Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы аза тілі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 68

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы

Тыңдалым мен айтылым Тапсырма

Оқылым Тапсырма

Жазылым

Балл қою кестесі

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым мен айтылым

Қандай мамандықты оқыған дұрыс – қаржыгер ме, әлде заңгер ме?

Жазылым

Балл қою кестесі

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым мен айтылым

Жануарларға қайырымды болыңыз

Тыңдалым мен айтылым Тапсырма

Табиғи ресурстарды қорғау және альтернативті энергия

Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы

Оқылым Тапсырма

Жасөспірімдер және қылмыс

Жазылым Тапсырма

Балл қою кестесі

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тазарғың келсе, театрға бар!

Көрерменің қандай, қазақ театры?

Оқылым Тапсырма

Жазылым

Балл қою кестесі

түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді. «Қызыл кітаптың» ішінде «Қара кітап» бар немесе қара тізім десек те болады. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.


  1. мәтін

Жануарларға қайырымды болыңыз


«Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның бірінші бөлімі омыртқалы жануарларға, ал екінші бөлімі өсімдіктерге арналып шығарылды. Әлемдік деңгейдегі жануарлар құқығын қорғау қоғамдастығының ұйымдастырылуына аталған кітаптың да үлесі жоқ емес.

Тамыз айының үшінші сенбісінде Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күні атап өтіледі (International Homeless Animals Day). Атаулы күннің белгіленуіне себеп болған Халықаралық жануарлар құқығын қорғау қоғамдастығы. Ұйым бұл ұсынысты 1992 жылы білдірген болатын. Бастапқыда халықаралық дәреже берілмегенімен, көптеген елдердегі жануарларды қорғау ұйымдары бірден жылы қабылдады.

Бүгін мереке емес, бүгін әлем жұртшылығының үйсіз-күйсіз жануарларға назарын аударуға, адамдарға олардың трагедиялық тағдырларын таныстыруға арналған іс-шаралар ұйымдастырылатын күн. Дәл қазір көптеген елдерде қайырымдылық және ағарту шаралары өткізіліп жатыр десек артық айтқандық емес. Еріктілер арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламадан, конкурстардан, аукциондардан түскен қаржыны үйсіз қалған жануарларға жұмсайды. Сондай-ақ бұл күні қарапайым мысықтар мен иттерге қожайын табуға жақсы мүмкіндік туады.

Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күнінің басты мақсаты – жануарлардың қожайындарына жауапкершілікті
сезінуді тағы да бір рет естеріне салу және мүмкіндігінше үйдегі жануарлардың санын көбейтуге үгіт-насихат жүргізу. Осы мақсатта мал дәрігерлері бір күн бойы тегін қызмет көрсетеді.



Тыңдалым мен айтылым Тапсырма


  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, коммуникативтік жағдаятқа сай, көтерілген басты мәселені анықтаңыз және өзіндік көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз, астарлы ойды анықтаңыз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]


  1. мәтін

Табиғи ресурстарды қорғау және альтернативті энергия


Табиғи ресурстар олардың қолдану саласына қарай өндірістік, денсаулықты сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі – су. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық

көзіне жатады.

Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері табиғи ресурстар деп аталады. Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат азық-түлік, киім-кешек тұрмыс қажетін өтеуге керекті заттар, жанар- жағар майлар және өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.

Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық
қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.

Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе- теңдігін сақтау болып табылады.


  1. мәтін

Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы


Қазақстан минералдық ресурстарға бай. Қазақстан дүниежүзі елінің ішінде вольфрам, қорғасын, барийдің және басқа да пайдалы қазба байлықтарының қоры бойынша алдыңғы қатарларда.

Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бірі, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

Енді энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап, электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады екен.

Ластаушы компоненттердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты.

Қатты отынды жаққанда күл, ыс, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Сұйық отынды (мұнай мен оның өнделген өнімдерін) қолданғанда, ауаға күкірт пен көміртектің қосылыстары бөлінеді. Ал газды (отынды табиғи мен сұйытылған газ) жаққанда, қоршаған орта тек азот оксидімен ластанады. Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің

қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқа да қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын қондырғыларды (сүзгіштерді) қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттарды ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады.


Оқылым Тапсырма


Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]

Жасөспірімдер және қылмыс


І. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау – бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін мәселе. Әрбір құқықбұзушылық пен қылмыс – отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады. Қалай десек те, құқықбұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық.

ІІ. Жалпы, жастардың және жасөспірімдердің қылмыс жасау мәселесі құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар отбасының, барша мемлекеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын талап етеді. Жастар арасындағы қылмыс қашан да ұлт тұтастығы мен ел болашағына қауіп төндіріп, қоғамымыздың ары қарай дамып өркендеуіне кері әсерін тигізетіні анық.

ІІІ. Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы

дәуір қасіреті. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар. Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады? Қоғам желіктіріп тұр ма, жоқ, әлде тәрбие таяз ба? Сотталған жас азаматтардың көбеюі қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады.

ІV. Астана қалалық сотының мәліметінше, соңғы жарты жылда кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен елордада 43 қылмыстық іс қозғалыпты. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі. Алайда адам өлтіру, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамды ұрлау және т.с.с. ауыр қылмыс жасаған тұлғалар 14 жастан