Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 366

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мәдени дағдыларды тәрбиелеу. Кейбір ата-аналар баланың мәдени дағдыларын тәрбиелеу мектеп пен қоғамның міндеті, ал отбасы бұл салада ештеңе жасай алмайды деп ойлауы қате түсінік. Шын мәнінде отбасы баланың мәдени дағдыларын ерте жастан бастап, оны іске асыруының мүмкіндіктері мол екендігін көрсетеді.

Отбасында балаларды мәдени дағдыларға тәрбиелеу күрделі мәселе емес. Мәдени тәрбие саналы түрде белгілі жоспармен, дұрыс әдіспен жүргізіліп, қадағалануы тиіс.

Балаға жақсылап айтылған ертегінің өзі мәдени тәрбиенің бастауы саналады. Балаға айтылатын ертегі оның түсінігіне лайық, жатық тілде айтылуы қажет. Балалар үшін пайдалы ертегілердің бірі жануарлар туралы болады. Есейе келе адамдардың қарым-қатынасына қатысты ертегілер оқытылғаны абзал.

Балалардың ой өрісін, қиялын дамытатын журналдардағы көркем суреттердің мәні зор. Суретті көру барсында бала түрлі сұрақтарға жауап алады. Кіші жастағы балалрды тәрбиелеуде көркем қойылымдар мен киноның да маңызы ерекше.

Баланың сауат ашуы мәдени тәрбиені күрт үзгеріске ұшыратады. Хат тану арқылы бала өзіне түсінікті кітапшаларды өзбетінше оқи алады. Ірі әріптермен басылған көркем суретті кітаптар баланың қызығушылығын арттырады. Баланың хат тануымен бірге кітап, газет, журнал оқу, кино, театрларға, музейлер мен көрмелерге бару, баланың мәдени тәрбиесін арттырады.

Баланың спортқа қызығушылығын ояту да, маңызды мәдени тәрбие береді. Ол тек спортты бақылайтын жанкүйерге айналмай, өзі де белсенді түрде спортпен шұғылдануына жағдайлар жасуы шарт.

Отбасында спроттық серуендерден басқа да, мәдени тәрбиенің басқа формаларын ұйымдастыруға болады. Мәселен, үйде кішігірім қойылым қою, қабырға газетін шығару, үйді безендіру, ауладағы балалармен кездесу, ойын, серуендер ұйымдастыру.

Осылайша түрлі мәдени жұмыстар арқылы отбасында балаларды тәрбиелеудің пайдасы мол. Отбасында атқарылатын әрбір мәдени іс, кеңес халқына және социалистік құрылысқа қызмет етуі қажет Осы жұмыстардың бәрі мәдени істен саяси іске жалғасуы тиіс. Бала есейген сайын өзін өз отананының азамты екенін сезініп, біздің адамдардың ерлік істерін көріп, еліміздің саналы мәдени өмірі үшін кімге міндетті екенін білуі маңызды болмақ.

Сергей Иосифович Гессен (1887-1950)
Сергей Иосифович Гессен 1887 жылдың 16 қыркүйегінде Вологод губерниясының Усть-Сысольск қаласында, (қазіргі атауы Сыктывкар) Коми автономиясының үлкен әкімшілік орталығында туған. Оның әкесі Петербург университетінің заң факультетінде оқып жүріп тұтқындалып, осы жаққа жер аударылған болатын. Анасы сол жердің тұрғылықты мещан отбасынан еді. Сергей үш жасқа толғанда әкесінің тұтқындалу мерзімі аяқталып, деревнядағы әкесінің туыстарының қолында екі жыл тұрады. Бес жасқа толғанда әкесі екі ұлы бар Анна Штейнге үйленіп, үш балалы отбасына айналады. Одессада оның әкесі заң ғылымының кандидатытығына емтихан тапсырып, Тула қаласына заң қызметкері болып тағайындалады.


1896 жылы мамыр айында барлық отбасы мүшелері Петербор маңындағы Ораниенбаум саяжайына көшіп келіп, күзде Петерборда орналасады. Гессен сегіз жыл бойына мемлекеттік Петербор гимназиясында үздік оқиды.

1905 жылы кәмелеттік атестат алу үшін емтихан тапсырады. Гессен сол кездегі революциялық идеяларға аса берілгендіктен, әкесі оны бауырымен шетелге жібереді. Олар Берлинге, онан кейін Гейдельбергке келіп философия бөліміне тіркеледі. Неміс тілін нашар білуіне қарамастан философия тарихы семинарына қатысады. Оның философиялық дамуына ұстаздары Б.Ласк пен Г.Риккерттердің ықпалы зор болды.

Ол 1906-1909 жылдары (алты семестрді) Баварияда оқып, жылына бір рет Петерборға келіп тұратын еді.

1908 жылдың күзінде ол «Индивидуальді себептілік» тақырыбын зерттеп бітіреді, оны Г.Рикерт жақсы қабылдайды, сонан кейін бірнеше ай бойы әбден дайындалып, 1909 жылдың наурыз айында доктор дәрежесін алады.

Фрейбургте Гессен Риккерттің дәрістерін тыңдағаннан басқа жаңа тарих, саяси экономия, философия мен психология семинарларына қатысады.

Оның алғашқы ең үлкен еңбегі француз революциясына арналады. Ол өзінің әйелімен Швецария, Солтүстік Италия, Оңтүстік Францияға саяхат жасап, Петербордға тұрақты орналасып, Мәскеудегі «Логос» журналында Ф.А.Степун екеуі бірге редакторлық қызмет атқарады. Петербордың философиялық қоғамының жиналыстарына жиі қатысып, өзі де баяндама жасайды. Петербор философтарының аға буын өкілдерімен танысады.

1910 жылы Петербор университетінің тарих-философия факультетіне магистрлік емтихан тапсыруға рұқсат алады. 1910-1914 жылдар аралығында Мәскеу мен Петерборда «Логосқа» қатысты және Фрейбург пен Швецариядағы әйелі мен баласына демалыс кезінде барып тұрады. 1910 жылы емтихан тапсыруға дайындала жүріп, Марбург мектебінде және Г.Коген, П.Натроп, Н.Гартман дәрістері мен семинарларына қатысады.

1911 жылы Фрейбургтег Гефтердің аналитикалық геометриясына арналған дәрістерді, физика дәрістерін, Рикерт пен Конның философиялық үйірмелеріне қастысады.

1912 жылы дайындық емтихандарын, ал 1913 жылы магистрліқ емтихандарын тапсырады. Сол жылдың қарашасынан бастап, алғашқы дайындық дәріс өткізеді, 1914 жылдан оқытушылық приват-доценттік қызмет атқарады. Сол кезеңде «Логос» журналы редакторы болмағандықтан, ол өз жұмысын тоқтатқан еді.

С.И.Гессен соғыс жылдары Петербург университетінде, әйелдер гимназиясында, лютеран шіркеуінде ерлер мен әйелдерге дәріс оқиды. Сонымен бірге логика, психология және педагогика тарихынан дәрістер оқи бастайды. 1916 жылдан Петерборда ұйымдастырылған мұғалімдер курсында, ол бұрын айналыспаған педагогикадан алғашқы дәрістер оқиды. Негізгі мектептегі жұмыс оған педагогиканың теориясын меңгеруге көмектеседі. Ол педагогикамен қатар, философиядан магистрлік емтиханға дайындалып, Кант философиясына арналған үлкен еңбек жазады.



С.И.Гессен Томскіде төрт жыл профессор қызметін атқарып, Халық оқу-ағарту комиссариатының шақыртуымен Мәскеуге келіп, достарының көмегімен Петербордағы университетке педагогика кафедрасына меңгеруші болып тағайындалады. Онан кейін отбасымен Финляндияға, қысқа мерзімнен соң Берлинге тұрақтап, «Педагогика негіздері» кітабын жазуды қайта қолға алады. Оны Фрайбургте жазып бітіреді. Кітап 1923 жылы Берлинде басылып шығады.

С.И.Гессен ғалым-педагог, философ, публицист көп ғасырлық әлемдік педагогиканы және Ресейдің озық дәстүрлерін зерттеп, ХХ ғасырдың бірінші шерігіндегі Ресей, Еуропа мен АҚШ-тағы педагогикалық ой-пікірлердің даму болашағын негіздейді.

Педагогика негіздері. Қолданбалы философияға кіріспе
Тірі бастау: С.И.Гессеннің педагогикалық тұжырымдамасы. С.И.Гессеннің «Педагогика негіздері» кітабы, ғасырдың соңындағы, ең озық педагогикалық кітап болып саналады. Бұл еңбекті жазу төңкеріске дейін Петроградта басталады және алғашқы төңкерістен кейінгі кезеңде Томскіде тәмәмдалып, эмиграцияда (1923) басылып шыққан, бұл кітап Шетелдердегі орыстардың білім беруді ұйымдастыруына бірнеше ондаған жылдар бойы басшылық жасайды.

Көрнекті педагог және философ, Париждегі Православтық дінтану институтының профессоры В.В.Зеньковский 1950 жылы С.И.Гессеннің осы еңбегінің «озық ойлы кітап» (Зеньковский В.В. Орыс философия тарихы. –Л., 1991. -Т.II. - Ч.1. -С. 246) екенін атап көрсетті. Онда көп ғасырлық әлемдік педагогика тәжірибесі мен Ресейдегі озық педагогикалық дәстүр, Ресей, Еуропа, АҚШ-тағы ғасырдың бірініші шерігіндегі маңызды педагогикалық ой-пікірлердің бағыттары талданып, педагогиканың болашақ идеалары негізделіп көрсетіледі. Қазіргі кезеңдегі Ресейдің жағдайында бұрын қалыптасқан құндылықтар мен бағыттар қайта қаралып, жаңа идеялар ізденісі жүріп жатқанда С.И.Гессеннің кітабымен танысу (еңбек отанында алғаш рет басылып отыр), педагогиканың күрделі мәселелері мен білім беру саласында ойлануға көмектесетін еңбек болып саналады.

Кітаптың авторы - С.И.Гессен (1887-1950) - өз кітабы басылып шыққан кезеңде, Ресейде және шетелдерде ғалым-педагог, философ, публицист және аудармашы ретінде кең танымал болған. 20-шы жылдары Гессеннің ұйымдастырушылық қабілеті табысты болған. Ол Прагада 1923-1931 жылдары «Шетелдердегі орыс мектебі» журналын құрған және оның редакторларының бірі болған. Сол кезеңде бірнеше рет орыс тілінде шыққан педагогикалық журналдар жабылған болса, бұл журнал сол кезеңдегі жалғыз эмигранттық педагогикалық басылым болды. 20-шы жылдары С.И.Гессен орыс эмиграциясындағы педагогикалық сьезд ұйымдастырушыларының және қатысушылардың бірі болды.

С.И.Гессен өзінің педагогикалық қызметін Берлиннен Прагаға көшкен кезде де үзбеді, ол 1924 жылдан Орыс педагогика институтында, педагогика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1934 жылы ол Варшавадағы Ерікті Жалпыпольшалық мектептегі педагогика философиясы кафедрасына шақыртау алып, сол елдің азамттығын қабылдайды. Соғыстан кейінгі кезде біраз уақыт Лодзь университетінде педагогика профессоры болып қызмет етеді.


Ұлттық және жалпыадамзаттық идеяның бірлігі (Гессен бойынша –ұлттықтан жоғары) оның педагогикалық тұжырымдамасының өзекті идеясы, және оның әлеуметтік позициясы болды. 1910 жылы мәдениет мәселесіне арналған «Логос» журналының редакторлық мақаласында (Ф.А.Степунмен бірге жазған), С.И.Гессен рухани мәдениет мәселесін шешуде тар ауқымды ұлтшылдық пен космополитизмге жол жоқ екендігін көрсеткен. Редакциялық мақалада жоғары ұлтшылдық ұлтты төмендетпейді, керісінше, оның көп қырлы болуын талап ететінін айтқан. «Педагогика негіздері» кітабында С.И.Гессен жалпы білім беру саласында ұлтшылдыққа жол бермеу керектігін сенімді түрде көрсеткен. Бөліктің, бүтіннен бөлінген бөлігі, онан кейін өзара байланысы жоқ ұсақ бөлшектерге ыдыраса, ұлтшылдық та өзі басымдылық танытатындықтан, біртіндеп ұлттығын жойып ыдырай бастайды. Немістерге тән ұлтшылдық - деп жазады С.И.Гессен, бұл жағдайда пруссиялыққа, ол өз кезегінде – гогенцеллерно-брандербугтікке айналады; орыстың ұлтшылдығы, ұлы орыстықтан, ұсақ мәскеулік-суздальдыққа дейін бөлшектенеді. «Ұлттың осылайша ыдырауы мен ұсақталуы, онан әрі үдеп, адамзатты біртұтастықтан ажыратады. Ұлт... ыдырайды... Ұлттың осылайша ұлтшылдыққа ұсақталуы, ұлттың өз ерекшеліктерін жоюға соқтырады. Шынайы «ұлттық білім беру», «жоғары ұлттық білім беруді» (жалпыадамзаттық), «федералдық» (немесе обылыстық) білім беруді жоққа шығармайды. «Кез келген жақсы жолға қойылған білім беру, өзінің қажеттілігіне байланысты ұлттық бола алады, керісінше нағыз ұлттық білім беру, шынайы жасампаз болады, ол ұлтты бүлдіруші емес, тек жақсы жолға қойылған адамгершілік, ғылыми және эстетикалық білім беруді жүзеге асырады. «Обылыстық білім беру» мәселелері, тілдің диалектілік ерекшеліктерін, табиғаты мен жергілікті жердің тарихына және т.б. ұлттық білім берумен тығыз байланысты болуы тиіс. «Орыс халқының белгілі бір бөліктерін әлемдік мәдениетке кіріктіру жеңілірек, әрине, жалпы орыс мәдениеті арқылы, обылыстық бөліктерінің құрамын толық қамтуға болар еді, дегенмен де обылыстық бөліктердегі ұлттық басымдылықты қорғаушылар мен біртұтастыққа қарсы келетін жекеленгендер де кездеседі». Білім беру жүйесін ұйымдастырған тәрізді, ұлттардың еркін жарысқа түсуін ұйымдастыру қажет, олардың жеке және жалпы бастамаларына (соның қатарында «обылыстық педагогикада»), дәл сол тәрізді мұғалім мен оқушы қарым-қатынасындағы еркіндік принципіне жетекшілік беру қажет, беделге мойын ұсыну, міндеттеу немесе қысым көрсету түсініктерін оқушының өзі таңдап, оны еркін қолдана білуі тиіс. Тәртіп тек еркіндік арқылы іске асады, ал еркіндік - заң арқылы міндетті болады.