жалғасы.Қоғамның дамуын тоқтатуға болмайды. Осы тұрғыдан оның қажеттерін қамтамасыз етудің ең тиімді жолы кешенділік және экологиялы тазалық – бесінші әдістемелік принцип.Алтыншы әдістемелік принцип – табиғат мүддесі қоғам мүддесінен, қоғамның, мүддесі жеке адамдардың мүддесінен басымдылығы. Сонда ғана экологиялық, әлеуметтік және экономикалық даму мүмкін болады. Аталған принциптер негізінде ғана табиғатпен үйлесімді қоғам құруға болады.

Қазіргі тарихи кезеңде қоғамның дамуының табиғатпен үйлесімділігі өте өзекті мәселеге айналды. Табиғатпен үйлесімсіз экономиканың өсуі болмайтындығын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Табиғат ресурстарын сарқылтып және қоршаған ортаны ластап ешқандай экономикалық өсу болмайтынына әлемдік қауымдастықтың көзі жетті. Сондықтан табиғатқа және табиғатты пайдалануға жаңа көзқарас қалыптасуы керек.Жаңа экология-экономикалық көзқарастың мағынасы қоршаған орта және даму жөніндегі Халықаралық комиссияның «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндамасында ашылды. Халықаралық қауымдастықтың және жеке елдердің табиғат ресурстарының, оның ішінде табиғат сыйымдылығының шектеулі екендігіне көздері жеткеннен кейін тұрақты даму туралы ой-сана қалыптаса бастады және антропогендік апаттарды болдырмайтын бірден-бір жолы деп танылды.Табиғи ортаны сауықтыруға және экономиканы тұрақты дамытуға бағытталған кешенді және үйлесімді табиғатты пайдалану жүйесін қалыптастыру біздің еліміз үшін де өте өзекті мәселе. Өйткені бұрынғы кеңестік жүйе біржақты табиғат ресурстарын пайдалану саясатымен және әскери қару-жарақтар сынаумен біздің территориямызда көптеген экологиялық апатты жағдайлар қалдырды.


21. Қазіргі заманғы техника философиясының негізгі мәселелері .

Ғылыми - техникалық революция ұзақ процесс, оның ғылыми – техникалық, әлеуметтік алғышарттары бар. Ғылыми – техникалық революцияның пісіп – жетілуіне негіз болған бастау – XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басындағы жаратылыстанудың жетістіктері. Солардың нәтижесінде материяның құрылымы туралы пікір өзгеріп, әлемнің жаңа үлгісі қалыптасты. Электрон, радиоактивтік құбылыс, рентген сәулелері, салыстырмалы теория мен кванттық теория ашылды. Микроәлемде, үлкен қозғалыстар мәселесінде түбегейлі өзгерістер болды.

Ғылыми – техникалық революцияның қазіргі дамуының мынадай маңызды ерекшеліктері бар:

1. ғылым тікелей өндірістік күшке айналды;

2. ғылым қоғам дамуының негізгі факторы ретінде жаңа еңбек бөлісінің қалыптасуына ықпал етті;

3. өндірістік күштердің барлық элементтері – еңбек нысаны, өндіріс құралы және жұмысшының өзі де үлкен сапалық өзгерістерге ұшырады;

4. еңбектің сипаты мен мағынасы өзгерді, онда шығармашылық бастаудың маңызы жоғарылады;

5. қарапайым қол еңбегі механикаландырылған басқарумен алмастырылды;

6. жаңа энергия көздері мен жасанды материалдар пайда болды;

7. бұқаралық коммуникация үлкен көлемде дамып, ақпараттық іс - әрекеттің әлеуметтік және экономикалық маңызы артты;

8. халықтың жалпы және арнайы білімі мен мәдениеттің деңгейі өсті;

9. бос уақыт көбейді;

10. ғылымдардың өзара байланысы көбейді, күрделі мәселелердің кешенді зерттелуі және әлеуметтік ғылымдардың рөлі арта түсті.

Қазіргі қоғамда ғылыми – ақпараттық технологиялар өмірге жан – жақты еніп, энергетикалық, шикізаттық, транспорттық және басқа да шығындардың редукциясы ұдайы болып отырады.

Табиғатқа, қоршаған ортаға деген қатынас өзгеріске ұшырады. Білімді өндіру үлкен қарқынға ие болды. Қазір кім ақпаратты тез алып, оны уақытында пайдаланады, сол әлемді билейді.

Ғылым мен техниканың дамуы бұрын – соңды болмаған жаңа қайшылықтарды туындатады. Оның әлеуметтік салдары бүкіл адам баласының тағдыры үшін қауіпті. Рим клубының ұйымдастырушыларының бірі. А.Печчеи техниканың басқаруға мүмкін емес анархиялық факторға айналғанын көрсетеді. Адамдардың теориялық білімдерінің аясынын кеңігендігі соншалықты лазер, антиматерия, голография, жоғары өткізгіштік сияқты құбылыстар пайда болады. Осы жағдай оның ролін мүлдем өзгертті. Өзі тудырған жағдайды басқарып, оны керек бағытқа бұрып отыру қажет. Яғни, адамның әлеуметтік жауапкершілігі жоғарылады.