Файл: 20 балл Терапиялы стоматология блмесіндегі жмыс орнын йымдастыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 120

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Комбинирленген емдік төсеніштін негізгі цинк оксиді немесе жасанды дентиннің үнтағынан кең шеңберлі антибактериалды заттар, анестетик, протеолитикалык ферменттерден тұрады. Пастаны кальций тұзынын ертіндісінде араластырады (мысалы, CaCl 10% ерітіндісі). Комбинирленген емдік төсеніш антибактериалды, кабынуға карсы, пластикостимулдаушы касиеттерге ие. Емдік төсенішті ашылмаған ұлпа куысына салу, ұлпаны тікелей емес жабу деп атайды. Байкаусызда ашылған ұлпаға салынған жағдайда ұлпаны тікелей жабуда.

24. Фиссуралық герметиктерді қолдану техникасы.

25 . Цементтерді дайындау және пломбылау әдістері, қолданатын құрал- саймандар.

Стоматологиялық цементтер. Олар үлкен топ құрайды және бірнеше түрге бөлінеді: цинк-фосфатты немесе фосфатты цементтер, силикатты цементтер, силикат-фосфатты, поликарбоксилатты және иономерлі (шыны-иономерлі) цементтер.

Фосфатты цементтер.Ұнтақ және сұйық түрінде шығарылады. Ұнтағының 75-90% мырыш тотығынан және басқа металдар тотықтарынан (MgO – 5-13%, SiO2 – 0,05%, Al2O3 – 0,05-2,5%) тұрады және аз мөлшерде кальций фториді және кальций тотығы, басқа да бояғыш заттар бар. Сұйықтығы – мырыш тотығының, алюминий су тотығының, кейде магний тотығының көмегімен жартылай бейтараптандырылған ортофосфор қышқылының судаға ерітіндісі. Ұнтақ пен сұйықтықты араластырған кезде фосфор қышқылының барлық көлемі мырш тотығымен химиялық реакцияға түсіп, цинк фосфаты құрылады. Пломбылық материалдың құрамында артық қышқыл қалмайды. Тіс тіндеріне зиянды әсерінің болмауына байланысты фосфатты-цементті көбінесе аралық төсем ретінде пайдаланады. Фосфатты-цемент бірнеше атпен Ресейде шығарылады: фосфатты-цемент, ортопедиялық конструкцияларды бекітуге арналған фосфатты-цемент, висфаттты-цемент, унифас (универсальный фосфатный-цемент), бактерицидті цемент (диоксивисфат, фосцин, құрамында күміс бар фосфатты-цемент).

Қазіргі кезде біздің елде де Raucem деген атпен фосфатты-цемент шығарыла бастады (Шымкент фосфор зауытында). Фосфатты-цементтің алыс шетелдік өкілдері де бар. Олар: адгезор, аргил, фосфакап, поскал, тенет және т.б.

Фосфатты-цементтер аралық төсем үшін, сүт тістерін пломбылауға, түбір өзектерін бітеу және ортопедиялық конструкцияларды бекіту үшін қолданылады.



1-сурет. Силицин плюс.
С иликатты - цемент. Бұл топтағы цементтердің ұнтағының құрамында 47% дейін кремний тотығы, 35% дейін алюминий тотығы, 15% фторлы натрий, 3-15% кальций тотығы, 0,2-1,5% магний тотығы кіреді. Сұйықтығы – мырш тотығы және алюминий су тотықтарымен жартылай бейтараптандырылған орта-мета-пирофосфор қышқылдарының судағы ерітіндісі.Силикатты-цементтің өкілдері: силицин, силицин плюс (10-cурет), силицин-2, фритекс, силикап, модент, био-трей, парцилап. Құрамында кремний тотығының басым болуына байланысты силикатты-цемент тіс кіреукесіне түсі жағынан жақындау. Сондықтан басқа пломбылық материалдар болмаған жағдайда (ауылды жерлерде немесе қаражат жетіспеушілігі кезінде) оны III, IV, және V кластық тісжегі қуыстарын пломбылау үшін қолданады. Ұлпаға зиянды әсері болғандықтан пломбының астына міндетті түрде аралық төсем салынады.

Силикат-фосфатты цементтер. Бұл цементтер силикатты және фосфатты цементтердің ұнтақтарын араластыру арқылы алынады. Аралас қоспаның 80% силикатты цементтің, 20% фосфатты цементтің ұнтағынан тұрады, кейбір түрлерінің құрамында 60% силикатты цементтің, 40% фосфатты цементтің ұнтақтары бар (инфантид) . Сұйықтығы – фосфор қышқылдарының (орта-мета және пирофосфор қышқылдарының) қоспасының судағы ерітіндісі (жартылай бейталаптандырылған). Силикатфосфаттты цементтердің қолдану аялары тар. Соңғы кезде шығарылып жатқан композиттік материалдар бола бермейтін ауылды жерлерде, қаражат тапшылығын көп тартатын адамдардың бұзылған тістеріндегі I, II және III кластық тісжегі қуыстарын (ерін жақ беттерінде кіреуке сақталған жағдайда) және жасанды сауыттармен жабылатын тістердегі тісжегі қуыстарын пломбылау үшін қолданады. Бұл цементтердің өкілдері: силидонт, силидонт-2, люмикон, лактодонт, аристос, теллурий, де-трей және инфантид (сүт тістері үшін).

Полимерлі цементтер.

Полимерлі цементтер (полимерные цементы) – бұзылған тісті қалпына келтіретін жаңа пломбылық материалдар тобына жатады. Олардың минералды цементтерден айырмашылығы – араластыратын сұйықтығы ретінде тістің қатты тіндерімен химиялық байланысқа түсетін полиакрил немесе полималеин қышқылдары пайдаланылады.

Поликарбоксилатты цементтер.




2-сурет. Поликарбоксилатты цемент Белокор.
П оликарбоксилатты цементтер (ПКЦ) өткен ғасырдың 60-шы жылдарында шығарыла бастады. Ұнтағы – магний тотығы қосылған мырыш тотығы ( фосфатты-цементке ұқсас). Ал сұйықтығы – полиакрил қышқылының 37% судағы ерітіндісі. Физикалық-механикалық қасиеті жағынан цинкфосфатты-цементтерге ұқсас, тіс тіндеріне жақсы жабысады, сұйықтықта аз ериді, биологиялық сиымдылығы жоғары, тіс тіндерімен химиялық байланысқа түсе алады, ұлпаға зиянды әсері жоқ. Көп қолданылатын өкілі-Белокор (11-сурет).

Қолданар алдында ұнтақ пен сұйықты шыны бетінде бірден араластыруға кіріседі. Дұрыс араластырылған цемент қою және аздап созылғыш, беті жылтыр болады. Тісжегі қуысына бір бөлікпен ғана апарылып, қуыс қабырғасына жаймалана жабыстырылады. Араластыруға және қуысқа қою уақыты – 3 минөттен аспауы керек, жіпше созыла бастаған цементті пайдалануға болмайды. Қатая бастаған цементтің артық бөлігін аршығыштың көмегімен алып тастайды.

Поликарбоксилаттық цементтер аралық төсемнен басқа ортопедиялық және ортодонтиялық конструкцияларды бекіту үшін, сүт тістерін және жасанды сауыттармен жабылатын тістерді пломбылау үшін қолданылады.

Шетелдік өкілдері: « Carboxylate Cement » , « Durelon », « Harvard CC », « Carboco ».

Кейінгі кезде суға араластырылатын түрлері де шығарылуда. Мұндай цементтерде лиофилденген полиакрил қышқылы ұнтақтың құрамына кіреді. Цементті суға араластырған кезде қышқыл ериді де гель-матрица құра отырып, химиялық реакцияға қатынасады. Суға араластыратын цементтің өкілдері: “Poly-F-Plus”, “Aqualox”.

Шыныиономерлі цементтер (иономерлі цементтер).


3-сурет. Шыныиономерлі цемент Витромер
Ш ыныиономерлі цементтер (ШИЦ) алғаш өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап қолданыла бастады (3-cурет). Қазіргі кезде тұрақты реставрациялаушы материалдар шығару мақсатында олардың құрамдары жетілдіріліп, түрлендірілуде. Шыныиономерлі цементті 1971 жылы алғаш ойлап тапқан Wilson. Ұнтағы- құрамында әртүрлі қатынастағы кремний/алюминий және фтор бар ұсақталған алюмосиликатты шыны. Қолдану мақсатына байланысты сұйықтығы үшін бірде дистилденген су немесе полиакрил қышқылының 50% судағы ерітіндісі пайдаланылады. Иономерлі цементтер тіс дентиніне биологиялық жақындығына байланысты тіс тіндеріне зиянды әсер көрсетпейді және ұлпаны пломбылық материалдардың зиянды ықпалынан сақтайды.


Шыныиономерлі цемент тіс тіндерінің жақсы тазаланған және ылғалды табиғи бетіне жақсы жабысады. Цементтің дентинге жақсы жабысу қасиетін коллаген талшықты органикалық негізбен кальцийдің иондық бірігуінің (қосылысының) нәтижесі деп санауға болады. Пломбылық материалдың қатаю уақыты – 4 минөт, көлемінің кішірею мөлшері 0,1 % (көбіне араластыру сапасына байланысты). Иономерлі цементтердің құрамындағы фтор тіс тіндеріне толассыз бөлініп тұратындықтан, екіншілік тісжегінің даму мүмкіндігін азайтады.

Шыныиономерлі цементтер химиялық жолмен және сәулемен қатаятын болып екіге бөлінеді.

Шыныиономерлі цементтерді қолданатын кездер:

  • III және V кластық тісжегі қуыстарын, сынаға ұқсас ақауларды, кіреуке эрозияларын пломбылау;

  • барлық сүт тістеріндегі тісжегі қуыстарын пломбылау және табиғи жүлгелерді, сайларды жабу;

  • аралық төсем ретінде барлық пломбылық материалдарды қолданған кезде;

  • тістерді реставрациялаудың негізін қалау немесе ядросын құру;

  • штифтерді және ортопедиялық, ортодонтиялық конструкцияларды бекіту;

Қолдану аясына байланысты шыныиономерлі цементтерді үш топқа бөледі:

  • ортопедиялық конструкцияларды бекіту үшін (Fuji – 1, Aqua Meron, Aqua Cem қолданылады).

  • аралық төсем және І, ІІ кластық тісжегі қуыстарында реставрациялау негізін қалау үшін (пломбыға ядро құру), металл штифтпен бірге тіс тұқылын өсіру (Fuji – 2, Base Zrine). Бұл топтағы цементтер дистилденген суда араластырылатындықтан, ауыз сұйықтығында ериді, сондықтан тұрақты пломбы қоюға жарамайды.

  • тұрақты пломбылар мен аралық төсемдер үшін (Chemfil Superior, Jonofil, Chelon Fil).

Шыныиономерлі цементтермен жұмыс істеген кезде араластыру ережелерін дұрыс сақтаған жөн:

  • ұнтақты құтыдан шығарып алар кезде жақсылап араластыру қажет;

  • ұнтағы бар құтының ауызын дереу жабу керек (су сорып алмас үшін);

  • сұйық-ұнтақ қатынасын ешуақытта бұзбау керек.

26. Жарық пен қататын пломбалық материалдар жүйесі, құрамы, қолданылу орны.

Макротолықтырылған композиттер.

М акротолықтырлыған композиттер (макрофилдер) құрамына бөлшектерінің мөлшері 8-45мкм, ал кейде 100 мкм-ге дейінгі ірілендірілген кварц, шыны және керамикадан тұратын толықтырғыштар кіреді.Толықтырғыштың салмақ көлемі 60% құрайды (1-сурет).


Олардың жақсы қасиеттері: беріктік, қанағаттанарлық оптикалық қасиеттері, рентгенайқындылық.

Теріс қасиеттері: пломбыны тегістеудің қиындығы, тегістегеннен кейін де бетінің кедір-бұдырлығының сақталуы, бетіне тіс қақтарының оңай шөгуі, түсінің тұрақсыздығы.

Бұл кемшіліктердің барлығы толықтырғыш бөлшектерінің мөлшеріне байланысты. Бетінің тегіс болмауы органикалық матрицаның тез бұзылуына әкеп соғады. Олар матрицадан босап шығып, үгіліп түсе бастайды және кедір-бұдырлықты одан әрі жоғарылата түседі. Осының нәтижесінде пломба абразивтік бұзылысқа ұшырайды.

Макротолықтырылған композиттер қазіргі кезде аздап шығарыла бастады, дегенмен әлі де қолданылатын қолайлы көрсетілімдер бар:

  • І кластық тісжегі қуыстарын пломбылау үшін.

  • Азу тістердегі V кластық тісжегі қуыстарын пломбылау үшін.

  • Алдыңғы тістердің таңдай немесе тіл жақ беттеріндегі тісжегі қуыстарын пломбылау үшін.

  • Алдыңғы тістердің қатты бұзылған сауыттарын қалпына келтіріп, сыртынан микрофильді композиттермен әрлеу үшін (пломбының ядросы ретінде қолдану).

  • Кіші азу тістердегі ІІ кластық тісжегі қуыстарын пломбылау үшін.

  • Жасанды сауыт кигізілетін тістерді қалпына келтіру үшін.

Макротолықтырылған композиттердің өкілдері:

  • бөлшектерінің мөлшері 5 мкм-ден ірілеуі–Adaptic, Evikrol, Concise, Призмафил, Nimetic, Profile, Command, Simulate, Комподент,ФолакорС.

  • бөлшектерінің мөлшері 5 мкм-ден ұсақтауы – Marathon, Prisma-Fil.

Микротолықтырылған композиттер.


2-сурет. Микротолықтырылған композит BEAUTIFIL II
П ломбылық материалдарға қойылатын эстетикалық талаптар жоғары сапалы микротолықтырылған композиттердің шығарылуына мүмкіндік туғызды. Микротолықтырылған композиттердің толықтырғаштарының бөлшектерінің мөлшері 0,04-0,4 мкм, толықтырғыштың салмақ көлемі 45%, көбінесе кремний қосоксидінен тұрады және көптеген жақсы қасиеттерге ие (2-сурет):

  • беті жақсы тегістелінеді;

  • әрленген беті тұрақтылығын ұзақ сақтайды;

  • түсі өзгермейді;

  • эстетикалық сұранысты толық қанағаттандыра алады;

  • абразивтік бұзылысқа аз ұшырайды.

Сонымен қатар теріс қасиеттері де жоқ емес. Олар: механикалық беріктігінің төмендігі, температура әсерінен кеңеюі коэффициентінің жоғарылылығы. Бұл теріс қасиеттер толықтырғыштың салмақ қатынасының аздығына байланысты. Сондықтан да соңғы кезде шығарылып жатқан микротолықтырылған композиттердің құрамында толықтырғыштардың салмақ көлемі біраз қаныққанша (80% дейін) жоғарылатылуда.