ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 142
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Дәріс 4. Отбасылық ғұрып фольклоры
Дәріс 5. Маусымдық ғұрып фольклоры
Дәріс 6. Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры
Дәріс 7. Қазақтың ертегілік прозасы
Дәріс 8. Аңыздық проза үлгілері
Дәріс 10. Қазақ батырлар жырларының ерекшеліктері
Дәріс 11. Қазақтың лиро-эпостық жырлары
Дәріс 13. Қазақтың діни дастандары
Алғашқы кезеңдегі тарихи жыр Алтын Орда, Ноғайлы, Қырым хандықтарына қарсы феодалдық соғыстар (14-17ғ.) суреттеледі («Едіге», «Нұрадин», «Орақ-Мамай», «ҚарасайҚази», «Мұсахан» т.б. жырлар). Жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарса жорықтарды (18ғ.) қамтитын екінші дәуірде Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнібек батырлар туралы жырлар. Үшінші дәуірде ұлт-азаттық, бостандық жолындағы күресті (19ғ.) сипаттайтын жырлар: «Исатай-Махамбет», «Бекет батыр», «Досай батыр», «Жанқожа батыр», т.б. Төртінші кезең 20 ғ.б. төңкеріс жылдарындағы елеулі оқиғалар. («Құлақасқа», «Амангелді», «Ұзақ батыр» т.б.) Тарихи жырларды Үмбетей, Мұрат, Тілеміс, Нысанбай, Жанкісі, Шернияз, Жамбыл, Нұрпейіс, Мұрын сияқты ақын-жыраулар шығарған, толықтырып, өңдеп қайта жырлаған. Тарихи жырларды алғаш рет жинап зерттеген ғалымдардың бірі болып – Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, И.Аничков, кейінірек 20 ғ.б. М.Ж.Көпеев, Ә.Диваев т.б. көптеген көрнекті фольклористер мол еңбектерін сіңірді.
Е.Ысмайылов тарихи жырды жеке жанр ретінде қарастырып, оның жанрлық ерекшелігіне тоқталады және шығармаларды хронологиялық принциппен саралай отырып, тарихи жырларды 4 дәуірге бөліп қарауды ұсынады: 1) орта ғасырда, 2) ХҮІІІ ғасырда, 3) ХІХ ғасырда, 4) ХХ ғасырда туған шығармалар. \Исмаилов Е. В поисках нового. Алма-Ата, 1967. с.193\
Тарихи жырлардағы баяндалатын басты мазмұн халықтың өмір шындығы, шынайы болмысын елестету арқылы өткеннің сипаты танылады. Әлбетте, бұл жырларда оқиғаның дәлдігі сақтала бермейді, әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдайы көркемдік тұрғыдын бейнеленеді.
Қазақ эпосындағы әр жанр бір-бірімен тұтастай байланысып жатса, мұндағы тарихи жырлардағы байланысты көрмейміз. Бірақ қайткенде де мұндағы ерлік те халқы, отбасы мәселесі, әділдік басым келуін көруге болады. Батырлар жырындағы кейіпкер өз ерлігін жар іздеу, таңдау мақсатында туса, тарихи жырларда мұнда халықтық мемлекет мүдделері басты сипат алады. Тарихи жырлардағы басты кейіпкерлер – тарихта болған адамдар, сондай-ақ, анық тарихи оқиғаларға негізделген деп есептеледі. Алғашқы кезеңдегі тарихи жыр Алтын Орда, Ноғайлы, Қырым хандықтарына қарсы феодалдық соғыстар (14-17ғ.) суреттеледі («Едіге», «Нұрадин», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази», «Мұсахан» т.б. жырлар). Жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарса жорықтарды (18ғ.) қамтитын екінші дәуірде Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнібек батырлар туралы жырлар. Үшінші дәуірде ұлт-азаттық, бостандық жолындағы күресті (19ғ.) сипаттайтын жырлар: «Исатай-Махамбет», «Бекет батыр», «Досай батыр», «Жанқожа батыр», т.б. Төртінші кезең 20 ғ.б. төңкеріс жылдарындағы елеулі оқиғалар. («Құлақасқа», «Амангелді», «Ұзақ батыр» т.б.) Тарихи жырларды Үмбетей, Мұрат, Тілеміс, Нысанбай, Жанкісі, Шернияз, Жамбыл, Нұрпейіс, Мұрын сияқты ақын-жыраулар шығарған, толықтырып, өңдеп қайта жырлаған. Тарихи жырларды алғаш рет жинап зерттеген ғалымдардың бірі болып – Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, И.Аничков, кейінірек 20 ғ.б. М.Ж.Көпеев, Ә.Диваев т.б. көптеген көрнекті фольклористер мол еңбектерін сіңірді.
Е.Ысмайылов тарихи жырды жеке жанр ретінде қарастырып, оның жанрлық ерекшелігіне тоқталады және шығармаларды хронологиялық принциппен саралай отырып, тарихи жырларды 4 дәуірге бөліп қарауды ұсынады: 1) орта ғасырда, 2) ХҮІІІ ғасырда, 3) ХІХ ғасырда, 4) ХХ ғасырда туған шығармалар. \Исмаилов Е. В поисках нового. Алма-Ата, 1967. с.193\
Тарихи жырлардағы баяндалатын басты мазмұн халықтың өмір шындығы, шынайы болмысын елестету арқылы өткеннің сипаты танылады. Әлбетте, бұл жырларда оқиғаның дәлдігі сақтала бермейді, әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдайы көркемдік тұрғыдын бейнеленеді.
Әдебиеттер:
-
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991. -
С.Садырбаев Халық ауыз әдебиеті. Алматы, 1993 -
Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы. 1994. -
Ақтаева Ш. Тарихи дастандар хақында//Ақиқат, 65-68б., 2004. - № 11 -
Қазақ фольклоры мен халық педагогикасының мәселелері. Алматы, 2006.
Дәріс 13. Қазақтың діни дастандары
Қазақтың діни қисса, дастандары ислам дінінің қазақ жеріне ХҮ-ХҮІІ ғасырлардан бері қарай тарай басталды. Діни қисса, дастандар – пайғамбарлар мен әулие әнбиелер, періштелер мен сахабалар, т.б. өмірі мен олардың дін жолындағы іс-әрекеті туралы шығармалар. Діни қиссалар сюжеті Құран Кәрімнен, Інжілден, Таураттан алынған. Кезінде қазақ халқы арасында ауызша да, жазба түрінде де кең тараған діни мазмұндағы қиссалар көп болған. Бұлардың бәрін тақырыптық жағынан үш топқа бөліп қарастырған. Біріншісі – бұрын басқа дінде болған адамдарды ислам дінде болған адамдарды ислам дініне енгізу идеясын жыр еткен діни қиссалар. Екінші топқа қиссалар - өмір жолындағы қиындықтарды жеңе білуге, достыққа, халық үшін еңбек етуге, достыққа, халық үшін еңбек етуге, махаббат адалдығына үндейді. Бұған «Әзірет Әлінің құлдыққа сатылғаны», «Әзірет Әлінің сараң байды дұрыс жолға салғаны», «Жүсіп-Зылиха», т.б. қиссалар дәлел. Үшінші топтағы қиссалар – бақи дүниедегі, яғни жұмақ пен дозақтағы өмірді бейнелеп көрсетуге арналған шығармалар болып келеді. Діни қиссалар имандылыққа, қанағатынсапқа, күншіл болмауға, біреуге зорлық-зомбылық жасамауға, жетім-жесірлерге көмек көрсетуге, қайырымдылыққа т.б. ізгі қасиеттерге үндейді.
Діни қисса, дастандардың жырланатын кейбір оқиға желісі көне жырларына ұқсас келетінін көреміз. Екеуінен де тылсым күшке, құдайға, пайғамбарлар т.б. және аян беру, әйел адамының келеңсіз қылықтарын ебелес ретінде санау, айдаһарлар, барсакелмес сапар шегу, сиқыршылық сияқты кезеңдері ұқсас келгенімен, бұл адамдардың көз-қарастары шынайылық, сену ретінде оның орындалуына күмән білдірмейтіне және үгіт насихат басым келтіреді. Сондай-ақ, оқиғаның орындалуына байланысты құдайдың бар екеніне көз жеткізіп сенімдерін артады. Сол сияқты мұндағы байқайтынымыз шығармалардың негізгі идеясы – ислам дінін тарату, үгіттеу, насихаттау идеясын жүзеге асыру үшін пайдаланылған. Мұндай құбылыс – діни дастандардың жанрлық ерекшеліктерінің бірі.
Эпикалық жанрға жататын жырлардың бір тобы – діни дастандар. Олар: «Дариға қыз», «Зарқұм», «Мұхаммед-Қанапия», «Наушарбан сұлудың баяны», «Әбу Шаһма», т.б. дәни қиссаларда мағынасы терең ғибрат айтылатындығы. Діни қисса – дастандардың басты ерекшеліктернің ғаламды жаратушы Алла мен пайғамбарларды мадақ етіп, таныстырумен, оларды үлгі етіп ұсынумен басталып отыратындығы. Кейбір жырда Мұхаммед пайғамбар заманында дін үшін болып өткен сұрапыл соғыстардың жаңғырығы естілетіндігі. Бұл топтағы шығармалардың негізгі идесы – исламды дәріптеп, оның артықшылығын үгіттеу болып келетіндігі. Адамдар арасындағы сыйластық, адалдықты дәріптейтіндігі. Жау жағы батырларының күші де ешкімнен кем түспейтіндігі, дастаннның шыншылдық қасиетін күшейтіп отыратындығы. Діни дастандардың адамды қанағатшылдыққа, сабырлыққа, имандылық пен қайырымдылыққа үндейтіндігі.
Шығыстық желіге құрылған ғашықтық жырлар және нақты өмір шындығы.
Қазақ халқына кең тарап, төл туындысына айналып кеткен жырлардың бір шоғыры шығыстық желіге құрылған шығармалар. «Ләйлі-Мәжнүн», «Хұсрау-Шырын», «Тахир - Зуһра», «Бозжігіт» қатарлы туындылардаңы оқиғаның өрбуі сүйіспеншілік жайлы болып келетіндігі. Шығыстан ауысқан ғашықтық жырлардың кейбірінде діни ұғымдар мен аңыздардың көне нанымдардың аралас келіп отыратындығы. Қиял-ғажайып түрінде бейнеленетін іс-әрекеттер астарынан адам қоғамына тән мінездер мен салттардың көрініс тауып отыратындығы. Бұл шығармалардан әлеуметтік теңсіздіктермен әділетсіздіктерге қарсы күрес көрініп, драмалық және лирикалық сарынның күрделі орын алатындығы. Рухани мұраңа айналып кеткен ғашықтық жырлар мен қазақ эпосының арасында ұқсастықтар мен үндестіктердің болатындығы.
Әдебиеттер:
-
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991. -
Садырбаев С. Халық ауыз әдебиеті. Алматы, 1993 -
Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы. 1994. -
Орынғали Қ. Діни дастандар.// Ана тілі, 24.05.2012 -
Бабалар сөзі 11-том. Алматы, 2014
Дәріс 14. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар
Қазақтың шешен, билері. «Тура биде туған жоқ» дегендей, ханнан қаймықпаған. пара алмаған шешен. билер сөзге шебер болумен бірге елдің шежіресін, тарихын ел басынан өткен ұлылы-кішілі окиғаларды, дау-жанжалды айтыс-тартысты реттеудің тәртібін, әдет-ғұрып зандарын жетік білген. Осындай әдет-ғұрып, қарым-қатынас ережелерін қалыптастырған Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» халықтың жадында күні бүгінге дейін жасап келеді. Халық оның ережелері мен талаптарын макал-мәтелге айналды-рып, ұмытылмай есте сақталытын ұшкырда уытты сөздермен ұғымды етіп айта білген. Мәселен, «Әділ билік — алтын таразы», «Жетпеген билік жеті ұлықтың есігін ашады», «қара кылды кақ жарған әділдік», «Батыр айғак, балуан куә», «Сорғалаған хан. сойдақтаған із», «Қысаска кан, оқыска құн», «Ханға хандық, биге билік», «Мойнына қосак, артына тіркеу», «Семсер астында серт жүрмейді», «Иілген басты қылыш кеспейді», «Алдыңа келсе атаңның құнын кеш», «Жан алып жат болма», «Ашыққан құры, ашынған долы», «Алдырған албырт, анасьның қойнын ашады», «Койманы не көрген алады, не көмген алады», «Ердің күны екі жүз жылқы», «Ат тұяғын тай басады»,«Ит төлеуі бір күшік», «Әке өлсе мүлкі мұра», «Аға өлсе — жеңге мұра», «Ертеден кетсе де — елден кетпейді», «Дау айтыс, барымта кайтыс», «Судың түбін шым бөгейді, даудын түбін кыз бөгейді» деген сияқты тамаша тапқырлықпен айтылған сөздер аркылы қазақтың билері мен шешендері заңға, адамгершілік нормаға катысты ережелер мен құқтарды жұртшылық санасына орнықтыруға күш салған.
Қазақ сахарасының шешендері мен билерінің ақылды аталы сөздері. өнегелі өсиеттері мақал-мәтелдердің тууына себепші болған. Халык даналығынан туған мұндай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер ескірмей, тозбай жұртшылық зердесіне ерте замандардан бері сақталып келеді. Олардың көбі мәнін күні бүгінге дейін жойған жоқ. «Күн түспеген жер көгермес, көсемі жоқ ел көгермес», «Кереге бойы кар жауса жұтамайды сауысқан, қанды қалпақ кисе де қиыспайды туыскан», «Қарын қамын ойлаған қаралықтың белгісі, халық қамын ойлаған даналықтың белгісі. халық қамын ойлаған даналықтың белгісі», Ақылы аздың ашуы көп, таяз судың тасуы көп, «Ақылы жоқтың арманы жок». «Адам көңілінен азады, тілінен жазады», «Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді», «Еңбек өмірді ұзартады, ұят бетті кызартады» — деген сияқты халқымыздың даналығы мен шешендігінің үлгісі болып табылатын мақал-мәтелдер мен аталы сөздерге қазақ жері кенде емес.
XV—XVII ғасырларда қазақ хандығы құрылып, халкымыздың әдет-ғұрпы, салтдәстүрі бір ізге түсіп келе жатқан кезде қазақтардың бірін-бірі көргенде үш мәрте құшақ айқастырып. төс түйістіріп, мал-жанның амандығын, денсаулықтың жайын сұрасуы, хал-жайды білісуі адамгершілік дәстүрдің ажырамас салты болып қалыптасқан. Кіші адамның жасы үлкен кісіге сәлем беріп, ізет көрсетуі, егде адамның «аманбысың» айтып, кішіге қамқоршы болуы касиетті рәсім болған.
Жасы үлкен ақсақал адамдар үйге келгенде казақтар оларды төрге шығарып, жасына қарай жайғастырып сыйлаған. Мал сойып, ет асып, табақ тартатын болған. Қонақтарға қоғамдағы орнына, жасына карай пісіп келген табақтағы малдың мүшелерін үлестіріп. әдетте, бас — ағанікі, қүлақ баланікі, жақ қатындікі, жамбас батырдікі, төс күйеудікі деп табақтағы мал сүйегін қонақтарға ретіне қарай ұсынған.
Қазақ ақылды кария — ағынды дария деп карияларын жоғары адамгершілік үлгісі санаған. Отырыстарда, жиындарда, табақ тартылып қонағасы берілген жерде кариялардан бата, жігіті ағасы болған егде адамдардан игі тілек айту сүралған. Асын ішіп отырған үй иелерінің арман-аңсарына, максат-мүдделеріне орайлас, елдің бірлігін, халықтың тірлігін, заманның тыныштық берекесін өз сөзіне өзек етіп, қариялар бата беріп, тілек айтатын болған.
Әдетте, кариялар, үш байлығыңды: елінді, жеріңді, тіліңді күрметте: еліңді сыйламасаң көмусіз қаласын, жеріңді сыйламасаң кебінсіз қаласың, тіліңді сыйламасаң кадірсіз боласын. Атаның ұлы болғанша халқыңнын құлы бол. Тегіңді біл, бірақ руғабөлінбе, рушылдық індет, еліңді сүй — ол саған міндет деп жастарға тілек айтып, отбасының бакыт берекесі мол болсын деп бата берген.Бата бере білу де өнер. Орынды жерінде бата-тілек aйта білу аузына ата сақалы біткен қария үшін, жігіт ағасы, ауылдың үлкені болған қырма сақал орта жастағы азамат үшін үлкен абырой, кісілігіне сын.