Файл: Жа бет протездерін дайындау техникасы пні бойынша стандарт.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 15.03.2024
Просмотров: 185
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Ерінді соруды жою үшін, вестибулярлы пластмассалы пластинканы дайындау
4 жастан бастап, ортодонт вестибулярлы доға тағайындауы мүмкін, оны қолдану қалыптасып келе жатқан аномалиялардың алдын алуға мүмкіндік береді. Одан жас мөлшері жоғары балаларға вестибулярлы орналасқан доғасы немесе пелоты бар алынбалы пластинканы дайындайды.
Вестибулярлы пластинканы (жеке) алдынғы тістердің вестибулярлы бетіне тығыз орналасатын етіп, дайындайды, ал шеткі бөліктері альвеолярлы өсіндіден 1,5-2,5 мм жетпей, апикальды базистің өсуін стимулдау үшін тұрады.
Жағымсыз әдеті ұзақ уақыт әсер ететін балаларға пластинканың ортасында, ауа өту үшін диаметрі 7 мм дейін тесік жасалады. Аппаратқа үйрене бастағанна кейін тесікті кішірейтіп, кейін мүлдем жауып тастайды.
-
Жоғарғы жақтың алынбалы пластинкасынан кететін жазықтықты балауыздан пішіндей білу.
Ескерту:
-
Тырнақты, карандашты, ручканы тістеу, саусақ сору нерв жүйесі тұрақты емес мектеп жасындағы балаларда кездеседі. Мектеп жасына дейін сақталған жағымсыз әдеттер жалпы психоневрологиялық бұзылыстардың салдары деп саналады және маманның бақылауын қажет етеді. -
Жағымсыз әдеттермен күресу кезінде психотерапия жақсы нәтиже береді. Психотерапияның ең тиімді әдісі гипнотикалық ұйқы жағдайында науқасты сендіру. -
Вестибулярлы доға баланың үйреншікті қолданатын емізігін немесе соскасын алмастыру алады. -
Дәрігер – ортодонт таңдап берген вестибулярлы доғаны қолдану тілді дұрыс орналастыруға, тыныс алу, сөйлеу, шайнау, тістеу қызметтерін қалпына келтіруге және тістер мен тістесуді түзулеуге көмектеседі. Әдетте бұндай пластинканы түнде немесе күндіз бірнеше сағат киеді.
8.Стандарт: Алынбалы механикалық аппараттарды дайындау мен қолдану.
Мақсаты: Алынбалы механикалық аппараттарды дайындау техникасын игеру
Ресурстары: кітаптар, кестелер, лекциялар, мұрын пластинкасы, пластмасса, ортодонтиялық сым, винттер, крампон, кламмер, газды горелка.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Вестибулярлы доғасы мен кеңейтетін винті бар алынбалы пластинаны жасай білу
Ортодонтиялық винт – көптеген аппараттардың құрамдас бөлігі болатын, механикалық әсер ететін элементтер. Тістердің орнын ауыстыру үшін қысым винтті кеңейткенде немесе тарылтқан кезде болады. Винттің шпиндельін тот баспайтын болаттан, корпусын – болаттан жасайды кей кезде хромдайды. Винтті орналастырған кезде оны бекіту үшін пластмассалық немесе металлды ұстағыш қолданылады. Ұстағыштың соңын ғанышты үлгіде ертерек дайындаған пазға орналастырады. Винттің аппарат базисінің ортасында орналасуын қатаң қадағалайды. Егер винттің арнайы ұстағышы болмаса, онда оны жақ үлгісіне сымды штифттің көмегімен бекітеді. Шпиндельдің барабанын пластмасса түспеу үшін ғанышпен оқшаулайды. Суық полимеризация әдісін қолдану кезінде қысыммен оны балқытылған балауызбен көмкеруі мүмкін. Бұрандасы ашылатын винттің бағыты ұстағыштың бағытымен көрсетіледі, оның ілмегінің бағытын винттің корпусына көрсетіп қояды.
Винті бар алынбалы кеңейтетін аппараттарды домалақ немесе айқаспа кламмерлер көмегімен, Шварц, Адамс кламерлерімен бекітеді. Аппараттарды винтті бұрау немесе серіппені созу арқылы белсендіреді. Әртүрлі авторлар ұсынған бұндай пластинкалардың модификациялары белгілі:
-
Калвелис пластинкасы Коффин серіппесі бар жоғарғы жаққа арналған -
Жеке тістерді вестибулярлы ығыстыру үшін пртекциялық серіппесі мен кеңейтетін винтті бар пластинка -
Сагитальды кескіні бар Шварц пластинкасы кеңейтетін винті мен садақ тәрізді кламмері бар. -
Винтті кеңейткен кезде пластинканың екі бөлігі бірдей кеңейеді, тіске жанаса орналасқан шеткі бөліктері тістерге қысым жасап, тіс қатарының кеңеюіне ықпал етеді.
-
Хургина аппаратын дайындау техникасын игеру
Хургина аппараты бұл Катц аппаратының модификацияланған түрі, қақ ортасынан кесілген және екі жағынан бір – бірімен бекітетін жылжымалы винті бар. ол тіс қатарының тарылған шеткі бөліктерін кеңейтумен қатар прогнатияны емдеу үшін қолданылады.
-
Кламмері бар таңдай базисін дайындау.
-
Балауызды базис дайындау үшін балауыз пластинкасын алып, үлгі шекарасы бойымен шпательдің көмегімен кеседі, балауызды жұмсартып, үлгінің үстіне қояды. -
Балауыз жабыпас үшін үлгіні алдын ала суландырып қойған абзал. Балауыз жылы болған кезде балауызды үлгіге саусақпен жапсыра отырып, базисті қалыптастырады. -
Жоғарғы жақ базисін қалыптастыру үшін алдын ала таңдай доғасына бастап, альвелярлы өсіндіге қарай, содан кейін вестибулярлы бетке қарай өте отырып, базисті пішіндейді. -
Иілген кламмерлерді серіппелі қатты сымнан иіп, балауызды базиске балқытылған балауыздың көмегімен жапсырады. -
Кеңейтетін винт орналастыру, балауызды пластмассаға алмастыру, өңдеу, протезді жылтырату.
Ескерту: балауызды пластина жасалады – бұрын окклюзиялық валикті бекіту үшін қолданатын базистер жасайды. Дайындау техникасы жоғарыда аталғандай, айырмашылығы – тістерді бекітуге арналған базис жұқарақ болады.
9.Стандарт: Тістердің лабильді ығысуы кезінде қолданылатын алынбайтын механикалық аппараттар.
Мақсаты: алынбайтын механикалық аппараттарды дайындау техникасын игеру.
Ресурстары: кітаптар, кестелер, лекциялар, ортодонтиялық доға, серіппе, стандартты штампталған сауыт, сақиналар
Әрекет ету алгоритмі:
Механикалық әсер ететін алынбайтын аппараттар. Бұл аппараттар тістерді әртүрлі бағыттарға ығыстыру үшін, тіс қатарларын кеңейту, жоғарғы жақты кеңейту мен төменгіні орнын ауыстыру үшін қолданылады. Аппаратты тіске бекіту үшін сауыттар, сақиналар мен арнайы құлыпты құрылғылар қолданады, оларды композитті материалдар көмегімен бекітеді.
-
Сақина немесе сауыт дайындау (Стандарт 5 қара) -
Ортодонтиялық сауытқа түтікті дәнекерлеу
Қазіргі кеге дейін дәнекерлеу әдісі ортодонтиялық аппараттардың металлды элементтерін бір – біріне жалғаудың негізгі әдісі болып саналады.
-
Стандартты доға мен серіппені ию.
Ортодонтиялық серіппелер жеке тістер немесе топ тістердің үшш өзара перпендикулярлы бағытта орын ауыстыру үшін қолданылады.
-
Оларды диаметрі 0,2-1,2 мм ортодонтиялық сымнан жасайды, серіппенің әсер етуші бөлігіне бір немесе бірнеше жартылай домалақ иінділер жатады. Олар домалақ, ілмек тәрізді және спираль тәрізді болуы мүмкін. Серіппенің әсер ету күші металлдың қасиетіне, сымның диаметрі, серіппе ұзындығы, иінділер саны, олардың еніне байланысты болады. -
Домалақ серіпенің қаттылығы мен күші басымырақ болады. Сымның диаметрін ұлғайтқан сайын, серіппенің күші артады. Әсер ету күшінің төмендеуі, оның серіппелігін жоғалтудан болады, бұл серіппе конструкциясы мен оны белсендіру деңгейіне байланысты болады. -
Конструкциялау кезінде иілген сымның қалпына келуіне тырысатындығын ескеру қажет. Сым қалпына келу нәтижесінде күштің векторы сағат тілімен немесе оған қарама – қарсы бағытталады, яғни, оның айналма қимылы жүзеге асырылады. Тістердің өз осьімен керек емес жақа ығысып кетпеуі үшін бұл бағытты ескеру қажет. -
Ілмектерді стандартты доғаға дәнекерлеу -
Аппаратты ағартып, өңдеу.
Ескерту:
-
Доғалар алынбайтын аппараттың әсер етуші немесе бекітуші элементтеріне жатады. Оларды әртүрлі пішінді ортодонтиялық доғадан иеді. Оның таңдауы аппарат конструкциясына байланысты болады. Ортодонтиялық доғаларды тегіс немесе ілмек тәрізді иеді, оларға серіппелер, ілмектер, иін тіректер, тілге арналған қысым беруші құралдар мен басқа да құрылымдар дәнекерленуі мүмкін. -
Дәнекерлеу әдісінің кемшіліктерін электродәнекерлеу әдісімен жоюға болады.
10.Стандарт: Жетілдірілген доға тәрізді аппараттар Лайтваер техникасы (Бегга аппараты). Джонсон аппараты. Риккетстің биопрогрессивті техникасы.
Ресурстары: кітаптар, кестелер, лекциялар.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Заманауи доғалы аппараттарды дайындау кезеңін игеру.
Өткен жүзжылдықтың 30 жылдары Джонсон әрбірінің диаметрі 0,37 мм екеулік доға техникасы деп аталатын, алынбайтын ортодонтиялық аппарат конструкциясын жасап, тәжірибеге енгізді. Олар брекетте бір – бірінің үстінде овал пішінді болып орналасады. Құлыпты құрылғылар немесе брекеттер бұл конструкцияда екі бөлік түрінде ұсынылған:
А) доғалары үшін түтіктері бар жапырақты тот баспайтын болаттан жасалған, штамповкалау әдісімен жасалған негіз;
Б) негізі мен қақпағы жылжытуы кезінде олардың брекетте бекітілуі болады.
Тіс қатарының шеткі бөліктерінде екеулік доғалар түтікке енгізіледі, соңдары арнайы аппарат көмегімен гофрирленеді, пресстеуден кейін қысқыштардың көмегімен стопорлар иіледі. Бұндай техниканы қолдана отырып, Джонсон Энгль аппаратының кемшіліктерін жойып, артықшылықтарын қолдануға тырысты, бірақ бұл компромисс конструктивті болғандықтан берілген мәселені соңына дейін шеше алмады.
-
Бегг жеңіл доғасын жасау техникасын игеру.
Алынбайтын доғалы техниканың дамуы екі бағытта кетті. Бегг домалақ доғаны қолдануға қайта оралуды ұсынды, оны жеңіл етіп, тіс жақ аномалияларының әртүрін емдеуге арналған жеңіл доғалар жүйесі деп атады.
Джонсонның екеулік доғасымен биопрогрессивті Риккетс техникасын игеру.
Бағдарланған брекеттер мен түтіктердің түрлері өте көп. Олардың кейбіреулері жартылай бағдарланған, мысалы, Риккетс. Бағдарлау төрт құрамдас бөліктен тұрады, әрқайсысы белгілі көрсеткішке ие:
Ескерту:
Бұл жүйенің аппараттарымен тістерді корпусты алмастыру екі кезеңмен болады: алдыменен сауыттың еңкею – айналу қимылы, содан кейін түбірдің еңкеюі болады.
-
Стандарт: Эджуайз техникасы (брекет жүйесі) туралы түсінік. Брекеттерді қолданудың көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері.
Мақсаты: Эджуайз – техника конструкциясын дайындау техникасын игеру
Ресурстары: кітаптар, кестелер, лекциялар, құлыпты құрылғылар, эластикалық сақиналар.
Әрекет ету алгоритмі:
-
Эджуайз техникасы туралы түсінік (брекет - жүйесі)
Принципиальды схема мен брекет жүйесінің құрамдас элементтері келесідей болуы мүмкін. Негізгі және маңызды бөліктерінің бірі, тістердің орналасуына ықпал ететін сымды доға. Ортодонтиялық сымды доғаның маңызды қызметінің бірі тістерді үш өзара перпендикулярлы бағытта орын алмастыруын қамтамасыз ететін, әртүрлі бағыттағы күш алу. Негізінде
сымды доға ортодонтиялық аппараттың құрамдас бөлігі, ал брекеттер әрбір тіске оның күштік әсерін беруші қызмет атқарады. Сымды доғасыз оларды эластикалық тартпаға арналған ілмектер есебінде ғана қолдануға болады.
-
Брекетті қолдануға көрсеткіштерді анықтау.
Брекеттерді қолдануға көрсеткіштерге тіс қатары тістесуінің аномалиясы жатады. Ерте жаста және ересектердегі тістесу ақаулары әртүрлі ортодонтиялық конструкциялар көмегімен жойылуы мүмкін: каппа, тістік пластиналар, винирлер. Бірақ одан да күрделі жағдайларда алынбайтын ортодонтиялық аппараттар – брекеттерді қолдану қажет болады. Науқастың жас мөлшері де тістесудің түзетілуіне ықпал етуі мүмкін. Тіс – жақ жүйесі қалыптаспаған науқастарда брекеттермен емдеуге сирек жүгінеді. Брекеттермен емдеудің жоғарғы шекарасы жоқ яғни, ересек адамдарда брекеттермен емдеуге шектеу жоқ.
-
Брекеттерді тістерге жапсыру. Ортодонтиялық доғаны лигатураның көмегімен бекіту. Эластикалық тартпа қолдану. Ретейнерлер қолдану.
Брекет жүйесінде белгілі қасиеттерге ие, әртүрлі қоспалардан сымды металлды доғаларды қолданады. Заманауи брекет – жүйесі брекеттерден, 6 және 7 тіске арналған құлыптар немесе құлыптары бар сақиналар, ортодонтиялық доға, эластикалық тартпадағы эластикалық және металлды доғалардан тұрады.
Брекет – арнайы композитті материалдың көмегімен тістің бетіне жапсырылатын алынбайтын элемент. Олар металлды, пластиналы, керамикалық, сапфирден немесе алтыннан жасалады.
Әрбір тіс үшін брекет жеке таңдалады. Оның қызметі – ортодонтиялық доғадан күшті тіске бағыттау мен тістің үш жазықтықтағы нақты ориентациясы.
А) Брекеттің конструкциясында негізі, паз және қанаттары бар. Брекеттің негізі композициялық материал көмегімен тіс бетіне бекітіледі. Бекітуші материал фтор бөліп шығару қабілеттілігіне ие, бұл і брекеттің айналасындағы эмальдың деминерализациясынан сақтайды.