Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 371
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
... Біздің жалғыз мақсатымыз орыс тілінде балаға сөз алдынан келетін қосымшаны дұрыс пайдалануды, затты нақты білдіруді үйрету...
...Біздің міндетіміз - өз ойын дұрыс жеткізу үшін септіктерді синтакистік ұғым ретінде меңгерту, септеу мағыналық жағынан, белгілі деңгейде баланың тілдік сезіміне айналуы тиіс...
Сонымен, біздің грамматика, баланың сөйлеу үдерісінің, оның табиғи-логикалық ойының құрылымына тәуелділігін дамыту болды. Біз грамматиканы логикамен, яғни тілдің табиғи фактылары туралы ғылымды логика ғылымымен белгілі теориялық пән ретінде араластырудан аулақпыз. Бірақта, біз баланың логикалық ойлау дағдысын, онда нақты сөз арқылы пайда болатын түсінікпен шендестіреміз. Ал бұл грамматиканы логикаға айналдыру емес, бірақта тілді логикаландыру. Баланы логиканы дұрыс анықтауға және дұрыс қорытынды жасауға үйреткен тәрізді, мұнда біз баланы атаулар мен нақты анықтамаларға үйретеміз. Басқа ештеңе емес: заттарды, оның сапалары мен әрекетін нақты атау; орыс тілінде сөз алдында келетін қосымшалар мен септеулерді, сол тәрізді етістікті, дұрыс қолдану. Тілді меңгерту кілті осы.
Бағдарламаның психологиялық негізі. Баланың өз сезімін көрсетуін, оны жіктеп, ерекшеліктерін таба білуін (алғашқы жылдары) және (алдағы жылдары) құбылыстар арасындағы байланыстарды бақылап, ажыратуға, оларға нақты анықтама беруге тәрбиелеу - өте маңызды міндет, оны негіздеудің қажеті жоқ. Ойланып, өз ойын қысқа және нақты айта білу – адам үшін ең маңызды қажеттілік екені белгілі. Күмән келтіру болса, бұл басқа мәселе - мұндай жаттығулар балалар түсінігіне жақын және қызықты болса түрткі тудырады. Біз бұл мәселені жағымды тұрғыдан шешеміз.
...Номенклатуралық жаттығу, жіктеуге жаттығу, құбылыстарды бақылау баланың табиғи қызығушылығына тән нәрселер.
Балалар психологиясының жағдайына қатысты міндеттер қанағат тандырыла ма? 10-13 жас аралығындағы бала өзінің назарын заттардың ара қатынасын түсінуге аударады. Міне сондықтан бала үнемі қарым-қатынас ұғымына кеңістік пен уақыт және өзі бақылайтын заттардың себеп-салдарына мұқият көңіл бөледі. Сонымен біздің белгілеген міндетіміз бала психологиясына сәйкес келді. Осы жас кезеңінде бала кеңістік пен уақыттың қатынасына қызығушылық білдіреді, соған біз де ықпал етіп, баланың қабылдауын, яғни апперцепиясын дамытамыз. Баланың құнды нәрсені жазуға табиғи бейімділігі бар екені белгілі, солай болғанымен де, баланың жазу қабілеті мәз емес, ойын өте қысқа жазады. Осындай қысқа түрде жазу бала грамматикасының жетіспеушілігін білдіреді: былайша айтсақ, сөзді меңгеру балаға қиындық туғызады. Мұның қиын болғаны, біз үшін қажет: осыған байланысты баланың назары өзара байланысты қатынастарға ауып, оны бөлшектеп талдай бастайды да, мұқият зерттейді. Бірақта сөзді меңгеру, шынайы қатынас туралы түсініктің болуы, - бұл сөз алдындағы қосымшаны, септеулерді қолдана білу, баланың тілдік сезімін арттырады. Мысалы, зиялы отбасындағы гимназистке қарағанда, шаруа баласының халықтық тілдің ерекшелігіне орай, етістік түрлерін қолдана білуі түсінікті жәйт...
Сонымен, біздің жаттығуларымыз балаға түсінікті және олардың табиғи қажеттілігіне лайық болғаны жөн.
Математикалық тәрбие. Біз бала қорытындысының қысқа және нақты болуын талап еттік. Қысқа және нақты ой - сөздің құндылығын білдіреді. Осы тұрғыдан қарасақ математиканың жөні бөлек. Сондықтан біз баланың көріп білгенін, математикалық формада бейнелей білуін тәрбиелеуіміз керек.
... Құбылыстарды бақылауды сандық қатынастармен анықтау біліктері мен әдеттерін халық мектебін бітіретін оқушылар меңгерулері тиіс. Бастауыш мектепте арифметика - бақылайтын заттарды нақты тану құралы; оның қызметі тілмен ұқсас – нақты тануға түрткі тудыру және тәжірибеден алынған нәтижені нақты бейнелу (математикалық міндеттер қол еңбегінен туындауы тиіс немесе баланың индуктивті зерттеуі және ол зерттеулер жазылуы керек). Басқа сөзбен айтсақ, математиканы оқыту мәселесін айтып отырғамыз жоқ, баланың ақылын математикалық тұрғыдан тәрбиелеуді ұсынамыз. Математика өмірді ақылмен тануды тәрбиелеу құралы болуы шарт.
Адамның қоғамдық-еңбек өмірі, жаңа мектептің негізгі пәні.
Бала танымын жаттықтыру үшін, оған нені ұсыну керек? Баланың таным әдістерін анықтағаннан кейін, біз оның танымдық пәнін сұрауымыз қажет.
...Баланың танымдық пәні – оны қоршаған шындық, біртұтас: баланың назары айналадағы табиғат пен қоғамдық ортаны біртұтас қабылдап, өзін соның ортасында сезінеді.
Баланың ой-өрісі тар, оны кеңейту үшін баланы дамыту қажет. Мектептің алғашқы жылдарында балаға мектеп, отбасы, көше, туған жері оқу пәні болса, қала, аймақ, отан – соңғы жылдардың оқу пәні.
Неліктен біздің педагогикалық идеалдарымыз жұтаң: мектептің идеалы – неге кәсіпқой жұмысшы мен «баварлық» азамат дайындауы тиіс? Неліктен мектеп капитал мен бюргерлік мемлекет мақсатының құралы болмақ? Неге мектепте адам тәрбиелеу мақсаты қойылмайды?
Адам адамға бауырмал сезімде болуы тиіс, бала назарын адамның өміріне аудару қажет. Адам өмірін бақылау - мектептің басты пәні болуы тиіс. Бала айналасындағы шындықты бақылау барысында, ең алдымен адам өмірінің маңызын түсініп, табиғат - адам өмір сүретін орта ретінде танылуы керек. Болашақ халық мектебі - гуманитарлық мектеп, толық мағынада адамшылық мектебі болуы шарт. Оның мақсаты – адам өміріне сезімтал, өз бауырларының өмірін түсініп, оның жақсылығын көргісі келуі тиіс. Бұл пән адамға адамның өмірі жайлы айтуы қажет. Бұл пәнді география деп атауға болады, өйткені әр жерде тұратын адамдардың өмірімен танысуды жүзеге асырады; отан тану деп бастауыш мектепте оқытсақ та болады, ал ең дұрыс атауы - адамтану болар еді.
Бала адам өмірін жәй сырттай бақылағанымен оның танымы толық болмайды. Ол адамдық өмірге белсенді араласқан жағдайда ғана, оның танымы артады. Психологтардың айтуынша, адам өмірін практикалық жағынан білу үшін олардың сүйіспешілігін оятып, олардың өміріне араласып, бауырмалдық білдіру маңызды болмақ...
Генетикалық әдіс бала санасын органикалық дамытудың бірегей тәсілі. Сонымен біз халық мектебінің әдістері мен пәнін анықтадық: әдісі – белсенді және қызықты логикалық ойлауды дамыту, пәні – адамның өмірі. Мұғалім қарапайым мұғалім емес, басшы және оқушының серігі: ол балалардың өзбетінше зерттеулерін басқарушы және балалармен бірге адам өміріне саяхат жасаушы.
Мұғалім басшылық жасағанда, оның идеал туралы түсінігі маңызды рөл атқарады. Өйткені ол мақсатты белгілеп, басшылық жасағанымен, оған балалар өз күштерімен жетеді. Белгіленген мақсат баланың шамасына сай болуы тиіс.
Бала үнемі даму үдерісінде болады, тәрбие баланы дамытады. Даму белгілі үдеріс, оның бастапқы мақсаты мен көздеген нәтижесі болады. Тәрбие мақсаты - баланың ойын дамыту, тәрбиенің бастау көзі – оның санасы, біздің санамызға қарағанда олардың санасы жабайылау. Біздің қателігіміз - тәрбие мақсатына мән беріп, оның бастауын ұмыттық. Баланы оқыту – оған біздің шындықты беру емес, оның өз шындығын біздің шындыққа жақындату, басқа сөзбен айтсақ, оларға өз ойымызға тән өмірімізді таңбай, оларды өзінің сезімдік әлемі арқылы ойландыру.
Менің бұл айтып отырғаным педагогикада – генетикалық әдіс деп аталады. Бала ғылымның шығу тарихын қайталағандай болады. Ол үнемі өзінің қабылдауын оймен тексереді, яғни ғылымның ашқан әлемін қайталайды немесе өзі ашады. Біздің сабақтарымыз – балалар ашқан жаңалықтардың қатары, осы ғана бідің шындықтың өміршеңдігін, бойдан өтетіндігін және баланың саналы сезінуін қамтамасыз етеді.
Генетикалық әдіс Ресейде онша белгілі емес, ал оның Америка мен Гарманияда өзінің қолдаушылары бар.
Әлеуметтік еңбек мектебі. Өмір сүру – шындықты тану және оны өзгерту. Мектептің міндеті - өмір сүруге үйрету. Таным мен еңбек әдістері – мектептің негізгі білім беру мазмұны. Баланың айналасындағы адамдық өмір мен табиғи ортаны тану әдістерін қалай меңгеретіні жөнінде және қарапайым санадан бастап, логикалық ғылыми ойлау санасын дамыту туралы айтқан едік. Енді баланың еңбек әдістерін қалай меңгеретініне тоқталайық.
Идеалды еңбек туралы көп айтылып, мектепте қол еңбегі жүргізіліп, шеберханалар ашылып, баладан қолөнер шеберін жасау қолға алынды. Еңбекке оқытуды баланы түрлі жұмысқа баулу деп түсінуде. Мұндай көзқарас еңбекті тәрбиесінің мақсатын шектейді. Адам – қоғамдық мән иесі; адамның әрекеті - қоғамдық әрекет, міне сондықтан баланы осындай әрекетке дайындауымыз керек. Біз қол еңбегінің орнына кең ауқымдағы түсінік: әлеуметтік еңбекті ендіреміз.
Іскер қоғамдық жұмысшыны қалай тәрбиелеуге болады? Оның бір жолы бар: баланы қоғамдық жұмысқа төселту. Қоғамның құрылысын бала мынадай ретпен біледі: ауылдағы немесе қаладағы мектеп, отбасы, көше (квартал), аймақ, отан. Баланың қоғамдық жұмысқа жаттығуы мектептен басталады.
Сонымен біздің бала – мұғалім басшылығымен мектеп өмірін ұйымдастырушы және отбасының көмекшісі болады; Онан кейін - кішкентай шаруа немесе жұмысшы, соңында кішкентай орыс тәрбиеленеді. Бұл айналым отантанумен сәйкеседі.
Отантану курсын мен азаматтық тәрбиемен байланыстырар едім. Бұл жағдайда күрделі сұрақ туады: мемлекет және мұғалім тарапынан баланы саяси ұйытудан қалай сақтануға болады? Менің білуімше Отантануды екіге бөлген абзал. Бірінші бөлім – мемлекет пен қоғамдық органдарды обьективті суреттеу: парламент, министрлік, сот, жергілікті немесе қалалық жиналыс, фабрика, банк, сауда мекемесі, әскерилер полкі, жұмысшылар одағы және т.б. Оқыту әдісі - драмалық қойылым, мекемені бейнелеу. Екінші бөлім - әлеуметтік мораль, халықаралық құқыққа жақын, бейтарап болуы тиіс. Тақырыптары: жеке өмірдің қоғамдық өмірмен байланысы, ынтымақтастық; өзара көмек; әділеттілік идеясы; өзін құрбан ету; мемлекет игілігі - жоғары игілік; қоғамдық жұмысқа қатысу, адамгершілік міндет. Әдісі - балаға жақын форманы қолданудан бастап, басқа ұйымдарға дейін қолдану. Мектеп өмірінде осыларды жүзеге асырудың мүмкіндіктері мол.
Бағдарламаны нақтылау. Сонымен біз бірізділікпен әдіс пен таным пәнін, оқытудың генетикалық принципін және қоғамдық жұмысшыны тәрбиелеуді қарастырдық. Енді осы айтылғандарды жинақтап, алғашқы оқу жылынан бастап, соңына дейінгі кезеңдегі сабақтардың бірнеше үлгілерін көрсеттік...
Мектептегі жүрек тәрбиесі. Біздің оқушы логикалық тұрғыдан ойлап, өз тұжырымын анық білдіреді; шындық оның қарапайым санасынан бастау алды; оның санасы адамдық өмірді қабылдауға көзі ашық; оның қоғамдық жұмысқа қабілеті бар. Біз оның ойы мен тілін, еңбек әдеттерін және адамдарға сүйіспеншілігін дамыттық. Мектептің осымен шектелгені ме? Жоқ, біз мектепте, поэзия мен сұлулықты көрмедік.