Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы 10сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 220

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Балл саны: 30

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі

Тапсырма

Оқылым

Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Отбасы – Отанымыздың ошағы

Жазылым

Балл қою кестесі

Оқылым

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс» бөлімі

Тапсырма

мәтін

Жазылым

Балл қою кестесі

Оқылым

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Адамзат дамуының жаһандық мәселелері», «Адам өмірін сақтау», «Адамзат дамуының жаһандық мәселелері» бөлімдері

Тапсырма

мәтін

мәтін

Оқылым

А мәтіні

Ә мәтіні

Балл қою кестесі

Оқылым

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі

Тапсырма

мәтін

Оқылым

Жазылым

Балл қою кестесі

Оқылым

бастағаны байқалады. Оны күнделікті отбасының тұрмысынан да, қоғам өмірінен де аңғарып жүрміз. Батыстық бұқаралық мәдениеттің тегеурінді ықпалы интернетте де, теледидарда да, басқа ақпарат құралдардарында да қарқынды жүргізілуде. Әрине, поэзия мен ән-күй өнерінде қазақы қоңыр үн мен ырғақ, бояу мен нақыш сақталып отыр, оған да шүкір дейсің, әйтпесе дүниеге келген нәрестеге не тыңдатып, не көргізеріңді білмей дал боласың. Дегенмен, жалаң еліктеушілік, «өзгенің асылын малшылау» басым, оған тоғышарлық, көзбояушылық, науқаншылдық, ұраншылдық, әсіреқұмарлық, шенқұмарлық, даңғазалық, мақтаншақтық сияқты антиқұндылықтар қосылып отыр. Ол күнделікті тіршіліктен де, ғылым, әдебиет, өнер тәрізді «рухани» мәдениет салаларынан да анық байқалады. Мұндай келеңсіз құбылыстарда құндылық қайдан болсын, рух қайдан болсын?

    1. мәтін


Қазіргі заман ғылым мен технологияның қарыштап дамып, өте жоғары деңгейге жеткен шағы десек болады. Соған сай сана өркениеті өрістеп, биіктеп барады. Бір анығы, адамның санасы, дүниетанымы жоғарылаған сайын қоғам да өзгереді. Мысалы, интернет жүйесі 1969 жылы 2 қыркүйекте пайда болып, қоғамға енгенде оны ең жас пайдаланушылар жасы 20-25 жастан асқан, ересек адамдар болса, қазіргі таңда интернетке 5-6 жастағы бала да әуес. Бұл ақпараттық технологияның тым кеңінен қанат жаюының да салдары болар. Алайда осындай құбылыстар орын алған қоғамымызда ұстанатын тек екі қағида бар: бірі – жан-дүниенің рухани тазалығы болса, бірі – сананың сергектігі. Біріншісіне жүрек, екіншісіне ақыл керек. Осыларды ұғып, білуге қайрат керек. Әйгілі жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзінде сан алуан астар бар. Кемеңгеріміздің бұл жерде «бесігіңді түзе» деген сөзді «ұрпағыңды түзе» деген сөздің баламасы ретінде қолданып отыр. Демек ұрпақтың дүниетанымы мен рухани байлығы үлкен жауапкершіліктің жүгі
екені айқын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық

азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Жалпы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Қазіргі күндегі Қазақстанның дербестікке жетуі халықтардың ұлттық дүниетанымының өсуіне жағдай жасады. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік, тәрбиелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.


Оқылым


Тапсырма

Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


[10]

Отбасы Отанымыздың ошағы


Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көреміз. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:

  1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор)

  2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер)

  3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл)

  4. Өркениет тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).

  5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.)

  6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы. Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екендігі. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, гумандылық және тағы басқалары.




  1. Мәтін қай стильде жазылған?

    1. Ауызекі сөйлеу стилінде

    2. Көркем әдебиет стилінде

    3. Ғылыми-көпшілік стильде

    4. Ресми іс қағаздар стилінде


[1]


  1. Оны қандай сөздік қолданыстармен дәлелдейсіз?



[2]

  1. Мәтінде өзге де стиль элементтері кездесе ме? Кездессе, қай стильдің элементтері бар?





[2]

  1. Мәтіндегі 2 терминдік атауға түсінік беріңіз.




Терминдер

Мағынасы

1.
2.

1.
2.

[2]


  1. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.



[3]


Жазылым


Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазылым жұмысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеңіз, орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

[10]


  1. «Өркениет пен мәдениет егіз ұғым» дегенге келісесіз бе?

  2. «Мәдениетті адам – мәдениетті қоғам кепілі»

Балл қою кестесі



Тыңдалым және айтылым



Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

1

9-10

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз

қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.

2

7-8

Грамматикалық және

Тақырыпты жақсы түсінеді.







лексикалық құрылымдардың

Күтпеген сұрақтарға жауабын







қолдану аясын жақсы түсінеді.

ойланып, әрі орынды жеткізеді.







Сөз саптауы дұрыс, анда-санда

Талқылау кезінде өз ойын түсінікті







қателер жібереді.

жеткізе алады, бірақ кейде сырттан










қолдауды қажет етеді.




5-6

Грамматикалық және

Тақырыптың негізгі тараптарын







лексикалық құрылымдарды

түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды







қолдану аясын орташа түсінеді.

талдауда едәуір қиналады.







Сөз саптауы дұрыс, қателері

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде







байқалғанмен, түсінуге кедергі

қиналады. Талқылау кезінде







тудырмайды.

қолдауды қажет етеді, жауаптарын










алдын ала дайындап келгендей










көрінеді.




3-4

Грамматикалық және

Тақырыпты түсінуде қиналады.







лексикалық құрылымдардың

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде







қолдану аясын аздап түсінеді.

қиналады, тақырыпты ашуды







Сөз саптауы нақты емес,

дамыта алмайды. Талқылау кезінде







түсініспеушілікті тудырады.

жақсы қолдаусыз өзін көрсете










алмайды.




1-2

Грамматикалық және

Тақырыпты түсінуде қатты







лексикалық құрылымдардың

қиналады. Күтпеген сұрақтарға







қолдану аясын өте аз түсінеді.

жауап беруде қиналады, тіпті







Түсініспеушілікті тудыратын,

жауап бере алмайды. Талқылауға







қайталанып келетін қателер жиі

өте аз қатысады.







кездеседі.