ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 124
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Дәріс 4. Отбасылық ғұрып фольклоры
Дәріс 5. Маусымдық ғұрып фольклоры
Дәріс 6. Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры
Дәріс 7. Қазақтың ертегілік прозасы
Дәріс 8. Аңыздық проза үлгілері
Дәріс 10. Қазақ батырлар жырларының ерекшеліктері
Дәріс 11. Қазақтың лиро-эпостық жырлары
Дәріс 13. Қазақтың діни дастандары
Қазақ жерінде карияның сөзі касиетті есептеледі. Ру, ауыл, ел болып өткізген тойтомалак жиындарда сөз алдымен жасы үлкен кісіге тиеді. Келелі кеңестерде кесімді сөзді солар айтты. Қариялар ел-жұрттың камкоршысы саналады. Олар халыкты жат әдеттен, жаман дерттен сақтандырып әркашан ауыл, елдін ақылшысы болды.
Қазақ халқының мейман достығы, қонақ жайлылығы әлемге әйгілі болып кеткен айнымас асыл қасиеті, үйге келген мейманды жылы шыраймен құшақ жайып карсы алып. құрмет көрсетіп риза етіп шығарып салу қазақ үшін қымбатты парыз. абыройлы іс жалтартпайтын міндет болған. Бұл салт Алаша ханнан калған өсиет деген аңыз бар. Қазақта «Алаш алаш болғанда. Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш ұранымыз «Алаш» болғанда, үш жүздін баласы казақ емес пе едік» — деген сөз бар.
Әдебиеттер:
-
Садырбаев С. Халық ауыз әдебиеті. Алматы, 1993 -
Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы. 1994. -
Ыбыраев Ш. Бастау. Алматы, 2011 -
Матыжанов К. Қазақтың балалар фольклоры. Алматы, 2009
5. Матыжанов К. Рухани уыз. Алматы, 2009.
Дәріс 15. Айтыс және оның түрлері
Халық творчествосының бұл байырғы өкілдері ұрпақтан ұрпақ алмастырып, сонау көне замандардан біздің дәуірімізге дейін келіп жетті. Әрине, әр дәуірдің өзіндік сипаты, соған сәйкес халықтық идеологиясы болады.
Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс түркі елдерінде көне дәуірден белгілі. М.Қашқаридің «Диуани-лұғат ат-түрк» атты еңбегінде «Жаз мен Қыстың айтысы», Исауидің «Диуани хикметіндегі» «Жұмақ пен Дозақтың айтысы» бұл жанрдың ғасырлар қойнауына жол тартанын аңғартады. Түркі халықтар арасындағы айтыс өнер қазақтар мен қырғыздар арасында жақсы дамыған, түркіктер арасында да айтыстың кейбір сақталған нышандары бар. Қазақ айтыстары данрлық сипаты жағынан түре айтыс және сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар, екіншісіне кесек айтыстар ақындар айтысы енеді (ақсұлу мен Кеншімбай, Әсет пен Ырысжан, Сүйінбай мен Қатаған, Жамбыл мен Құлмамбет, Молда Мұса мен Манат қыз, Кемпірбай мен Шөже, Орынбай мен Тоқжан, Біржан мен Сара айтыстары, т.б.). Айтыс мазмұндық сипатына қарай, әдет-ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысына қарай жұмбақ айтысығ мадақ айтыс болып жіктеледі. Айтыс синкретті жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болған.
Қазақтың советтік дәуірдегі халық поэзиясын жинау, жариялау саласында қыруар жұмыстар атқарылды. Бұл ретте алдымен Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбубәкір Диваев, Өтебай Тұрманжанов, Есмағамбет Ысмайылов тәрізді көрнекті жазушылар мен ғалымдардың игілікті еңбегін зор құрметпен ауызға аламыз.
Халық таланттарының өмірбаяндарына қарағанда, біріншіден, ақындық, жыраулық өнердің ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан игі дәстүр екендігі, екіншіден, әрбір аймақта белгілі бір творчестволық мектептің қалыптасқандығы аңғарылады.
Халықтың ауыз әдебиетінің қойнауынан шыққан мәдениетке қатысты айтыс жанры өлең өнерімен ақындық шабыт-шалымының қызықты көрінісі болып табылады. Мұндағы айтысқа түскен адамдар шапшаңдық, ұшқырлық, ұтымдылык, шеберлік көрсету арқылы қарсыласынан басым түсу үшін жан салысады. Мұндай айтыстар жас сәби өмірге келген шілдеханадан бастап дүбірлі ұлы тойлардың бәрінде өткізілетін болып ертеден дәстүрге айналған.
Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге қонатын өнер саналған. Кемпірбай,
Балқы Базар, Бұдайбай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл, Құлмамбет тәрізді ақындар өлеңнің «киесі бар, иесі бар» деп білген. Бетпе-бет келген екі ақын жеңудің сан алуан жолдарын, амалтәсілдерін қарастырады. Суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз таппағаннан жеңілмейді, аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан тосылады. 20 ғжың 40 жылдардағы Кенен мен Нартайдың, Болман мен Шашубайдың, Орынбай мен Маясардың, Доскей мен Қуаттың ең таңдаулы жырлары аталы сөздің алдындағы адалдықтың көрінісі болды. Бұлар бұрынғы ұлы ақындардың көзін көрген, суырып-салма дәстүрдің бастауынан нәр алған ақындар еді.
Бүгінде айтыстың абыройын асырып жүрген А.Әлтаев, М.Қосымбаев, А.Леубаева,
М.Тазабеков, С.Құсанбаев, А.Тұрсынбаева, Б.Шойбеков, Б.Имашев, Д.Кәпұлы, Р.Зайытов, т.б. ақындар айтыс өнерінде жаңа жыр өрнегін тудырды. 2004 ж. «Күлтегін» баспасынан ақындар айтысының мәнділерін теріп алып «Айтыс» деген жинақ көрді.
Әдебиеттер:
-
Ш.Уәлиханов. Шығармалар жинағы. 4-том. А,2010 -
Уахатов Б. Халық өлеңдері. Алматы, 2000 -
Садырбаев С. Халық ауыз әдебиеті. Алматы, 1993 -
Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы. 1994. 5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, 1991.