Файл: Халы ауыз дебиеті пні туралы жалпы тсінік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 135

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, солай етіп көрсетеді. Біріншіден, көп уақыт өткендіктен оқиғаның қалай болғанын дәл білмегендіктен, екіншіден, бұрынғы заманда болған шындықтың өзін емес, ел қалаған шындықтың көрініс табуы. Мұның бәрі аңызда (жалпы ертегіге жатпайтын прозада) көркемдеу саналы түрде болмайтынын дәлелдейді.

Қазақтарда жер-су, тау-тас, елді мекен, өзен-көл жайында ауызша айтылатын әңгімелер өте көп. Ол түсінікті де. Бүкіл өмірін табиғат аясында өткізген ел өзін қоршаған әлем туралы білгісі келіп, сол объектінің ерекшелігін ескеріп, немесе тіршілігінің қажеттігіне байланысты, я болмаса қиялға ерік беріп, неше түрлі миф, әпсана, аңыздар шығарған.

Әпсана (парсы, апсанс – аңыз, араб. Хикаят - әңгіме) – қазақ фольклорлық прозасының жанры. Ә. – бағзы бір замандарда болыпты-мыс делінетін оқиғаларға немесе пайғамбардың, әулие-әмбиелердің ғажайып істерін баяндайтын діни сюжеттерге негізделген, сондай-ақ нақтылы тарихи, кітаби дерек, тиянағы жоқ, таза қиялдың жемісі ретінде туған, фольклорлық прозаның көркемдік сипаты мейлінше қанық үлгісі.

Әпсана-хикаяттың мақсаты – баяғыда болған, немесе болды деген бір керемет оқиғаны, іс-әрекетті, немесе жағдайды көркемдей баяндау арқылы тыңдаушыға ғибрат беру. Әсіресе, жер-су, мекен тарихын баяндайтын әпсана-хикаяттардың сюжеті көп жағдайда сол тектес аңыздар сюжетіне ұқсатылып, ойдан шығарылады. Мысал ретінде «Тоқпанның балалары», «Айнакөл», «Қара жігіт», «Өгіздің терісі» «Қызылкеніш ордасы» сияқты революциядан бұрын жарияланған шығармаларды атауға болады.

Әдебиеттер:

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  2. Матыжанов К. Қазақтың балалар фольклоры. Алматы, 2009.

  3. Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2002.

  4. Қасқабаасов С. Елзерде. Алматы, 2010. Матыжанов К. Рухани уыз. Алматы, 2009



Дәріс 9. Қазақтың көне эпосы




Көне эпос.

Кейінгі замандардағы эпостық дәстүрге, әсіресе, батырлық жырларға негіз болған, ең ежелгі замандарда қалыптасқан жырдың түрі – көне эпос.

Көне эпостардың типологиялық ерекшеліктерін анықтауға В.Я.Пропп, В.М.Жирмунский, Б.Н.Путилов, Е.М.Мелетинский, Ж.К.Лебедева сияқты ғалымдар атсалысып келеді. Сондай-ақ М.Әуезов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаевтың еңбектері де эпостың бұл түрінің белгілерін, батырлық жырға арқау болдған желілерін ажыратуға үлкен септігін тигізеді.

Ғылыми зерттеулердің нәтижесіне үңілетін болсақ, ең алдымен байқалатыны – көне эпостың синкреттік сипатының басым екендігі. Атап айтқанда мұнда фольклордың өзге жанрларының үлкен роль атқаратындығы, әсіресе, мифтің, ертегінің, аңызәңгімелердің, тұрмыс-салт жырларының тұтас көрінуі байқалады. Оның үстіне ежелгі замандардағы ру мен тайпалардың әдет-ғұрпы, салты, дүниетанымы да көне эпоста көркемдік ойлау тәжірибесімен астасып кеткен. Бұлар әлі жіктелмеген.

Фольклордың синкретизмін Е.М.Мелетинский идеиологиялық және жанрлардың синкретизмі деп екі салаға бөліп қарайтындығы мәлім.

Идеологиялық синкретизм ең ехелгі дәуірлерде өнердің наным-сенім, мифтік түсініктерден ажырамай салттық, ритуалдық көзқарастармен байланысты өмір сүруін сипаттайды. Дін пайда болғанға дейін оның ролін мифтің атқарып келуі кездейсоқ емес. Бұл ретте фольклор табиғат пен қоғам туралы түсініктерден бөлінбеген, олармен тұтас жүр. Түркілердің тәңірлік дініне осының ізі айқын. Ал, жанрлардың синкретизмі поэзияның, жаопы өнердің тегі мен түрлерінің бір-бірінен ажырамай, тұтас жүрген кезеңін қамтиды.

Кезінде В.Я.Пропп орыс былиналарының ілкі дәуірін мемлекетке дейінгі эпос деп атап және онда мифтің үлкен орын алатынын атап көрсеткен.

Мұнымен қатар В.М.Жирмунский типология жағынан алып қарағанда

Солтүстіктегі және Қиыр Шығыстағы ұсақ халықтардің да көне эпостарында тұрмыс-салт жырларының оның ішінде арбау-байлау өлеңдерінің ерекше роль атқаратындығы анықталып отыр.

Демек, осы айтылған пікірлердің қай-қайсысының да жаны бар. Себебі бұл, біріншіден, көне эпостың регионалдық, этностық, жергілікті ерекшеліктерінен хабар берсе, екіншіден, оның синкреттік табиғатын да айғақтайды. Оның үстіне мына мәселеге де айырықша назар аудару қажет. Көне эпостар ішкі тақырыптық, сюжеттік кұрамы бойынша біркелкі емес. Әсіресе, анығырақ байқалатыны - бір тобында батырлық, қаһармандық /әрине, бұл ру, тайпа шенберінде, болмаса әйел алу мотивімен байланысты

/ желі басым болса, енді бір тобында аңшылык, мергендік такырып көбірек жырланады /мәселен, қазақтың "Құламерген, Жолмерген", қырғыздың "Қожажаш" эпостары/. Алғашқысында ертегілік сарын басым болса, соңғысында миф пен шежіре аңыздың ролі айқынырақ. Сондықтан да көне эпостарды осы айтқан өзгешеліктеріне қарай жіктеуге болады. Ол міндеттін алдағы уақытта тарихи поэтика мен типологияның аясында іске асатыны да күмансыз.

Асылында фольклордың жанрлық құрамына қарай бірде "көне эпос", бірде "батырлық ертегі" аталып жүрген шығармалардың табиғатында оларды эпос ретінде де, ертегі ретінде де карауға болатын екіжақтамалық сипат бар. Ол, сөз жоқ, осы жанрлардың бір-бірінен іргесін аулақ салмай, аралас-құралас жүрген кезеңін көрсетеді. Сондықтан.да оларды тек қана ертегі, не эпос деп дәлелдеу барысында өтпелі аралық сипаты есте тұруы тиіс. Мәселе, тіпті олардың терминдік жағынан қалай аталуында да, емес, гәп оған қандай мағына сыйдыратынымызда.

Ғалымдар "батырлық ертегі" терминін кем дегенде төрт түрлі мағынада қолданып келе жатыр. Бірде ол қаһармандық эпостың байырғы түрі, эпостық жырдың ең көне дәуірін сыпаттайтын типі ретінде ұғындырылса /В.М.Жирмунский/, бірде классикалық батырлар жырының алдындағы /"предэпическая форма»/ баяндау фольклорының бір көрінісі /Е.М.Мелетинский/ деп дәлелденеді. Ал, Аарне-Томпсонның ертегі сюжеттерінің халықаралық көрсеткішінде ол қиял-ғажайып ертегіге жатқызылады /Көрсеткіштегі рет сандары 300-301 және 550-551/- Мұның үстіне эпос сюжетін бергі заманда ертегіге айналдыру сияқты жағдайдың орын алғандығы да ғалымдар тарапынан сөз болып жүр /А.М.Астахова/.

Осының бәрі де ертегі мен эпостың шығу тегінің, типологиялық өзгешеліктерінің ортақтығын айғақтамаса, жоққа шығармайды, Архаикалық батырлық ертегілердің эпосқа да, қиял-ғажайып ертегіге де түп негіз болғандығын көреміз.

Қазақ фольклорының негізінде С.Қасқабасов "батырлық ертегі" деген атауды қолданып, әрі мұны ертегінің бір жанрлық түрі ретінде қарастырса, Р.Бердібаев "көне эпос" терминін пайдаланып, оны эпос жанрының ішінде анықтайды. Алайда осылай қарағаннан екі жанр да ұтылмаған. Ұтылмайтыны - шын мәнінде осы бір байырғы жанрдың табиғаты екеуіне де айырықша жақын болуында, мұны аттап өтуге болмайтынында, ертек пен эпостың арыдан барып түйісетінінде.


Бұл ретте зерттеушілердің осы жанрдың байырғы қабаттарымен бірге, кейінгі замандардағы қоспаларын да ажыратып қарауы орынды. А.М.Астахова орыс былиналарының негізінде батырлық ертегілер кейін пайда болған жанр деп санаса, Е.Костюхин, С.Қасқабасов оны екі топқа бөліп, "оның бірі - көне дәуір тумасы да, екіншісі - кейінгі ғасырлардың туындысы" деп көрсетеді.

Қаһармандық эпос пен батырлық ертегінің тек-тестігін тағы да айқындайтын дәлел - кейін пайда болған батырлық ертегілер қаһармандық жырдың негізінде, соның сюжетінен туғандығы3.

Батырлық ертегілердің ішінде қарасөз түрінде де, не екеуі аралас келетін де шығармалар бар. Сюжеттік құрылымында типтік белгілері тектес болғанымен, өлең түрінде айтылатындарының эпосқа бір табан жақын тұрғандығын байқамауға болмайды. "Құламерген. Жоямерген", "Дотан", "Құбығұл" жырлары осыны аңғартады. Мәселе осыларда ертегілік элементтердің көп не аз болғандығында да емес, сол элементтердің эпос табиғатына бағындырылуында деп ойлаймыз.

Әдебиеттер:

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  2. Садырбаев С. Халық ауыз әдебиеті. Алматы, 1993

  3. Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы. 1994.

  4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, 1991.

  5. 5. Бабалар сөзі. Алматы, 2014.



Дәріс 10. Қазақ батырлар жырларының ерекшеліктері


Эпос үшін дұшпанның аты емес, «заты» қажет. Сондай-ақ батырлар жырында «пәлен соғыста түген батыр ерекше ерлік көрсеткенін» дәл білу міндет саналмайды. Эпостағы қаһармандар көбінше өмірдегі болған адамдардың емес, ел түсінігі бойынша болуға тиісті жандардың бейнесін елестететіні осыдан.

Қазақтың қаһармандық эпосы ішінен жұртшылыққа неғұрлым танымал «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» секілді нұсқалардың жалпы бітімінде классикалық батырлар жырына тән өрнектер толығырақ байқалатынын көреміз. Ел жадында әйтәуір батырлық, күштілік атаулының бәрі сақтала бермейді екен. Батырлық ру, тайпа, ел қорғауға, азаттық күреске жұмсалғаны ғана ерекше ілтипатқа алынған. Рулар арасындағы жүріп отырған әдеттегі талас немесе көрші халықтарға жасалған әділетсіз шабуыл халықтың эпикалық санасында барымта немесе өзге елдерге жасалған әділетсіздік эпостан көрініс тапқанмен, олар мадақталмай, қайт кінәлау, айыптау тұрғысынан жырланатынын аңғару қиын емес.

«Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» жырларының да жетекші сарыны ел мүддесі үшін жасалған ерлікті мадақтау. «Алпамыс» батыр жыры ең көне жырлардың бірі болғандықтан, эпостың архаикалық-мифологиялық, психологиялық сананың қалдықтарын көп кездестіреміз. Басты қаһарманның бейнесіндегі қиял-ғажайыптық, мифологиялық мотивтері, ал оның реалистік тұрғыда суреттелуі мүмкін емес екені белгілі және көбінде халықтың дәстүрлі жолдың ұстануын, наным-сенімдік ұғымдары көп әсер ететіні байқалады.

Үстірт қарағанда «Ер Тарғын» жырында батырдың намыс отына қайралып, хас дұшпанға атой салуына тікелей себеп жоқ секілді. Өйткені эпос Тарғынның өзі елінен қылмысты болып, бой тасалап кеткен, Қырым жұртына сіңген адам болып көрінеді ғой. Бірақ шындығында ол қалмаққа діні, тілі, тағдыры бір ноғайлы атынан аттанады. Бұл оның ұмтылыстарына табиғи негіз, «дәлел» бола алады.

Сан алуан әлеуметтік этникалық топтар қатар өмір сүріп отырған заманда ұлттық таным - тәрбие аумағынан да алшақтамай, тілімізді ұмытып, мәнгурттенбей, қазақ халқының тамаша бағасына ие болған қазақ қыздары өздерінің ой-таным дәрежесін төмен түсіріп алмауы үшін қалай ізденуі керек, неден жиренуі керек және кімдерден үйренуі керек.

Қаһармандық жырларға хас белгілердің бірі – ел қамқоры батырдың ең жақын досы, әрі жары – тамаша сұлу, ақылды, опалы әйелдер бейнесінің жасалуы.