Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 365
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Индивидтің еркіндігі, С.И.Гессеннің пікірінше, тек қажеттілікті тану ғана емес, тіпті таңдау мүмкіндігі де емес. «Еркіндік - жаңа шығармашылық, әлемде бұрын болмаған жаңалық... Еркіндік бірнеше дайынды өз бетінше таңдау емес, дегенмен де, түрлі жолдардың болуы мүмкін, бірақта, бұрын оның шығу мүмкіндігі болмаған, ерекше жаңа жол ашу керек».
Еркіндіктің мәнін шығармашылық ретінде, дидактикада қолдануды жалпы түсінсек, жеке жағдайда, мұғалім оқушылармен жұмыс жүргізу әдісіне ерекше тоқталып, оны өзбетінше қолдана алады. Оқыту мақсаты - деп көрсетеді С.И.Гессен - әдісті қолдану. Маңызды әрбір білім өзі үшін берілмейді, бастаудың ар жағындағы терең білімді оқытуды және онан туындайтынды көре білуге оқытады. Мысалы, қарапайым түрде үш бұрыш теоремасының теңдігін түсіндіруге болады. Бірақта осы теореманы оқушыға оқыту барысында, оқушы бұл әдістің артындағыны, оның ашылғанын және дәледенгенін сезінеді. Осы геометриялық теореманың құрылу жолын көріп, оқушы ойын қозғап, өзбетінше аяқ астынан осыған ұқсас теореманы ойлап тауып, дәледей алады.
Екінші оқыту типі оқушыны шығармашылыққа баулып, жаңаны тудырады. Мұғалім сөзінің күші – тек оның айтқанында ғана емес, оның не айтқысы келуінде. «Айтқысы келген, барлық ойды білдіретін сөздің артында не бар екенін тыңдаушы сезінбесе, ол үстірт және ұсақ мәнді білдіретін сөз болғаны... Жеке білім, білім ретінде мүмкін... оны тудыратын әдістен жоғарыны білдіреді, сондағы өзіндік құбылысты көрсеткендей болады».
Мұғалімнің орнын білім беру өнерінде ешнәрсе баса алмайтын тәрізді, оның үлгісі - әдісті қалай қолдануында жатыр. Мұғалімнің мақсаты ғылыми тұрғыдан ойлауы және әдісті еңбек құралы ретінде қолдана білуі керек. «Мұғалімнің үнемі ойланып, іс жүзінде қолданатын әдісі, оқытуда қолданылатын тірі ғылыми танымдық әдіс қана, сынып оқушыларының алдына мәселе қойып, олардың қойылған сұрақтарға жауап табуы, күрделі сұрақтың пайда болуы, оқушылардың әрқайсысын таңдандыруы тиіс, тек осылайша оқушыларды ойландыру қабілеті, оқушының әдісті мейілінше түсінуін қалыптастырады... Осылайша бірігіп жұмыс жасау, оның бағытын анықтау, жұмыс барысында туындаған сұрақтарға жауап іздеу және оны шешу жолдарын қарастыру, шешім тапқан оқушыларды қолдау – мұғалімнің нағыз мақсатын білдіреді».
С.И.Гессен бойынша білім берудің мақсаты, оқушыны мәдениетке, ғылым мен адамзаттың жетістіктеріне кіріктіру. Оның мақсаты жоғары адамгершілікті, ерікті және жауапкершілікті біртұтас тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаның ерекшелігі оның руханилығында. Жеке бастың күштілігі деп көрсеткен С.И.Гессен, оның табиғи психофизиологиялық ағзасының мықтылығында емес, оның жанына рухани құндылықтардың ықпалының болуында. Жеке тұлға «жоғары тұлғалық міндеттерге байланысты қалыптасады. Ол тек шығармашылықпен сомдалады, ғылымның жоғары мақсаттары, өнердің, құқықтың, діннің, шаруашылықтың және осы мәдени тапсырмалар бағытында адамның қолымен жасалған жиынтықты меңгереді».
С.И.Гессен кітабының тағы бір ерекшелігі – оның педагогикалық тұжырымдамасының философиямен тығыз байланысты болуында. Сол кезеңде КСРО білім жүйесі пролетарлық, таптық, индустриализм және жаратылыстанушылық рационализм тұрғысынан қарастырылып, «буржуазиялық», «ақыл-ойлық», «философиялық» педагогикаға ашық күрес жарияланған болса, С.И.Гессен педагогиканы Ресейдің алдыңғы қатарлы педагогикалық дәстүрлеріне негіздей отырып түсінуді, бастауыш, орта және жоғары білім беруде руханилық пен жалпыадамзаттық құндылық бағдарды ұстану қажеттігін көрсеткен. Еңбек мектебінің идеясын қолдай отырып, оның пайымдауынша, білім беру кең ауқымды философиялық түсініктерге негізделуі тиіс екенін айтқан. Оның «Педагогика негіздері» кітабы философиялық мазмұнға бай. Кітаптың атауындағы («Қолданбалы философияға кіріспе») – деген тақырыпша, педагогиканың өз мәнінде - философия екендігін білдіреді. Ол осы кітабында «философияның практикалық мықтылығын көрсетпек болған, кез келген философиялық ойдың практикалық мәні бар және философияны ескермеу, табиғи заңдарды ескермеу тәрізді, өмірден өз кезегінде өшін алатынын жазған. Осы тұрғыдан С.И.Гессен кітабында адамгершілік пен құқықтық білім беру және ғылыми білім беру теориясын (университет теориясын қоса) және еңбек мектебі тұжырымдамасының дұрыс емес тұстарын көрсетті. Ол мектеп пен мемлекеттің ара қатынасын, тиімді оқу жоспарын құру, мектептің өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру, еркіндік пен беделдің, сабақ пен ойынның, мадақтау мен жазалаудың ара қатынастарын, мектеп дәстүріндегі және басқа да көптеген мәселелерді ашып көрсетті. С.И.Гессеннің педагогикалық идеялары батыста бой көрсеткен жаңа бағытты және ресейлік ғылымдағы «білім беру философиясы» арнасына сәйкес келетін еңбек.
Жауапты редактор және құрастырушы
философия ғылымының докторы П.В. Алексеев
Кіріспе. Педагогика ғылымының мәселелері. Білім беру мен педагогиканың алғашқы анықтамасы
Білім беру және педагогика. Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың теориялық алғышарттары. Ғылыми материал және ғылымның білім беру мақсаты туралы. Білім беру мақсаты – мәдениет мақсаты.
Мәдениет, өркениет, азаматтылық және білімділік. Мәдениет және тарих. Мәдени құндылықтардың сипаты. Тарихтың ғажайыптығы.
Мәдениет пен білім берудің ара қатынасы. Философия - мәдениет мағынасы туралы ғылым және білім берудің соңғы мақсаты. Педагогика қолданбалы философия ретінде. Мәдениетті жоққа шығару және біздің педагогикаға анықтама беруіміз.
I. АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕОРИЯСЫ
I.1 Еркін тәрбие беру идеалы
Руссоның мәдениетті теріске шығаруы. Руссоның мәдениет жайлы түсінігі: еңбектің бөлінуі, оның негізгі кемшілігі. Руссоның анархиялығы. Мәдениеттің жасандылығы, оның ақылдылығы. Руссоның интуитивтілігі. Мәдениеттегі жеке тұлғаның құлдырауы. Еркін және біртұтас тұлға Руссо табиғатының идеалы ретінде.
Руссоның табиғи және еркін тәрбие теориясы. Алдын-ала тәрбиелеу мен жағымды тәрбиенің кемшілігі. Руссоның теріс тәрбиесі. Эмильдің тәрбиесі табиғи ма, әлде еркін тәрбие ме? Эмильдің еркіндігі жалған. Руссоның бойынша «Эмильдің» ішкі қайшылықтары. Оның еркіндік пен табиғилықты теріс түсінуі.
Л.Толстойдың еркін білім беру теориясы. Еркіндік және өмір. Тәрбие мен білім беру. Яснополяндық мектеп. Яснополяна мектебінің балалары еркін бе? Толстойдың ойлағаны мен оның теориясының нәтижесі арасындағы ішкі қайшылықтар. Оның себептері.
Руссо мен Толстойдың ортақ қателіктері: еркіндікті білім беру фактысы түсінігі ретінде жоққа шығару. «Еріксіздікті» тар мағынада түсіну. Ерік факт емес, білім беру тапсырмасы. «Еріктілік немесе еріксіздік» антимониясының қателігі. Еркін тәрбие беру идеалының шындығы. Еркіндік мақсат және еріксіздік білім беру фактысы ретінде.
I.2 Тәртіп, Еркіндік, Тұлға. Адамгершілік білім беру мақсаты
Тәртіп түсінігі және мақсаты. Тәртіпке және оны бүлдіруге жаттықтыру. Тәртіп тек ерік арқылы болады. Тәртіпке жаттықтыруды бүлдіру. Жаттықтыруды тәртіптен жоғары қою.
Еркіндік, себепті қажеттілікті жоққа шығару ретінде. Индетерминизм детерминизмге әкеледі. Еркіндік пен басынушылық. Ойда болмаған басынушылық әрекет. Еркін әрекет. Оның ойда болмауы. Шығармашылық сипаттағы еркін акт. Еркін актының индивидуалдық заңы. Еркіндік және міндет. Еркіндік формуласы: еркін болу. Еркін әрекет тұлғаны жасаушы. Еркін және механикалық іс-қылықтар. Мен еріктімін - ерікті бол - өзіңмен өзің бол.
Жеке тұлға және темперамент. Мінез-құлық түсінігі. Жеке тұлғаның ішкі бірлігі. Жеке тұлға жоғары тұлғалық бастау арқылы мүмкін. Өмірбаян мәселесі. Жоғары тұлғалылықты жоққа шығару - тұлғаны жоққа шығару. Шынайы және жалған индивидуалдылық. Индивидуалдылықтың біртұтас тықты өзгерте алмайтындығы. Индивидуалдылықтың жойылуы және оны жасау. Пер Гюнт және Гокон Ибсен. Ұжымдық тұлға мәселесі: ұлт және тайпа.
Ұлттықтың тамыры жоғары ұлттықта.
Жеке тұлға және (сыртқы) мәдениет. Қарапайым және күрделі мәдениет. Тысқары жақ және жеке тұлға орталығы. Тұлға бойындағы орталыққа баратын және орталықтан шығатын күштер. Мәдениеттің дамуына байланысты жеке тұлғаның азғындауы. Табиғатқа қайта оралу идеалы. Киники. Франциск Аскезиский. Руссо мен Толстой. Мәдениетті моральдық бетперде ретінде терістеу. Мәдениетті жоққа шығару шындығы. Адамгершілікті дамыту мәселесі. Адамгершіліктегі статикалық және қозғалмалы сәттер. Адамгершіліктің дамуы - күрделендіру мен міндет тендіруге байланысты. Ғылыммен салыстыру. Қарапайымдану және мәдениет философиясы.
Еркіндік пен тұлғаның дамуы адамгершілік білім берудің міндеті ретінде. Алдын-ала тәрбиелеу және тәрбиелемеудің шегі. Сыртқы материалдардың тұлғаның ішкі күшіне сәйкстігі.
I.3 Адамгершілік білім берудің негізгі басқыштары. Аномия басқышы немесе мектепке дейінгі білім беру теориясы
Адамгершілік білім беру басқыштарының жалпы бөлінуі: аномия (заңсыздық) – гетерономия (бөтен заңдылық) – автономия (өзіндік заңды лық). Табиғат, құқық және адамгершілікпен салыстыру.
Ойын аномдық әрекет. Ойын, сабақ және шығармашылық. Ойынның философиялық теориясы: Шиллер мен Дьюи. Ойын және өнер. Ойынның мақсаттылығы. Ойынның психологиялық теориясы: демалу теориясы, күштің көптігі және жаттығу.
Ойынды ұйымдастыру мәселесі. Фребельдің маңызы. Ойын сабақпен толығуы тиіс, бірақ оған алдын-ала айналмауы керек. Ойынның ерігуге құлдырауы және оның механикалық сабаққа айналмауы. Ойынның философиялық түсінігі мен оны психологиялық түсіндіру бірлігі. Балалар бағбанын дайындау.
Күш аномдық үкімет. Күш, бедел және ақыл (еркіндік). Баланың қажеттіні түсінбеуі. Қажетті, алғашында табиғи қажеттілік бейнесінде көрінеді. Күште авторитаритет көрінуі тиіс, бірақта ол оған алдын-ала айналмауы керек. Руссоның табиғи жазалау теориясының дұрыстығы.
Фребель жүйесі. Фребель және Шеллинг. Мәдениет табиғаттың жалғасы. Бөлінбеген бірлік – бөліну – көптүрлілік бірлігінің бөлінуі. Ойын бөлшектенбеген бірлік. Бала ойынының материалы. Фребель жүйесінің символизмі. Еңбек бөлінуінің болмауы. Миф мәдениет ретінде, құбылыс табиғат бейнесінде. Бала бағбаны хорагет тәрізді. Фребель жүйесінің шектеулігі: оның алаңдату иделизмі, өмір мен символизмнен алшақтығы. Ойынның психологиялық мәнін жоққа шығару. Фребелизм ерігуіне ойынның құлдырау қауіптілігі.
Монтессори жүйесі. Монтессори және эксперименттік педагогика. «Балалар үйінің» әлеуметтік сипаты. Оның өмірлік-практикалық сипаты. Монтессоридің «Дидактикалық материалы». Монтессориде хорлық принциптің болмауы және оны унисон бастамасына алмастыру. Оның даму туралы түсінігі. Монтессоридің жетістігі. Оның шектеулілігі: дамуды механикалық тұрғыдан түсіну және қиялды елемеуі. Ойынның философиялық мағынасын елемеу. Ойынның құлдырау қаупі және Монтессори бойынша механикалық ойынға айналуы.
Екі жүйені салыстыру. Фребель мен Монтессоридің дұрыс айтуы. Олардың шектеулігі. Ойынды ұйымдастыру міндеттері. Ойын арқылы сабақты бейнелеу мүмкіндігі.
I.4 Гетерономия басқышы немесе мектеп теориясы. Еңбек мектебінің теориясы
Сабақтар және шығармашылық. Сабақты ұйымдастыру мәселесі. Сабақтың шығармашылықпен құрылуы, бірақта оның алдын алмауы. Сабақтың механикалық түрге және дилетантизмге құлдырауы.
Еңбек мектебі түсінігі. Дьюи мен Кершенштейнер. Еңбек және кәсіптік мектеп. Тұтастық принципі. Жеке пәннің табиғат пен мәдениет тұтастығына бойлауы. Тұлға идеясы мен икемділігі. Кершенштейнердің қосымша мектебі.
Еңбек мектебі және пассивті мектеп. Бірдей үлгіні қайталау және міндетті бірге орындау. Мұғалімнің рөлі. Сыныпты құрудағы тұтастық принципі.
Еңбек мектебінің негізгі принципінің (тұтастық принципі) салдары. Жалпы білім беретін және арнайы пәндер. Оқу жоспарының және мұғалімдер коллегиясының тұтастығы. Отантану. Көппәнділік мәселесі. Еңбек мектебі – қазіргі мектеп дамуының табиғи салдары. Кершенштейнер талаптары. Мектептің тұрғындармен байланысы.
Еңбек мектебін бұрмалау. Еңбек үй шаруасы ретінде. Еңбек қол еңбегі ретінде. Еңбек утилитарлы еңбек ретінде. Утилитарлық мақсат емес, құрал. Еңбек шаруашылық еңбек ретінде.
Еңбек мектебін бұрмалау (жалғасы). Блонскийдің «индустриалды» еңбек мектебі. Блонский мектебінің ішкі қайшылықтары. Техника мен шаруашылық. Белсенділік бастамасын енжарлыққа алмастыру. Еңбек мектебін бұрмалау, еңбек түсінігін талқылаудан туады.
Еңбек мектебін жүзеге асыру шарттары: материалдық байлық, рухани байлық, құқықтық мәдениет. Еңбек мектебі утопия ретінде және шынайы мектеп жұмысының идеясы, мектептің тарихи дамуы ретінде.
I.5 Гетерономия басқышы (жалғасы). Авторитет және мектептегі еркіндік