Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 370

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Біздің идеалды мектепте мұғалім балаларға өзінің сүйікті тұлғалары, шығармалары, әндері, суреттері туралы айтады Әрине, мұғалімге ұнағанның бәрі балаға түсінікті бола бермейді. Мектепте бала жанын тебірентетін сәттер жиі болуы тиіс. Баланы әңгімеге еліктіру үшін қарапайым және жылу жүрекпен әсер етіп, аса әсірелеуден аулақ болуымыз қажет.

Балаға ерлік пен поэзия, халық батырлары, музыка туралы айтып, оның жүрегін сезімтал, мейірімді етіңіз.

Егерде баланың ақындық шығармашылыққа қабілеті болса, оған ерік беріңіз. Оның жолдары көп, соның бірі еркін шығармашылыққа баулу. Бастапқы кезде ауызша, кейіннен жазбаша жаттықтыруға болады. Бала мектепте өз қиялы мен талабына қарай сурет салып, музыка тыңдап сезімін жетілдіруі тиіс. Шығармалардағы көркемдікті суреттейтін үзінділерді оқып, оның сұлулығына назар аудару. Біз балалрды сұлулықты байқап, сезінуін, айналасын көркем ете білуін тәрбиелеге тиіспіз. Біз не нәрсенің сұлулық қырын, ерлік пен шындықты байқауға тәрбиелеуіміз керек.

Мұғалім, адам бола біл! Мектепті емес, мектепке келетін баланы сүйіңіз; кітапта суреттелген шындықты емес, өмірлік шындықты сүйіңіз; өмірді жаттандылықпен шектемей, білім ауқымын өмірге дейін кеңейтіңіз! Ең бастысы: өмірді сүйіңіз, мейілінше жарқын өмір сүріңіз. Біздің идеалды мектептегі мұғалім зерікпейді, өмірмен тығыз байланысты өмір сүреді. Ол балалармен бірге оқып, өмірге үңіліп, оны жан-жақты талдайды, ол өмірді аз білетін болса, оның өмірді тануға қызығушылығы неғұрлым артады. Балалармен бірге жаңа елдерді танып біледі, олармен ортақ жаңа іс атқарады. Ал мұғалімнің көңіл-күйі төмендесе, ол музыка тыңдап, кітап оқып, асқақ ойларға беріле алады. Оның мұғалімдік қызметінде бір сарындылық болмайды, өйткені жаңа мектептегі мұғалім жұмысында шығармашылық жетекші орында болады.

Біз осыған дейін бала өмірі мен шығармашылығы туралы айттық. Енді мұғалімнің өмірі мен шығармашылығына тоқталайық. Мектеп мұғалім өміріне орын беруі керек, өйтпесе олар шығармашылық келешегі бар мұғалімге ие бола алмайды. Мектеп мұғалімге адам болу мүмкіндігін беруі тиіс және сыныпта мұғалім адамдық өмір кешуі керек. Мектепте мұғалімге шығармашылық кеңдік берілуі қажет: нақты белгіленген бағдарламадан ауытқымау, оқулықтан шықпау, сұрақ-жауап әдісі мұғалімді тұлғалық сипатынан ажыратады. Сабақ мұғалім мен оқушылардың жаңа міндетті бірге меңгертуді көздесе немесе жүректен шығатын ортақ тақырыптағы әңгімелері болса, мұғалім өз жүрек жылуын балаларға беріп, оларды аяласа, жаңа мектеп адамшылықпен толысып, бала үшін поэзия мектебіне айналса, онда жарқын мәдени шығармашылық орнаған болар еді.

Екінші басқыштағы еңбек мектебі
Жалпы оқыту және жасөспірімдердің еңбегі. Біздің мақсатымыз жастарды еңбектен ажырату емес, оларға еңбек гигиенасы мен педагогиканы қоса оқыту. Жастардың еңбегін оларды дамытатындай және салауатты етіп ұйымдастырып, олардың денсаулығы мен рухына зиян келтіретін еңбектен қол үзу керек.

Жасөспірімдерді жаппай оқыту үшін қоғамдық өндіргіш еңбекті гигиена және педагогикамен байланыста жүргізу маңызды болып отыр. Еңбек мектебін қолдайтындардың халық балаларын әлеуметтік жетілгенге дейін толық оқуға қамту туралы пікірлері құптарлық жәйт.

Бірыңғай мектеп және индустриализациялау. Қазіргі педагогиканың талабы бірыңғай мектеп құру, ол болса, бірінші басқышты ғана қамтып отыр. Мұндағы басты кедергі, бір қырынан, қоғамның жоғары саралануы, екінші қыры - кәсіби дайындықтың қажеттігі.

Жастарға арналған мектепте бірыңғай сабақтар оқыту психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан ақылға қонымсыз. Мұндай мектеп әлеуметтік саралауды ескермейді, өйткені жасөспірімдер мен жастардың өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған орай бір типті мектепті құруға болмайды. Екінші басқышта да оқытуды әлеуметтендіруде осындай кедергілер кездеседі. Өндірісте машинаның қолданысы еңбек пен мәдениетті теңестіріп, жұмысшының бір ғана қызметке таңылуын, қатаң еңбек бөлісін, сонымен байланысты әлеуметтік-экономикалық саралану мен иерархиялық тәуелділікті жойды. Машиналық өндіріс жұмысшының бір жұмыс түрінен басқа да жұмыс түрлерін атқаруына мол мүмкіндіктер бергендіктен, оған политехникалық тұжырым жасауға ықпал етеді, индустриалды техника мен ғылымды байланыстырып, ғылыми қорытындға келтіреді. Кәсіби мектеп жасөспірімді тек бір бекітілген мамандыққа дайындаса, политехникалық мектеп ғылыми-индустриялы білім береді. Сөйтіп, өз тәрбиеленушілеріне қажетті білім беріп, қазіргі мәдениетті меңгертеді.

Халықтық және адамдық тәрбие. Индустриялық еңбек мектебі жойған ескі педагогика арасындағы пікірталас әлі жалғасып келеді. Бұл ұлттық және космополиттік тәрбие арасындағы пікірталас. Ұлттық тәрбие шовинистік менмендікті және ұлтаралық араздықты тудырса, космополиттік тәрбие баланы ұлттық тәрбиеден ажыратады.

Еңбек мектебі халықтар арасын жақындастырады. Бала жастық шағынан халықпен бірге, оның тұрмысымен тығыз байланыста тәрбиеленеді. Еңбек мектебі бұрынғы мектеп тәрізді емес, ол халықшылдықты тәрбиелейді, бала өз халқын біліп және сүйіп өседі, еңбекші халықтың өмірі жарқын мәдениеттке жалғасып, баланы тәрбиелеушіге айналады.



«Ұлт» дегеніміз «халық» деген мағынаны береді, сондықтан мұндай тәрбиені біз терең мәндегі ұлттық тәрбие деп айта аламыз. Оның айрмашылығы бұрынғы қоғамдық жоғары тап өкілдері французданып, ағылшынданып, космополиттік тәрбиеге бой алдырған болатын. Бірақта «ұлт» деген сөз басқа да мағынада кездесетіндіктен, қауіпті екіжақтылыққа тап болмас үшін және ұлтшылдық пен шовинистікке жол бермес үшін, біз «халықтық тәрбие» деген терминді қолданамыз. Халықтық демократиялық тәрбие, халықтық еңбек мектебінде жүргізілетіндіктен, барлық қырынан ұлттық тәрбиені қамтып, ешбір кемшілікке жол бермейді.

Бірақта, еңбек мектебі баланың айналасындағы тұрмысынан басталса, индустриялдық тәрбие баланы жалпыадамзаттық мәдениетке ендіреді. Индустриялизм өз мәнінде халықаралық сипат алады, ол ұсақ қолөнер цехтары мен шағын тұйықталған шаруашылыққа қайшы, ол барлық елдердің экономикасы мен мәдениетін біріктіреді.

Индустриялды-халық мектебі шын мәнінде терең халықтық сипатқа ие, сонымен бірге кең ауқымда адамдық тәрбие береді.

Мектеп және өмір. Бірінші басқыштағы мектепті біз еңбек кооперациясы деп атадық. Егерде «коммуна» терминін салыстырмалы түрде тұйық және өзіндік әлеуметтік бірлік деп қарастырсақ, онда жасөспірімдердің индустриалды-еңбек мектебін коммуна деп атау мүмкін болмайды.

Педагогикада абсолютті ереже болмайды, әр қолданылатын педагогикалық ереже баланың жасына лайық болуы тиіс. Мектептің айналадағы өмірмен біте қайнасуы, педагогикалық талаптардың бірі болғандықтан, ол жастарға қатысты ерекше мәнге ие болады. Жастар кең қоғамдық адамдық әлемге ұмтылады, біздің міндетіміз – оны сол өмір жолына түсуіне педагогикалық тұрғыдан көмектесуіміз керек. Жастардың өз бетінше әрекет етуі және өзіндік адамдық өмірмен кең көлемде қатынас құруын, біз педагогикалық база ретінде қабылдауымыз шарт.

Ұйымдастырушылық мәселелері. Жастардың еңбегін қоғамдық мекемелерде ұйымдастыруды біз олардың физикалық және зияттық дамуымен бірге, олардың жастарына лайық бос уақыттарында спорт, әдебиет және өнерді қолдануын ұйымдастыруымыз қажет.

Еңбек мектебінде жастарға әлеуметтік-педагогикалық білім беру, физикалық құбылыстарды зерттеу, химияны жалпы химиялық технология түрінде қарастыру және математикалық білім беру, биологиялық білімнің бастаулары, ғылыми сабақтардың синтезі, спорт, эстетикалық, индустриалдық, әлеуметтік тәрбие, индустриалды-социалистік мәдениет мәселелері жан-жақты қарастырылады.


Станислав Теофилович Шацкий (1878-1934)
С.Т.Шацкий орыстың көрнекті кеңес педагогы. Ол өзінің барлық дарынын, педагогикалық тәжірибесін жаңа мектепті құруға және педагогикаға арнады.

Оның қоғамдық-педагогикалық еңбегі 1905 жылдан басталып, он екі жыл бойы қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде, мектептен тыс және мектепке дейінгі тәрбие мәселелермен айналысты.

Қазан төңкерісінен кейін С.Т.Шацкий көптеген қызметкерлермен бірге жаңа политехникалық еңбек мектебінің мәселелерімен қатар, кең ауқымда педагогикалық зерттеулер жүргізіп, педагогтарды дайындаумен айналысты.

С.Т.Шацкийдің педагогикаға қоғамдық қызығушылығы өте жоғары болды. Оның көзі тірі кезінде еңбектері жарық көріп, педагогикалық ізденістерінің нәтижелері басылып шықты: «Балалар – болашақ жұмысшылар» (1908), «Ширақ өмір». «Балалардың еңбек колониясы тәжірибесінен» (1915) және «Ізденіс жылдары» (1924). Ол қайтыс болғаннан кейін оның таңдамалы шығармалы жарық көрді (1958). Оның ең жақын қызметкерлері - В.Н.Шацкая, Л.Н.Скаткин, М.Н. Скаткин С.Т.Шацкийдің педагогикалық шығармаларын, бұрын басылмаған баяндамаларының стенограммасы мен жиындарда сөйлеген сөздерін, мақалаларының қолжазбаларын дайындап, төрт том етіп басып шығарды (1962-1965).
РСФСР Халық ағарту комитетіндегі халыққа білім берудің алғашқы тәжірибелік станциясы
Мәселенің тарихи тамыры. 1904 жылдан бастап Мәскеуге америкалық сетлемент (қоғамдық-тұрақ) идеялары ене бастады, оның негізіне қоғамдық мәдени топтың ықпалымен, өте кедей тұрғындармен тығыз араласып, олардың арасында әлеуметтік реформа жүргізу көзделді.

1905 жылдың көктемінен бастап А.У.Зеленко, Л.К.Шлегер және С.Т.Шацкий бастаған бір топ қызметкерлер 1906 жылы 7 қазанда «Сетлемент» қоғамын құрды.

Олар ешқандай дәстүрлі қалыпқа түспеген балалар қауымдастығын құрып, онда зерттеулер жүргізе бастады. 1905 жылды жаз айында Щелковода балалар колониясында алғашқы тәжірибе жүргізілді (балалар Сущевск попечителдігіндегі балалар үйінен алынды). 1905 жылдың күзінен Мәскеудің шетінде балалар клубы «Келіп кететін балалар үйі» (Тихвин көшесіндегі) ұйымдастырылып, балалар бақшасында жұмыс жүргізілді. 1906 жылы балалар алаңы ашылыды, Щелковода колония құрылды. Онан кейін түрлі шеберханалар ұйымдастырылды: тігін, ағаш өңдеу, слесарь, балалар бақшасы мен клубтарда жұмыс жасауға барлығы 450 балаға тарта қамтылды. 1907 жылы қоғамдық үйде Е.Я.Фортунованың басшылығымен бастауыш мектеп жұмыс жасай бастады. «Сетлемент» қоғамы ауқымды әлеуметтік тәрбие жүргізе бастады. Оның ықпалы тек балаларға ғана емес, айналадағы тұрғындарды да қамтыды. Бұл мәдени шаралардың мемлекеттік оқуға ешқандай қатысы болмады, тіпті алдыңғы қатарлы педагогтар да оған назарларын аудара қоймады, ал мемлекеттік органдар олардың жұмысына жандармдық бақылу қойды (Шацкий мен басқа басшылар тұтқынға алынды). 1907 жылы қоғам үстінен түскен жасырын арыз бойынша жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды, оларға «кішкентай балалар арасында социализм құрғаны үшін» деген айып тағылды. 1909 жылдың күзінен бастап, қоғам өз жұмысын қайта бастады, олар өздерінің жарғысын «Балалар еңбегі және демалысы» деп атады. Онда балалар өмірін жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарына қарай ұйымдастыру, әр жас кезеңінін ерекшелігін зерттеу; балаларды өз өмірлерін құра білуге үйрету; бала еңбегі - оның өзбетінше әрекетін ретеуші; педагогқа нақты және жаңа талаптар қою; баланың өмірімен танысу және оны ұйымдастыру үшін курстар ашу; балаларды өздерінің көмегімен «көше» ықпалынан қорғау; үнемі ізденісте болу және айналасына сын тұрғысынан қарау – қоғам атқаратын осындай мәдени жұмыстардың мазмұнын анықтады.


1916 жылдан бастап, екі жоба жұмысын бастады: 1) Сущев ауданындағы тәжірибе учаскесін (Сущевск кедейлер попечительдігі) балалар мекемесін қайта құру; 2) тәжірибе учаскесіндегі жергілікті жұмыс, алғаш рет деревняда мектеп ісін құрған жоба.

Бұл екі жобаны жүзеге асыру, қазан төңкерісінен кейін ғана мүмкін болды.