Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 369
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Халық ағарту комитетінде станцияны ұйымдастыру. 1919 жылдың мамыр айында «Балалар еңбегі және демалысы» қоғамының негізгі қызметкерлері ұсынған жобаны Халық ағарту комитеті қарастырып, «Халыққа білім берудің бірінші тәжірибелік станциясы туралы» құжатты бекітті.
Бастапқыда оның алдына өте ауқымды міндеттер қойылды, онда: «Халыққа білім берудің бірінші тәжірибелік станциясы республиканың мәдени құрылысына түрлі мәдени жұмыстар жүргізуге көптеген тәжірибелер ұйымдастырады...( техниканы қоса) - деп көрсетілген болатын.
Станция жұмысы осы ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға кірісті. Жұмысының бір бөлігі – өлкенің экономикасын, ауылшаруашылығын және техникасын құру (ауылшаруашылық тәжірибе учаскесі, кірпіш заводы, көмірді күйдіру және т.б.), - оның қарамағынан алынып, ауыл шаруашылық бірлестігіне берілді.
Қорыта келе, тәжірибелік станцияның жұмысы халыққа білім беру мәселесінің төңірегіне шоғырланды. Шағын тұйқ ұжымдағы балаларды ұйымдастыру «Балалар еңбегі және демалысы» қоғам жұмысының ауқымында жүргізілді. «Халыққа білім берудің бірінші тәжірибелік станциясы халыққа білім беру мәселелерін, ауылдық және қалалық жердегі әлеуметтік тәрбиені ұйымдастыру жұмыстарымен айналысты. Бірінші тәжірибелік станция «Сетлемент», «Балалар еңбегі және демалысы» қоғамының тәжірибесін пайдаланып, тұрғындармен бірге балалар тәрбиесімен айналысты. Станцияның жұмыс бағыты педагогикалық орта теориясына арналды. Педагогикалық үдерістерді зерттеу кең ауқымдағы жұмыстың бірі саналды. Педагогикалық үдеріс станцияның түсінігінде түрлі элементтердің өзара әрекеттесуін білдірді: 1) әлеуметік-экономикалық және физика-географиялық орта (сол ауданның); 2) педагогикалық ықпалға түсетін, обьектінің қызметі мен психофизикалық ерекшеліктері: мектепке дейінгі және мектеп оқушылары, жасөспірімдер, ересектер және олардың қауымдастығы; 3) педагогтың қызметі. Педагогикалық үдеріске ықпал ететін факторлар және олардың орта арқылы өзгеруіне мектептің көмегі; станцияның педагогикалық тәжірибесіне орай, балалардың күн тәртібін анықтап, оны тұрғындармен жүргізілетін жұмыста пайдалану мәселелері қарастырылды.
Станция мекемелеріндегі жұмыс жүйесінің элементтері: түрлі жастағы балалармен педагогикалық жұмыс жүргізу, ауқымды практика өткізу; үзіліссіз курстық жұмыстар жүргізу, педагогтың өз тәжірибесін бақылауға, білімін толықтыруға көмектеседі; тәжірибе материалдарын есепке алып талдау
, ғылыми негіздеу, ортаның және баланың психофизикалық ерекшеліктерін зерттеу; станцияның тәжірибесін көпшілікпен жұмыста қолдану, педагогтар мен тұрғындар арасында насихаттау.
Деревнядағы жұмыс (Станцияның Калуга бөлімі). Деревнядағы педагогикалық «тәжірибелік кеңістік» 163 кв.метр 35 елді мекенді қамтиды. Бұл ауданда ауылшаруашылығы нашар дамыған, шағын тоқыма өндірісі бар, тұрғындардың көпшілігі табыс көзін іздеп басқа жақтарға кеткен. Тәжірибелік станция ұйымдастырғанға дейін 10 бастауыш мектеп болса, осы ауданда «Ширақ өмір» колониясының жанында: I басқыштағы -13 мектеп, II басқыштағы -1 мектеп, 4 бала бақшасы және тұрғындармен жұмыс кең көлемде жүргізіледі.
«Шиарқ өмір» колониясы 1911 жылдан жұмыс жасайды. Қазір бұл тоғызжылдық еңбек мектебі, жатханасы бар, темір жолдан бір жарым шақырым қашықтықта орналасқан. Колонияда 6 топ, 136 оқушы (оның 80-ні сонда тұрады) және 22 педагогтары мен дәрігері бар. Колония-мектеп басқа мектептер жүйесі үшін әдістемелік орталық саналады. Колонияның арнайы мақсаты: мектеп жұмысы мен балалар өміріндегі еңбектің өзара әрекеттесуін зерттеу; мектептің өмірін пионер, комсомол жұмысымен және ауданның өмірімен байланысты құру. Колонияның барлық жұмысы еңбекке негізделген. Еңбек балалар өмірін ұйымдастырушы фактор ретінде ауданға тигізетін пайдасы тұрғысынан қарастырылады; балалар еңбегі - қоғамдық жұмыстың базасы саналады. Еңбек түрлері мынадай: ауыл шаруашылықтағы (колонияның кішігірім ауыл шаруашылық фермасы бар), шеберханалардағы жұмыс, айналаны көркейту және өздерін күту. Колония тәжірибесінде көркемөнерді ұйымдастырудың мол тәжірибесі (музыка, театр, газет, балалар хоры және т.б.) жинақталған.
Мектепке дейінгі жұмыс. Алғашқы тәжірибе станциясында бала бақшалары 1920 жылы құрылған. Қазіргі кезеңде төртеуі жұмыс жасайды (5 басқарушысы), қарамағында - 102 бала бар. Балалар бақшасындағы жұмыс деревнядағы басқа жұмыстармен және мектеппен тығыз байланысты жүргізіледі. Бала бақшаларының міндеттері: деревнялық бала бақшасының формасы мен мазмұнын анықтау, бақшаны мектеппен байланыстыру және баланың жас ерекшеліктерін деревня болмысымен байланыста зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен бірге, жаз кезінде балалар алаңдары мен яслийлер құрылып, жұмыс жасайды.
Мектептегі жұмыс. I басқыштағы мектептер - біркомплектілі (құрамында 3-4 топ), бірі-бірінен ара қашықтықтары 3-5 шақырым, мектеппен аралықтары - 25 шақырым, ауданның барлық балаларын және елді мекен жастарын қамтиды. Мектепте 34 қызметкерлер мен 617 бала бар. Материалдық базасын мектеп үйі, құрал-жабдықтар және т.б. құрайды. Станцияның практикалық міндеттері – деревнядағы педагогтардың күшін біріктіру арқылы мектептердің жұмысын үзіліссіз жетілдіру. Мектептің оқу бағдарламасы жергілікті жердің материалдары мен тәжірибесін ескеретін негізде құрылады: 1) деревня үшін маңызы бар жобаларды (мысалы, тұрмыстың гигиеналық-санитарлық жағдайын көтеру және т.б.); 2) балалардың жас ерекшеліктеріне лайық еңбек, ойын әрекеттерінде және әлеуметтік өмірде тазалық сақтауға, т.б. тәрбиелеу. Мектеп өмірі мектепте жүргізілетін барлық жұмыс түрлерін біріктіреді: ән айту, ойын, жалпы жиналыс өткізу, балалар ұйымының жұмысы, өздерін-өздері басқару, мереке, көрме, экскурсия өткізу. Жалпы мектеп аралық аудандық балалар ұйымдарын құру мақсатында балалар мерекелерін ұйымдастыратын түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Мектеп өмірін деревня өмірімен тығыз байланыста жүргізу басты міндет болып саналады.
II басқыш мектебі жергілікті тұрғындардың бастамасымен 1922 жылы Угодтық завод селосында сауда-өндіріс отралығын құрылды (темір жолдан 12 шақырым). Мектепте 5 топ, 95 оқушы, 8 педагог болды. Мектептің мақсаты кооперативтік-ауылшаруашылық бағытындағы II басқыш мектебінің жалпы білім беретін және қоғамдық пайдалы жұмыспен айналысу мүмкіндіктері мен оқыту әдістерін анықтау.
Мектеп және жергілікті тұрғындар. Жергілікті тұрғындармен жұмыс, станцияның аудандық өндіріс жоспарына сай жүргізіледі. Негізігі мақсаты тұрғындардың жалпы мәдени деңгейлерін көтеру: деревняның тұрмыстық және шаруашылық жағдайларын жақсарту; олардың арасында педагогикалық жұмыстар жүргізу, тұрғындарды мектеп өмірін бірге құруға қамту және олардың басын біріктіру.
Жүргізілетін жұмыс формалары: 1) балалар мекемелерінің жұмыстары арқылы; 2) станция аудандық кітапханалар ашып, жұмыс жүргізуі тиіс; 3) жастармен клуб жұмыстарын жүргізіп, драмалық және хор үйірмелерін ашу, театрланған көрсетілімдер қою, кеш, концерттер өткізу, дәрістер оқу; 4) мектепте кешкілік газет оқуды ұйымдастыру; 5) әйелдермен арнайы жұмыстар ұйымдастыру; 6) жергілікті мәжілістер өткізу, мысалы, мектеп комитетінің және әйел-шаруалар сьездерін ұйымдастыру; 7) отбасыларын аралап, үйде мұғалімнің ата-аналар жиналысын ұйымдастыруы; 8) түрлі жергілікті ұйымдармен бірге жұмыс жүргізу; 9) партия ұйымымен бірге жұмыс жүргізу.
Курстар мен орталықтың жұмыстары. Тәжірибелік станция көпқырлы жұмыс жүргізу үшін тапсырмаларды орындауға басшылық жасап, тәжірибені қорытып, мұғалімнің өз білімін жетілдіруіне назар аударды. Бұл мақсатты мұғалімдердің курстық-сьездері атқарады. Айына бір рет барлық мұғалімдер Калуга бөлімшесіне жиналып, жоспар бойынша жұмыс жасайды. Практикалық жұмысшылар өз тәжірибелерін ұжымдық талқыға салып, онда айтылған ескертулер бойынша жұмыстарын толықтырып жетілдіреді. Курста олар жаңа тапсырмалар алады. Аптасына бір рет сенбі күні балалармен жұмыстан босатылып, алған тапсырмаларын орындайды.
Тәжірибелік орталықта көмекші зерттеу жүргізетін мекемелер бар, олар: тұрақты педагогикалық көрме, тәжірибе нәтижелері мен балалардың жұмыстары; мектеп кітапханасы, оқу құралдар және педагогикалық материалдар кабинеті, онда жинақталған материалдар іріктеліп, өңделеді (есептер, хаттамалар, баяндамалар және т.б.).
Өмірлік ортаны зерттеуді станция, мектеп, мұғалім курстары және оларды орталықтандыру арқылы іске асырады. Қазіргі кезде ауданның экономикалық ерекшеліктерін зерттеу жүргізіледі. Экономикалық жұмыстың мақсаты - ауданның өндіргіш күштерін зерттеу, мектептегі қоғамдық бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру арқылы осы өндіргіш күш түсінігімен жан-жақты нақты жұмыс жүргізу көзделеді.
Қалалық жұмыс (Мәсеку бөлімшесі). Мәскеуде тәжірибе станциясының мекмелер жүйесі жоқ, педагогикалық жұмыс тек екі жерде: орталық бала бақшасында және бірінші еңбек мектебінде «Бала еңбегі мен демалысы» қоғамы жұмыс істеген жерде жүргізіледі.
О р т а л ы қ б а л а б а қ ш а с ы 1922 жылы ашылды. Онда 70 бала, 10 педагог-қызметкерлер, соның қатарында дәрігер-педолог және тіс дәрігері болды. Орталық бала бақшасының айналысқан мәселелері: 1) бала бақшасы педагогикалық үдерістегі аудандық әлеуметтік бірлік ретінде; 2) жұмыс нормасын анықтау, қалалық өмірмен байланысты мектепке дейінгі баланың ерекшелігін, әлеуметтік инстинктілерін зерттеу және т.б. Бақша ұжымы өз жұмысын аудан мақсатына сай жүргізеді. Бала бақша тәрбиесін насихаттау, бала денсаулығын сақтау, тұрмыс жағдайларын түзету мәселелері тек қана бақша қабырғасында жүргізілмейді, ондай жұмыстар әйелдер бөлімі, комсомол, фабрика, диспансер, тұрғындар бірлестіктерінде де жүргізіледі. Нақты істер ұйымдастырылады: бала алаңдарын құруға көмектесу, кішігірім-бақшалар құру. Бақшадағы балаларды жасына қарай топтастырумен қатар, 3-4 жасар балалардан бөлек, қызығушылықтары бойынша құрылған ағаш өңдеу, конструкция жасау және т.б. топтар да құруға болады. Баланиң физикалық келбетін (отраның ықпалы) және балалар ұжымының әсерін дәрігер - педолог бақылайды.
Б і р і н ш і е ң б е к м е к т е б і 1918 жылы тәжірибелік-көрсеткіш мектебі ретінде құрылған еді, 1919 жылдан бастап ол станция құрамына кірді. Қазіргі кезеңде тоғызжылдық мектепте 192 оқушы (21 педагог) бар. Мектептегі жұмыс балалардың алған білімі мен дағдыларын өмірде қолдана білуін және өмірден түйгендерін мектептегі оқуда пайдалана білуге негізделеді. Мектептегі сабақтардың ерекшеліктері: 1)жергілікті материалдарды және бағдарлама мазмұнын құруға сол жердегі материалдарды қолдану; 2) бірқатар сабақтарда зерттеу әдістерін қолдану; 3) мектеп өмірінде қоғамдық өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын (асхана) ендіру; 4) оқу шеберханаларында оқу-білім беретін және өндірістік мақсаттағы еңбекті ұйымдастыру; 5) мектептен тыс жұмыстар ұйымдастыру, мысалы пионерлер бала бақшасына көмек көрсетеді. Тұрғындарды жаңа қоғамдық-еңбек мектебін бірге құруды олармен әңгіме түрінде ғана емес, ұйымға бірігу арқылы іске асыру (бала бақшасы) мектепке көмек: тамақты дұрыс ұйымдастыру, киім тігу комиссияларын құру.
Мәскеу бөлімшесінің орталығы. Мәскеу орталығында: 1) зерттеу жұмысы; мектепке дейінгі салада 3-4 жыл бойына жүргізілген практикалық жұмыс төңірегіндегі өткізілген семинарларда: балалардың жас ерекшеліктері, тәжірибеде қолданылған әр түрлі әдістемелік жұмыстар, балалардың тілін дамыту, сауат ашу жұмыстарының мектепке көмегі қарастырылды; 2) тәжірибе станциясының жұмысын және зерттеулерін жалпы есепке алу. Жүргізілген жұмыстар бойынша станция жұмысының тәжірибесі мен зерттеулерін көрсететін педагогикалық көрме құрылды; станцияның педагогикалық материалдар кабинеті (1400 атау жинақталған) ашылды.
П е д а г о г и к а л ы қ к і т а п х а н а д а ғ ы шетел тілдеріндегі бөлімді «Балалар еңбегі және демалысы» қоғамы жинақтаған. Кітапхана станцияның барлық мекемелеріне консультация және библиографиялық жұмыс жүргізіп, шетелдермен хат алысты.
Педагогикалық техникум. Станцияның бірнеше жылдар бойы жинақтаған материалдары, педагогтар үшін жаңа типті тәжірибелік-педагогикалық курстар ұйымдастыруға мол мүмкіндіктер жасады. Кейіннен ол тәжірибелік-педагогикалық техникум аталып, оқу мерзімі 2 жыл, екі бөлімшесі: мектепке дейінгі және мектеп жұмыс жасады. Ондағы курсанттар саны -110, оқытушылар саны - 25 болды.
Техникум Бірінші тәжірибелік станцияның дербес мекемесі саналып, Басты кәсіби білім беруге қарады.
Жалпы ұйымдастыру. Станцияның педагогикалық басшысы және меңгерушісі қызметін С.Т.Шацкий атқарды, сонымен бірге станцияның жауапты жұмысшылары мен жеке жұмыс түрлерін басқаратын өкілдері де басшылық жұмыстарына қатысты.
Тәжірибелк станцияның зерттеу жұмысына қызығушылық тудырған педагогтар саны өте көп болды. 1921/22 жылдың қыс айында көрмеде 152 экскурсия ұйымдастырылып, оған 4761 адам қатысты, оның сыртында жекелеген 205 адам (солардың қатарында 26 шетелдіктер Қытай, Америка, Жапония, Турция, Германия, Англия, Бельгия, Франция, Испания, Дания, Польша елдерінен) болды. Станция зерттеулері басылып шықты.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939)
Аса көрнекті кеңес педагогы Антон Семенович Макаренко 1888 жылы 1 наурызда Харьков губерниясындағы Белополье қаласында темір жол жұмысшысының отбасында туған.
Қалалық училищені, онан кейін мұғалімдер даярлайтын курсты бітіргеннен кейін, А.С.Макаренко Крюководағы екі сыныптық темір жол училищесіне оқытыушы болып тағайындалған.
Оның педагогикалық қызметі 1905 жылы, Ресейде бірінші орыс төңкерісінің толқыны кеңінен жайылған кезде басталды, сондықтан оның көзқарасы революцияшыл жұмысшының күшті күрес идеялары негізінде қалыптасқан. Бұл кезде жас оқытушы 17 жаста ғана болатын, темір жол
училищесінде оқытушылық қызметі кезінде өзінің білім дәрежесін көтеру жолында көп ізденіп оқыды.
1914-1917 жылдар аралығында Полтаваның оқытушылар институтында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.
1917 жыллдың қыркүйек айынан бастап Крюководағы жоғары бастауыш училищеде инспектор қызметін атқарады.
Қазан төңкерісінен кейін А.С.Макаренко біраз уақыт темір жол училищесінде оқытушы болады. 1920 жылдан бастап ол Полтава губерниялық халық ағарту бөлімінің тапсыруымен, Полтавадан 6 шақырым жердегі заң бұзушы жас балалар колониясын ұйымдастырады. Осы колонияны Макаренко 8 жыл басқарды. Міне, осыдан бастап Макаренконың педагогикалық қызметінің шарықтау кезеңі басталады. Ол тек тәжірибеде ғана емес, педагогикалық теорияда да тамаша табысқа ие болып, іс жүзінде кеңес педагогикасының бірнеше маңызды мәселелерін шешті. Кейіннен А.М.Горький атымен аталған сол колонияның өмірін «Ұстаздық дастан» көркем шығармасында баяндады.