Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы 10сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 212

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Балл саны: 30

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі

Тапсырма

Оқылым

Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Отбасы – Отанымыздың ошағы

Жазылым

Балл қою кестесі

Оқылым

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс» бөлімі

Тапсырма

мәтін

Жазылым

Балл қою кестесі

Оқылым

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Адамзат дамуының жаһандық мәселелері», «Адам өмірін сақтау», «Адамзат дамуының жаһандық мәселелері» бөлімдері

Тапсырма

мәтін

мәтін

Оқылым

А мәтіні

Ә мәтіні

Балл қою кестесі

Оқылым

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі

Тапсырма

мәтін

Оқылым

Жазылым

Балл қою кестесі

Оқылым

мәтін


Еуропа елдерінде халықтың 98 пайызға жуығы сақтандыру компанияларына өмірін сақтандырып қойған. Ал статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда өмірін сақтандырған адамдар саны 2 пайызды ғана құрайды. Бір қызығы, адамның өте сирек кездесетін, әсіресе, иесіне табыс әкелетін қабілетін сақтандыру қалыпты жағдайға айналып барады. Мысалы, спортшылар дене мүшесін, әншілер дауысын деген секілді.

Ал еліміздің қарапайым халқы өз өмірін сақтандырудың тиімділігі туралы біле ме? Өмірді сақтандыру компаниясының негізгі мақсаты – денсаулыққа зақым келген жағдайда оны емдетуге қаржылай көмек беру және сол адам кенет о дүниелік болып кетсе, табысына тәуелді адамдардың өмірін қаржылай қамтамасыз ету. Алайда заң бойынша өмірін сақтандыра алмайтын тұлғалар да бар. «Халық лайф» өмірді сақтандыру компаниясының

операторларының сөзіне сенсек, зейнеткерлер, мүгедектер және нашақорлар мен алкагольді ішімдік тұтынатын тұлғалар, психологиялық аурумен ауыратын және бұрын қамауда болған қылмыскерлер өмірлерін сақтандыра алмайтын болып шықты. Олардың үлесі 0,29 пайызды құрайды.

Егер өміріңізді он миллион тенгеге сақтандырсаңыз, жылына жоғарыда айтқан пайызды, нақтырақ, 29 мың теңге төлейсіз. Алайда өміріңізді 10 миллионға сақтандырғаныңызбен, алдағы уақытта оқыс жағдай орын алғанда, ол соманың барлығы төленеді деген сөз емес. Өйткені, компания ең алдымен қандай жағдай болғанын анықтап, өздерінің белгіленген пайызымен бағалай келе, нотариус арқылы түзілген құжатпен отбасыңызға немесе туыстарыңызға сақтандыру сыйақысын төлейтін болады. Еліміздегі сақтандыру компанияларында 18-ден 63 жасқа дейінгі кез келген азамат өмірін 300 миллион
теңгеге дейін сақтандыра алады.

Оқылым


Тапсырма

Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

[10]

А мәтіні


Жаһандандық байланыстар біздің елге де өз ықпалын тигізуде. Осы тұста бір үлкен мәселе туады, ол – «жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба?» деген сауал. Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас. Бірақ осы орайда біз батыстан нені алуымыз, нені алмауымыз керек? Жалпы мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі – ғылыми–техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алумызға болады. Тіпті, ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ал батыстың дүниетанымынан келіп шыққан мәдениет бізге керек емес, себебі батыс дүниетанымы өмірдің қызығын бұрмалап, қоғамымызға түнгі клубтар, нашақорлық т.б. көріністерді енгізуде. Бұл, әсіресе, жас буынның санасын улап жатыр. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Егер жастарымыз осындай жеңіл түсінікке ұрынса, онда мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Ұлтымыздың болмысына біткен асқар таудай биік, өмірдің бар асылына бергісіз, сан ғасырлық ғажайып, бірегей мәдениеті бар. Тіл мәдениеттің құрылымдық элементі, мәдениеттің болу шарты әрі ең жоғары құндылығы. Қазір ғаламдық тіл санатына романдық тілдер тобы, нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі сақадай сай дайын тұр. Ендеше, жөргегінде тұңшыққандай күйдегі біздің тіліміз біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға
аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы. Біз қатарлы жастардың негізгі мақсаты – ана тілімізде сөйлеу арқылы оның өміршеңдігіне қол жеткізу. Сол арқылы келешекке біртұтас ұлт, рухы биік халық ретінде жол тарту.


Ә мәтіні


«Жаһандану» түсінігі ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы жер шары кеңістігінде өріс алған әлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты насихаттаудың өзегі болып табылады. 60-70 жылдары пайда болып, жаһандану идеясы 80-жылдары академиялық мойындауға ие болды,

«жаһандану» термині ғылыми айналымда бекітілді.

Осыған орай Н.Е. Покровский өзінің жаһандану құбылысын түсіндіруге әрекет ететін әртүрлі концепцияларының типологиясын ұсынды. ХХ ғ. 90 жылдары жаһандық мәдениет үлгісі кең қолданысқа ие болды. Бұл концепцияның басты тезисі адамзат күйінің жаңа бейнесі мәдениет болуында жатыр. Жаһандық өзгерісті көрсететін өзекті нүкте – әлемдік туризм, мәдени гибридтердің пайда болуы, постмодернистік мәдениет, тәжірибе қайта

қалыптастырудың жаңа формасы. Маңызды фактор болып адамның ішкі уәжі, оның жаңа жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесі қалыптастырылады. Осы үлгіге сай адамзаттық одақтың әртүрлі деңгейіндегі өзіндік сәйкестендірудің басты серігі немесе жаһандану нәтижесі болып табылады.

Жаһанданудың негізгі мағынасы «халықаралық бірігу» дегенді білдіреді. Ол үрдіс ретінде де сипатталады. Бұл үрдіс – экономикалық, технологиялық, мәдени-әлеуметтік және саяси күштердің қиысуы. Жаһандану экономикалық, ақпараттық, саяси, экологиялық, мәдени және тағы басқа болуы мүмкін. Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы.

«Жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа категорияларының пайда болуы.


  1. Мәтіндердің тақырыбы қандай?

    1. Бейбітшілік

    2. Жаһандану

    3. Табиғат

    4. Қауіпсіздік




  1. Мәтіндердің мақсатты аудиторияларын салыстырыңыз.


[1]

А мәтінінің мақсатты аудиториясы- Ә мәтінінің мақсатты аудиториясы -

[2]


  1. Берілген мәтіндердің құрылымы мен тілдік ерекшеліктерін салыстырыңыз.



[2]


  1. Мәтіндердегі автордың мақсатын анықтаңыз.




А мәтініндегі автордың мақсаты

Ә мәтініндегі автордың мақсаты







[2]


  1. Мәтін бойынша 2 ашық сұрақ құрастырыңыз, 1 сөйлеммен мәтін мазмұнына баға беріңіз.



[3]

Жазылым


Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, сөздер мен сөйлемдердің қатесіз жазылуын ескеріңіз.

[10]


  1. Қазіргі кезде жаһанданудың әсерінен салт-дәстүрімізді ұмытып бара жатырмыз деген қауіп жиі айтылып жүр. Сіздің ойыңызша, жаһандану біздің салт-дәстүрлерімізге кері әсерін тигізбес үшін не істеу керек? Салт-дәстүрлерімізді жаһанданудың құрбаны еткізбеудің жолдарын ұсына отырып, сыныптастарыңызға хат жазыңыз.


  1. Адам өмірін сақтау – қоғамдағы басты міндеттердің бірі. Адамның өмірін сақтау үшін түрлі сақтандыру қорлары да көптеп құрылуда. Олардың қазіргі уақыттағы жұмыстары адамдарды қаншалықты қанағаттандырып жүр? Осы турасында еліміздегі беделді сақтандыру компаниясының басшысынан интервью алыңыз. Интервью жазу барысында ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдануды ескеріңіз.