Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы 10сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 203

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

МАЗМҰНЫ

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Балл саны: 30

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі

Тапсырма

Оқылым

Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Отбасы – Отанымыздың ошағы

Жазылым

Балл қою кестесі

Оқылым

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Индустрияландыру: ұлттық өндіріс» бөлімі

Тапсырма

мәтін

Жазылым

Балл қою кестесі

Оқылым

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Адамзат дамуының жаһандық мәселелері», «Адам өмірін сақтау», «Адамзат дамуының жаһандық мәселелері» бөлімдері

Тапсырма

мәтін

мәтін

Оқылым

А мәтіні

Ә мәтіні

Балл қою кестесі

Оқылым

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Тапсырмалар түрлері

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі

Тапсырма

мәтін

Оқылым

Жазылым

Балл қою кестесі

Оқылым

«Адамзат дамуының жаһандық мәселелері», «Адам өмірін сақтау», «Адамзат дамуының жаһандық мәселелері» бөлімдері



Тыңдалым және айтылым

Тапсырма


  1. Мәтінді басшылыққа ала отырып, көпшілік алдында сөз сөйлеңіз. Ол үшін мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды, тақырыпқа қатысты қажетті сөздер мен тіркестерін мазмұндауда қолданыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Жұбыңыздың мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]

    1. мәтін


Қазіргі кезде жаһандану мәселесіне ерекше назар аударылуда. Әлеуметтік- гуманитарлық білім жаһандану үрдісінің жағымды және жағымсыз жақтарын зерделеп, методологиялық және танымдық, аксиологиялық тұрғыдан ой қорытуда. Жаһандану үрдісінің экономикалық, саяси, әлеуметтік, ақпараттық, мәдени астарлары терең зерделенуде. Бұндай қарқынды және жүйелі зерттеулер, әсіресе, ХХІ ғасырда кеңінен етек алып отырғанын атап өткен жөн.

Жаһандану, кейбір ғалымдардың айтуынша, әлемдік сипатта дамып, бүкіл адамзат қоғамында түбегейлі бұрын-сонды болмаған өзгерістер мен жаңғырулар әкелуде. Жаһанданудың басты типтік және сапалық көрсеткіштеріне транстерриториялық сипаттағы экономикалық-шаруашылық, сауда-қаражаттық, мәдени, ақпараттық байланыстармен өзара әрекеттердің интенсивті түрде дамуын, қаржы-экономикалық нарығының пайда болуы мен тауар, капитал, жұмыс күшінің интернационалдық сипат алуын,
трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жатқызуда.

Сонымен қатар қазіргі қоғамдық даму тенденциясына сай келетін белгілі бір сипаттағы идеологиялық ұстаным, нарықтық экономика, демократиялық сипаттағы әлеуметтік-саяси жүйе, дүниетанымдық плюрализм, конституциялық тұрғыда бекітілген адам құқын қамтамасыз ететін институциялық тетіктер, мемлекетаралық және мемлекеттен жоғары тұратын саяси және құқықтық институттар құруды жаһандану үдірісінің басты көрсеткіштері ретінде қарастыруда.

Жаһанданудың экономикалық, саяси көрсеткіштерімен қатар, мәдени көрсеткіштеріне де ерекше назар аударылуда. Кейбір ғалымдардың пікірінше, жаһанданудың мәдени бөлімі жоғарыда аталған көрсеткіштердің негізгісі және «локомотиві», басқа салаларды анықтаушы күш ретінде танылуда. Ю.М.Лотман бойынша «мәдениет — биосфера тәрізді құрылымның генераторы, осынысымен ол адамдар айналасында әлеуметтік саланы құрайды, өмір сүруге жағдай туғызады, бірақ ол органикалық емес, қоғамдық». Шындап қарасақ, жаһанданудың негізінде белгілі бір сипаттағы құндылықтар, мәдени ұстанымдардың жатқаны белгілі.

    1. 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

мәтін


Жаһандану XXI ғасырда адамзат баласына бұрын-соңды болмаған көп жаңалық пен барлық салада алға ілгерілеу мүмкіндігін сыйлағанымен, жаңа қауіптерден де құралақан қалдырған жоқ. Өткен ғасырда бір-біріне қару кезену арқылы жүрген агрессиялық қарым- қатынастар ақпараттық, технологиялық санкциялардың көмегіне жүгінген соғыстарға ұласты. Әлемдік экономикада еленбей келген елдер ерекше өсім көрсетіп, бәсекелес күштердің жаңа толқыны қалыптасты. Әлемге ашық, көпвекторлы саясат ұстанатын Қазақстан бейбітшілік пен ортақ ымыраға келу туралы бастамаларын ұсына отырып, ұлттық экономикадағы басым бағыттарды анықтау үшін аталған сындарды ескермесе болмайды.

Сондықтан еліміз жаһандық мәселелердің қайсысын қаперіне алып, сыртқы қатынастарында нендей сыннан сүрінбеуі керектігін сарапшыдан сұрап көрдік.

Осы орайда Еуразиялық интеграция институты Әлеуметтік зерттеулер департаментінің басшысы Ботагөз Қабыкенқызының пікірін ұсынуды жөн көрдік.

Қазір «интеграция» сөзі жаңа сипатқа ие бола бастады. Бұрын экономика мен саясат саласындағы күш біріктіру мәселесі алдыңғы қатарда болса, қазір мемлекеттер технология, инфрақұрылым, энергетика, цифрлы даму бағыттарында бірлескен іс-қимылдарға ұмтылыс білдіріп отыр. Экология, миграция, ресурстар тапшылығы сияқты ортақ мәселелермен күреске бірлесе жұмылу тенденциясы да әлем үшін жаңалық емес. Мәселен, «Үлкен Еуразия» идеясы Қытайдың ежелгі Ұлы Жібек жолы бойындағы экономикалық белдеуді қайта жаңғыртып, өркениеттер арасындағы диалог пен келісімге негізделген көпполярлы әлем құру
туралы бастамасын толықтыра түседі. 2016 жылдың маусым айында Санкт- Петерборда өткен экономикалық форумда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев дезинтеграция мен оқшаулану бірде-бір мәселені шешпейтінін атап өтті. Шын мәнінде, дезинтеграциялық көңіл күйдің артуы геосаяси жағдайдың ушығуына, санкциялар соғысы мен екі жақты қарым-қатынастардың күрделенуіне әкелуі мүмкін.

  1. мәтін


Әрбір адам өмірінің сақталуы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын фактор. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын да айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, көрсетілуін, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйесін білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.

Халық денсаулығының қазіргі жағдайына және еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалды.

Бағдарламаны іске асыруда медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапа деңгейін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға мүмкіндік туады. Сол арқылы мақсатқа қол жеткізуге болады.

Бағдарламаны жүзеге асыру тек қана денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жүктелген міндет емес, бұл аса маңызды іске барлық
тиісті орындар атсалысуы керек. Бағдарлама аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік аурулар деңгейін төмендету, дұрыс тамақтану, жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының денсаулығы, төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медиицналық құтқару қызметін жолға қою секілді өзге де мәселелер қамтылады. Қазіргі кезде аймақтарда осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аударылуда. Әсіресе, соңғы жылдары төтенше жағдайлар кезінде және де басқа да болуы мүмкін адам өлімінің себептері анықталып, болдырмау шаралары жасалуда.

  1. 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24