ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 345
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ньютонның ғылыми әдісі сенімді табиғи-ғылыми білімдерді натурфилософия мен ақылға қонымсыз үйлесімділікке қарсы қою мақсатын қойды. Оның физикадағы «Мен гипотеза ойлап таппаймын» деген әйгілі тұжырымы осы оппозицияның басты ұранына айналды.
Ньютонның «принциптер әдісі» негізінде айтарлықтай жаңалықтар ашылды, жаңа әдістер жасалды.
Ньютон өзінің әдісін қолдана отырып үш негізгі мәселені шешті. Ең алдымен, Ньютон ғылыми психикалық үйлесімділікті натурфилософиядан нақты ажырата отырып, соңғысына негізделген сын айтты. Ньютонның өрнегі «Физиканы метафизикадан қорға!» біздің ойымызды растай алады. Ньютон натурфилософия аясында «табиғат туралы нәзік ғылымды», табиғат туралы теориялық және математикалық ілімді түсінді.
Екіншіден, Ньютон классикалық механиканы денелердің механикалық қозғалыстары туралы білім жүйесі ретінде дамытты. Оның теориясы классикалық мысал және дедуктивті типтегі ғылыми теориялардың эталоны ретінде қазіргі кезеңге дейін маңызын жоғалтқан жоқ.
Үшіншіден, Ньютон механикалық әлемнің бейнесін құрайтын негізгі идеяларды, тұжырымдамаларды, принциптерді тұжырымдай отырып, басталған ғаламдық революцияны аяқтады, екінші ғылым тарихында.
32. Р.Декарттың рационализмі және mathesis universalis идеясы
Рене Декарт (1596-1650жж.) — француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды. Ол дуализмдік (қоснегізді) идеалистік философия жүйесін жасап, әйгілі "Ойлағандықтан бармын" (ойлау болмысты анықтайтын бірегей негіз) нақылын тұжырымдады. Ол анық, толық ақиқатқа жету үшін "бәрінен күдіктену" сынды Картезиандық күмән әдіснамасын жасап, қазіргі заманғы батыс философиясының рационализм бағытының көшбасшысы болды.
Декарт батыстың қазіргі замандық философиялық-ғылыми ойлауының негізін қалаушы тұлға ретінде толық философиялық жүйе жасады. Ол философияда дуализм (қоснегіз) мен рационализм (зердешілдік) бағытын дамытты.
Декарттың пікірінше адам баласы математикалық логикалық әдіс арқылы --- яғни зерделі түрде философиялық ой жүгіртуге тиіс. Адам ақылды нәрсе және барлық нәрсені ақылмен түсіндіруге болады. Зерде сезім мүшелеріне қарағанда сенімді куәлік етеді, сенімді білм береді. Мысалы, Түс көрген кезімізде біз шын өмірде жүргендей сезінеміз. Бірақ зерделеу арқылы түстік шын өмір емес екенін тұжырымдап шығамыз деді. Ол логика, геометрия, алгебра арқылы төрт ережені ұсынды:
-
Еш нәрсені де ақыл-зердемен танудан бұрын шын деп есептеме, тек күдіктен толық арылғанда барып ақиқат айқындалады. Күдік ақиқатқа жетуде міндетті түрде басып өтетін жол талабы. -
Күрделі мәселені оны құраған ұсақ мәселелерге бөліп, жеке жеке шешу арқылы шешуге болады. -
Ой қарапайымнан күрделіге дамиды. Ойлау қарапайымнан бастап күрделіге ауысуы керек. -
Әрқашан өз ізденісімізді түбегейлі қайта қарап, ізденіс желімізден адасып қалмай, әлдебір қажетті мазмұнды жоғалтып алмағанымызды, әлдебір қателікке ұрынып қалмағанымызды тексеріп тұруға тиіспіз.
Декарт бұл әдісті философиялық ойлауда қолданып қана қоймай, геометрияда тіке қолданып, аналитикалық геометрияның негізін қалады.
Декарт философиялық әдіснама арқылы рационалді философияның мынадай мәселелерін қарастырды:
-
Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлі; -
Субстанция, оның атрибутары мен модустары; -
Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіру, дуализмӘ; -
Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясы.
33. Ф.Бэконның эмпиризмі
Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшын философы, ғылыми зерттеудің тәжірибеге сүйенген методологиясын ұсынған. Эмпиристік бағыттың негізін салушы, саяси қайраткер. Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы. «Білім - күш» деген қанатты сөз айтқан.
Ф.Бэконның философиялық идеясының – эмпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат білім – түпкі мақсат емес. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты – экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу.
Ф.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды.
Ф.Бэконның филофиялық кредосын бейнелейтін афоризмі: «Білім - күш».
Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «әртүрлі металл түрлері балқитын болса, онда бұл барлық металдардың балқу касиетіне ие екенін көрсетеді.") деп түсіндіреді Фр.Бэкон.
Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр.Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. Индукцияның кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты (өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді: әрбір құбылыс әр жолы тәжірибе жүзіндегі тексеруді қажет етеді). Адамзаттың білімінің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы – индукцияның басты кемшілігін (айқынсыздығын, болжамдық сипатын) жою жолы, деп түсінді Бэкон. «Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным
әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар:
-
«өрмекші жолы» -
«құмырсқа жолы» -
«ара жолы».
«Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. Рационалистер, Бэкон пікірінше, шын дүниеден қол үзіп догматизмге салынады. «ой өрнегін өз ойларынан тоқиды».
«Құмырсқа жолы» - тек қана тәжірибеге сүйеніш білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм (өмірден қол үзген рационализмге керісінше). Бұл әдіс те біржақты. «Таза эмпирктер» өз назарын практикалық тәжірибеге, түрлі фактілерді, дәлелдерді жинауға аударып, білімнің сыртқы көрінісін, мәселені сыртынан, «қиғашынан» ғана көріп, мәселені ішінен көре алмайды, зерттеліп отырған заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін түсіне алмайды.
«Ара жолы» - танымның ең дұрыс жолы. Осы жолды ұстаған зертеуші философ «өрмекші жолы» мен «құмырсқа жолдарының» жақсы жақтарын алып, олардың кемшіліктерінен арылады. «Ара жолын» ұстана отырып фактілерді жинап, жалпылап (мәселеге «сыртынан» қарап), ақыл мүмкіндігін қолданып мәселенің «ішіне» үңіліп, мәнін түсіну қажет. Бэкон пікірінше танымның ең дұрыс жолы – индукцияға негізделетін (фактілерді жинау және жалпылау, тәжірибе жинау) заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін ақылмен түсінудің рационалистік тәсілдерін пайдаланатын эмпиризм.
34.Жаңа дәуір ғылымы. Тәжірибелік ғылымның пайда болуы және оның маңызы
Жаңа дәуір философиясы (ағылш. modern philosophy) — XVII, XVIII және XIX ғасырлардағы француз, ағылшын және неміс философиясы. Шартты түрде "жаңа дәуір" деп 1640 жылғы Ағылшын революциясынан басталатын дәуірді айтады, ол капиталистік қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылыс болатын. Жаңа дәуір философиясы арқылы адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және ортағасырлар), "адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек дүниенің қожасы" деп сенген жаңа рухани пікірді сомдады.
Жаңа дәуір философиясы рационализм және эмпиризм сынды екі бағытты ұстанды. Онда тума идея туралы философиялық пайым және адам санасы таза тақта деген философиялық пайым өзара пікірталас жүргізді.
Рационализм мен эмпиризм
Рационализм (лат. ratio – «сана») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық 2. гносеологиялық 3. этикалық рационализм
Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.
Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер.
Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы – «дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. («Сезімде болмаған нәрсе – ақылды болуы мүмкін емес»).
Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:
1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;
2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.
«Моральдық – этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды. Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді ЖАҚТАЙТЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты.
35. И.Канттың «Аспанның жалпы табиғи тарихы мен теориясы» еңбегі және жаратылыстануға диалектика идеяларының ене бастауы
Иммануел Кант (нем. Immanuel Kant, IPA: [I:manuəl kant] 1724 жылғы сәуірдің 22-сі – 1804 жылғы ақпанның 12-сі) — XVIII ғасырда Пруссия патшалығының Кенигсберг қаласында тұрған неміс пәлсапашысы
. Ол қазіргі заман Еуропасының және Ағарту дәуірінің ең ықпалды ойшылдарының бірі болып саналады. Жалпы қалыптасқан пікір бойынша, ол пәлсападағы Аристотельден кейінгі ең маңызды тұлға болып табылады.
Кант - жан-жақты ғұлама. Ол университетте жыл сайын 5-6 паннен сабақ беріп, әртүрлі ғылым салаларынан күрделі еңбектер жазған. Өзінін ерен еңбекқорлығының, дарындылығының арқасында қарапайым отбасында дүниеге келген Кант әлем таныған философ, ғалым, ұстаз болды, үш академияның толық мүшесі болды. Әдебиетте Кант шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарастыру дәстүрге айналды: 1770 жылдарға - сыни кезеңге дейінгі (докритический) және одан кейінгі сыни кезең (критический период). Алғашқы кезеңде Кант өз еңбектерінде жаратылыстанушы – ғалым ретінде танылады және объективтік дүние жөнінде материалистік тұжырымдар жасайды. Оның әйгілі бағдарламалық пікірі мынадай: «маған материяны беріндер, мен одан дүниені калай құру керек екендігін көрсетейін». Бізді қоршаған дүние, Канттың пікірінше, адамға тәуелсіз өз алдына объективтік реалдылық ретінде өмір сүреді. Бұл, - әрине, материалистік түсінік.
Кант өзінің аспан әлемінің механикалық заңдарға сай табиғи жолмен пайда болуы жөніндегі ғылыми тұжырымын «Аспанның жалпы табиғи тарихы және теориясы» (1755) деген еңбегінде жария қылады. Аспандағы планеталар бір кезде табиғи жолмен заңды түрде пайда болған, бір кезде олар жоқ болуы мүмкін; Күн де мәңгі жанып тұрмайды, түбі сөнеді; табиғат құбылыстарына тарихи тұрғыдан қарау керек деген диалектикалық тұжырым жасайды. 1754 жылы Кант бір еңбегінде «Жер физикалық тұрғыдан картая ма?» - деген мәселе көтереді. Кант жаратылыстану саласындағы еңбектерімен, дейді Энгельс, метафизикалық көзқарасқа түңғыш соқкы берді. Ағылшын философы А.Н. Уайтхед Кант жөнінде: егерде Кант барлық күш-жігерін философияға жұмсамағанда, ол аты әлемге жайылған ұлы физик болар еді - деп жазды[3]. Кант бірақ ғылымда жаратылыстану саласымен шектеліп калмады. Оны қызықтырған тағы бір ғылым саласы философия болды. Философтың өзінің айтқаны бар: «өмір бойы мені екі нәрсе таңдандырумен келеді: төбемдегі жүлдызды аспан мен бойымдағы моральдық заң»[4].
1770 жылдан бастап Канттың шығармашылық өмірінің екінші — «сыни» кезеңі басталады. Кант философиясын әдебиетте сыни философия деп атайды. Әңгіме неміс ойшылының өзіне дейінгі болмаса өз заманындағы философтарды, философиялық көзқарасты сынауы жөнінде емес: Кант теориялық және практикалык зердені, таным теориясын, адам санасында орын алып келе жатқан түсініктерді, бәрін де танып білуге болады деген оптимистік көзқарасты талдап, сын елегінен өткізеді. Осы екінші кезеңде Кант өзінің философиялық жүйесін құраған атақты сыни кітаптарын жазады: «Таза зердеге сын» (1781), «Практикалық зердеге сын» (1788) және «Пікір кабілеттеріне сын» (1790).