ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 76
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым мен айтылым
Қандай мамандықты оқыған дұрыс – қаржыгер ме, әлде заңгер ме?
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым мен айтылым
Табиғи ресурстарды қорғау және альтернативті энергия
Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін, білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан
кейін, білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
-
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін, жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі. Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсыр ма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырма лар түрлері | *Тапсырмалар сипаттамасы | *Орындау уақыты, мин | Балл | ||
1 | 8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну | Толық | Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 150- | Тыңдалым мен | 10 | ||
| 8.1.2.1 - әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи | жауапты | 200 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер | айтылым | | ||
| тақырыптарға байланысты диалог, монолог, | қажет ететін | беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио | сабақтан тыс, | | ||
| полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) | сұрақтар | арқылы тыңдатуға болады). | қосымша | | ||
| автор көзқарасы мен экспрессивті- | | Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында | уақытта | | ||
| эмоционалды сөздердің рөлін талдау | | мәтіннің мазмұнын түсінеді. | өткізіледі (әр | | ||
| 8.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселені | | Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар | білім алушыға | | ||
| (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, | | қояды, көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды | 3-5 минут | | ||
| негізгі ойды анықтау | | анықтайды. Екінші оқушы да осы тапсырманы | беріледі). | | ||
| 8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның | | қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке | | | ||
| құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, | | қойылады. Оқушының сөйлеу ағымындағы | | | ||
| кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану | | интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, | | | ||
| | | тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай | | | ||
| | | қолдануы бағаланады. | | | ||
2-6 | 8.2.3.1 - мақала, аннотация құрылымы мен | Көп таңдауы | Көлемі 150-200 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді | 15 | 10 | ||
| ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін | бар, қысқа | оқып, мазмұны, құрылымы негізінде берілген | | | ||
| ажырату | және толық | сұрақтарға жауап береді және жанрлық | | | ||
| 8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және | жауапты | ерекшеліктерін ажыратады. | | | ||
| публицистикалық стильдегі мәтіндердің | қажет ететін | Берілген мәтіндердің тақырыбын, стиль түрлерін, | | | ||
| тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, | сұрақтар | құрылымын салыстырып талдайды. | | | ||
| талқылау), құрылымын салыстыра талдау | | | | | ||
7 | 8.3.2.1 - жанрлық және стильдік ерекшелік- | Жазбаша | Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін | 25 | 10 | ||
| теріне сай тілдік құралдарды орынды | толық | таңдап, жазба жұмысын орындайды. | | | ||
| қолданып, мақала, аннотация, тезис | жауапты | Жазылым жұмысында берілген тақырып бойынша | | | ||
| құрастырып жазу | қажет ететін | мақала немесе берілген жағдаят бойынша баяндама | | | ||
| 8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен | сұрақтар | тезисін жазады. Оқушының жазылым барысында | | | ||
| жазылатын күрделі-құрама атауларды | | жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік | | | ||
| орфографиялық нормаға сай жазу | | құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды | | | ||
| | | талапқа сай жазуы бағаланады. | | | ||
Барлығы | 40 минут | 30 |
Тапсырмалар және балл қою кестеcінің үлгісі
«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым Тапсырма
-
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. -
Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз.
[10]
-
мәтін
Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы
Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде руникалық түркі жазба ескерткіштерін зерттеу болып табылады. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көшпелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Ғұн тайпалары алтай тілдес тайпалар қатарына жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық одақтар мен шағын рулар да бар еді. Осындай тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі тілдес тайпалық одақтарының бірігу үдерісі басталды.
Заманымыздың І мыңжылдығының басынан Еуразия даласында біртіндеп этникалық өзгеріс орын алды. Оның негізгі көрінісі ретінде бұл аймақтарда түркі тілдес тайпалардың бас қосуын, өз алдына мемлекет құрып дамудың жаңа бір үдерісін бастан кешуін ерекше айтуға болады.
Тарих толқынында өз ізін жоғалтпай, үнемі даму, ұлғаю, ірілену сияқты үдерістерді бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір сүріп отырған бүкіл түркі тілдес халықтардың тікелей сабақтастығының жемісі болып табылады. Тілдің пайда болуы мен қалыптасуындағы осындай үзіліссіз, динамикалық дамудың негізінде пайда болған қазақ тілі де түркі ата тіліміздің