Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 368

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1928-1935 жылдарда Макренко Харьковтағы Ф.Э.Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқарды. Осы коммунаның өмірін «Мұнара үстіндегі тулар» деген повесінде баяндаған.

Макаренконың тікелей өзі құрып, өзі басқарған бұл екі оқу орнынан 3 000-ға жуық бұрынғы панасыздар мен заң бұзушылар кеңес азаматы болып қайта тәрбиеленген еді. Олар өздерінің көзқарасы мен қоғамға сіңірген еңбектеріне қарағанда, Отанына шын берілген, жігерлі, табанды тәртіпті, әр түрлі мамандықтарға ие болған еңбек сүйгіш адамдар болып қалыптасты.

А.С. Макаренко «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» деген шығармаларында баланы отбасында тәрбиелеу мәселелерін зерттеуге көңіл бөлген.

1939 жылы 1 ақпанда кеңес үкіметі Антон Семеновичтің балаларға коммунистік тәрбие беру саласындағы сіңірген еңбектері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттаған.

А.С.Макаренко өзінің артынан мол педагогикалық мұра қалдырды, оны 100-ге жуық жазылған педагогикалық шығармалары бар.
«Ата-аналарға арналған кітап» туралы
9 мамыр 1938 жылы А.С.Макаренконың С.Орджекинидзе атындағы Станкозаводтағы оқырмендарымен кезесуінде сөйлеген сөзі
Жолдастар, мен ешқашанда «Ата-аналарға арналған кітап» жазумен шұғылданамын деп ойлаған емеспін, өйткені менің өзімде бала жоқ болғандықтан, отбасындағы бала тәрбиесін зерттеуді мақсат етпеген едім.

Бірақта жұмыс бабында еңбек колониясында және коммунасында соңғы жылдары тәртіп-бұзушы балаларды отбасынан қабылдай бастадым, бұрын панасыз балалармен жұмыс жүргізген болатынмын. Қазіргі кезде панасыз балалар жоқ екенін білесіздер, бірақта колонияда ерекше тәрбиені қажет ететін балалар бар, соңғы жылдары мен сондай балаларды қабылдадым.

Мен, осылайша отбасы тәрбиесіндегі құбылыстар маған жиі ұшыраса бастады. Мен отбасындағы балалардың тәртіп бұзушылыққа барып, қылмыс жасау жолына түсуін жиі кездестірдім. Бірақта көп жағдайда мен басқа себептермен де кездестім, ондай жағдайларда «отбасы кінәлі ме, әлде кінәлі емес пе?» - деген сұрақтар туды, қарасаң отбасы да, оның мүшелері де жақсы адамдар, бала да жаман емес, өйткені ол менің қолыма келген күннің ертеңінен бастап жақсы болатын. Сонымен ол да, отбасы да қасірет шегіп - өмірлеріне көлеңке түсетін еді.

Қорыта келе, мен еріксіз отбасы тәрбиесіне байланысты ойлануыма тура келді.

Соңғы екі жылы мен отбасы тәрбиесімен тығыз айналыстым және отбасы көмегімен тәрбие жұмысын жүргізуді зерттедім. Сөйтіп, менде обасы туралы түрлі сезім мен бақыланған құбылыстар, тәжірибе мен ойлар туындады,
сонымен шынын айтсам, үлкен күмәнмен осы жұмысты бастадым.

Кітап төрт бөлімнен тұрады. Қазір тек бірінші бөлімі шықты.

Неліктен мен кітапты көркем шығарма түрінде жаздым? Тәрбие туралы жазудың қиындығы жоқ, тәрбиелеудің жолын көрсетіп, кеңес берсем болар еді. Ондай кітапшада көп нәрселердің бетін ашуға болады. Ал көркем шығарма жазуға оның иллюстрациясына, жазуына, балалардың ойын суреттеуге, түрлі әңгімелерге көп уақыт кетеді және т.б. Мен неге көркем шығарма жазуды қаладым? Бала тәрбиесі - өнер, ол сыбызғы немесе күйсандықты меңгерумен, сурет салумен, жақсы токарь болумен бара-бар. Жақсы суретші, музыкант, токарь болу үшін баланың қолына қажетті бояау, құрал беріп, станоктың жанына тұрғызу керек. Тәрбие өнерінің кемшілігіне келсек, оған үнемі тәжірибе мен мысалдарды қолдану қажет.

Отбасында ұлдар мен қыздар ата-аналарынан болашақ тәрбие жұмысын байқаусыз меңгере бастайды, олар педагогикалық өнерді үлгі, мысал, көрсету арқылы игереді. Сондықтанда мен «Ата-аналарға арналған кітапты» түрлі мысалдарды қолданып, көркем шығарма түрінде жазуым керек деген шешімге тоқталдым.

Мен неліктен осы тақырыптан қорықтым? Өйткені мұндай тәжірибе орыс немесе басқа әлемдік тілдерде болмағандықтан, мен жүрексіндім. Осындай кітапты жазып шығуға менің батылым жете ме?- деген ойда болдым. Сөйтсем де, мен осындай кітапті басқаларға пайдалы болмақ деген оймен жазып шықтым. Мен үнемі ата-аналармен кездесіп, олардан мың жарымдай хат алыстым, онда олар менің кітабымды не мақтап, не сынамады, бәрі өз балаларының жақсы немесе жаман іс-қылықтарын жазады. Неге олай болды? Олар түрлі сұрақтар берді, бұл жазушы мен оқырмандардың хат алысуы емес, бұл ата-аналар мен педагогтың хат алысулары еді.

Міне, осы хаттар мен кездесулерден соң, бұл мәселенің терең және маңыздылығын байқап, өзімнің міндетті екенімді сезіндім. Оқырмандар менің жазуымның қандай екенін келешекте айтып, жаза жатар және менің қолымнан келмесе, басқалар орнын толтырар деп ойлаймын.

Бірінші томда мен ешкімді ешнәрсеге үйреткен жоқпын, тек отбасының құрамына тоқталдым. Педагогикада бұл мәселе әлі қарастырылмай келеді, ал мен күнделікті байқаған көптеген өмірлік мысалдар мен коммунадағы балаларды бақылап зерттеуім бойынша отбасының құрамы мен оның сипатының өте маңызды екенін аңғардым.

Мен жазған кітабымда айтсам да, қайталап айтарым, менің қолымнан 400-500-ге тарта балалар өтті, олар көп мүшелі отбасылардан емес, көпшілік жағдайда – бір балалы отбасыларынан болды. Сондықтанда мен үшін күмән келтірмейтін нәрсе, бір бала - тәрбиенің қиын обьектісі болып табылады. Әрине, кейде бір балалы отбасындағы баланың тәрбиесі өте жақсы болатыны да жиі кездеседі, дегенмен де қазіргі жағдайда отбасындағы бір бала - өте қиын тәрбие обьектісі саналады. Мен осы мәселеге тоқталдым.



Бірінші томда мен педагогика туралы айтқан емеспін, сондықтан мен мектеп туралы, оқу, мәдени тәрбие және т.б. туралы неге айтпадым деп өзіме реніш білдіремін. Солай дегеніммен де, ол туралы басқа томдарда айтпақпын. Бұл томда мен отбасының құрамы туралы айттым.

Отбасы туралы мен не айтпақ болдым? Ең бірінші айтпақ болғаным, отбасы, ол ұжым, яғни ортақ мақсатқа, ортақ өмір, ортақ еңбек, кейде тіпті ортақ қайғыны бірге кешу үшін біріккен адамдар тобы. Менің айтқым келгені, кеңестік отбасы еңбек ұжымы болуы тиіс.

Екіншіден, менің көрсеткім келгені, осы ұжымның құрамына қатысты мәселе.

Бұл құрылымда мені қызықтырған не? Ең маңыздысы отбасының көлемі. Мен өзім көп балалы отбасыны қолдаймын. Мен кітапта Веткиндердің отбасын сипаттаймын, ол өте күрделі отбасы, - мен ештеңені ойдан шығарған емеспін, айтқанымның бәрі өзім бақылаған көптеген мысалдардан алынды. Веткиндер отбасы, менің досымның отбасылық өмірінің суреттелуі, әрине мен олардың аты-жөндерін өзгертіп алдым, ол маған өз отбасы туралы жазуға рұқсат берді.

Үлкен отбасылар өмірлік күресті, жоғалтуды, келеңсіздіктерді бастарынан өткізсе де жақсы отбасы болып қалыптасады. Ондай отбасылардың ерекшелігі әкесі мен анасының дендері сау, еңбек адамдары болуынан, маскүнем емес, бірінің көзіне бірі шөп салмайды, бәрі бірқалыпты тату-тәтті өмір сүріп жатқан үлкен отбасылар болуынан, бұл өте тамаша құбылыс, осындай отбасылар көптеп кездеседі, ол отбасыларында жақсы адамдар тәрбиеленіп шығуда. Мұндай отбасыларында 12-14 балалар шуылдап, алысып –тартысса да, қиындық-реніш көрсе де, бірімен-бірі тату, қуанышты бірге бөліскен жақсы ұжым болып қалыптасады.

Үлкен отбасын кітапта сипаттау мақсатым, Веткиннің тәрбиелеген балаларына қарап үйрен дегенім емес, үлкен отбасын құруға қызықтыруды көздедім. Менің мақсатым осы – үлкен отбасына қызығушылық тудыру, үлкен отбасындағы тәрбиеге көңіл бөлу, ал қалай тәрбиелеу керектігін басқа томдарда айтпақпын.

Сол сияқты бір балалы отбасын да сипаттап, бір баланы тәрбиелеудің күрделі тұстарын көрсетіп, бір баламен шектелуге болмайтынына тоқталдым. Көпшілік арасында таралған ой: «бір бала болса жеткілікті, тоқтат!» Оны жақсы киіммен, тамақпен қамтамасыз ету керек. Әрине, бұл дұрыс емес. Ол жалғыз, айналасында нағыз қауым жоқ. Соның нәтижесін көрсеттім. Бұл да отбасы құрамына қатысты нәрсе.

Отбасының құрылымы туралы мәселе, отбасы ажырағанда да пайда болады. Жұбайлардың біреуінің басқа отбасына кетуі, ауыр құбылыс. Мен бұрынғыша қалыптасқандай отбасында ешнәрсеге қарамай-ақ бірге тұрудың қиын екенін жақсы түсінемін. Дәл солай істеңдер! – деп те айта алмаймын. Бірақта кейбір жеке мысалдарға қарап, жеңілтек мінез танытпау қажет. Егерде адамдар ойланып, өздерін сабырлықта ұстаса, ажырасу мүмкін болмаған болар еді. Махаббат та қайта оралар еді. Махаббаты да аялай білу керек, ол аспаннан түспейді. Егерде дарынды ұйымдастырушы болса, онда ол махаббатты да қалпына келтірері сөзсіз.


Біз қоғамдық жауапкершілікті сезінгендіктен сезім мен махаббатты аялап, оны дұрыс ұйымдастыра білуіміз керек.

Мен 40-қа тарта алимент төлейтін ер азаматтардан маған ашулы хат алдым, олар менің «алимент төлеуші өз баласының жауы» деген сөзге шүйіліпті.

«Сендер еркіндікті не істемексіңдер, бүгін біреуді, ертең басқаны сүюге еріктімін демексіңдер ме?»

Иә, мен осылай деймін. Отбасынан әкесі немесе анасы кетер болса, ұжым бүлініп, бала тәрбиесі қиындайды. Өз балаңыздың алдында жауапкершілікті сезінетін болсаңыз, әбден ойланыңыз. Кітапта мен ештеңе айтпаған едім, бірақта сіздерге бір құпияны айтпақпын, егерде сіздің екі ұлыңыз болып, басқа әйелді сүйген болсаңыз, өзіңіздің жүрегіңіздегі жаңа сезімді өшіріңіз. Өз отбасыңыздағы балаларыңызға әке болыңыз. Осылай істеуге сіз міндеттісіз, сіздің отбасыңызда екі азамат өсіп келеді, сондықтан сіз өз махабатыңызды құрбан етіңіз.

Отбасы құрамына мен ата-ананың беделін де жатқызамын. Мен ата-ана беделін көтеру үшін ештеңе де айтпақ емеспін. Менің көрсеткім келгені, сіздің отбасында беделіңіз болмаса немесе жалған бедел орын алса, онда сіздің отбасындағы жағдайдың мәз еместігі аян.

Отбасы құрамына жыныстық тәрбие де кіреді.

Жыныстық тәрбиенің ерекше бір әдістері бар деп санамаймын. Жыныстық тәрбие жалпы тәртіптілікпен және күн режимімен тығыз байланысты. Кітапқа осы тұрғыдан жыныстық тәрбиені де қамтыдым.

Отбасы құрамына отбасылық күштерді дұрыс ұйымдастыруды да жатқызамын. Ана бүкіл отбасының шаруасын өз міндетіне алмауы тиіс, ол дұрыс емес. Мұнан да көп айтуға болар еді, кітаптың көлемі көтермеді. Егерде отбасының анасы өзінің ұлы мен қызының күтушісіне айналса, ал олар өздерін мырза сезінсе, ал екінші қырынан, ана өзінің жеке басына тән өміріне мән бермесе, онда оның толық қанды ана міндетін атқара алмағаны. Нағыз ана болу үшін балаларына үлгі болуы тиіс, балалары оны құрметтеп, балалық махаббатымен сүйіп, оған ұқсағысы келуі - тек нағыз адамшылыққа толы, азаматтық өмір сүргенде ғана болады.

Отбасы құрылысына қатысты тағы бір мәселе, отбасының ынтмағы туралы айтпақпын, кейде осы ынтымақ болмас нәрседен бүлінеді. Минаевтер отбасы новелласында әкесі дайындалған тәтті тоқашты жемеді, ал баласы оны рұқсатсыз алғаны туралы суреттеледі. Бұл бір ұсақ нәрсе, ал өмір осындай ұсақ нәрселерден құралады, - осы отбасындағы ынтымаққа сызат түсіреді. Бала өзін осы отбасылық ұжымның мүшесі екенін сезінбейді, тек өзін ғана ойлап, әкесін ойламайды. Менің ынтымаққа түсетін осындай ұсақ сызаттарға көңіл бөлу себебім, көңілдің қалуы, ұсақ нәрселерді ұмытудан пайда болатынын көрсетпек болдым. Адамдар ойында ірі нәрсені жақсы жасасам болды, ал тәтті тоқаш мысалына тоқталсақ, баласы әкесін ойламады, бұл ұсақ нәрсе болғанымен де, оны байқамауға болмайтын еді, өйткені адамдар осындайдан көп нәрсе жоғалтады.


II-III-IV томдар ерік пен мінез-құлықты, сезімді, сабырлылықты, сұлулықты сезінуді тәрбиелеуге арналады, оның астарында, аспанның әдемілігін, киім, сурет, атқарылатын іс-қылықтар көркемдігін, этикасын түсінемін. Іс-қылықтар жақсы немесе жаман болулары мүмкін.

Менің пікірімше, осының бәрі, біртұтас нағыз азаматтық тәрбиенің іргетасы болып саналады.