Файл: Халы ауыз дебиеті пні туралы жалпы тсінік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 133

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жарапазан – қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бірі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп жарапазан айтады. Жарапаз мәтіні әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады. Мазмұн жағынан оны шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Ең алдымен, жарапазаншы үйді, үй иесін мадақтаудан бастайды. Одан ислам дінінің шарттарын уағыздап, имандылыққа шақырып, өсиет айтады. Соңы бата берумен аяқталады. Әрине, айтушы өзінің қабілет-қарымына орай, жаттанды мәтіннің қаңқасын бұзбай өз ойынан да шумақтар қосып айта береді. Жарапазанның негізгі мақсаты – ораза айында ел көңілін көтере жүріп, ислам дінін насихаттау, жұртты шариғатқа, иманға ұйыту, береке-бірлікке, ізгілікке шақырудан туған. Оған әсіресе жастар мен балалар белсенді ат салыса жүріп, өздері де үлгі-өнеге алған.Кеңістік дәуірдегі шектеулердің салдарынан ұмытыла бастаған жарапазан ислам дінінің жандануына байланысты қайтадан салтқа еніп келеді. Әдебиеттер:

  1. Садырбаев С. Халық ауыз әдебиеті. Алматы, 1993

  2. Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы. 1994.

  3. Матыжанов К. Қазақтың отбасы фольклоры. Алматы, 2003.

  4. Абылқасымов Б. Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры. Алматы, 2004.

  5. Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2002.

+

Дәріс 6. Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры




1.«Бәдік дегеніміз малға, адамға тиетін індет ауруының иесі, құдайы», - деген С.Мұқанов. Бәдік. Делбе, айналма (малдың ауруы) Ә.Диваевтың атап көрсетуінше:

  1. Бәдік тазқотыр, сыздауық, безгек сияқты адам ауруларына қарсы қолданылған.

  2. Бәдік тентек, айналма сықылды мал ауруларына қарсы қолданылған.

  3. Бәдік улы жәндіктің уын қайтару үшін де қолданылған.

Қазақтың бәдік өткеру салты кезіндегі шулау, сабалау, мата жабу, тексті орындау жораларының барлығын да жеке орындаушылар емес, коллектив жүргізген.

Басқаға көшіру әдеті «Бар дағы тезден жабыс қу қыздарға», «Барып жабыс балалардың құлағына», «Жігіттің сайрап тұрған тіліне көш», «Ұрсқақ бәйбіше мен тоқалға көш», «Жігіттің ширатылған мұртына көш» т.б.

Жан-жануарларға көшіру «текеге көш», «нарға көш», «ұры итке көш», «тауларға көш», «инеге көш» т.б.

ІІ. Арбау магия сөздері синонимдес теримндер болып келеді. Магия дегеніміз материалды дүниеге табиғаттан тысқары жолмен әсер ету үшін қолданылатын ғұрыптар. Ал «маг» сөзінің көне парсы тіліндегі түрі – магуш. Алдынала болжаушыларды, адам тағдырын күні бұрын айтушыларды, астрологтарды, арбаушыларды жиынтық түрде «маг» деп атау өріс алды.


Дж.Фрэзер магиялық ғұрыптарды екі салаға жіктейді:

  1. Гомеопатиялық немесе имитативті магия (жыланға ақ құйып шығарып салу)

  2. Контагиозды магия (әйел денесінен шыққан терді басқа нәрсеге қосып жігітке ішкізу арқылы жадылау магиясы)

Магия түрлері

  • зиянкесті магия

  • әскери магия

  • емдік және сақтану магиясы (құрт шақыру т.б.)

  • кәсіпшілік магиясы (бұлақтың көзін ашу т.б.)

  • ауа райына қатысты магия (тасаттық беру)

  • екінші қатарлы магия (вербалды) ІІІ Көне түркілерде бақсыны «қам» деген.

Қазақ бақсылығының кейінге дейін қаймағы бұзылмай сақталған негізгі функциясы – емшілік.

Шамандық сенім бойынша адам екі түрлі жолмен ауырады:

  1. Зиянкес тәнді жайлап алады.

  2. Зиянкес тәннен жанды ұрлап алады.

Қазақ демонологиясы мен шаманизміндегі адамға қас, зиянкес күштер мыналар: дию, жын, пері, албасты, марту, бишара, үббе, обыр, жезтырнақ, сөрел, көнеаяқ т.б.

ІҮ. Бата сөздер оның түрлері мысалдар

Ү. Қарғыс сөздер ҮІ. Тиым сөздер ҮІІ. Ырым сөздер.

Адамға қарап қолыңды шошайтпа

Аяғы ауыр әйелге түйенің етін жеуге болмайды.

Аһлама

Ант ішпе, әбес сөйлеме

Ағын суды бұруға болмайды

Ай сәулесін бетіңе түсірме

Босағаға сүйенбе

Бас киімді теріс киме

Белді таянба

Қазақ мүшел жасын жасырады

Қазақ құда-жекжатына, туыс –туғанына, дос жаранына ит бермейді

Жүкті әйел шашын кеспейді

Қазақта қыздардың кіндігін көрсетіп жүруге тиым салынады.

Туыс-туғанға, ағайын-бауырға, дос-жаранға үш, бес, жеті санымен құрт, бауырсақ, шелпекті сыбаға ретінде бермейді .

Әдебиеттер:

  1. Садырбаев С. Халық ауыз әдебиеті. Алматы, 1993

  2. Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы. 1994.

  3. Матыжанов К. Қазақтың отбасы фольклоры. Алматы, 2003.

  4. Абылқасымов Б. Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры. Алматы, 2004.

  5. Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2002.





Дәріс 7. Қазақтың ертегілік прозасы




Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем шығарма. Ол: әрі тәрбиелік, әрі көркемдік-эстетикалық рөл атқарады. Ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, әрлеп баяндау. Ертегінің негізін қалаған жанрлар : миф, әпсана, аңыз, т.б. алғашқы қауымдық қоғамның түсініктері мен салтын, әдет-ғұрпын, яғни сол заман шындығын өзінше бейнелеген. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Ертегінің композициясы бас қаһарманды дәріптеуге бағындырылады., сөйтіп, ол белгілі бір жүйе бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18-ғасырдың екінші жартысында басталды. Ал, жарық көрген тұсы – 19 ғ. екінші жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғылыми мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе В.Радлов, И.Березин, Ы.Алтынсарин, Я.Лютш, Г.Потанин, М.Миропиев, А.Васильев, А.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы ғылыми пікір айтылды. Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы, Ә.Бөкейхановтар жалғастырды. Ертегілер 1960 ж. басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихы» жеке бөлімі болып енді (авторы-М.Әуезов)

Халық өмірінің әртүрлі жақтарын — коғам болмысын, халықтың арман-аңсарын, талап-талпынысын көрсететін қазақтың ертегілері, қиял-ғажайып ертегілер, тұрмыстіршілікке. хайуанаттарға байланысты ертегілер, күлдіргі әңгімелер болып бөлінеді. Олардың кейбіреулері тәңірі, мұсылман діндерінің наным-сенімдерімен ұштасып солардың тікелей әсерімен өмірге келген. Қазақ арасына көп тараған «Құламерген», «Алтын сақа», «Қарамерген», «Аламан мен Жоламан». «Тазша» т.б. ертегілерде олардын басты түлға-кейіпкерлері ақылды, өнегелі, үлгілі, күші бойына симайтын балуан. аса сезімтал, алыстан білетін көрегең көсем, сөзге тапқыр шешен болып келеді. Әдетте хайуанаттар туралы ертегілерде үй малдары, жылқы, түйе, қой, , жылан — адамның қауіп төндіруші қас жауы болып суреттеледі. ешкі — адамның айнымас адал досы, ал қасқыр, жолбарыс, аю, түлкі


Ертегілердің Аяз би, Жиренше, Алдар көсе сияқты жағымды кейіпкерлері қайырымсыз катал хандарды, дүниекоңыз байларды, әділетсіз билерді өлтіре мінеп шенейді.

Әйелдердің акылдылығын, тапқырлығын, еріне, жүбайына адалдығын дәріптейтін, олардың елдің, халықтың сүйеніші, сүйініші болғанын көрсететін ертегілер де бар. Сонымен бірге ертегілердін. балалар мен жасөспірімдерге арналған үлгілері де халқымызда көп кездеседі. «Каңбақ шал», «Мыстан кемпір», «Алтын сақа». «Бозінген», «Өлген казан», «Алтын сандык», «Қырык өтірік», «Алтын балта» т. б. ертегілер жасөспірімдердің ой-өрісін кеңітіп, ақыл санасын түсінігін үштанатын ғажайып туындылар.

Әдебиеттер:

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  2. Матыжанов К. Қазақтың балалар фольклоры. Алматы, 2009.

  3. Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2002.

  4. Қасқабаасов С. Елзерде. Алматы, 2010.

  5. Матыжанов К. Рухани уыз. Алматы, 2009.


Дәріс 8. Аңыздық проза үлгілері


Миф – табиғаттан тыс жай және «таңғажайып» құбылыстар мен уақиғалар туралы аңызәңгімелер. «Миф» грек сөзі. Біріншісі – миф дегеніміз дүние туралы фантастикалық түсінік, әлемде билік жүргізетін құдайлар мен рухатрдың ғажайып образдардың жүйесі, екіншісі – миф дегеніміз құдайлар мен алыптар жайындағы ауызекі әңгіме.Миф міндетті түрде себеп-салдары болады. Қандай да болмасын құбылушылықтың, яғни өзгерістің (айталық, қарлығаш құйрығының өзгеруі) себебі бар. Мифтердегі құбылушылық үш түрлі себепке байланысты болып келеді. Бірі – адам өте шаршағандықтан ұйықтап кетіп, сол бойдатасқа, я болмаса аңға, құсқа айналып кетеді. Мұндай мифтер Африка мен Австралия жергілікті тайтайпаларының фольклорында өте көп. Қазақ арасында да мұндай мифтерді көздестіруге болады. Мысалы, жоғарыда баяндалған «Ұйықтаған батыр» деп аталатын тауға байланысты миф.

Екінші себеп – адамның кінәлі болуы. Мұндағы құбылушылық жаза ретінде қабылданады. Мәселен, «Сынтас», «Келіншектау» мифтерінде әкесінің алдында кінәлі болғандықтан қыздар тасқа айналып қалады. Кейінгі дәуірлерде адамның кінәлілігі (виновность) кінәлік (грех) деген түсінікпен ауыстырылады. Мысалы, суыр болып кеткен Қарынбай туралы мифте адам құдай алдында күнәлі болғандықтан аңға айналдырылып жіберілген деп баяндалады.

Құбылушылықтың үшінші себебі – зор қауіптен құтылу жолы. Адамға ғаламат қатер төнеді. Содан құтылу үшін ол не тасқа, не жұлдызға т.б. нәрсеге айналып кетеді. Қазақта сондай мифтің бірі Қазғұрт тауындағы «Қырық қыз» деп аталатын тастарға байланысты айтылады:


«Баяғыда бір байдың қызының тойы болады. Той болып жатқанда қалыңдық қырық қызымен, күйеу серіктерімен сеуендеп шығады. Жауынгершілік заман екен. «Жау келіпқалды!» - деген дауыс шығады. Сонда қыздар шулап: «Е, құдай! Біздің жау әкеткенше, тас қыла көр!

- депті. Сонда бәрі тасқа айналыпты»

Хикая. Орыс фольклортану ғылымында бұл жанрды «быличка» деп атайды. Хикая дегеніміз – ел өмірде бар деп сенген неше түрлі жезтырнақ, үббе, албасты, күлдіргіш, жалғыз көзді дәу, шайтан, пері, дию сияқты нәрселер туралы діни нанымға негізделген әңгімелер. Мысалы: «Ақ Мешітте Нұрпейіс деген бір би бар еді. Бір күні қатыны толғатып, баласын тапты да, өзі талып қалды. Сол уақытта бір түлкі келіп, қатынның жатқан жағына барды. Сол мезгілде еркектер өз алдына жиылып, бір тамда отырған екен. Солардың ішінде бір кісі түлкінің кіріп келгенін көріп, оны албасты деп, тұра қуып еді, түлкі есіктен шығып барды да, дарияға қатынның өкпесін тастап жіберді. Соның соң талып жатқан қатын өліпті».

Хикая көбінесебір эпизодты, бір оқиғалы болып келеді. Мұндай жағдайда ол, негізінен, айтушы – кейпкердің басынан кешкен оқиға болып қана баяндалады да, бүкіл мақсаты сол оқиға болып қана баяндалады да, бүкіл мақсаты сол оқиғаның рас екенін дәлелдеу болып табылады. Ал, кейде екі-үш хикая бір кісінің (әдетте, айтушының) көрген оқиғалары болып айтылады. Мұндай шығармада эпизод пен оқиға көбейіп, хикаяенді біршама көркемделіп, эстетикалықты әңгіме түрінде айтылып, ертегіге жақындаған түрлеріне «Мамай батырдың арманы», «Жайық пен Еділ», «Қара мерген», «Боран батыр» сияқты шығармалар жатады. Бұл хикаялардан айтушының «болған» қорқынышты оқиғаны тек хабарлап қана қоймай, тыңдаушысын еліктіретін қызғылықты әңгіме етіп баяндалатынын байқауға болады.

Аңыз – фольклорлық проза жанры. Онда тарихи шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, әйтсе де уақыт өте өңделіп, көркемдік сипат алған оқиғалар баяндалады. Аңыз дегеніміз – бір мекеннің, жергілікті жердің, я болмаса бір елдің, тайпаның, рудың ауызекі шежіресі (устая хроника), бір аймақта болған оқиғаның әңгімесі.

Қазақ аңызын біз де тарихи және топонимикалық деп екіге бөлуді жөн көрдік. Тарихи аңыздарда кейде оқиғалар мен фактілер көркем түрде жинақталып, қиял тұрғысынан, яғни ел оқиғалар мен фактілердің өз ойына, арман-мүддесіне сәйкес болуын қалап, солай баяндайды