Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 160

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Көпір тәрізді протезді қызыл түске дейін қыздыру

  2. Тотбаспайтын болаттан жасалған көпір тәрізді протезді ағарту үшін ерітіндіні дайындап, ағарту режимін анықтау

  3. Ағартқышты қайнауға дейін қыздырып, қызыл түске дейін қыздырылған протезді салу

  4. Ағартқышта протезді қайнату (шамамен 0,5-1 минут)

  5. Ағартқыштан протезді шығаруғ суда шаю

  6. Кептіру

  7. Протезді тексеру. Сауыт бүтіндігін тексеру.

Ескерту:

Ашық отта металлды қыздыру кезінде ауа оттегісі әсерінен қышқылды пленкамен көмкеріледі. Хром никельді болаттан көпір тәрізді протездің бетінен окалинаны алу үшін, химиялық жолды қолданады. Окалинаны ерітетін заттар, ағартқыштар деп аталады, окалинаны азалайтын процесс – ағарту деп аталады.

  1. Стандарт: Әрлеу және жылтырату

Мақсаты: әрлеу мен жылтырату әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: сору шкафы, шлифмотор, тіс техникалық бормашина

Стоматологиялық құралдар: карборунд тастары, борлар, вулканитті дисктер, әрлеуге арналған резеңке дисктер, жылтырату дисктері, диск ұстағыштар, жұмсақ және қатты щеткалар, лоток.

Стоматологиялық материалдар: каркас, Гой пастасы, № 1 Полисет әрлеуші пастасы

Мультимедиялық қондырғылар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

І. Өңдеу

1. протезді суда қайнатып, өңдеуге кіріседі

2. Дискұстағышқа бекітілген тастармен өңдеуді бастайды

  • Алдыменен дәнекерленген жерлерді өңдейді

  • Содан кейін құйылған тістердегі кедір – бұдырларды тегістеп, денесінің енін нақтылайды

3.Дене жағынан сауыттың жиектерін припойдан тазартады:

  • Вестибулярлы және окклюзиялық бетінен біріктірілген сызықтан 0,5 мм припой қалдырады

  • Оральды бетінен 1,0 мм – ден, өңдеуді вулканикалық дисктер, борлармен жүргізеді

ІІ. Әрлеу

  1. Алдыменен резеңке эластикалық дөңгелекті қолданады, алдыменен протез денесін, содан кейін сауытын әрлейді

  2. Егер көпір тәрізді протезде сұр қақ қалмаса, жылтыратуға кіріседі

ІІІ. Жылтырату

  1. Дөңгелек тәрізді фильцпен, шашты щеткамен Гой пастасын қолдана отырып, жылтыратады

  2. Протезге айнадай жылтырды жіпті щетканың көмегімен жасайды

  3. Протезді бензинмен, спиртпен шайып, кептіреді

  4. Құжаттарын рәсімдейді, жұмысты үшінші клиникалық кезеңге – жасанды сауыт көмегімен протезді ауыз қуысына бекітуге жібереді.




  1. Стандарт: Протезді тапсыру. Цементке отырғызу.

Мақсаты: протезді припасовкалау мен цементке отырғызу әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: стоматологиялық қондырғы, спиртовка

Стоматологиялық құралдар: стоматологиялық айна, пинцет, зонд, шпатель, қатты қоспалы фрезалар жиынтығы, борлар, шыны

Стоматологиялық материалдар: көшірме қағаз, балауызды пластина, каркас, модельдер, цемент

Мультимедиялық қондырғылар:

Оқу құралдары: жақ фантомдары, стендтер, мультимедиялық презентациялар мен оқу видеофильмдері

Әрекет ету алгоритмі:

І. Протезді тапсыру

  1. Дәнекерленген протез каркасын технологиялық бағалау

  • Тексеру қажет: дәнекерлеу сапасын, өңдеу сапасын, дәнекерленген көпір тәрізді протез ағаруын;

  • Дәнекерленген көпір тәрізді протездің аралық бөлігінде тексеру:

  1. Жасанды тістердің окклюзиялық бөлігінің пішіндеуін

  2. Окклюзиялық беттің тіл бетіне өтуін (биіктігі бойынша 2 мм кем емес, дөңес, тегіс болуы тиіс)

2.Медикаментозды өңдеу

  • Дәнекерленген көпір тәрізді протездің барлық беттерін сутегінің асқан тотығымен, спиртпен өңдеу

3.Каркасты клиникалық бағалау

1. дәнекерленген көпір тәрізді протездің каркасы тірек тістерге оңай киілуі тиіс

2. әрбір тірек сауыты тістің анатомиялық пішініне сәйкес болуы тиіс, тіс мойнын тығыз қаптап, көрші тістермен жанасуы тиіс.

3. сауыт жиектері 0,1-0,3 мм қызыл иекке кіріп тұруы тиіс.

4. сауыт фиссуралы – төмпешікті жанасуы антогонисттермен болуы тиіс, жақ қозғалысы кезінде окклюзиялық өзара қатынасқа кедергі жасамауы тиіс.

5. көпір тәрізді протездің аралық бөлігі келес талаптарға сай болуы тиіс:

  • Клюзиялық беттердің нақтылығы

  • Орталық окклюзияда антогонист тістермен фиссуралы – төмпешікті жанасу, төменгі жақтың барлық қимылдарында жеке тістердің окклюзиялық жанасудағы концентрациясының болмауы

  • Тіс қатарының алдыңғы және шеткі бөліктерінде аралық бөліктің жанама түрінде альвеолярлы өсіндісінің шырышты қабатының шамалы жабылуы - шайылмалы түрі

  • Мойыны қызыл иек емізікшелерін жарақаттамауы тиіс

  • Окклюзиялық беттің тіл бетіне өту орнында биіктігі бойынша 2 мм кем емес, тегіс, дөңестелген, тілдің шырышты қабатын жарақаттамауы тиіс.


ІІ. Цементке отырғызу

Егер науқас шағым айтпаса және цементке отырғызуға келісім берсе, онда протезді тапсыру мен тірек тістерге көпір тәрізді протезді бекіту жасалады.

  1. Протезді медикаментозды өңдеу

  2. Тісті медикаментозды өңдеу

  3. Тісті сілекейден оқшаулау

  4. Цементті араластырып, тірек сауыттарын толтыру

  5. Тістесуді бақылай отырып, тірек тістерге протезді бекіту

  6. Протезді цемент қалдықтарынан тазарту

  7. Пациентке кеңес беру



  1. Стандарт: Аралас аралық бөлігі бар штампталған дәнекерленген көпір тәрізді протездің клинико – зертханалық кезеңдері

Мақсаты: Аралас аралық бөлігі бар штампталған дәнекерленген көпір тәрізді протездің клинико – зертханалық кезеңдерін меңгеру

Ресурстары:

Мультимедиялық қондырғылар:

Оқу құралдары: жақ муляждары, модельдер, стендтер, мультимедиялық проектор мен оқу видеофильмдері.

Әрекет ету алгоритмі:

Аралас аралық бөлігі бар штампталған дәнекерленген көпір тәрізді протездің клинико – зертханалық кезеңдерін меңгеру

Клиникалық сатылары

Зертханалық кезеңдері

І. Клиникалық

І. Клиникалық

1. қарау

2. диагноз қою

3. конструкция таңдау

4. тісті егеу

5. екі жақтан екі қабатты көшірме алу

6. түсін анықтау

7. құжаттарды толтыру


І. Зертханалық

1. көшірмені бағалау

2. модель құю

3. тірек сауыттарды жасау (штампталған сауыт)

ІІ. Клиникалық

  1. пластмассалы сауытты припасовкалау (қажеттілігі болса қайтадан жасау)

  2. тірек сауыттармен көшірме үлгі алу




ІІ. Зертханалық

  1. Көшірмені бағалау

  2. Көшірмені жапсыру

  3. Модель құю

  4. Модельді окклюдаторға ғаныштау

  5. Көпір тектес протездің аралас аралық бөлімін пішіндеу

  6. Құйма құю

  7. Дәнекерлеу

  8. Ағарту

  9. Әрлеу және жылтырату

ІІІ. Клиникалық

  1. Көпір тәрізді протездің каркасын припасовкалау

  2. Пластмасса түсін таңдау

ІІІ. Зертханалық

  1. Балауыздан фасетканың вестибулярлы бөлігін пішіндеу

  2. Кюветаға ғаныштау

  3. Балауызды балқыту

  4. Балауызды пластмассаға алмастыру

  5. Әрлеу, жылтырату

IV. Клиникалық

  1. Протезді тапсыру

  2. Цементке отырғызу





Ескерту:

  • І зертханалық сатысы штампталған сауытты жасаудың № 2-11 стандарттарына сәйкес келеді. Тірек сауыттарды дайындау ерекшелігі - олардың шеткі қабырғалары тең болуы тиіс (эксаторы пішінделмейді)

  • ІІ клиникалық сатысы – тірек сауыттарды припасовкалау - штампталған сауыттарды дайындаудың № 14 , № 43-44 стандарттарына сәйкес келеді

  • ІІ зертханалық кезеңі аралық бөлігі тұтас құйылған көпір тәрізді протезді дайындаудың № 45-46, № 48-51 стандарттарына қара.

  • ІІІ зертханалық кезеңі кюветаға ғаныштау – балауызды балқыту, балауызды пластмассаға алмастыру, әрлеу мен жылтырату аралас түрін дайындау стандарттарынан ерекшеленеді.



  1. Стандарт: Көпір тәрізді протездің аралас аралық бөлігін пішіндеу

Мақсаты: көпір тәрізді протездің аралас аралық бөлігін пішіндеуді меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: бормашина, спиртовка

Стоматологиялық құралдар: пинцет, тіс техникалық және электрошпатель, скальпель

Стоматологиялық материалдар: пішіндеуші балауыз, балауызды металлды ілмектер, модельдер

Мультимедиялық қондырғылар:

Оқу құралдары: жақ муляждары, модельдер, стендтер, мультимедиялық проектор мен оқу видеофильмдері.

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Алдыменен тұтас құйылған түріндегідей аралық бөлімді пішіндеуге кіріседі. 1 – ден бастап 11 пунктке дейін көпір тәрізді протездің тұтас құйылған аралық бөлімі стандарттарын қара.

  2. Вестибулярлы немесе вестибулярлы – шайнау бетінен фасеткаға орын дайындау үшін балауызды кесіп алады

  • Металлды қорғаныс берік болуы есебімен балауызды алып тастайды

  • Кесу қырлары металлмен қорғалуы тиіс, сондықтан кесу қырларында балауызды сақтап қояды.

  1. Содан кейін бекіту үшін балауызды немесе металлды ілмекті бекіту қажет

  • Ілмегі кең болмағаны маңызды, алдына жеткілікті пластмасса қабатын орналастыруға мүмкіндік беруі тиіс

  • Егер ілмегі тістің вестибулярлы бетіне жақын орналасса, онда ол пластмассадан көрініп, түсін бұрмалайды

  1. Пішіндеуді балауызды репродукцияның сыртқы беті мен аралық бөлігін горелка отына ұстау арқылы жеңіл балқыту арқылы барлық бөліктерін тегіістеумен аяқтап, металлдан құю үшін құйма зертханасына береді.

  1. Стандарт: Көпір тәрізді протездің каркасын припасовкалау. Пластмасса түсін таңдау.


Мақсаты: Көпір тәрізді протездің каркасын припасовкалау, пластмасса түсін таңдау әдістерін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: бормашина, спиртовка

Стоматологиялық құралдар: зонд, стоматологиялық айна, пинцет, шпатель, скальпель, стандартты түстер.

Мультимедиялық қондырғылар:

Оқу құралдары: жақ муляждары, модельдер, стендтер, мультимедиялық проектор мен оқу видеофильмдері.

Әрекет ету алгоритмі:

  1. Дәнекерленген протездің каркасын технологиялық бағалау

  • Тексеру қажет: дәнекерлеу , өңдеу, дәнекерленген көпір тәрізді протезді ағарту сапасын

  1. Протез каркасын медикаментозды өңдеу

  2. Каркасты клиникалық бағалу

  3. Пластмасса түсін таңдау

  • Пластмасса түсін таңдауда дәрігер протез фасеткасының қажетті түсін алады, ол үшін әртүрлі түстер тубасы жиынтығынан тұратын стандартты түстерді қолданады

  • Науқастың келісімінен кейін, амбулаториялық карточкаға және түсінің нөмірі тіс техникалық нарядқа тіркеледі.



  1. Стандарт: Аралас аралық бөлігі бар штампталған – дәнекерленген көпір тәрізді протез фасеткасының вестибулярлы бөлігін балауыздан пішіндеу

Мақсаты: аралас аралық бөлігі бар штампталған – дәнекерленген көпір тәрізді протез фасеткасының вестибулярлы бөлігін балауыздан пішіндеу әдісін меңгеру

Ресурстары:

Техникалық жабдықталуы:

Стоматологиялық қондырғылар: бормашина, спиртовка

Стоматологиялық құралдар: пинцет, тіс техникалық және электрошпатель, скальпель

Стоматологиялық материалдар: пішіндеуші балауыз, балауызды металл ілмектер, модельдер

Мультимедиялық қондырғылар:

Оқу құралдары: жақ муляждары, модельдер, стендтер, мультимедиялық проектор мен оқу видеофильмдері.

Әрекет ету алгоритмі:

І. Дайындау сатысы

1. дәнекерленген көпір тәрізді протездің аралық бөлігін мұқият өңдеу + су, сабын

2. көпір тәрізді протез каркасын ауа ағымымен кептіру

3. көмкеру лагын жағады (ЭДА) немесе әрбір металлды фасеткаға коналор сияқты препарат жағады жиектеріне 0,1-0,2 мм жеткізбейді

4. қорғаныс қабатын кептіреді

5. көпір тәрізді протездің дайындалған каркасын ғанышты модельге орнатып, көпір тәрізді протез каркасын балауызбен вестибулярлы және оральды бетінен бекітеді.

6. балауыз бен ғаныштың бір – біріне жабысып қалуының алдын алу үшін модельді суға 5-10 минутқа салады.