Файл: Халы ауыз дебиеті пні туралы жалпы тсінік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 114

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақ қыздарына тән биязылық, үлкен-кішіні сыйлау, ақылды, байсалды, инабатты, кішіпейіл сұлу да сыпайы және осы қасиеттері бола тұра елін, жерін, халқын қорғау керек болса жанын беретін намысшыл, өр, өжет, батыл да батыр да бола алатын қасиеттерін қазіргі жастар тәрбиесіне дұрыс пайдалану, назарын аудару. Әйел, ана жағдайын көтеру, жағдай жасау. Фольклор көркем сөз өнерінің, қазақ халқының бүкіл тынысын, барша болмысын көрсететін бұлақ, бастауы, қайнар көзі.

Көкейдегі сан сұрақтарға жауап алу үшін, әрине, өткен тарих қойнауына көз жүгіртеміз. Кешегісіз, бүгін жоқ екені әдеқашан дәлелденген дүние. Сондай кезде фолькор, яғни халық ауыз әдебиетінің асыл қазынасы, өзінің бүкіл құндылығымен ойыңа орала кетеді. Дер кезінде көмекке келеді және бағыт-бағдар бареді.

Сұлулық пен тұрпайылық ешуақытта өз еркімен қатар тұрмақшы емес, сондықтан өз бақыты үшін күресуде қазақ қыздарының айласы да, ақылы да, сұлулығы мен батырлығы да, бойынан табыла білгенін ұғамыз, үлгі тұтамыз, мақтан етеміз. Орыстың оқымыстылары таң қалған керемет өнердің бір шоғыр жұлдыздары-қазақ ақын қыздары. Бұлардың творчествосы қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылады. Өткен ғасырларда қазақ фольклорында қатысты қыз бен жігіт айтыстарының озық үлгілері Петербург, Қазан, Уфа, Орынбар, Ташкент, Семей қалаларында басылып шыққан. Айқын қыз бен Жарылқасын, Кадиша мен Ысқақ, Ажар мен Уахит, Бақтыбай мен Мәйке қыз, Жамбыл мен Айкүміс, Тоғжан, Сара Ақсұлу, Ұлбике сияқты ақын қыздар сан жүйріктермен салғыласа отырып, жұрт алдында ақындық өнерін танытқан. Жігіттермен қатарласа айтысқа түскен ақын қыздар өздерін еркін ұстайды, есіле сөйлейді. Олар сөз майданына шыққан шақта жасканшақтық жасамай, жарқылдай келді. Ақын жігіттердің қайсысы болса да қыздарды кемсініп, мұкатпайды, оларды өзі қатарлы өнер иесі деп бағалайды.

Қазақтың көшпелі дәуірінде қыздарды, әйелдерді жоғары бағалаған, оларды өмірдің сәні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі деп қараған. Қыздардың есімдерін жарық жұлдыздарға теңеп, атаған, анаға тіл тигізілмесін деп серт айтылған.

Батырлар алыс сапарларға аттанғанда анасынан рұқсат сұраған, ел басқарған көсемдер ананың айтқан сөзін екі етпеген, кемеңгер данышпандар анаға ақылдасып, іс шешкен. Әдетте, дәстүрлі рәсімдерді аналарға, қыздарға бастатқан. Жаз айларында, көктемде ел жайлауға көшкенде, көштің басын қыздар бастаған. Қалың көш алыстағы мұнартқан тауларға қарай жылжып бара жатқанда, кілең бір түсті киінген сұлу қыздар ұзақ жолды өлеңмен, әнмен өрнектеген. Оларды қоршап салт атты сарбаз жігіттер жүрген.


Сондықтан біз үлгі етіп аларлық, үйренерлік тәлім – тәрбие іздесеқ осы ауыз

әдебиетіне жүгіну әбден орынды болар еді.

Әдебиеттер:

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  2. Садырбаев С. Халық ауыз әдебиеті. Алматы, 1993

  3. Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы. 1994.

  4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, 1991. 5. Бабалар сөзі. Алматы, 2014.



Дәріс 11. Қазақтың лиро-эпостық жырлары


Халқымыздың ғасырлар бойында жаратқан эпикалық мұрасының бір саласы – романтикалық немесе ғашықтық эпос. Егер көне, архаикалық жырларда адам баласының дүниені білуі мен тануының бұлдыр, балаң кездері, сол шақтағы түсінігі мифтік, қиялдық түрде көрініс берсе, классикалық қаһармандық эпоста алғашқы қауым ыдырағаннан кейінгі ру, тайпа мүдделері үшін күрестің тәжірибесі әсіреленіп, биіктетіліп, тұтас бейнеленсе, романдық эпоста ерлік, Отан қорғау емес, адамның жеке бастық мүддесі, махаббат еркіндігі мәселесі алғы кезекке шығады.

Бұл кезге дейін қазақтың лиро-эпосы ретінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман - Шолпан» секілді санаулы жырлар ғана ауызға алынып келеді.

Қазақ халқына кең тараған, төл туындысындай етене жақын болып кеткен, сүйікті мұраның ендігі бір шоғыры – фабулалық төркіні шығыстан келген ғашықтық, романдық эпос. «Жүсіп-Зылиқа», «Ләйлі-Мәжнүн», «Құсырау-Шырын», «Сейфулмәлік», «ТаһирЗухра», «Бозжігіт» сынды іңкәрлік жырларын қазақ эпосының дәстүрі мен тарихынан айырып қарауға болмайды.

Оқиғаның өрбу, шиеленісу, шешілу жүйесіндегі негізгі сарын ғашықтық аңсары, бас бостандығы, айнымас, азбас, тұрақты махаббат болуы романдық эпостың негізгі белгісі.

Романдық эпостағы өмір өрнектері.

Әр эпостың идеялық-көркемдік мазмұны халықтың қоғамдық өмірімен тығыз байланысты болғандықтан ,ашықтық жырларда ғасырлардың реальды шындығы бейнеленетіндігі. Әр бір ғашықтық жыр халық өмір-тіршілігінің түрлі жақтарын көрсетеді. Эпостың тарихилығы кең мағыналы ұғым екенң, ол халықтың тарихи өмінінің бүкіл жиынтығын, ұзақ уақыт бойына қалыптасқан оның дүниетанымын, әдет-ғұрпын, арман-мүддесін бейнелейтіндігі. Романдық эпос тұрмысқа тікелей қатысты болғандықтан, онда әлеуметтік-тұрмыс көріністерінен хабар беретін жора—жосын көп екендігі.

Қазақ халқында ерте кезден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі құдалық екені, оның бірнеше түрі болатындығы «Қозы Көрпеш-Баян сұлудан» осындай әдет- ғұрыптың ең бір көне түрі (бел құда) көрінетіндігі. Ғашықтық жырлардағы бесік құда салты аналық ру кезінде пайда болғаны. Құдаласқан адамның қоғамдағы орнына қарай қалың мал мөлшернінің де әр түрлі болатындығы. Қалың мал төлеу романдық эпостарда сақталғандығы. Бұл жұп неке шыққаннан кейінгі заман шындығы екені. Ас-тойларда болатын ұлттық ойындардың бәрі де романдақ эпостардың көбінен табылатындығы. Ғашықтық жырларда халықтың ежелгі салт-дәстүрлері мен өмірдің әр түрлі көріністерінің қамтылуы өмір шындығына орайлас келіп отыруы. Романдық эпостар арқылы халықтың ежелгі кәсіптері мен еңбегі, тұрмыс-тіршілігі жайынан да мол мағлұматтар алуға болатындығы. Сонымен романдық эпостар халықтың тарихи өмірімен байланысты туатындығы.


ХХ ғасырда Қазан қаласында басылған нұсқаларда Базарбайдың баласы Төлеген 12 жастан бастап, 16 жасына дейін, төрт жыл Қара теңіз жағасындағы елді мекендерді аралап, елден асқан қыз таңдайды. Бірақ оған бірде-бір қыз ұнамайды. Тегінде, Төлеген мырза адамзаттағы жоқ, белгісіз сұлулыққа ұмтылмайды. Ол феодалдық-патриоархалдық заңның қыз бен жігіттің арасында қоятын шектеушілік шарттарына қарсы шығады, өзінің сүйіспеншілік шарттарына қарсы шығады, өзінің сүйіспеншілік сезіміне басқалардың араласуына жол бермеймін деп күреседі, өзінің жан сұлулығын дүниенің рәсуа ағысынан оқшау ұстауды мақұл көреді. Сөйтіп, Төлеген жастықтың, талғампаздықтың әуеніне төңкеріліп жүргенде, Базарбайдың ауылына келген саудагер Наурызбай: «Біздің елдің қыздары сұлу келеді, соған жүр», - деп ұсыныс айтады. Базарбай бұған қарсы болмайды. Төлеген қыз іздеп, Ақжайықтың бойына аттанады.

Базарбай мен Төлегеннің ара қатынасына арналған әлқисса Тәжікістан Республикасының Жергетал ауданында тұратын қырғыздардың арасынан жазып алынған (Қырғыз Ғылым академиясының қолжазба қорында) «Қыз Жібектің» жырындабылай баяндалады: Базарбай деген хан болады, оның алты ұлы ауырып өледі, тағы да бір ұл көреді, оның атын Төлеген деп атайды. Күндердің күнінде Төлеген түс көреді: бір райхан гүл жүрек тұсын аралап, жеңінен шығады, байқап қараса, гүл дегені сұлу қыз болып көрінеді. Төлеген түсінде көрген қызына сырттай ғашық болады. Түсінде көрген қыз Ақжайықтың бойында тұрады деп бір саудагерден естиді.

Пәлен күні алты қаз ұшырамын, сол алты қаз келгенде тойға бара бер, - дейді әлгі саудагер.

Төлеген алты қазды асыға күтеді: айдан ай, күннен күн өтеді, келмейді. Әйтеуір, тағаты таусылған күндердің бірінде аталған алты қаз хабар айта келеді. Төлеген қасына қырық жолдасын алып, қырық атқа тіллә артып, Қыз Жібектің еліне аттанады. Төлеген ел арасында өзінің мырзалығын көрсетеді. Бірақ Жібекті таба алмайды, жолдастары тарай бастайды. Ақыры, Төлеген сұрай-сұрай түсінде көрген Қыз Жібектің көшіне кездеседі.

Төлегеннің әрі-сәрі күй кешіп, іштей толқып тұрған уақытын пайдаланып, Жібек қыз астамшылық пен кесірлік көрсетеді. Жібектің бұл қылығы Төлеген секілді асқақ, тәкаппар жігіттің ары мен намысына тиеді:

Басыр-басыр, басыр-ау, Аққа құлпы жасыл-ау. Басыңды көтер, ей, Жібек, Төлеген келді қасыңа-ау!


Қыз басыңмен алшаңдап, Бүйте берме, ей, Жібек, Жұртқа тиер кесір-ау!

«Жігіт адам шоқ болсын, шоқ болмаса, жоқ болсын» деген ел арасында мәтел бар. Сол айтқандай, Жібек Төлеген Мырзаны сынау үшін оның басынан асырып, ауыр-ауыр сөз айтады. Ондағы мақсаты – «тапқырлық көрсетсе, жауап берсін, жауап бере алмай, ноқайлық көрсетсе, өз жөнімен жүре берсін, жалғыз атты жолаушыдан жасқанар жайым жоқ» дегені еді.

Мұндай көңіл күйі ұзаққа созылмайды, екі жас бір-біріне тең екендігін жүрекпен сезеді. Әсіресе Қыз Жібек Төлегенді тануда ақылға алғырлық танытады: өзімен Төлегеннің арасындағы көзге көріне қоймайтұғын нәзік, бір ұқсастықтың бар екенін бірден байқап қалады. Осылай бірін бірі танудың, ұнатудың барысында жастардың арасында шынайы махаббат пен шын сүйіспеншіліктің достық белгісі басталады.

Қалай болғанда да, Жібек пен Төлеген айналасынан оқшауланып, томаға-тұйық қала алмайды: олардың тағдырына немкетті қарай алмайтын ата-аналары, туған-туыстары, елі бар. Жырда екеуінің арасын жалғастырмақшы болып, жақсы ниетке тілектес болып жүрген жеңгелер, ағалар, аналар және әкелердің бейнесі де жақсы көрсетілген.

Әдебиеттер:

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  2. Садырбаев С. Халық ауыз әдебиеті. Алматы, 1993

  3. Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы. 1994.

  4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, 1991.

5. Қазақ фольклоры мен халық педагогикасының мәселелері. Алматы, 2006.

Дәріс 12. Қазақтың тарихи дастандары

Тарихи өлеңдердің бай фольклорлық поэзиямыздың арнасында аралас жатқаны белгілі. Олардың сол көне ескерткіштер Ү-ҮІІІ ғасырлардағы Орхон-Енисей жазбаларынан да табар еді. Одан кейінгі карлук, оғыз-қыпшақ бірлестігі, Қарахандар,

Жошы ұлысы, Алтын Орда, Ақ Орда, қазақ хандығы дәуірлерінің де бірталай нақтылы оқиғалары тарихи өлең тудырған. Әдетте қазақ халқының құрылуы ХҮ ғасырдың орта тұсына, Жәнібек пен Керейдің көптеген руларды соңына ертіп, дербес хандығын жариялаған кезіне апарып жүр. Ал оның арғы жағында ғасырлар бойында түрлі мемлекеттер мен бірлестіктер құрамында келген қазақ руларының тілі де, тарихы да есеспке алынбайды. Одавн кейін бірталай оқиғалардың сипаты мен бағасы әлі да нағыз ғылыми жан-жақты тексіріліп болмағандықтан, ел жадында сақталып келген тарихи өлеңдңрдің де кейбіреулері сақталып келген тарихи өлеңдңрдің де кейбіреулері (мәселен, Едігеге, Орақ-Мамайға, Кенесары-Наурызбайға, т.б. адамдарға қатысты сөздер) зерттеу тақырыбы бола қойған жоқ. Мұның бәрі архивте тақырыбы бола қойған жоқ.